Ерте палеолит ⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл. Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
. ОРТА ПАЛЕОЛИТ. ⊙Обалысай. Орналасуы: Жезқазған. Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ. ⊙Батпақ. Орналасуы: Орт. Қаз. Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ). Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам. ⊙Ерейментау. Орналасуы: Ақмола. НЕОЛИТ. 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары. ⊙Жезқазған өңірі. Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.. Энеолит. ⊙Ботай. Орналасуы: Солт. Қаз. Ерекшелігі: б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарға жатады. Тұрақта табылған тұрғын үйлердің саны: 158. Ботайлықтардың жетістігі: жылқы малын қолға үйрету.
Қазақстан территориясындағы тас дәуіріндегі алғашқы өнер мен діни көзқарастар. Ежелгі адамның өмірі толығымен күнге байланысты болды. Көптеген халықтардың наным-сенімдерінің солярлығы бар. Бұл мұз дәуірі мен күн сәулесінің алғашқы адамдарға жылу мен тамақ беру арқылы әкелген құтқарылуының мәдени жадының көрінісі. Көшпенділер күн ғаламның орталығында, ол өмір мен биліктің қайнар көзі деп сенді. Тамғалы шатқалында, жартастарда бейбітшілік орнатушы құдайларды бейнелейтін күн рәміздері табылды. Олардың үстінде күн жарқырап тұрды-басты құдай. Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын . Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.