Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#1054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ƏдебиетКляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись тысячелетий. Алма-

Ата, 1992 

Гумилев Л.Н. «Древние тюрки». Москва, 1993. 

Зуев Ю.И. Очерки истории и идеологии. Ранние тюрки. А., 2002. 

Абдрахман Х. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы, 2002 

 

5 жұма:  

13, 14 кредит сағат 

Дəріс 9, 10 

Тақырыбы: Қазақ халқының этникалық тарихы мен этногенезі бойынша зерттеулер 


Дəріс мазмұны: 1. Қазақ халқының шығу тегінің көкейтесті  мəселелері 

2. Қазақ жүздерінің пайда болуының  көкейтесті  мəселелері. 

XVIII–ХІХ  ғғ.  өлкетану,  түркі  халықтарының  тарихы,  этнографиясы  мен 

лингвистикасына  байланысты  деректерді  жинақтау  ісі  қарқынды  болды.  Бұл  дəуірде 

этнографиялық  мағлұматтарды  қолға  түсіру  мақсатымен  даярланған  көптеген  ғылыми 

экспедиция  мүшелеріне  айналған  ғалымдар  өз  ынталылығын  танытты,  жан-жақты 

ізденіп,  ғылыми  мəнді  деген  мəліметтерді  тіркеп  жазды.  Нəтижесінде  қазақ,  башқұрт, 

қырғыздардың  этнографиясына  байланысты  жиналған  ғылыми  мұра  сол  болды.  Аты 

əйгілі  А.  Левшин,  В.    Вельяминов-Зернов,  Н.  Аристов,  А.  Харузин,  В.  Радлов,  Н. 

Остроумов,  А.  Нестеров  жəне  т.б.  белгілі  ғалымдар  өз  еңбектерінде  шежіре 

мəліметтерін  қазақтың  этноқұрамын  қарастыруға  ғана  қолданған.                                Ш. 

Уəлиханов,  Г.  Потанин,  Ə.  Диваев,  Н.  Гродеков,  И.  Шангин  сияқты  шежіре  жинаған 

ғалымдардың  топтамалары  архивте  сақталған.  ХІХ-ХХ  ғ.  басында  отарлаушы  Патша 

өкіметіне  əкімшілік  аумақтық  жағынан  басқару  үшін  жергілікті  халықтың  тарихын, 

тұрмыс-салты,  əдет-ғұрпы  мен  мінез-құлқын  жете,  кешенді  танып  білу  қажеттілігі 

туындады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қазақ даласына аттанған саяхатшылар мен 

зерттеушілердің,  ел  арасынан  əр  түрлі  жолдармен  мəліметтер  жинаған  патша 

шенеуніктерінің жазба деректері қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті жан-жақты 

мағлұматтар береді. Əсіресе, И.Г.Андреев, И.Сиверс, С.Б.Броневский, Н.Д.Абрамовтың 

мақалаларында  қазақтарының рулық құрамы, орналасуы, шаруашылығы туралы нақты 

мəліметтер  бар.  ХІХ  ғ.  соңы  мен  ХХ  ғ.  басында  еңбек  еткен  Ə.  Диваев  (1856–1933) 

қазақ халқының  фольклор  үлгілерін  мол  жинады.  Шежіре  мəліметін  əсіресе  халықтың 

этникалық  тарихын  зерделеуге  көп  қолданған.  шежіре  деректерін  этнография, 

этникалық  тарих  тұрғысынан  зерттеп  жазған  Ə.  Х.  Марғұлан,  Х.  Арғынбаев,  М.С. 

Мұқанов, В. Востров сияқты кəсіби тарихшылардың зерттеулері жарияланды .  

Қазіргі күнде із-түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан тікелей 

жинаған  мағлұматтар  негізінде  жазылған  А.И.Левшиннің  1832  жылы  жарық  көрген 

белгілі  монографиялық  еңбегінің  маңызы  ерекше.  А.И.  Левшиннің  (1797-1879) 

«Қырғыз-қазақ,  яғни  қырғыз-қайсақ  ордасы  мен  даласының  суреттемесі»  деген  еңбегі 

қазақ  халқының  географиясы,  тарихы  мен  этнографиясы  жөніндегі  алғашқы  іргелі 

монографиялық  зерттеу  болып  табылады.  Кітаптың  бірінші  бөлігінде  қазақ  халқы 

өмірінің  табиғи  жағдайлары  көрсетіліп,  екінші  бөлігінде  ең  ертедегі  заманнан  XVIII 

ғасырдың аяғына дейінгі қазақтар туралы тарихи мəліметтер жинақталған. Автор XVI-

XVIII  ғасырдың  басындағы    қазақ  халқының  тарихын  «  Қырғыз-қазақтардың  негізі 



жəне олардың Ресей бодандығына кіргенге дейінгі немесе 1730 жылға дейінгі жай-күйі 

туралы»  деген  тарауда  баяндаған.  Келтірілген  деректердің  анықтығы  XVII  -  XVIII 

ғасырларға  жеткенде  арта  түседі.  А.И.  Левшин  халықтың  аталуы  туралы  өз  пікірін 

келтірген,  бұл  –  «ғылымда  қазақ  халқы  этногенезі  проблемасының  тұңғыш  рет 

қойылуы». 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  орыстың  шығыстану  ғылымы  ойдағыдай 

дамыды.  В.В.Григорьев,  П.И.Лерх,  И.Н.Березин,  В.Г.Тизенгаузен,Н.И.Веселовский, 

В.В.Радлов,  В.Р.Розендердің  еңбектері  «орыстың  дүниежүзілік  шығыстануда  құрметті 

орын алған тарихи-шығыстанушылық мектебінің пайда болғанын көрсетті.  

Белгілі  саяхатшы  Г.Н.Потаниннің  “Очерки  Северо-Западной  Монголии”    еңбегі  мен 

бірқатар  мақалаларындағы  қазақ  рулары,  олардың  мал  шаруашылығы,  қолөнері, 

аңшылығы, əдет-ғұрып, салт-дəстүрі турасындағы мəліметтері өте құнды.  

    Орыс  шығыстаушылары  есімдерінің  арасында  қазақтың  тұңғыш  тарихшы-

ғалымы, шығыстанушысы, этнографы, географы Ш.Ш.Уəлиханов (1835-1865) көрнекті 

орын  алады.  Ол  Қазақстан,  Орта  Азия,  Шығыс  Түркістан  тарихының  мəселелерін, 

қырғыз,  ноғай,  өзбек,  ұйғыр  халықтарының  тарихын  зерттеді.  Ш.Ш.Уəлиханов  өзінің 

көптеген:  «Қырғыз  шежіресі»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  «Қырғыздардың  көші-

қоны  туралы»  деген  еңбектерінде  қазақтардың  этногенезінің,  жүздер  құрылуының, 

қазақтардың рулық-тайпалық құрамының, орналасуының проблемаларын зерттеген еді. 

Ол  қазақтар  мен  ноғайлардың  этникалық  жақындығы  туралы  пікір  айтты.  Бірқатар 

еңбектерінде  («Жоңғария  очерктері»,  «Үлкен  қырғыз-қайсақ  ордасының  аңыз-

əңгімелері») Ұлы жүз қазақтарына тарихи-этнографиялық сипаттама берілген; ол қазақ 

хандарының  генеологиясы,  Қазақ  хандығы  мен  Ноғай  Ордасының  саяси  қатынастары 

туралы да жазды.  



Əдебиет: Масанов З.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в 

СССР.  2-е  изд.  доп.  -Астана:  «Алтын  кітап»,  2007,  -  551  с.  -  (Библиотека  казахской 

этнографии, том 36). 

Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей, т. 1-3. М., 

1996. 

Валиханов Ч.Ч. Киргизское родословие. Собр. соч. в 5-ти томах. - Т.1. Алматы, 1985. 



Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). А.,-М., 1935, т.1, 2. 

Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент 1925. 

Обзор  литературы  о  казахских  жузах  /  Востров  В.В.,    Муканов  М.С.  Родоплеменной 

состав и расселение казахов. А., 1968. 10-15 бет. 

Исмагулов  О.  «Население  Казахстана  от  эпохи  бронзы  до  современности».  Алматы, 

1970. 


Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.М.  «Казахстан.  Летопись  трех  тысячелетий».  Алма-

Ата.1992 г. 



 

6 жұма:  

16, 17 кредит сағат 

Дəріс 11, 12 

Тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуының тарихының мəселелері 

Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы.  

2. Негізгі тұжырымалар 

1 мəселе: қазақ мемлекеті қай уақытта қалыптасты? 

2 мəселе: Қазақ хандығы қашан құрылды? 

І.  15  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  19  ғасырға  дейін  өмір  сүрген  Қазақ 

хандығы  туралы  жазылған  азды-көпті  зерттеулерде  «мемлекет»  деген  атаулар 

қолданылмаған.  Сойған  сəйкес  көптеген  зерттеушілер  қазақ  этносын  түрік,  монғол 

жəне басқа халықтар мен рулардың одақтасуынан кездейсоқ пайда болды деп есептеп, 

оның арғыөбергі тарихына, мемлекеттік құрылымына мəн бермейді.  

Бұл  орайда  «қазақ  тарихының  Геродоты»  аталып  жүрген  А.И.Левшиннің  өзі 

бұрын-соңды  қазақ  мемлекеттілігінің  бірлестігі  болған  емес,  тек  үш  орда  ғана  болған 

деп есептейді. /1/ 

 ҚСРО  кезеңінде  маркстік-лениндік  методологиямен  қаруланған  зерттеушілер 

формациялық  тұрғыдан  зерделеу  тəсілін  ұстанған  еді.  Мəселен,  В.Ф.Шахматов 

«Қазақтың  патриархалдық-феодалдық  мемлекеттілігінің  негізгі  ерекшеліктері»  деген 

мақаласында  Қазақстанда  жерге  қалыптасқан  феодалдық  жекеменшіктің  болмағаның 

айта  келіп,  орта  ғасырда  Қазақстанда  мемлекеттің  құрылмағанын  жəне  құрылыға 

жағдайдың болмағаның, тек оның жеке белгілерінің байқалғаның дəлелдейді. /2/  

Сол  сияқты  Г.  Е.  Марков,  Н.  Масанов,  И.Ерофееваның,  т.б.  жазғандары 

С.Плетневаның  «Кочевники  не  успели  осесть,  создать  культуру,  госсударство»  деген 

пікірінің маңайында/3/. Олардың көзқарасы бойынша мемлекет  тек отырықшы елдерге 

тəн, көшпелелерге жат құбылыс, соңғы екі мынжылдықта Еуразияға үстемдік жүргізген 

көшпелі ғұн, түркі, Алтын Орда мемлекеттерін «Временные,  эфемерные образования» 

/уақытша,  тұрақсыз  саяси  бірлестік/  деп  атайды.    Олардың  түсінігі  бойынша 

көшпелілер  тек  шаруашылық  қауым  бдлып  қана  өмір  сүреді,  саяси  коньюктураның  

/совокупность  условий  в  их  взаимосвязи/  сəті  түскенде  ғана  «əскери-көшпелі  қауым», 

яғни  империя  құрайды.  Бұл  тұрғыда  Г.Е.  Марков  былай  деп  жазады:  «Кочевники  не 

образовали  классовых  обществ,  для  которых  характерны  непреодолимые  классовые 

противоречия, а потому не создали и государств, а лишь «кочевые империи». Крайним 

выражением  «военно-кочевого»  состояния    были  «кочевые  империи».  Однако 

экономический  базис  общества  оставался  при  всех  состояниях  общественной 

организации  в  принципе  неизменным,  и  переход  общества  из  одного  состояния  в 

другое  был  обратимым.  Этим  «военные  империи»  отличались  от  государственных 

образований,  возникавших  при  достижении  обществом  определенного  уровня  

социально-экономических 

отношений, 

вследствие 

появления 

непреодолимых 

классовых противоречий явлений необратимых». /4/ 

Қазақ  халқының  мемлекеттігі  болған  деп  жазып  жүрген  тарихшылар  баршылық. 

Олар  Т.Сұлтанов,  К.  А.  Пищулина,  К.Нұрпейісов,  Ж.Қасымбаев,  М.Қозыбаев, 

А.Кузембайұлы,  Ж.Артықбаев.  Аталған  ғалымдардың  бəрі  қазақ  халқының  саяси-

əлеуметтік  құрылысын  мемлекет  деп  таниды  жəне  Қазақ  хандығының  көшпелілер 

мемлекеті болғандығына, оның бір құрылымдық элементі отырықшылық екеніне күмəн 

келтірмейді.  



Əдебиет:  Султанов  Т.И.  Қазақ  мемлекеттігінің  құрылуы.  Қазақ  хандығының  тарихы. 

Алматы, 2008 

М.Козыбаев. Избранные труды. Алматы, 2001 


 

7 жұма:  

19, 20 кредит сағат 

Дəріс 13, 14 

Тақырыбы: Қазақ хандығы  жəне  əдеттегі қазақтар қоғамның өкіметі. 

Дəріс мазмұны: 1. Қазақ хандары: өкіметінің мұрагерлігі, тұлғалар, дəстүрлер  

2. Сыртқы саясаттағы хан өкіметінің институты 

Қазақ хандығының қалыптасуына қатысты ғылыми енбектерде бірегей пікір жоқ.. 

1.    Кемаль  Акишевич    Акішевтің  пікірі  бойынша:  «Қазақ  мемлекеттігі  1428  жылы 

Əбілхайір  хандығы  құрылуымен  қалыптасты».(«Казахское  государство  в  15-16  века: 

этническая  территория,  памятники  культуры»  //Журнал  «Евразийское  сообщество: 

общество, политика , культура», №1/21/, 1998. С. 132.) 

2.      В.В.Вельяминов-Зернов,  М.Тынышпаев  /  «История  казахского  народа»  А.,  1993, 

с.115,131 /, Ш.Құдайбердіұлы,  М.Магауин /  «Қазақ тарихының əліппесі». А., 1994. 16 

б./,  К.Салгарин /  «Анығына  жетіп,  ақиқатын  айтайық».  «Қазақ  тарихы»  журналы,  №1, 

1993,  43  б./.  Олар  өз  енбектерінде  1456  жылы  Керей  мен  Жəнібек  хандардың 

Моғолстанға қөшіп келген жəне Қазақ хандығының құрылған жылы деп көрсетеді. Бұл 

датаның шығуына 1864 жылы Санкт-Петербургте шыққан В.В. Вельяминов-Зерновтың 

еңбегі  негіз  болды.    1943  жылы  шыққан  «История  КазССР  с  древнейших  времен  до 

наших дней» атты академиялық басылымда осы дата қаталанады.  

3. Тарихшы Ə. Хасенов / «Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны». А., 1996, 175 б.  /:  

«Қазақ  хандығы құрылу  датаны  1428    жылға жылжытуды  жөн  көріп  отырмын...  Орыс 

хан  əулетінің  билік  құрған  соқпағынан  адаспауымыз  жөн.  Қазақ  ру-ұлыстары  1218 

жылы  Күшілік  хан  өлтірілгеннен  кейін  айырылған  мемлекеттігін  1428  жылы  қалпына 

келтіреді» дейді. 

 4. Тарихшы ғалым Б.Б. Кəрібаев  Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидің еңбегіне сүйене 

отырып:  «Бұл  оқиға    1458  жылы  көктемде,  не  күзде  болған»  дегек  қисынға  табаң 

тіреген. 

5. К.А. Пищулина: «Қазақ хандарының билей бастаған жылдарының нақтылы датасы 

Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде корсетілген. 

Дулатидің жазғаны: «Қазақ сұлтандардың билік ете бастауы 870 /1465-1466/ жылдан 

басталады». 

6. Ж.Қасымбаев: «15 ғасырдың 50-жылдарының соңында Əілхайыр мемлекетінен 

Керей мен Жəнібек хандардың бөлініп кетіп, Моғолстанның батысында, Шу өңірінде 

автономия іспетті мемлекет құрғанын, 60-жылдардың соңынан бастап ұлан-асар 

территорияны иемдегенін ешкім де жоққа шығармайды» деген пікір айтады. 

7. Сұлтанов, Караев: «1468-1469 жыл - Əбілхайыр ханның қайтыс болуы. 1470-1471 

жыл – Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде Қазақ хандығының билігінің орнауы».  

8. Чулошниковтың пікірі бойынша: «Қазақ хандығы 16 ғасырдың басында  /Мұхаммад 

Шейбани-хан Орта Азияға кетуінен соң/ құрылды». 

Əдебиет: Ақтаев С. Қазақ ханымдары. Тарихи эсселер. – Алматы, 2001 

Султанов  Т.И.  Қазақ  мемлекеттігінің  құрылуы.  Қазақ  хандығының  тарихы.  Алматы, 

2008 

Султанов Т. Правители первого казахского государства, Акмола, 1993 



Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А., 1999 

 

8 жұма:  

22, 23 кредит сағат 

Дəріс 15, 16 

Тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі іргелі мəселелері 

Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы 

2.  Қазақстанның  Ресей  империясы  құрамына  енуі  мəселесі  бойынша  жаңа 

тұжырымдамалар. 

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру үрдісінің тарихнамасы өзінің 

өрістеу барысында ұзақ жəне мейлінше күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы 

күрделі  мəселеге  қызығушылық  пен  ықылас  білдіру  мүлдем  азайған  жоқ,  керісінше, 

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері кең етек ала түсті.  

 

Барлық  зерттеліп  жатқан  тарихнамалық  кезеңнің  барысында  мазмұны  мен 



бағыты  бойынша  бір-біріне  ұқсамайтын  теориялар  мен  тұжырымдамалар  зерттеліп 

отырған мəселеге əр түрлі деңгейде өз ықпалын тигізді.  



 

Орыс  тарихнамасында  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің  Ресейге  бодан  болуының  үш 

негізгі себептері ерекшеленеді: сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген 

қауіп-қатер),  ішкі  саясаттағы  келіспеушілік  (өзара  қақтығыстар),  Əбілқайыр  ханның 

жеке мүддесі. 

 

Қазақстанның  Ресейге  қосылу  барысын  көрсетуде  М.  Тевкелевтің  өкілдік 



міндетін атқарудағы қиыншылықтары аталып көрсетіледі, ол қазақ даласына келісімен 

Ресейге  бодан  болуды  қабылдау  мəселесінде  қазақ  сұлтандарының  бірлігінің 

жоқтығына  душар  болды.  Орыс  тарихнамасы  шынайы  жағдайды  егжей-тегжейлі 

ашпайды,  қазақтардың  Ресейге  бодан  болуы  тек  қана  М.  Тевкелевтің  күш  салуы 

арқасында қабылданды делінеді. Бұл мəселені тек қана П. И. Рычков пен А. И. Левшин 

тыңғылықты түрде ашып көрсеткен.  

 

Қазақтардың  бодандыққа  өтуінің  алғашқы  он  жылының  нақтылы  сипаттамасы 



барлық  еңбектерде  тізбеленіп,  əсіресе,  Əбілхайыр  мен  Абылай  хандардың  тарихи 

рөлдері баса көрсетіледі. ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында ғана патша үкіметі өз билігін 

күшейту  үшін  шаралар  қолданғаны  айтыла  келіп,  патшалықтың  реформалар 

жүргізуінің  дұрыстығын  негіздейтін  дəлелдер  келтіреді.  Бірақ  Орта  жүзді  жаулап  алу 

кезеңі  аздап  көрсетіліп,  мұның  өзі  Ресейдің  Орта  Азияға  одан  əрі  жылжуының  заңды 

қадамдары  ретінде  бейнеленеді.  Сондықтан  осы  кезең  туралы  зерттеулерде 

ортаазиялық хандарға қатысты Ресейдің жаулап алу əрекеттері бірінші қатарға шығады. 

Жалпы алғанда, Орта жүз Ресейге өз еркімен қосылған болып көрсетіледі. 

 

Революцияға  дейінгі  авторлардың  еңбектерін,  негізінен,  бағыттары  мен 



теориялары  бойынша  жіктеуге  болады.  Мəселен  «Табиғи  шекаралар»  теориясы 

бойынша,  Ресейдің  Қазақстан  мен  Орта  Азияға  қарай  жылжуын  арий  нəсілін  қалпына 

келтіру  жəне  тарату  үшін  адамзат  тарихын  дамытудағы  табиғи  құбылыс  деп 

түсіндіреді.  Осы  теориясымақты  жақтаушылар  Ресейдің  отаршылдық  əрекеттерін 

жазықта  орналасқан    орыс  мемлекетінің  кеңеюге  ұмтылысы  деп,  этнографиялық  жəне 

географиялық  факторлар  ретінде  көрсеткісі  келеді.  Олар  Еуропаның  шығысында 

тарихи халық мəртебесі орыстарға ғана берілген дегенді дəлелдемек болады.  

 

Ежелден  бері  Ресей  тарихнамасында  орыс  ұлтының  ерекшелігі  туралы 



шовинистік  көзқарастарды  насихаттайтын  бағыт  орын  алған.  Бұл  бағытты 

жақтаушылар  дала  тұрғындарымен  тату  көршілік  қатынастарға  тек  қана  қарудың 

көмегімен қол жеткізуге болатынын атап көрсетеді.  

 

Кең  тараған  келесі  бағытта  қазақ  халқының  мəдени  даму  сатысының  төмендігі 

айтылып, Ресейдің жаугершілігін «өркениеттік миссиямен» байланыстырады. Авторлар 

өз  жұмыстарында  еуропалық  өркениеттің  маңыздылығын  ерекше  атап  көрсетеді  жəне 

оны шығыс өркениетінен жоғары қояды.  

Əдебиет: Қазақстан тарихы. Көне заманнан күні бүгінге дейін». Бес томдық, 3-ші том 

Алматы, «Атамұра», 2002 ж. 

Омарбеков  Т.О.,  Омарбеков  Ш.Т.  Қазақстан  тарихына  жəне  тарихнамасына  ұлттық 

көзқарас. Алматы, 2005 ж, 202-216 бб. 



Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.). А., 1984. 

Дахшлейгер Г.Ф. В.И.Ленин и проблемы казахстанской историографии. А., 1973. 

Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). А.,-М., 1935. 

Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. – А., 1948 г. 

Ерофеева И.В. Присоединение Казахстана к России как историографическая проблема / 

Историческая наука Советского Казахстана (1917-1960 гг.). А., 1990. 

Бекмаханов Е. Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957 г. 

Қасымбаев  Ж.Қ.  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы:  кіруі,  жаулап  алуы,  отарлауы./ 

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). А., 1994. 184-194 бет. 

10. Б. С. Сүлейменов, В. Я. Басин. Казахстан в составе России в ХҮІІІ- начале ХХ века.  

А., 1981 г. 

Кузембайулы А. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов ХХ века). А., 

1992. 

Т.  Ж.  Шоинбаев.  Добровольное  вхождение  казахских  земель  в  состав  России. 



Алматы,1982 г. 

Козыбаев  М.  История  России  есть  история  страны,  которая  колонизируется.  // 

Столичное обозрение. 1998, 8 мая. 

Əбділдабекова. А Қазақстанның Ресейге қосылуы хақында. // Қазақ тарихы, 2004, №6. 

31-36 бет. 

Əбділдабекова.А. // Қазақ тарихы, 1999, №3. 42-47 бет. 

 

9 жұма:  

25, 26кредит сағат 

Дəріс 17, 18 

Тақырыбы: Патша үкіметінің Қазақстандағы əскери саяси əрекеттерінің мəні туралы. 

(тарихнамалық жəне деренемелік бағытта). 



Дəріс  мазмұны:  1.  Патша  үкіметінің  XVIII-XIX  ғасырда  Қазақстанда  жүргізген 

əсккери саяси əрекеттері.  

2.  Патша    үкіметінің  Кіші,  Орта  жəне  Ұлы  Жүздерге  байланысты  əскери  саясаты 

мəнінің өзгеруі.  

3. Мəселенің тарихнамасы: зерттеуге дəстүрлі көзқарас жəне жаңаша ізденіс. 

Кеңестік  тарихнамада  Қазақстанды  отарлаудың  басталуы  оның  Ресейге 

«қосылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мəселенің экономикалық жағына 

да,  саяси  себептеріне  де  мүлде  тереңдеп  бармай  оны  тек  қана  сырт  жағынан  қарап, 

қосылу  кездейсоқтан  болды  деп  санады.  Басқа  біреулері  отаршылдардың  мүдделерін 

жақтап, патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты 

«құқықтары»  мен  «міндеттерін»  іздеп  табуға  тырысты.  Олар  империялық  идеяларды 

ашықтан-ашық  уағыздап,  байырғы  халықты  тек  қана  жабайылар  деп  білді,  сөйтіп 

олардың сан ғасырларға созылған дербес жəне мəдени дамуын мүлде ескермеді. «Біздің 

Орта Азия жерлерін алуымыз əсте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген 

бір  ғана  қарбалас  құлшыныспен  жасалған  жоқ,  –  деп  баяндалады  бір  құжатта.  –  Біз 

Шығысқа  өркениеттің  болмай  қоймайтын  табиғи  заңымен  беттеп  барамыз:  білімді 

халық жабайылармен ешқашанда қатар өмір сүре алмаған жəне алғашқылары қолында 

күш-қуаты барын сезінсе, соңғыларына олардың арасында мемлекет пен қоғам туралы 

жалпы  адамзаттық  ұғымдарды  сіңіру  үшін  жол  салушылар  жіберіп  отырған.  Біздің 

даңқты  əскерлерімізді  Орта  Азиядағы  осындай  жол  салушылар  деп  санау  керек  екені 

даусыз».  

 

КСРО  ыдырағаннан  кейін,  тəуелсіз  мемлекеттер  пайда  болған  кезде  де 



империялық  ойлауды  көрінеу  жəне  жасырын  жақтаушылар  Ресей  отаршыл, 

империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді.  



 

Қазақстанның  Ресейге  «қосылуының»  жекелеген  мəселелері  жөнінде  қазақ 

ағартушылары Шоқан Уəлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин жəне олардың 

пікірлестері өз ойларын айтқан.  

 

Ш.  Уəлиханов  ұлы  державалық  шовинизмге  қарсы  шықты,  ал  шовинизмді 



мейлінше  жан  сала  қорғаушылар  Шығыс  халықтарының  екінші  сортылығы  туралы, 

мемлекеттілік  пен  державашылдыққа  таңдаулылардың  құқығы  туралы  еуроцентршіл 

идеясымен  қаруланған  еді.  Қазақтардың  дүниежүзілік  өркениет  тарихында  алатын 

орнын  анықтай  келіп,  Ш.  Уəлиханов  кейбір  ресейліктердің  қазақ  көшпелілері  туралы 

«мал  сияқты  тұрпайы  варварлар»  деген  сияқты  түсініктерін  үзілді-кесілді  теріске 

шығарды.  Ғалымның  пікірінше,  оның  бабалар  тұрмысын  бейнелейтін  рухани 

мұрасының, əдет-ғұрыптарының, Гомердің поэтикалық аңыздары сияқты тарихи қадір-

қасиеті  бар.  Ол  «халықтың  өткендегі  тарихи  жəне  рухани  өмірінің  толық  көрінісін» 

бере алады.  

 

Ш.  Айтматов  отарлау  кезінде  халық  ділінің  өзгергенін  көрсетті.  Бұрынғы 



ұлылық  –  батырлар  заманы  келмеске  кетті.  Құлдық  психология,  надандық,  рухани 

бейшаралық құлқы жеңіске жетті.  

 

ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  отаршылдыққа  қарсы  қарулы  күрес 



сəтсіздікке ұшырап, Қазақстан империяның əкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне 

айналған,  империя  ауқымды  шабуылға  шығып,  шет  аймақ  халықтарын  орыстандыру 

жүріп  жатқан  кезеңде  ұлттың  прогресшіл  көреген  қайраткерлері  (Ш.  Уəлиханов,  А. 

Құнанбаев,  Ы.  Алтынсарин  жəне  олардың  пікірлестері)  тауқыметтің  ең  ауыры  туған 

халқын ағарту ісін өз мойындарына алуға мəжбүр болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет