Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


жазбаша түркі дереккөздерінің қалыптасуы және олардың ғылыми маңызы



бет25/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
22.жазбаша түркі дереккөздерінің қалыптасуы және олардың ғылыми маңызы.
Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады. 6–8 ғ-ларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері түркі қағандықтары (Күлтегін жазуы, Білге қаған ескерткіші, т.б.), түргештер, қарлұқтар, оғыздар,қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар, басмылдар, т.б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады. Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды.

23. XIX ғасырдың 60-90 жылдардағы қоныс аудару мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы «Уақытша ережелер». Орыс шаруаларының Қазақстан аймақтарына қоныс аударудың ерекшеліктері.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
24. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның қайғылы зардаптары. 1930-1933 жылдардағы ашаршылық. 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет