SUMMARY
E.T. Berlibaev, Candidate of historical sciences, associate professor
(city Almaty,
Kazakh State Women’s Teacher Training University)
M.U. Erkinbekova, teacher
(Almat,
№ 173 lyceum)
G.V. Kabdieva, teacher
(Almaty, № 173 lyceum)
Period of formation of diplomacy independent Kazakhstan
During the USSR The Ministry of Foreign Deal hadn’t any suffrage to conduct foreign
politics practice because there wasn’t any diplomatic representation in foreign countries.
Enacting of Declaration of Independence of the Republic of Kazakhstan on the 25
th
of October
In1990 opened the way for foundation of diplomatic relations. The article discusses the role of
independent Kazakhstan in the international community.
Keywords: Diplomacy, Europe, Asia, Middle East, USA, CIS.
ӘОЖ 94(574):396
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІҢ
ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Қ.Қ. Жылқышыбаева, т. ғ. к., доцент
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті )
Қ.Д. Раисов, магистр
(Алматы қ., әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті)
Аңдатпа: Мақалада қазіргі өркениетке ұмтылып отырған Тәуелсіз Қазақстан
қоғамында ұлттық мүдденің қалыптасып, дамуы жолында зор үлес қосқан қазақ әйелдері
– Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева, Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева,
Аққағаз Досжанова, Рахия Ермекова т.б. туралы мәліметтер келтірілген. Халқымыздың
қазіргідей ұлт ретінде рухани қайта өркендеу жағдайында төл тарихымыз бен
мәдениетіміздің ақтаңдақ беттерін ашып көрсету, оның ішінде қазақ әйелдерінің қоғамда
алатын орнын айқындау ұлттық тарихымызды, ұлттық рухани қазынамызды игеруге
мүмкіндік тудырады. Халқымыздың бар жақсы қасиетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, ұлттық мүддесін қалыптастырушы, дамытушы әрі насихаттаушы – қазақ
әйелдері. Қазақ қоғамындағы қазақ әйелдерінің ұлттық мүддені қалыптастыруда алатын
рөлі ерекше. Қазақ әйелдерінің қазіргі қоғамдағы орны жылдар бойы қалыптасты. Қазақ
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
31
әйелдерінің қоғамдағы ұлттық мүддені қалыптастырудағы рөлін айқындау үшін ұлттық
мүдде мәселесіне қысқаша тоқталған.
Түйін сөздер: Тәуелсіз Қазақстан, қазақ әйелдері, ұлттық мүдде, қоғамдағы рөлі.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген ел тәуелсіздігінің
23 жылдығына аяқ бастық. Халқымыздың қазіргідей ұлт ретінде рухани қайта өркендеу
жағдайында төл тарихымыз бен мәдениетіміздің ақтаңдақ беттерін ашып көрсету, оның
ішінде қазақ әйелдерінің қоғамда алатын орнын айқындау ұлттық тарихымызды, ұлттық
рухани қазынамызды игеруге мүмкіндік тудырады. Халқымыздың бар жақсы қасиетін,
тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ұлттық мүддесін қалыптастырушы, дамытушы
әрі насихаттаушы – қазақ әйелдері. Қазақ қоғамындағы қазақ әйелдерінің ұлттық мүддені
қалыптастыруда алатын рөлі ерекше. Қазақ әйелдерінің қазіргі қоғамдағы орны жылдар
бойы қалыптасты. Қазақ әйелдерінің қоғамдағы ұлттық мүддені қалыптастырудағы рөлін
айқындау үшін ұлттық мүдде мәселесіне қысқаша тоқталайық.
Ұлттың ұлт ретінде сақталуының, оның мәдениетінің ішкі бірлігінің
тұтастануының негізгі күші – ұлттық мүдде. Себебі, ұлттық мүдде – жалпылама
концептуалды мәңгілік түсінік және алғашқы. Қарапайым логика бойынша да белгілі бір
ұлттың қалыптасуы үшін оның бірігуі мен болашағы туралы идея керек. Осы алғашқы
идея – ұлттың жасампаздығы мен өміршеңдігінің көзі, таза ұлттық рухқа айнала отырып,
онымен мәңгі бірлікте өмір сүретін этникалық атрибут. Ұлттық мүдде құрылымдық
негізі күрделі – ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлтжандылық, ұлттық намыс, ұлттың өткені
мен болашағын тұтас қамтитын жалпылама принцип болып табылатындықтан, оның
элементтерін зерделеп алуымыз да қажет. Алдымен ұлттық мүдде түсініктемелеріне
шолу жасасақ, А.Айталы тұжырымдағандай: «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін
қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның
дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» [1].
«Анығында, ұлттық мүдде дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу,
бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру,
келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу» [2].
Х. Әбжанов өзіндік ойын былайша түйіндейді: «... Түптеп келгенде, 1991 жылғы 16
желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы – «Қазақ
автономиясы» ұлттық мүдденің салтанаты» [3].
Нақтырақ айтқанда, ұлттық мүдде дегеніміз – этнос эволюциясының белгілі бір
кезеңіндегі ұлттың дамуына қажетті, оның негізгі әрі түпкі мақсаты. Мемлекет пен
қоғам, этнос пен ұлт алдында қашанда мақсаттар да көп, ал бүгінгі таңдағы ұлттық
идеяның өзектілігі оны негізгі мақсатқа айналдыру болып отыр. Яғни, қазіргі кезеңге
арналған негізгі мақсат – ұлттық идея мәселесін шешуден бастау алады, осы
проблеманың нақты практикалық нәтижесі іске асқаннан кейін ғана жалпыадамзаттық
проблемаға сатылы түрде көтеріле бастайды. Мәселен, осы заманғы Қазақстандағы
толыққанды ұлттық құрылымның нығаймай отырғандығы – мемлекетіміздегі ана тілі өз
рөлін орнықты атқара алмай отырғандығы. Шындығында, бәрі де алдымен тілді толық
меңгеру арқылы іске асатындығын ескерсек, ол да осы негізгі мақсаттардың өзекті
буыны болып табылады.
Ұлттық мүдде, ұлттық сана, ұлтжандылық, ұлттық мәдениет, ұлттық рух т.б.
ұғымдарды жетілдіруде қазақ әйелдерінің алатын рөлі ерекше.
Шынайы отансүйгіштік сезімінің көрінісі болып табылатын барлық (туған
топырағын, туған тілін, ғасырлар бойына қалыптасқан ата-баба дәстүрлерін сүю,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
32
құрметтеу, оларды жалғастыру деген сияқты) бағытта қызмет жасаған, насихат жүргізген
зиялы қазақ әйелдері аз емес.
Жаңарған қоғам талабына сай қайта жасалып жатқан қазақ педагогика тарихынан
қазақ зиялы-қайраткер әйелдерінің ұлттық мүддені қалыптастыруда сіңірген еңбегі зор.
Қазақтың қайраткер әйелі Нәзипа Құлжанованың «Қызыл Қазақстан» журналының 1922-
ші жылғы 12-ші санында жарияланған «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі» атты
мақаласында: « ...Бұрынғы қазақ халқының ешкімге бағынбай, өз күнін өзі көріп, кең
сахарада мал бағып еркін жүрген заманында қазақтың әйелдері еркін, қайратты, тіршілік
күресінде ерлерге шын жолдас бола білген. Қандай қиын-қыстау жерлерде ақыл беріп,
айла тапқан әйелдер болған. Мал өсіру шаруасының қандай ауыр екені қазақ баласына
белгілі. Әсіресе, бұрынғы замандарда қиын шаруаның ыстық-суығына бірдей төзіп, сол
заманның әйелі еркекпен тең еңбек еткен. «Алып – анадан, ат – биеден» деген мақал осы
сөздерді тірілтсе керек» деп жазуы ерте кезден-ақ қазақ қоғамында әйел-аналардың
беделінің зор болғанын, шаруашылық, отбасы, бала тәрбиесінде шешуші рөл атқарғанын
көрсетеді.
Бүгінгі күні біздер ұлттық педагогиканың озық үлгілерін Еуропа мәдениетімен
ұштастыра отырып қазақ қыздарын тәрбиелеуде, білім беруде тамаша ұстаздық шеберлік
танытқан қазақ педагог қыздарының көш бастаушысы, ұлттық мүддені ұстанған
Хұснижамал Зұлқайнарқызы Нұрлыханова болды деп нық сеніммен айта аламыз.
Сондай-ақ белгілі мемлекет қайраткері, бұрынғы мұғалім Сейтқали Меңдешовтың
жұбайы, 1903 жылдан Бөкей ордасындағы қазақ қыздар мектебінің мұғалімі Рәзия
Меңдешованы, мектеп мұғалімі Халима Байтұрсынованы, Шолаққопа деген жерде 1906
жылы ауылдан мектеп ашып, өзі мұғалім болған Ханифа Жақсылықованы,
Қазталовкадағы мектеп мұғалімі Жамал Жұманиязованы атауға болады. Семейдегі
оқытушылар семинариясының оқытушысы Нәзипа Құлжанова, 1913 жылы Орынбор
қыздар гимназиясын бітірген Аққағаз Досжанова т.б. қазақ әйелдерінің қоғамдық,
ағартушылық еңбек жолы революциядан бұрын-ақ басталған еді [4].
Жалпы ХІХ ғасырдың білім беру жүйесі (мектептердің ашылуы) қазақ педагогика
тарихында үлкен мәні бар оқиға. Осы мектептерден қазақтың қайраткер қыздары
Алма Оразбаева мен Мәдина Бегалиевалардың да білім алғаны белгілі: «Хандардың
саяси-әкімшілік орталығы Бөкей ордасында мектептердің де көпшілігі орналасты. Мұнда
қазақ қыздары үшін ашылған интернаты бар екі кластық орыс-қазақ мектебі болатын.
Бірақ бұл мектепті қазақ қыздарынан бітіріп шығатындары өте мардымсыз еді».
«Мен осы мектепте Алма Оразбаевамен бірге оқыдым. Бұл мектепті бітіргеннен
кейін Алма Оразбаева екеуміздің үш жылдық педагогтік курсқа түсуге қолымыз жетті.
Курста негізінен алғанда орыс және қазақ жігіттері оқыды, ал олармен бірге оқу біздің
келешектегі қоғамдық қызметіміздің бетін айқындап берді. 1916 жылы оқуды бітіріп,
бастауыш мектептердің мұғалімі деген атақ алдық. Мұның өзі біздің өміріміздегі үлкен
оқиға болды», – деп жазады өз естелігінде Мәдина Бегалиева [5]. Осы жерде
революцияға дейін-ақ қолына қалам ұстаған қазақтың зиялы қызы Нәзипа
Құлжанованың ұлт мүддесін көтерген тұңғыш газет «Қазаққа» арнаған мақаласында:
«Ескі рәсім салған ауырлықты елеп, азбастан еркектің серіктігіне жарап, жақсылық-
жамандықты бірге атқарып келе жатқан ақылды, ақкөңіл, көнбіс, көңілшек қазақ әйелі
еркекпен қатар білім білсе, ерлер ұлт үшін жүрген жерінде олар да қалмай қатарында
жүріп іс істеуге жарар. Сондықтан жұрттың теңдікке жетуін көздеген ардақты
бауырларым, сол жұрттың анасы әйелдердің де ерлерден қалмай, қатарында жұрт ісін
іскерлік дәрежеге жету жағын да ескерусіз қалдырмаңдар», – деп Алаш азаматтарынан
қазақ қыз-келіншектерін қоғамдық қызметке тартуға тілек білдіргені еске түседі [6].
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
33
Қазақтың оқыған азаматтарының ықпалымен қайраткерлік дәрежеге жеткен қазақ
қыздарының алдыңғы легі осылайша қалыптасты. Кеңес үкіметінің құрылуы,
революциялық қозғалыстардың Қазақстанда етек жая бастауы Батыс өңірінде Орда
қаласында да өз көрінісін тапты. Туған қаласындағы революциялық істерге
Қазақстандағы әйелдер қозғалысының негізін салушылар ретінде мүдделес,
көзқарастары ортақ, білімді, көзі ашық жастар Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева және
Мүбина Ниязова (1917 жылы Саратовтағы тіс дәрігерлерін дайындайтын мектепті
бітірген) қоғамдық өмірге қызу араласып кетеді.
Олар әйелдердің мәдениет деңгейлерін көтеру, жаңа өмірге тарту үшін сан салалы
қызметтер атқарды: әйелдерге арнап сауатсыздықты жою мектептерін ашады, ана мен
бала денсаулығын қорғау жайында, тұрмыста тазалық сақтау жөнінде баяндамалар
оқиды. Халық ағарту мәселелері жөніндегі лекцияларды Мәдина Бегалиева, ал
күнделікті ағымдағы жағдайларды түсіндіру Алма Оразбаеваға жүктеледі.
1917 жылы мамыр айында Бөкей губерниясы оқытушыларының бірінші съезіне
Алма Оразбаева мен Мәдина Бегалиева делегат болып қатысады. Бұл съезд ағарту
қызметкерлерінің губерниялық комитетін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдайды
[4;5].
1916–1917 жылдары Мәдина Қожбанқызы Бегалиева Астрахань губерниясына
қарасты Шолаң болысының Шолаң ауылында мамандығына сәйкес бастауыш мектептің
мұғалімі болады.
Ал 1917–1918 жылдары Бөкей губерниясы Қамыш-Самар уезіне қарасты Жаңақала
поселкесінде бастауыш әйелдер гимназиясының оқытушысы қызметін атқарады. 1919–
1922 жылдары Мәдина Бегалиева Бөкей губерниясы Орда қаласында 1-дәрежелі жалпы
еңбек мектебінің меңгерушісі болады [7]. Кейін Мәскеуде академия бітірген қазақтың
тұңғыш металлург қызы атанған Мәдина Бегалиеваның ұстаздық еңбек жолы осындай.
Қазақ халқының ХХ ғасыр тарихында қайраткерлік танытқан қазақ әйелдерінің бірі
және бірегейі – Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева екені аян. А.Д. Оразбаева – ағартушы,
ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы және алғашқы жастар
ұйымдарын құрудағы қазақ қыздарының көсемі.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ қайраткер қыздарының рухани ұстазы Алма
Дінмұхамедқызы Оразбаеваның қоғамдық қызметке тартып тәрбиелеген, соңынан ерткен
ізбасары Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Рахия
Ермекова секілді алғашқы қарлығаштар еді. Ал, олардың жаңа тұрмысқа баулып,
сауаттарын ашып, мәдениетке тартқан, білім алып, мамандық иесі болуларына ықпал
еткен шәкірттері жүздеп, мыңдап саналады.
Осы тұрғыдан келгенде 20-30 жылдары қазақ қыздарының арасынан суырылып
шыққан Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова,
Мәдина Бегалиева, Сара Есова сияқты қайраткерлердің еңбегі жүйелі түрде зерттеле
беруге тиіс.
ХХ ғасыр басында қазақ қыздарының алды болып, орысша оқып, педагогикалық
ұстаздық жолға түскен Алма Оразбаева қаршадайынан революция толқынына ілікті,
аналарының, апа-сіңлілерінің болашағы үшін қажырлы күрес жүргізді. Әйелі күң, ері құл
екенін ерте түсінген Алма Оразбаева көзі тірісінде әйел бостандығының символына
айналды. Бір жағынан халық күшіне негізделген ұлы революция, бостандық, теңдік
ұраны, ұлт езгісінің жойылуы Алма сияқты қазақ қызын шырқатып көкке көтерсе, екінші
жағынан күшпен зорлық-зомбылық, әділетсіздік, жеке басқа табыну идеологиясы
үстемдік еткен тоталитарлық жүйе Алма сияқты нәзік жанның сағын сындырды. Замана
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
34
қызы – Алма Оразбаеваның жалынды еңбегі қасіретті, қайғылы, мұңлы – ХХ ғасырдың
20-40 жылдарының көрінісі іспетті.
Осылай бола тұрса да, Алма Оразбаева өмірінің тағылымы мол. Қалай айтсақ та
қазақ әйелдерінің арасында жүргізілген қоғамдық-саяси жұмыстар қиын да күрделі
мәселе. Ұлттық сана мен таптық сананың ара-жігін ажыратпай жүргізілген «тең
құқылық» деген саясат қазақ әйелдерінің болмысында елеулі із қалдырды.
Сонымен қазақ әйелдері арасындағы қоғамдық-саяси жұмыстар мен олардың
барысы сол кездегі республикада орныққан саяси жүйенің мән-мазмұнынан туындап, өз
кезінде ұйымдастырушылық қабілетімен, ақыл-парасат, білімділігімен көзге түскен
Алма Оразбаева да жеке тұлғаны қалыптастырды. Қоғам қайраткерінің сол кезеңдегі
қазақ әйелдерінің арасында жүргізілген саяси-әлеуметтік шаралары бүгінгі өмір үшін
үлкен сабақ. Сондықтан да қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің тәжірибелерін зерттеу
ісінде Алма Оразбаевадай қайсар рухты қазақ қызының жүріп өткен жолы мен еткен
ерен еңбектерінен тағылым алудың маңызы зор. Тарих сабақтастығы дегеніміз міне –
осы.
Жоғарыда баяндалған мәселелерді түйіндей келе айтарымыз, қазіргі өркениетке
ұмтылып отырған Тәуелсіз Қазақстан қоғамында ұлттық мүдденің қалыптасып, дамуы
жолында зор үлес қосқан қазақ әйелдері Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева, Нағима
Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Рахия Ермекова т.б.
үлкен тарихи мәні бар жүкті мойымай көтере білгендіктері бүгінгі ұрпақ үшін олардың
ардақты есімдері алдында тағзым етуге тұрарлық.
Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің ұлттық мүддені қалыптастыру жолында сіңірген
еңбектерін тарихтың ашылмаған қатпары ретінде терең зерттеп еңбек жазу тарих
ғылымына қосылатын тың үлес болатындығын да айта кету жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Айталы А. Ұлттану. Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2000.–Б. 81.
2. Алдан С. Ұлттық идея ұстыны //Егемен Қазақстан. 7 қазан, 2008.– Б. 3.
3. Салықбай Ә. Қазақстанға ұлттық идеология қажет пе? //Қазақ тарихы. 2008, №2,
– Б. 9-12.
4. Құрманғалиева К. Революцияға дейінгі әйелдердің ағартушылық қызметі //
Торғай таңы. 5 ақпан, 1997.– Б. 4.
5. Аялы жандар.– Алматы, 1961.– 216 б.
6. Құлжанова Н. Қазаққа // Қазақ. 30 наурыз, 1914. №56.
7.Орынбаева Р. Қазақтың зиялы-қайраткер әйелдерінің идеялары мен ағартушылық
қызметі //Ұлт тағылымы. №3. 2000. –74 б.
РЕЗЮМЕ
Жылкышыбаева К.К., к. и. н., доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Раисов Қ.Д., магистр философии
(г. Алматы, КАЗНУ им.аль-Фараби)
Роль казахской женщины в формировании национального духа в обществе
Независимого Казахстана
В данной статье исследуются проблема роли казахской женщины в формировании
национального духа.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
35
Ключевые слова: Независимый Казахстан, казахские женщины, национальный
дух, роль в обществе.
SUMMARY
K.K. Zhylkyshybaeva,-
Candidate of historical sciences, associate professor
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
K.D.Raysov,
master of Philosophy
(city Almaty, Kazakh National Universety named after al-Farabi)
The role of women in the formation of the Kazakh national spirit in society
independent Kazakhstan
This paper investigates the problem of the role of women in the formation of the Kazakh
national spirit.
Keywords:
Independent Kazakhstan, Kazakh women, national spirit, role in society.
ӘОЖ 930.25
«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
А.Т. Қаипбаева, т. ғ. к., қау. профессор м.а.
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада еліміздің мәдени мұрасын жинақтауға, мемлекеттік тілде
гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге,
ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіре зерттеудің бірыңғай
жүйесін қалыптастыруға бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасының қабылдануының
себептері, басты мақсаты мен міндеттері, барысы, нәтижесі айқын баяндалған.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ғылыми айналымға енбей қалған еңбектер қайта
қаралып, бүгінде ғылымға үлес қосарлықтай құндылыққа айналғандығы сандық
көрсеткіштер арқылы дәлелденеді. Төл тарихымыздың жазба деректері арнайы
ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде елімізге жеткізіп, рухани
игілігімізге айналғандығы сөз болады. Республикада мәдениет мекемелерінің көбеюі,
тарихи және мәдени ескерткіштердің жасалуы маңызды орынға ие болғандығы және
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы
мәдени мұрасын, асыл қазыналарын жоғары теориялық жағынан талдап, зерттегендігі
айтылады.
Түйін сөздер: Мәдени мұра, мемлекеттік бағдарлама, рухани игіліктер, тарихи
ескерткіштер.
Әр халықтың өзі жүріп өткен тарихы мен қалыптастырған мәдениеті бар. Сондай-
ақ оны баға жетпес ұлттық қазынаға айналдыру, рухани кемелдендіру жолдары да
әрқилы. Еліміз тәуелсіздік алғалы қол артқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-
экономикалық жетістік пен мемлекеттілікті баянды етпекке әрі келешектегі ел тұтқасы
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
36
жастардың санасын дамыту үшін тек материалдық игілікті ғана мансұқ ету жеткіліксіз.
Олардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы,
отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.
Осы тұрғыдан алғанда, тарихымыз бен мәдениетіміз тәуелсіздік жылдары жан-жақты
дамып, қаржыландыру жағынан да үлкен демеу тапты. Соның бір айғағы ретінде
еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы
қабылданды. Бағдарламада: «Тәуелсіздіктің тарихи кезеңінің қысқа ғана мерзімінде
Қазақстан территориясындағы мемлекеттілігіміздің рухани ұрпақтар жалғастығын, өткен
ғасырлар байланысын, ата-бабалар сабақтастығы мен салт-дәстүрлерін көрсететін жалпы
адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті үрдістердің толыққанды құрамдас бөлігі
ретінде еліміздің үлкен мәнді дамуының қолдауына ие болды», – деп көрсетілді.
Сондықтан да «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени
мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді
іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған. Оның басты
мақсаты, Президент Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «ұлттың бетбейнесі, рухани
болмысы, жаны, ақылойы, парасаты» болатын мәдениетті ашып беру, ұлтымыздың
өркениеті мен мәдениетін, оның тарихын ұлықтаған ұлы тұлғалардың үлесін танытатын
мәдени мұраны сақтаудың, қазақстандықтардың рухани кемелденуінің өркениет көшінен
кейін қалмауын қамтамасыз ету» [1].
Яғни, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және
әлеуметтік капитал, жалпыадамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам,
адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды
қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен
қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін адамзатқа қажетті көп
қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Мәдениеттанушылар мен ғалымдар бұл
бағдарламаны еліміздің кешегісі мен келешегін хаттап, әншейін тізбелеп қоя салар
кезекті шара емес, ғаламдық маңызы зор, демек, қазақ мәдениетінің әлемдік мәдениетте
таласы бар екендігін танытатын құбылыс болатындығы туралы салмақты пікір айтып
қалып жүр. Оқымыстылар мен зиялылардың пікірінше мәдениеттің, ғылымның,
философияның, әдебиеттің ең үздік үлгілерінің қазақ тілінде жарық көруі мен
халқымыздың бай мұрасы мен жетістіктерін орыс және Қазақстанда өмір сүретін
жекелеген этникалық ұлт өкілдерінің тілдеріне аудару – ұлтымыздың рухани мұрасын
солар арқылы бірте-бірте әлем жұртшылығына таныту болып табылады.
Осыған
байланысты жадымызды жаңғыртуға арналған қазақтың тарихы мен мәдениетіне,
тағдырына қатысты қаншама «ақтаңдақтар» ашылып, мұрағат түкпірінде шаң басқан
жәдігерлеріміз жарыққа шықты. Аталмыш бағдарламаның міндеті осы мұраларды
зерттеп қана қоймай, оларды пайдаға асыру мәселелеріне көбірек назар аудару керек
[2.544б.].
«Мәдени мұра» бағдарламасын қолға алғалы бері ғылым саласында ашылмаған,
жазылмай қалып жүрген көптеген ғылымға үлес қосарлық құнды еңбектер аударылып,
жарыққа шыққаны да баршаға белгілі. Мысалы, қазақ халқының тарихи-мәдени
мұраларының әлемдік мәдени мұраларымен бірге терезесі тең екендігін осы аз уақыттың
ішінде дәлелдеп шықтық.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша тарихтың палеолит заманына
жататын Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан мен Кентау қалаларының маңындағы
Қошқорған-1 мен Шоқтас-1 кешендерінде қазба жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек,
палеолиттану тарихнамасында алғашқы ескерткіштің өзіндік орны бар. Себебі, онда
қазба жұмыстары ХХ ғасырдың орта тұсында басталған болатын. Ескерткіште қазба
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
37
жұмыстарын әр жылдары О. Беляева, О. Артюхова, Б. Аубекеров т.б. мамандар жүргізіп,
палеолит заманына жататын тас құралдарын, сүйек құралдарын тапқан. Кейіннен өткен
ғасырдың соңғы жылдары мен осы ғасырдың бас кезінде Қазақстан-Ресей біріккен
археологиялық экспедициясының отрядтары қатарынан бірнеше жыл далалық қазба ісін
жүргізіп, палеолитке жататын толымды материалдар жинастырды. Нәтижесінде
отрядтарда жұмыс істеген археологтар микроиндустриялды тас құралдарының
кешендерін анықтады, яғни тас құралдарын жасауда шағын тастар негізге алынғандығын
дәлелдеп көрсетті. Мұндағы шеті қатып-семген травертиналармен қоршалған
«фонтанды» ескерткіштер (6 дана) аясын анықтап, олардың Еуразия палеолитіндегі
рөлін нақтылады. Ал Ж.Қ.Таймағамбетов басқарған Қазақстан тас дәуірі ескерткіштерін
зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедицияның 2004–2006 жылдардағы
маусымдық жұмыстары алынған нәтижелердің растығын тағы да нақтылай түсті [3].
Бұрынғы нәтижелерге қосымша тас құралдары алынып, олардың техникалық-
типологиялық сипаттамасы жасалды. Мезолиттен бастап энеолитке дейінгі тарихи
дамуды көрсететін ескерткіштердің бірі Павлодар облысындағы Екібастұз қаласынан 50
км батысқа қарай өзімен аттас өзен жағасындағы Шідерті-3 көпқабатты тұрағы болып
табылады. Бұл кешенді 1989 жылдан бастап Павлодар археологиялық экспедициясы
зерттеп келеді. Бірақ мұндағы зерттеулер жүйелі түрде жүргізілмей келді. Тек 2004
жылы қабылданған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында ғана
ескерткіште жүйелі түрде жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік алынды. Тұрақтың 3-6
мәдени қабаттарынан, жалпы ауданы 240 шаршы метр алаңнан сан алуан заттар (тас
құралдары, өндіріс қалдықтары, сүйектер, қыш ыдыстарының фрагменттері т.б.) аршып
алынған [4].
Энеолит дәуіріне жататын ескерткіштер де мемлекеттік «Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша зерттелді. Солардың бірі де бірегейі – 1980 жылы ашылған
Ботай қонысы. Бұл қоныс аумағы жағынан 15 га жерді алып жатыр. Маусымдық
ізденістер барысында энеолит кезеңінде далалық шаруашылық-мәдени тип
қалыптасқандығын айғақтайтын 300 мыңдай артефактілер, мал сүйектері табылған, 100
шақты баспана орындары ашылған. Табылған сүйектердің 99,9 пайызы жылқы малынікі
екендігі анықталған. Қатарынан екі-үш жыл қазба жұмыстары жүргізілгеннен кейін-ақ
ескерткіштің өзіндік бір қайталанбастығы анықталды. Мұның бәрі 1983 жылы
В.Ф.Зайбертке жиыстырылған материалдар негізінде Ботай мәдениетін бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді. Аталмыш бағдарлама арқасында ширек ғасырға жуық атқарылған
археологиялық жұмыстар қорытындыланды. Болашақтағы ізденістер мен атқарылатын
жұмыстар бағыты нақтыланды. Қазіргі таңда Ботай қонысы мемлекеттік ұлттық табиғи
«Көкшетау» саябағына енгізілген. Мұның өзі ескерткіш материалдарын қастерлеп
ұстауға, көненің көзін келешек ұрпаққа жеткізуге мол мүмкіндік береді. Яғни, бұл 2004-
2006 жж. арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Мәдени мұра»
бағдарламасының «елдің мәдени мұрасын қорғау және тиімді пайдалану» сынды негізгі
мақсатына сай келеді. Мәдени қабаттарының ерте кезеңі энеолитке дейін баратын
Тоқсанбай қонысында да бағдарлама аясында қазба жұмыстары жанданған. Бұл
ескерткіш Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Тұрыш ауылынан солтүстік-
шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. 1997 жылдан бері Археология институтының
Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.С. Самашев) зерттеді [5].
Сонымен қатар аталмыш бағдарлама негізінде атқарылған тағы басқа игі
шараларды атап өтсек: жалпы – 230, оның ішінде 79 аталым кітап шығарылған. Айталық,
100 томдық «Бабалар сөзі» топтамасының бай ауыз әдебиетімізді жинақтауға мүмкіндік
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
38
берген 50ге жуық кітабы, әлем әдебиеті кітапханасының 10 томдығы, қазақ әдебиеті
тарихының 10 томдығы, қазақ халқының барлық философиялық мұрасының 20 томы,
сондайақ қазақ өнерінің тарихы, қазақ музыкасының антологиясы, «Әдеби жәдігерлер»
сериясы бойынша т.б. шыққан кітаптар бар [6.260].
Осы құнды еңбектерді ақпараттық технологияны пайдала отырып, «Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша шығып жатқан еңбектердегі ұлттық мәдени құндылықтар туралы
мәліметтерді жинап, жүйелеп, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп,
дәстүрлі оқулық әдебиеттер мен мультимедиалық ресурстарға енгiзуге болады. Сөйтіп
ұлттық мәдени мұраларды білім мазмұнына енгізе отырып, осы салаларда біздің де
ұрпақтарымыздың жаңа құндылықтар жасауына мүмкіндік тудыруға аға ұрпақ біздер
міндеттіміз. Осы орайда да халқымыздың, төл тарихымыздың жазба деректері «Мәдени
мұра» бағдарламасы негізінде алыс-жақын шет елдерде қалған ғылыми құнды мұралар
елімізге әкелініп, зерделеніп, халқымызға ұсынылып отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жарияланған рухани игіліктерімізді атап өтсек,
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бірқатар
Батыс Еуропа елдеріне ғылымизерттеу экспедициялар ұйымдастырылып, ғылыми
ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы
бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылған. Олардың көшірмелері
елімізге жеткізілді.
2009 жылдың соңына таман 39 республикалық, 6 мыңға жуық облыстық мәдениет
ұйымдары, яғни, 164 мұражай, 3763 кітапхана, 2320 клуб, 50 театр, 58 кинотеатр мен
театр, 458 киноқондырғы, 4 зоопарк, 2 цирк, 28 демалыс саябағы жұмыс істеді. 2007–
2010 жылдар аралығында мәдени мекемелер саны 203-ке көбейді. Айшықты жылдар
бедерінде 10 драмалық, сазды-драмалық, қуыршақ театрлары, Астана, Шымкент
қалаларында опера және балет театрлары ашылды. Елімізде жыл өткен сайын мәдениет
мекемелері көбейіп, оған келушілер қатарының арта түскені қуантады.
Мәселен, 2006 жылы елордадағы мұражайларды 260,5 мың адам тамашаласа,
былтыр олардың саны 380,4 мыңға жеткен. Театрлар мен кинотеатрларды
қызықтаушылар саны да едәуір өскен. 2004–2006 жылдары 35 архитектуралық
ескерткіштер қалпына келтіріліп, 30 археологиялық және 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу
жобалары жүзеге асырылды. Ежелгі және ортағасырлардағы Ұлы Жібек жолы
бойындағы қалалар (Қойлық, Талғар, Қараспан, Түркістан, Сауран, Сарайшық, Жанкент
т.б) жайлы мәліметтерді және Отырар мен Бозұқ қалаларынан табылған қазба
жұмыстарының нәтижелерін және Ежелгі Тараз қаласының Алматы мен Жетісуда сақтар
мен үйсіндердің орналасуына қатысты деректер туралы көптеген мәліметтер алынды.
Республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің тізімі жасалып, 218
республикалық, 11,5 мың жергілікті маңызы бар нысандар мемлекет қорғауына алынды.
Өткен жылы Мәдениет министрлігі «Қазақтың 1000 дәстүрлі күйлері», «Қазақтың 1000
дәстүрлі әндері» жобаларын жүзеге асырды. «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға
алынғалы тарих, археология, этнография, мәдениет секілді сан алуан қатпарлы
салаларды қамтитын 442 кітап бір миллион данамен жарық көрді. «Қазақфильм»
киностудиясы қалпына келтірілген, жаңғыртылған тарихи, мәдени жәдігерлер жайлы 10
фильм қойды. «Ұлттық мұра» топтамасы аясында 20 кинофильм шығарылды. «Мәдени
мұра» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп жатқан көптеген ғалымдар мен мәдениет
қайраткерлерінің жұмыстары аз емес, бірақ орындалуы тиіс жұмыстар одан да көп.
Атап айтсақ, мәдени мұраны зерттеу мәселелерін: САқатай, М.Х. Балтабаев,
А.Сейдімбек, С. Қасиманов, Б.К. Байжігітов, Н. Шаханова, Қ. Жарықбаев, С.К. Қалиев,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
39
А. Қалыбекова, К.Ж. Қожантаева, М. Мұқанов, Ә. Нысанбаев, Ұ.М. Әбдіғапарова,
А.П.Сейтешев, С.А. Қанапова, Ш.Ә. Ақбаева және т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуді
ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы мәдени мұрасын, асыл қазыналарын жоғары
теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда. Ал Ш. Жұматаева, Е. Жұматаева,
І. Халитова, А. Құдиярова, Қ. Шалғынбаева, Р. Көшенова, А. Тұрсынова, Р. Үсенбаева,
А.Елькеева т.б. ғалымдар жиырмасыншы ғасырдың басындағы жекелеген қазақ
зиялыларының еңбектері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың саяси-
әлеуметтік іс-әрекеті мен шығармашылық мұраларын оқып үйрену бойынша ғылыми-
зерттеу еңбектерінде қазақ зиялыларының тәлімдік көзқарасы сол кездегі заман
талаптары мен ағымына қарай талданып, олардың еңбектерін қазіргі кезде пайдалану
жолдарын қарастырған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың басты принциптері ретінде, студенттердің дүниетанымдық құндылықтарын
қалыптастыру арқылы оларды білімділікке ынталандырып, білім берудің сипатын
арттыру мәселелері қойылған. Сонымен қатар білім берудің әрбір кезеңдеріне білім
жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді. Оның ішінде, гуманитарлық
тәрбие парадигмасына айрықша мән беріліп, мәдени мұра басылымдарын зерттеп,
әдістемелік жүйе жасап шығаруға назар аударылды. Қазақтың әл-Фараби,
Ж. Баласағұни, М. Дулати, Қ.Жалаиридың, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Қарашев, Х. Досмұхамбетов,
Ә. Бөкейханов, М. Шоқай сынды зиялыларының баға жетпес мұралары негізінде
студенттерді тәрбиелеу қазақ халқының болашағын қалыптастырушы күш деп білеміз.
Сол кезде әл-Фарабидің өшпес трактаттарын жазып, Ибн Синаның медицинаға арналған
12 томдық еңбегін тәмамдағандығы, ал Қожа Ахмет Ясауидің руханиятты шырқау биікке
көтергендігі аян. Сол уақытта Орталық Азияның қалалық мәдениеті мен рухани-
материалдық мәдениеті аса гүлденді. Халиф әл-Мамун Араб халифатының астанасы
Бағдат қаласында Ғалымдар үйін ашып, көне грек ойшылдарының негізгі шығармаларын
араб тіліне аудартқан. Бүгінде ежелгі және ортағасырлық дәуірдің бірегей
артефактілеріне, яғни көне қолжазбалар мен жәдігерліктерге қол жеткізіліп, зерттелуде.
Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалардың сырын ашатын, бұрын-соңды
кеңестік ғылым әлеміне бейтаныс болып келген жазба дереккөздері шет ел мұрағаттары
мен қорларынан алынып, ғылыми айналымға енгізілу үстінде. Францияның,
Германияның, Түркияның, Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстан мен Ұлыбританияның және
өзге де елдердің кітап қорларынан, мұрағаттарынан, кітапханаларынан, ғылыми
орталықтарынан алынған қазақ халқының тарихы, философиясы, құқығы, мәдениеті,
әдебиеті, өнері, халық ауыз әдебиеті мұраларынан түзілген, қорытылған
энциклопедиялық еңбектер мен көптомдық академиялық еңбектер басылымға
дайындалған.
Осы орайда жоғары оқу орындарының ұстаздары гуманитарлық білім берудің
толыққанды қорын жасақтау жолындағы ірі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілгендігін
мойындай отырып, осынау игіліктер тікелей тұтынушыларға, студенттер мен
аспиранттарға, магистранттарға жеткізу жайына алаңдаулы. Өйткені, күні кешегі
кеңестік оқу жүйесі бағдарламасының жетегінде келе жатқан студенттер мен
магистранттардың көп жағдайда ғылыми жетістіктер мен әлемдік деңгейдегі
жаңалықтардан көшкейін қалып отыратыны жасырын емес. Ол үшін белгілі бір ғылыми
жаңалық, зерттеулердің нәтижелері сарапталып, бекітілгеннен соң жедел түрде тарих
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
40
пен мәдениеттану саласындағы жаңа деректердің оқу құралдарына, білім
бағдарламасына енгізудің тетіктерін реттеу қажет. Бұл, ең алдымен, тарих пәндеріне
тікелей қатысты. Өйткені, соңғы жылдары отандық тарих ғылымында еліміздің өткенін
дүниежүзілік тарихи құбылыстан тыс немесе тек қана ұлттың өз ішінде қарастыру
секілді біржақты таныту бой көтере бастады. Өткен мен бүгінгі күнді және болашақты
сабақтастырып, жалғап тұратын тарих ғылымы өткенді таразылауда жаза басса, бүгінгі
тарихи-саяси және қоғамдық құбылысқа жаңсақ баға берілуі мүмкін. Ал ең қиыны,
осындай ауытқушылықтың кесірі ұлт пен мемлекеттің болашағын, оның даму бағытын
бұра тартып, әлемдік тарихтағы лайықты үлесіне залал келтіреді. Сондықтан
дүниежүзінің әр түкпірінен табылған мол мұраны жүйелеп, ғылыми айналымға енгізу
үшін тарих ғылымының мазмұнын көтеру керек.
Студенттердің интеллектуалдық білімін қалыптастыруда мәдени мұраларды да
пайдалану мәселелері толық зерттелмегені, оқу-тәрбие үдерістерінде оның мүмкіндіктері
жан-жақты қолданылмай отырғандығы, арнайы зерттеуге түспеген қырларының бар
екендігін көрсетеді. Осыған орай «Мәдени мұра» бағдарламасы басылымдарының бүкіл
халыққа, әсіресе студент жастарға, тарихи-мәдени құндылықтар мен ата-баба
мұраларын, оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы олардың интеллектуалдық әлеуетін
қалыптастыру бүгінгі таңда Қазақстан ғылымы мен білімінің алдында тұрған көкейкесті
мәселе. Бұл міндеттерді шешудің алғышарттары соңғы кездегі дайындалған зерттеулерде
қарастырылған. Осы ғылыми мұра аясында жасалынып жатқан іс-шаралар аз емес.
Айтар болсақ, әдебиеттану, философия, тарих, мәдениеттану салалары бойынша
атқарылып жатқан іс-шаралар айтарлықтай. Ежелгі Шығыс, Грекия мен Рим тарихының
еңбектерінің зерттеліп, қазақшаға аударылғандығы немесе Аристотель, Платон,
Макиевели Вольтер, Руссо т.б. сынды дана-ойшылдарының еңбектері қазақ тіліне
аударылып, философтардың «қазақша сөйлеуі» қазіргі жастардың гуманитарлық пәндер
арқылы оқып үйренуі, болашақ жастарымыздың интеллектуалдық ой-өрісінің дамуына
септігін тигізері сөзсіз. Міне осындай ғылыми іс-шаралар жастарымыздың мәдениетін
әлемдік деңгейге көтеретін құрал. Осыған байланысты әлемдік білім беру кеңістігіне ену
мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр.
Осы реформаларға сәйкес жоғары мектептердің оқу үдерісіне мәдени мұра
басылымдарын енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптарынан
туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында»: «Бiлiм
беру жүйесiнiң нарықтық экономика мен ашық азаматтық қоғам талаптарынан айқын
артта қалушылық себептерiнiң бiрi – мемлекет тарихын, мемлекеттiк тiлдi, Қазақстан
халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарын бiлуге негiзделген жасөспiрiм
ұрпақтардың мәдениетiн және азаматтық ұқсастықтарын қалыптастырудың пәрмендi
тетiктерiнiң жеткiлiксiздiгi», – деп атап көрсетiлген [7.23].
Өйткені, «Мәдени мұра» бағдарламасы басылымдарын жүйеленген білімді оқу-
тәрбие үдерісіне енгізе отырып, білім кеңістігін қалыптастыруда таптырмайтын өзекті
мәселенің бірі десек, қателеспейміз. Себебі, әрбір мәдени құбылыстар білімдік таным
арқылы туындап отырады әрі мәдени құндылықтар білімнің деңгейін, ауқымын,
мазмұндылығын анықтауға өлшем бола алады. Осы орайда, «Мәдени мұра»
бағдарламасы басылымдары білімнің құндылығын арттырып, ЖОО студенттерінің
интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда септігін тигізеді.
Сол себепті де білім беру жүйесіндегі қарқынды өзгерістер еліміздің жас
жеткіншегіне білім беріп, тәрбиелеу ісіндегі басым бағыттарын байқатады. Сөйтіп бүкіл
оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бүгінгі оқыту үдерісінде әр сабақта
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
41
жаңа идеялар негізінде жасалған жаңаша оқытудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі
ең өзекті мәселенің бірі. Мұның өзі оқу-тәрбие үдерісін оқушының жеке қабілетіне қарай
ұйымдастыру мәселесін жан-жақты зерттеуді қажет етеді [8, 273].
Ал келешек ұрпақтардың өнегелі мәдениеті мен азаматтық ұқсастықтарын
қалыптастырамыз, тәлiм-тәрбие беру жұмысын өркениетке сай жоғары дәрежедегі
тұғырға қоямыз десек, мектептен кейінгі білім беру жүйесіне, әсіресе жоғары оқу
ұйымдарына арналып жазылған, ұлттық мүдде тұрғысынан аса маңызды тәлім-тәрбиенiң
түп тамыры да, қайнар көзi де – ұлттық мәдени мұралар, яғни ұлттық мәдени
құндылықтар туралы оқулық әдебиеттер мен мультимедиалық ресурстар жазылуы тиіс
демекпіз [9, 73].
Сол себептен де мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәселесінің мәні зор.
Осы бағытты жүзеге асыруда оқу пәндеріне мәдени мұра материалдарының енгізілуі,
болашақ ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтардың қалыптасуына негіз бола алады.
2004 жылдан бүгінгі күнге дейін аталмыш бағдарлама негізінде мәдени
құндылықтарымызды жаңғырту, зерттеу, оқыту, насихаттау барысында айтарлықтай
ауқымды шаралар атқарылғандығы айқын. Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
ұсынуымен ұлттық тарихымызды зерделеудегі келесі маңызды қадам болып табылатын
«Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері
назарға алынып, дайындалу барысында қарқынды жұмыстар атқарылуда [10]. «Мәдени
мұра» мемлекеттік бағдарламасының заңды жалғасы болып табылатын бұл
бағдарламаның да рухани құндылықтар аясындағы жемісті қозғалыс болатынына кәміл
сенеміз. Өйткені, тарихи-мәдени құндылықтар бүкіл адам баласының ғасырлар бойы
жинаған тәжірибесін және небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды,
тарихи ұлы тұлғалардың халық үшін жасаған ерлігін баяндай отырып, білім
алушылардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді. Нәтижесінде, білім алушы жастар –
адамгершілігі жоғары, өз елін, Отанын сүйетін, саналы азамат болып қалыптасуына
үлкен үлес қосары даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |