Əдебиет: Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н.Население Казахстана за 100 лет (1897-
1997 гг.). Усть-Каменогорск, 1999
10 жұма:
28, 29 кредит сағат
Дəріс 19, 20
Тақырыбы: Қазақстанн тарихының XIX- XX ғ. басындағы əлеуметтік-саяси жəне
экономикалық көкейтесті мəселелері
Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы
2. Қазақстан қоғамының XIX-нач. XX ғ. басындағы əлеуметтік-экономикалық
дамуының ерекшелектері
Шекараларының ауқымы барынша кеңейген Ресей империясының жағдайы
басқарудың əкімшілік жүйесін енгізуге қолайлы болды. Крепостниктік құқық
жойылғаннан кейін Ресей үкіметі земстволардың, сот жəне қалалардың жəне т.б.
əлеуметтік-саяси өмірінің ағымын түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді.
Капитализм "тереңдеп" əрі "кеңінен ауқым алып" дами бастады.
Осындай жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен
өзгерту міндетін қойды.
Қазақ даласын басқару туралы заң жобасын дайындау үшін үкімет 1865 ж.
Дала комиссиясы дегенді құрды. Реформаны дайындау кезінде халық бұқарасының
көңіл-күйі ескерілмеді. Ш.Уəлиханов қазақтардың материалдық жағдай мен тұрмысын
жақсартуға ықпал ететін радикалды реформалар жүргізуді жақтады. Ол Қазақстанда
халықтың өзін-өзі басқаруы негізіндегі əкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынды.
"Сот реформасы туралы хатында" ол қазақ халқы үшін ең маңызды шара əлеуметтік-
экономикалық жаңалықтар енгізу деп есептеді. 1867ж. 11 шілдеде Александр ІІ -
Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына; 1868ж. 21-
қазанда - Торғай, Орал, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару туралы Ережелер
жобасына қол қойды. Сонымен, Қазақстанды басқару жөніндегі "үкіметтік
шенеуніктердің ойластыруы негізінде, Сейдалин, Шыңғыс Уəлиханов, Мұса Шорманов
сұлтандардың жəне басқалардың белсенді қатысуымен патша өкіметі əзірледі. 1854 ж.
Ашылған Семей, Ақмола облыстарын, 1866 ж. құрылған Жетісу облысын басқаруға
өзгерістер енгізілді. Реформа бірінші рет бүкіл Қазақ өлкесін қамтыды. Əйтсе де
хандық билік 1845 ж. ақ тоқтатылған Бөкей (Ішкі) ордасы уақытша ереже жобасы
бойынша Астрахань губерниясының құрамына қосылып кетті. Облыстар уездерге,
уездер болыстарға бөлінді.
Түркістан генерал-губернаторлығының міндетіне əскери жəне азаматтық
биліктермен бірге, көрші Қытай, Иран жəне басқа мемлекеттермен дипломатиялық
(елшілік) қарым-қатынастар жүргізіп отыру тапсырылды.
Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриархалды-феодалдық
құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандардың билігін шектеді. 1867-1868
жж. реформаларды жүзеге асыру ру ақсүйектерінің ықпалының əлсіреуіне əкеліп тіреді,
мұның өзі олардың құқықтық, экономикалық жəне саяси жағдайларынан көріне
бастады.
Əкімшілік басқару айқын əскери сипатта болды. Облыстарды əскери жəне
азаматтық билікті толығымен өз қолдарына шоғырландырған əскери генерал-
губернаторлар (əскери округтердің командашысы да солар) басқарды. Əскери жəне
азаматтық биліктің ажыратылмауы - жаңа реформа бойынша Қазақ даласының
əкімшілік құрылымының принципі болды.
1868 ж. далалық облыстардағы басқару туралы Уақытша ереже жəне 1867 ж.
Түркістан өлкесіндегі басқару туралы Ереже бойынша болыс басқарушысы өз қолына
полицейлік жəне басқару билігін шоғырландырды. Ол "тыныштық пен тəртіптің"
сақталуын, салықтардың төленуін жəне халықтың əртүрлі міндеткерліктерін өтеуін
қадағалап отырды. Билер сотының шешімдерін іс жүзіне асыру да оның міндетіне
жатты. Ауыл ағамандары өз қызмет бабы шеңберінде болыс басқарушыларға атқарған
міндеттерді орындады. Қазақ шаруалары мейлінше ауыр земстволық міндеткерліктерді
де өз нықтарымен көтерді, олар ауылдық-болыстық əкімшілікті асырады, көпірлерді,
почта жолдарын жөндеуге қаржы беріп, əскери бөлімдерді көлікпен қамтамасыз етіп
тұрды.
1867-1868 жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде əрекет ететін
əскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сонымен бірге ауылдарда
билердің феодалдық соттары жəне Сырдария облысының қыстақтарында қазылар соты
сақталып қалды. Далалық облыстардан тыс жерлерде жасалған қылмыстар, қазақ
малшыларының қылмыстық жəне азаматтық істерін Ресей заңдары негізінде уездік
судьялар (соттар) қарайтын болды.
Əдебиет: История Казахстана и Центральной Азии. Алматы, 2001
Масанов Н. Э. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже
XVIII-XIX веков [Текст] / Академия наук Казахской ССР.- Алма-Ата Издательство
"Наука" Казахский ССР , 1984.- 176 с.
11 жұма:
31, 32 кредит сағат
Дəріс 21, 22
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мəселелері /салыстырмалы
талдау/
Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы
2. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының жалпылығы мен ерекшелектері
Қазақ халқының өткен тарихи кезеңдерінде қоғамдық саяси - өмірде жетекші
орынға ие ұлт – азаттық қозғалыстардың мəнін жете түсіну, ұғыну қазіргі кезеңдегі
ұлттық санамызда ерекше орын алып отырғаны ерекше жайт.
Кеңес
дəуірі
кезеңінде
зерттеушілердің
көпшілігі
қазақ
халқының
отаршылдыққа қарсы ұлт – азаттық қозғалыстары мəселелерін Маркстік – Лениндік
теория тұрғысынан ғана қарап, қайшылыққа ұрынды. Атап айтсақ, Сырым Датұлы
бастаған ұлт – азаттық қозғалыс « Қазақ шаруаларының », Исатай – Махамбет əрекеті
«Бөкейлік мал бағушы шаруалардың хан өктемдігіне қарсы көтерілуі», Жанқожа
Нұрмұхамедұлы көтерілісі «Сырдария егіншілерінің толқуы» деп қарастырылды.
Ұлт – азатық көтерілістер тарихын зерттеуде алғашқыларжың бірі блып
А.Ф.Рязановты айтамыз. Өйткені автор осы кезеңде қазақ тарихының XVII – XIX ғ.ғ.
беттерін соның ішінде, ұлт – азаттық қозғалысқа ерекше мəн берген. Оған дəлел
ғалымның мына еңбекткрі «Отголоски Пугачевского восстания в киргиз – Кайсацкой
Малой Орде »,»Батыр Срым Датов», «Сорок лет борьбы за независимость казакского
народа», «Исатай Тайманулы».
Осы еңбектерінде автор, біріншіден қазақтардың XVIII ғ жетпісінші
жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуын зерттейді. Жайық
бойындағы қазақ жерлерін қайтару мəселесін жəне көтеріліске сұлтан Досалы, оның
ұлы Сейдалының қатысуы туралы құнды деректер келтіреді. Көтерілеске қазақ
шаруаларының белсенді түрде қатысқанын зерттеуші Жайық бойындағы жерлерді
қазақтардың қайтарып алу мақсатымен байланыстырады.
Екіншіден, Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейінгі ірі қозғалыс
С.Датов бастаған ұлт – азаттық көтерілісті тарихшы 1783 ж басталады деген пікір
айтады.
Үшіншіден, зерттеуші өз еңбектерінің біраз бөлігін сұлтан Қаратай
Нұралыұлының қоғамдық саяси қызметіне арнайды. Ол алғаш рет Қаратай сұлтан
бастаған қозғалысты ұлт – азаттық қозғалысының қатарына жатқызады.
Төртіншіден, Рязанов Арынғазы Əбілғазыұлының XIX ғ. басындағы қазақ
сахарасында жүргізген саясаты Əбілқайыр ұрпақтарымен қарым – қатынасы жəне ол
бастаған ел бірлігі үшін к үресі тарихын саралайды.
Бесіншіден, автор 1826-1838жж Қайыпқали Есімов бастаған қозғалыстың
себептеріні жүрісін, сол кездегі қазақ қоғамына тигізген ықпалын анықтауға тырысады.
Алтыншыдан, тарихшы Исатай Тайманов бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың
тарихына тұтастай бір еңбек арнаған.
А.Ф.Рязанов XVIIIғ екінші жартысынан бастап XIXғ бірінші ширегіне дейінгі
ұлт – азаттық қозғалыс тарихын қамтыған.А.Ф.Рязановтың ұлт – азаттық қозғалыстар
туралы жазған еңбектері кейін тарихымызға жаңа көзқарас қалыптастыруға да өзіндік
үлесін қосқан жəне күні бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ..
Əдебиет: Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. (көп томдық )/Құраст. М.Қ. Қойгельдиев, Ш.Б.
Тілеубаев, Р.Е. Оразов. – Алматы, 2007
Аблай хан. Кенесары: (Проблемы национально-освободительного движения) / Отв. Ред.
М.К.Козыбаев. А., 1993
Касымбаев Ж. Последний поход хана Кенесары и его гибель (декабрь 1876-август 1847
гг.). Алматы, 2002
Вяткин М. Батыр Срым.- Алматы: Санат, 1998.- 344 с.
Шахматов В.Ф. Внутрення Орда и восстание Исатая Тайманова. Алма-Ата, 1946.
Рязанов А.Ф. Кенесары: Исторический очерк.- Алматы: Айкап, 1993.- 32 с.
Шоинбаев Т.Ж. Восстание Сыр-Дарьинских казахов под руководством батыра
Джанхожи Нурмухамедова в 1856-1857 гг. – А-Ата, 1948.
Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994 – 416 бет.
М.Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994
Қасымбаев Ж.Қ. 1837-1847 жж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс./
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). А., 1994. 225-232 бет.
Шоинбаев Т.Ж. Восстание Сыр-Дарьинских казахов под руководством батыра
Джанхожи Нурмухамедова в 1856-1857 гг. – А-Ата, 1948.
С.Б.Құрманалин « Кіші жүздегі ұлт – азаттық қозғалыстардың зерттелу тарихы». Орал,
2002.
Пірімбетова Е.Ө. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғғ. басы). Оқу
құралы. А., 2001.
Мұхтар Ə. Вяткиннің «Сырым батыр» монографиясы // Қазақ тарихы, 2001, №
12 жұма:
34, 35 кредит сағат
Дəріс 23, 24
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мəселелері /салыстырмалы
талдау/
Дəріс мазмұны: 1. 1905-1907 жж. революцияның мəселелері жəне Қазақстан
2. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысының көзқарастық мəселелері
1916 жылдың шілдесінің аяғы мен тамыздың басында қазақтардың толқуы
біртіндеп бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліске айнала бастады. Ең ірі аудандардың
бірі Жетісу болды, мұнда шілде айында отаршыларға қарсы қарулы күрес басталды.
Көтерілісшілер пошта стансаларын өртеп, телеграф желілерін істен шығарып,
жазалаушы отрядтармен күресті.
Патша үкіметі бүкіл Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады.
Осымен бір уақытта патша үкіметі қазақ, қырғыз, дүнгендерді əскерге шақыруды 15
сентябрьге дейін қалдыруға мəжбүр болды. Көтерілісшілердің əскермен қарулы
қақтығыстары 1916 жылдың тамызында жалғаса берді.
Отаршылар ұлттық арыздық отын тұтату үшін Жетісудың орыс тұрғындарын
көтерілісшілерге қарсы арандатты. Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің
жəне Жетісу əскери губернаторы Фельбаумның тапсыруымен жергілікті орыс
тұрғындарынан көтерілісшілерге қарсы қарулы отрядтар ұйымдастырылды.
Көтерілісшілерге қарсы патша əскерінің артиллерия жəне пуметтермен
қаруланған арнайы отрядтары шықты. Ауылда жерлер мен қалаларда “күдікті”
адамдардың бəрі тұтқындалып, əскери-дала соттары көптеген өлім жазаларына үкім
шығарды.
1916 жылдың сентябрінде Лепсі уезінде көтерілісшілер мен патша əскерлері
арасында қарулы қақтығыс болды. Көтерілісшілер жаппай шабуылдау əрекетіне көшті.
Көтерілісшілердің жекелеген жеңістері осымен түсіндіреледі. Бірақ патша əскері күш
жағынан басым жəне артиллерия, пулеметтермен қаруланған еді. Нашар
ұйымдастырылған жəне одан да нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіліс тапты.
Сентябрьдің аяғында көтерілісшілер жеңіліс тапты. Сентябрьдің аяғында
көтерілісшілердің патша əскерімен Қапал уезінде əскери қақтығысы болды. Вежи өзені
маңында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет шабуылдап тауға қарай
шегінді. Əскерлер оларды құғындауға батылы бармады.
1916 жылдың октябріне қарай Жетісудағы көтеріліс аяусыз басылды. Өлім
жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға - 178, түрмеге отырғызуға - 129 адам
кесілді. Бұларға қоспағанда көп адамдар сотсыз жазалауына жəне кулак отрядтарынан
қаза тапты. Патша жазалаушылары тек көтерілісшілер ғана емес, сонымен қатар бейбіт
тұрғындарды да аяусыз жазалады. Ондаған қазақ жəне қырғыз ауылдары жойылып,
көптеген қазақ жəне қырғыздар өлтірілді. Патша жазалаушы отрядтарынан қашқан 300
мыңнан астам қазақ, қырғыздар туған жерлерін тастап Қытайға, Құлжа өңіріне жəне
Қашғарға ауып кетуге мəжбүр болды.
Дегенмен толқулар жалғаса берді. Патшаға берген рапортында Куропаткин:
“Жетісу жəне Сырдария қазақтарының тебіндік жайылымдардың шығуымен жаңа
қаруланған көтеріліске шығуын жоққа шығаруға болмайды. Осындай қауіпке қарсы
шаралар ұйымдастырылуда”, — деп жазды.
Əдебиет: Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. (көп томдық )/Құраст. М.Қ. Қойгельдиев, Ш.Б.
Тілеубаев, Р.Е. Оразов. – Алматы, 2007
М.Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994
Пірімбетова Е.Ө. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғғ. басы). Оқу
құралы. А., 2001.
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық
көзқарас. А,2004, 282-301 бб.
Козыбаев М. К. Избранные труды. Алматы, 2006. 146-158 сс.
Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен) / Под ред.А.Такенова.-
3-е изд.- Алматы: Санат, 1998.- 304 с.-( История Казахстана: Исследования,
документы)
Рыскулов Т. Восстание туземцев Туркестана в 1916 г. / Восстание киргизов и казахов в
1916 г. Бишкек, 1991.
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. А., 1977.
Турсунов Х. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1966.
Касымбаев Ж. А.Н. Куропаткин и восстания 1916 года в Казахстане. "Призван отрядь
в Туркестане". //Казахстан жоғары оку мектебі, 1995, №4.
Касымбаев Ж. А. Вопросы истории восстания 1916 года в Казахстане в
представлениях депутатов IV -и Госдумы России. //Қазақстан жоғары мектебі, 1996,
№6.
Дулатова Д.И.Историография дореволюционного Казахстана.Алма-Ата, 1984 г. 154-
162 бб..
13 жұма:
37, 38 кредит сағат
Дəріс 25, 26
Тақырыбы: Қазақстан тарихындағы 1917 ж. Ақпан, Қазан революциясы жəне
азаматтық соғыс /салыстырмалы талдау/
Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы
2. Ақпан жəне Қазан революциялары кезіндегі Қазақстан тарихының көзқарастық
мəселелері
1917 жылдың ақпанында Ресейде патшаны құлатқан буржуазиялық-
демократиялық революция жеңіске жетті. Петроградтағы ақпан оқиғасы туралы
жаңалық Қазақстанға тез жетті. Наурыз айының басында Қазақстанның барлық ірі
қалалары мен теміржол стансаларында патшаның құлауын қолдаған жұмысшылар мен
басқа еңбекшілердің ірі митингтері мен демонстрациялары болып өтті.
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақытта өлкенің еңбекші халқы
Уақытша үкіметке сеніммен қарар, оның халыққа бейбіт өмір, шаруаларға жер,
жұмысшыларға 8-сағаттың жұмыс күнін беретініне сенді. Жұмысшылардың едəуір
бөлігі Уақытша үкіметке үмітпен қарап, олардың бір бөлігі Уақытша үкіметтің
органдарында — азаматтық жəне атқарушы комитеттерінде мүше болды. Теміржол
жұмысшылары арасында соғыста жеңіс, ал жергілікті жерде бостандық деген ой-
пиғылдар үстем болды. Бірақ наурыз айындағы демонстрациялар мен митингтер
қалалар мен теміржол стансаларында жұмысшы депутаттары Кеңестерін құрудың
бастамасы болды. Осылай, 1—3 наурызда Орынборда, Ташкентте, Омбыда Кеңестерге
сайлау өткізіліп, алғашқы жиналыстары болып өтті. 1917 жылдың наурызында
жұмысшы депутаттары Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда,
Петропавловскіде жəне басқа қалаларда пайда болды. Теміржолшылар Кеңес құрудың
бастаушылары болып жəне осы Кеңестердің революциялық элементтерін құрады.
Мысалы, Ақтөбе жұмысшы депутаттары Кеңесі өзінің құрылуын хабарлай келіп,
теміржолшылар кеңестің атқару ұйымында “саналы, қажетті құрамдық элемент” болып
табылады деп атап өтті.
Жұмысшылар депутаттары Кеңесінің көпшілігі жуық арада солдат
депутаттары Кеңестерімен бірікті. Осылай Петропавлда, Семейде, Перовскіде жəне
басқа қалаларда болды. Қазалы стансасында əуелден біріккен Кеңес - Жұмысшы,
солдат депутаттары Кеңесі құрылды.
Ақпан революциясының ең басты ерекшелігі сонда - елде қос билік пайда
болды - буржуазиялық Уақытша Үкімет жəне жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі
Буржуазияның орталық жəне шет аймақтарда саяси билік органдарын құруда
Мемлекеттік Дума, қалалық думалар жəне жергілікті комитеттер роль атқарды.
Уақытша үкімет биліктен əскери губернаторларды, генерал-губернатор мен
чиновниктерді босатты. Олардың орнына облыс комиссарлары, азаматтық атқару
комитеттері, коалициялық комитеттер жəне т.б. құрылды. Болыстықтарда, ауыл жəне
селоларда сол болыс, ауыл старшындары, село старосталары мен атамандары сол
күйінде қалдырылды.
Уақытша Үкімет облыс басшылығында бұрынғы патша чиновниктері -
отаршылдары қалдырды, сонымен қатар қазақ ұмыттық интеллигенция өкілдеріне
сайлады. Мысалы, А.Бөкейханов Торғай облысының уақытша Үкіметі комиссары
болып, М.Тынышпаев - Жетісу облысы комиссары болып тағайындалды.
Əдебиет: История Казахстана и Центральной Азии. Алматы, 2001
14, 15 жұма:
40, 41, 43, 44 кредит сағат
Дəріс 27, 28, 29, 30
Тақырыбы: Қазақстанн тарихының XX ғ.-ХХ ғ. басындағы əлеуметтік-саяси жəне
экономикалық көкейтесті мəселелері
Дəріс мазмұны: 1. Мəселенің тарихнамасы
2. Қазақстан қоғамының XX ғ.-ХХ ғ. басындағы əлеуметтік-экономикалық дамуының
ерекшелектері
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейінгі негізгі мақсат
Тəуелсіз мемлекет құрлысы мен азаматтық қоғам институттарын құру болды.
Бұл бағыттағы сапалы жылжуының негізі болып 1990 ж. 25 қазанда
республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
болды. Қазақ КСР-ң 1978ж. қабылданған Конституциясына түзетулер кіргізу
барысында. Президент институтын енгізді. Елдегі мемлекеттік, өкімет билігі жүйесі
мен экономиканың күйзелуі жағдайында Қазақстанда саяси жəне экономикалық өмірді
тұрақтандыруға
көмектесетін
Президенттік
басқарудың
енгізілуі
заңды
еді.
Қабылданған Декларация Республиканың “шет мемлекеттермен экономикалық жəне
сауда байланыстарын еріктілік пен тең праволылық принциптерін сақтай отырып, өзара
тиімді шарттар негізінде құрады, сыртқы экономикалық қызмет мəселелерін дербес
шешеді” (п.14). Бұл құжат “Декларация Одақтың шарт жасау, Қазақ КСР-ң жаңа
Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын
заң актілерін əзірлеу үшін негіз болып табылады” деп көрсетілді. 1991 ж. 16
желтоқсанда
Конституциялық
Заң
“Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
тəуелсіздік туралы” заңы күшіне енді. Республиканың саяси-конституциялық
дамуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы өз территориясындағы
барлық өкімет билігі өз қолында, ішкі жəне сыртқы саясатын дербес белгілейтін жəне
жүргізілетін демократиялық принциптерін, жеке адам құқығы мен бостандығы, саяси
тұрақтылық, ұлтаралық татулық мəселелері жарияланды.
1993 ж. 28 қаңтарда Республика Жоғарғы Кеңесі құқықтық мемлекет
құрудың ірге тасы, оның мемлекетілігін, тəуелсіздігін қамтамасыз етудің,
экономикалық, мəдени жəне ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының
кепілі
болып
табылатын
Тəуелсіз
Қазақстан
Республикасы
Конституциясы
қабылданды.
1994 ж. 7 наурызда Жоғарғы кеңестің ХІІІ шақырылуының сайлауы өткізілді.
Бұл сайлаудың ерекшелігі, мажорлық жүйе көбінесе практикалықпен, яғни
кандидаттардың депутаттыққа Президенттік ұсынылуы болып табылады. 1995 ж. 6
сəуірде Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты “1994 ж. 7 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілі еместігі” туралы қаулы
қабылдады. Жоғарғы Кеңестің ХІІІ шақыруын қаулысына байланысты бұл қызмет 1993
ж. Конституцияға негіз болды, өзінің өкілеттігін берді. 1995 ж. Конституция, уақыт
талабына сай мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, азаматтардың құқығы мен
бостандық мəселелерін ашып берді. Конституция Президент статусын жоғарлатты жəне
Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесін конституциялық заңдармен
нықтады. Конституция сəйкес тұрақты жұмыс істейтін қоспалаталы Парламент заң
шығарушы орган ретінде танылды. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі
— оның жалпыға мəлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге
бейімділігі болып табылады. Жаңа Конституция негізінде 1995 ж. 9 желтоқсанда
Қазақстан Республика тарихында бірінші қоспалаталы Парламент сайлауы өтті.
Жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мəжіліс.
Қазақстандағы саяси реформа процесінің күшейту қажетілігінен туған заң
шығару сайлауының нəтижесі 1998 ж. 7 қазанда “Қазақстан Республикасының
Конституциясына
өзгерістер
мен
толықтырулар
енгізу
туралы”
Қазақстан
Республикасының Заңына сəйкес Сенаттың өкілеттік мерзімі алты жылға дейін, ал
Мəжілістің өкілеттік мерзімі бес жылға дейін ұзартылды, Идея бойынша бұл
Парламенттің кəсібилігіне, мəні мен рөлінің артуына жəрдемдесуі тиіс. Мəжіліске
сайлау қорытындысы бойынша, партиялық тізімдер негізінде партиялар сайлауға
қатысқан болатын. Сайлау қорытындысы бойынша “Отан” партиясы (30,89% дауыс),
Аграрлық партия (12,63%) Коммунистік партия (17,75% дауыс), Азаматтық партия
(11,23%) ие болды.
1999 ж. қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау
компаниясы бірінші рет альтернативті негізде өткізілді. 1999 ж. 10 қаңтарда өткен
сайлау қорытындысы бойынша Н.Ə.Назарбаевқа сайлаушылар 81,75% дауыс берді.
Өткізілген саяси қайта құрулар жас тəуелсіз мемлекетіміздің демократиялық, саяси
дамуының негізі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |