Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет26/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.

Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады.Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).
25 Түркі империясының құрылуы және оның әлемдік процестерге әсері.
Түрік қағанаты — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.
Ерте орта ғасырларда түркі этносаяси жүйесінің дамуы нәтижесінде пайда болған түркі мемлекетінің аз уақытта жерін кеңейтіп, бүкіл Еуразияның орталығын қамтитын Ұлы Көктүрік империясына (Ұлы түркі қағанатына) айналғаны тарихи факті болып саналады. Он төрт миллион шаршы шақырымдық территорияға орналасқан Көктүрік империясы Еуразия мемлекеттерімен әскери, саяси және дипломатиялық байланыстарында тек өзінің ұлттық мүдделерін және геосаяси тепе-теңдікті сақтауды мақсат тұтып, белсенді, әрі көп бағытты саясат жүргізген. Қазіргі кезде әлемдік тарихтану ілімінің қолында көктүрік империясына қатысты, негізінен екі дереккөз бар. Ол Орхон жазба ескерткіштері мен қытай жылнамалары.Екі ағайынды көктүріктің - Бумын және Истеми қағандардың 552 жылы негізін қалаған Көктүрік империясы Пекин мен Константинополь (қазіргі Ыстанбұл) арасындағы алып географиялық кеңістікте саяси-дипломатиялық байланыстар құрған еуразиялық құдіретті түркі мемлекеті болған. Бұл империя - тарихта түркі бірлігінің ұлылығын айқын түрде көрсететін ең тамаша мысал бола алады. Осы бірлік бұзылған кезде өзгелер қолайлы сәтті күтіп отырған. Сөйтіп олар Қытай мемлекетінің қол астына өтті ( 630-680 жылдар). Алайда жарты ғасырға созылған тәуелділіктен кейін түркі бірлігі қайта жаңғырды. Көктүркітер бұрынғы қағандарының ұрпағы, әрі мұрагерлері - Елтеріс қаған, Қапаған қаған, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөктің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар Қытай билігіне қарсы жүргізген күресі арқылы азаттығына қауышып, аз уақытта ес жиып, Көктүрік мемлекетінің іргетасын қайта қалаған болатын. Еуразияның Жапон теңізінен Каспий теңізіне дейінгі кеңістігін қамтыған ең құдіретті империясы 552-745 жылдар арасында бейне бір ғұн дәстүрін (Шығыс және Батыс Ғұн империя дихотомиясы) жалғастырғандай екі ағайынды түркі билеушісі - Бумын қағанның билігінде Шығыс көктүрік қағанатына ( 552-640 жылдар.) және Истеми қағанның билігінде Батыс көктүрік қағанатына ( 552-660 жылдар) бөлінген болатын.Шығыс түркі қағанатының саясаты мен армиясы - Қытай армиясына қарсы, ал Батыс көктүрік қағанатының саясаты мен армиясы - Сасан империясына, Каспий мен Қара теңіз аймағынан төнетін қауіптерге қарсы үнемі дайын тұрған еді. Түркілердің жаңа жерлерді жаулап алуға ұмтылысы да олардың геосаяси шындықты айқын ұғынып, осыған сай әрекет етуінен туындаған. Олар үлкен территорияларды басып алу үшін жүргізген әскери жорықтарында саяси-дипломатиялық әрекет-тәсілдері арқылы жеңіске жетпегенде, бұл территорияларда тұрақтап қала алмай, өз жерінен айырылып қалар еді. Түркілердің әскери жаулап алу әрекетінің саяси жаулап алу тәсілімен үйлесуі олардың тамаша империялық қабілетінің басты шарты болған. Көктүрік империясы осы қабілеті арқылы көршілес елдермен, тіпті алыс жатқан мемлекеттермен өз мүддесіне сай байланыс орнатқан болатын. Түркілердің әскери жаулап алу әрекетінің саяси жаулап алу тәсілімен үйлесуі олардың тамаша империялық қабілетінің басты шарты болған. Көктүрік империясы осы қабілеті арқылы көршілес елдермен, тіпті алыс жатқан мемлекеттермен өз мүддесіне сай байланыс орнатқан болатын. Әсіресе, оңтүстік және батыс бағыттарында сол дәуірдің ең үлкен саяси күші болған Сасан империясымен, Византия империясымен дипломатиялық байланыс орнату түркілерге сол кездегі геосаяси процестерді басқару үшін аса қажет еді. Көктүрік империясы көрші мемлекеттермен соғыс тілінде де, дипломатия тілінде де қарым-қатынас орната білген. Халқының бейбіт жағдайда да, соғыс шарттарында да өмір сүріп, қырғын шайқастарда жеңіске жетуі үшін барлық жолды аса шебер қолданып, аймақтың саяси тізгінін қолында ұстап тұрған. Мысалы, 726 жылы Тибет мемлекеті Көктүрік мемлекетін Қытайға қарсы одақтас болуға шақырса да, мемлекеттің дана басшысы Білге қаған бұдан бас тартады. Бұдан кейінгі оқиғалар қағанның дұрыс әрекет еткенін көрсетеді. Егер ол сол ұсынысқа келіскенде, мұның соңы ұзақ соғысқа ұласып, тибеттіктермен жасалған одақтастық келісімге жік түсіп, мемлекет қажетсіз қиындықтарға тап болатын еді.Маниахтың ұсынысы бойынша Көктүрік империясының елшісі Сизабу 571 жылы алғаш рет Батыспен саяси, дипломатиялық және сауда келіссөздерін жүргізу үшін Византияға жіберіледі. Византия елшісі Земарх да мемлекетінің түркілермен саяси және сауда байланыстарын орнату миссиясымен түркі еліне келеді. Осы арқылы түркілер Ұлы Жібек жолы дипломатиясының негізін қалады. Ұлы Жібек жолының «алтын ғасыры» осы дәуірден бастау алады. Түркілердің әскери-саяси қауіпсіздік кепілдігінің арқасында қытай жібегі басқа да тауарлармен бірге Византияға, сол жерден Еуропаның басқа да елдеріне тасымалданды. Бұл дәуірдегі соғыстар мемлекеттердің әскери басымдығын көрсетумен қатар, көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы кейінгі бейбіт процестерге де себепші болды. Ал түркілер іс жүзінде осы принципті толықтай жүзеге асырды. VI-VIII ғасырларда Көктүрік империясы Қиыр Шығыс пен Жерорта теңізінің аймағын байланыстырған сауда жолдарының бақылауын өз қолында ұстап тұрды. Сол дәуірдегі жетекші мемлекеттер - Византия, Қытай және Сасан империясы Ұлы Жібек жолы саясатын жүргізуде Көктүрік империясымен санасуға мәжбүр болатын. Түркі (немесе Көктүрік) империясының Еуразияда орнатқан геосаяси жағдайы соғдылық саудагерлер арқылы Қытай тауарларын Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік берді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, кейіннен бұл империя Шығыс көктүрік қағанаты мен Батыс көктүрік қағанаттарына бөлінсе де, түріктер (оңтүстік бағытта - оғыздар; солтүстік бағытта - бұлғар, хазар және ұйғырлар) сол дәуірдің жетекші өркениет орталықтары арасындағы мәдениет және сауда байланыстарының негізгі детерминанттары болып қалды. Жалпы алғанда, шамамен 600-1000 жылдарда Еуразияның шығысы мен батысы арасында - Жапониядан Британияға дейінгі аралықта орта ғасырлар саудасының негізгі тасымал жүйесі ретінде қарқынды түрде қалыптасқан Ұлы Жібек жолының бойындағы елдердің қалаларында орналасқан «сауда қоймалары» өзіне тән ережелерге сәйкес жұмыс атқарған. Ұлы Жібек жолының бойындағы елдер, аймақтар мен қалалар дами түсті. Еуразияда жібек саудасы нарығының түрленіп, өзгеруі кең көлемдегі, жан-жақты экономикалық байланыстардың қалыптасуына негіз қалады. Орта ғасыр қалаларында сол кезеңдегі халықаралық сауданың талаптарына сай арнайы өндіріс және шаруашылық салалары пайда болды. Халықаралық саясатта белгілі бір елдің әскери қуатымен қатар, экономикалық әлеуеті, ел халқының өмір сүру деңгейі, сол деңгейге, салық төлеу шамасына сәйкес мемлекеттің қаржылық негіздері де маңызды факторға айналды. Елдер, қалалар, сауда орталықтары арасындағы бәсеке алаңдары да кеңейе түсті. Сол себепті қуатты мемлекеттер Ұлы Жібек жолы үшін болған күресте, әсіресе, дипломатиялық тұрғыда алға шығуға ұмтылды. Өйткені сауда ісі өзінің табиғи ерекшелігіне сай соғыссыз, бейбіт өмірді қажет етеді. Ал түркілер әскери саясатпен қатар, бейбіт саясатта да дипломатиялық тәсілдерді шебер қолданғандықтан, өзге империяларға қарағанда, ұзақ уақыт бойы осы тарихи миссияны абыроймен атқарды.Түркі дипломатиясының тағы бір тарихи маңызы - түріктер мемлекеттілік мәселесімен қатар, жылнама жазу, кеңсе істерін жүргізу мәселесін де жақсы меңгерген қытайлықтарды шебер пайдалана білген. Көне Орхон ескерткіштерінің бірі - Күлтегін тас монументінің батыс бетіндегі қытайша бөлімді Тан императоры Хиуан Цонгтың бауырының ұлы, әскер басы Чанг Сенгюн жазған. Бұл мәтін көрші елдің жоғары дипломатиялық деңгейде көрсеткен достық байланысының белгісі. Осы жерде, түркі және қытай тілдеріндегі мәтіндердің кейбір тұстарының бір-біріне толықтай қайшы келетіні де назар аударарлық жайт.

26.Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы: оларды орналастырудың себептері мен шарттары. Қоныс аударушылардың шаруашылығы және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлерді иеліктен шығару және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері.
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.
Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.
Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.
Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет