Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет9/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

8 БИЛЕТ Абылай хан (1711-1781) - қазақ халқының көрнекті саяси қайраткері. Абылай ханның Жоңғария, Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері
Абылай хан (1711-1781) - қазақ халқының көрнекті саяси қайраткері.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қайтарып алды.
Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді.
1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады.
Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.
Абылайдың күш-жігері ең алдымен мықты және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда «Ол қалыптасқан жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ».
Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады.
Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды.
Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға қол жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет