1 Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917гг). - Алма-Ата: 1984. – 272 c.
Есмагамбетов К. Что писали о нас на Западе. - Алма-Ата, 1991.
2 Евреинов В.А. Гражданское чинопроизводство в России. - СПБ. - 1888.
3 Карнович Е.П. Русские чиновники в былое и настоящее время. - СПБ. - 1897.
4 Алекторов А. Очерк народного образования в Тургайской области. Летопись (1744-1898). - Оренбург:
типолитография Ф.Сачкова, 1900. Вып.2. – 160 с.; Вып. 3-277 с. Игнатьев В.Е. Исторический очерк народного
образования в Оренбургском учебном округе за первое 25-летие (1875-1899). Вып.1. - Оренбург: типолитогра-
фия И.И. Евфимовского-Мировицкого, 1901. – 301 с.
5 Васильев А. Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное его состояние. -
Оренбург: типолитография П.Н. Жаринова, 1896. – 226 с. Белавин К. Историческая записка об Оренбургской
мужской гимназии за первое 25-летие её существования. - Оренбург, 1893.
6 Алекторов А.Е. Тургайская область (исторический очерк). – Оренбург, 1891 г. – 98 с. Добросмыслов А.И.
Тургайская область. Исторический очерк . Известия ОИРГО. Выпуски XV, XVI, XVII. – Оренбург, 1900-1902 гг.
7. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898. – 532 с.
8 Raeff M.Introduction || Pians for political reform in imperial Russia. 1730-1905. Englewood Cliffs. - 1966. - p. 1-39.
Каппелер Андреас. Россия – многонациональная империя. Возникновение. История. Распад. (перевод с нем.яз. С.
Червонная). - М., 2000. – 344 с. Величенко C. Численность бюрократии и армии в Российской империи в сравнитель-
ной перспективе. Российская империя в зарубежной литературе. Антология. – М., 2005. - 54-69 c.
9 Ерошкин Н.П. История государственных учреждений дореволюционной России, 2 изд. - М., 1968.
Зайончковский П.А. Правительственный аппарат самодержавной России в XIX в. – М., 1978.
10 Карелин А.П. Российское дворянство и его сословная организация (1861-1904). История ССР. - 1971. - №5.
11 Шепелев Л.Е. Отмененные историей. Чины, звания и титулы в Российской империи. - Л., 1977. Шепелев Л.Е.
Титулы, мундиры, ордена в Российской империи. - М.: Наука (Ленинградское отделение), 1991. Шепелев Л.Е. Чинов-
ный мир России: XVIII - начало XIX в. - СПб., 2001.
12 Писаркова Л.Ф. От Петра 1 до Николая 1: политика правительства в области формирования бюрократии.
Отечественная история. 1996 г. - №4 - 29-42 с. Миронов Б.Н. Социальная история России (XVIII - начало ХХ вв.).
Генезис личности, демократической семьи, гражданского общества и правового государства. В двух томах. - СПб.,
«Дмитрий Буланин». 2003. Т.1. – 548 с., Т.2. – 583 с. Исмаил-Заде Д.И. Система управления и российская бюрокра-
тия. Российская многонациональная цивилизация. Единство и противоречия. Отв. Ред. В.В. Трепавлов. - М.: Наука.
2003. - 378 с.
13 Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. - Алма-Ата.:1966. - 291с.
Ивлев Н., Масанов Н. Видный казахский ученый С. Бабаджанов. - Вестник АН КазССР. 1982. № 4.Ерофеева И.В.
Т.Сейдалин - просветитель, этнограф, правовед. Новое поколение.- 1993. №20 –21 от 4 и 11 августа.
14 Галиев В.З. Караванные тропы (Из истории общественной жизни Казахстана ХVII-ХIХ вв.). – Алматы,
1994. – 128 с.
15 Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. - Алма-Ата.: 1982. - 171с.
16 Зиманов С.З. Общественный строй Казахстана в конце
Χ
VIII и первой половине
ΧΙΧ
вв. - Алма-Ата.: Изд-во
АН КазССР. 1958. - 296с.
17 Зиманов С.З. Политический строй Казахстана в конце
Χ
VIII и первой половине
ΧΙΧ
в.- Алма-Ата.: Изд-во Ан
КазССР. 1960. - 296с.
18 Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХIХ - начало ХХвв. - Алматы.: 1996.
19 Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в
ХIХвеке. - Астана.:1998. - 136с.
20 Машимбаев С.М. Патшалык Ресейдiн Казакстандагы мемлекеттiк баскару мекемелерiнiн тарихы. - Т.ғ.д.
дисс. Автореф. Алматы.2001. - 51 с.
21 Жакупбек С.К. Царские законы 1886 и 1891г. и усиление колониальной власти в Казахстане. - Вестник КазНУ
им. Аль-Фараби. Серия истор. 2000. №2. - 39-44 с.
22 Джампеисова Ж. Функционирование традиционных властных институтов казахов в колониальной системе
Российской империи. Автореферат на соискание ученой степени к.и.н. - Алматы. 2004. - 28с.
23 Касымбаев Ж.К. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение. - Алматы.1995. - 122с. Абдиров
М.Ж. Казахский генерал русской армии.- Простор. 2003. №7.120-125c.Касымжанов А.Х. Портреты к истории
Степи. - Алматы.1995г. вып.1. -128 с.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
30
24 Сариева Р.Х. Колониальная политика царизма в Казахстане на примере Тургайской области (1868-1917 гг.). -
Автореф. дисс…к.и.н. - А., 2002. – 20 с. Жумашева Б. Колониальная политика на Мангышлаке.- Автореф…к.и.н. - А.,
1998. – 23 с. Идрисов Р.А. Историческая география Западного Казахстана в первой половине ХIХв. - Автореф…к.и.н.
А.: 1999.24с.
25 Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии: последняя
четверть ХVIII –60-е годы ХIХвв. - М.: 1980.280с. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история
формирования и развития (1897-1989гг.). - А.: Гылым. 1995. - 220с.
26 Султангалиева Г.С. Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов (XVIII – начало XX вв.). -
Уфа: РИО РУНМЦ Госкомнауки РБ.2002. - 262с.
27 Мирсаитова С.Г. Народное образование на Южном Урале в I пол. XIX в. В 2ч. – Екатеринбург: Уралнаука.
2000. – 195 с. Фаршхатов М.Н. Народное образование в Башкирии в пореформенный период 60-90-е годы XIX в. - М.:
Наука. 1994. - 144с.
28 Махмутова А.Х. Становление светского образования у татар. (Борьба вокруг школьного вопроса).1861-
1917гг. - Казань.: 1982.
29 Болодурин В.С. Образование и педагогическая мысль в Оренбуржье. Страницы истории (1735 - 1940). –
Оренбург: Оренбургское книжное издательство, 2001. – 320с.; Злобин Ю.П. Учительские институты и семинарии в
Оренбургской губернии во второй половине XIX – начале ХХ веков //Вестник Оренбургского гос. пед. ун-та. -
Оренбург.: 1999. - I (XI). 36-43 с.
30 Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во 2-ой половине ХIХв. - Алма-Ата.: 1965. 163с. Бержанов
К. Русско-казахское содружество в развитии просвещения. - А.-А.: Казахстан. 1965. – 343с.
31 Садвакасова З.Т. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религии (II пол. XIX -
начало XX веков). – А.: 2005. – 277с. Зобов Ю.С. Деятельность Г.Ф.Генса (1787-1845) в Оренбургском крае Немцы и
Оренбургский край: сборник материалов. – Оренбург.: 1994. - 16-19 с.
Гармс И.Я. Педагог-просветитель
Александр Васильев. - А-А: Рауан. 1990.- 96с.
Түйін
Берілген мақалада автор қазақ шенеуніктерінің XIX-XX ғ. қалыптасу проблемасына қатысты еңбектерге талдау
жасаған. Нəтижесінде, бұл мəселеге қатысты еңбектердің тапшылығы анықталып, бұл туралы ғалымдардың жеке
жұмыстары мен зерттеулерінің жоқтығы проблемаға жаңаша көзқарас қажеттілігіне тоқталған. Ал бұл аталған
проблеманы жаңа қырынан танып білуге бағытталған жаңа дерек көздерін, жаңа материалдарды меңгеруге серпін
берері сөзсіз.
Тірек сөздер: тарихнама, шенеунік, отаршылық империя, бюрократиялық аппарат, үкіметтік заңнама, модерниза-
циялау теориясы, халықтың көпұлттылығы
Abstract
The article under review deals with the problem of formation historiographical knowledge on the issue of Kazakh
bureaucracy in the second half of XIX- beginning of XX centuries. The author analyzed the works of Russian, Kazakh and
foreign scientists dealing with the problem and came to conclusion that there are no works devoted to the problem of
formation Kazakh bureaucracy and its activity in administrative bodies of colonial empire.
Keywords: historiography, bureaucracy, colonial empire, bureaucratic apparatus, governmental legislation, modernization
theory, polytechnic structure of the population
ƏӨЖ 324(571)
ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚТАҒЫ
ЭТНОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
М.С. Ноғайбаева – Gл-Фараби атындағы аз У-ні аза;стан тарихы кафедрасыны доценті, т.ғ.к.
Мақалада ортағасырларда тарихи-географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның далалық бөлігін Шығыс
Дешті Қыпшақ деп атап, автор қарастырған кезеңде, яғни ХІV-ХV ғасырдың алғашқы ширегінде Шығыс Дешті
Қыпшақ аумағында этникалық процестер қарқынды дамығандығын, сондай-ақ, ХІV-ХV ғасырдың бірінші жарты-
сындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың негізгі халқы деректерде «92 баулы өзбек тайпалары» деген атпен белгілі ру-
тайпалар болғандығын деректер негізінде баяндайды. Аталған аумақта Ақ Орда, одан кейін Əбілхайыр хандығы
мемлекеттері құрылып, өмір сүрген жəне Ақ Орда мемлекетінде Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтары
билік құрғандығы айтылады. Олар Сарай тағында отырған Алтын Орда хандарына бағыныштылығы туралы жазыл-
ған, алайда Рашид ад-Дин ол жөнінде Ақ Орда билеушілері өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдарымыз деп сөз
жүзінде ғана емес, іс жүзінде «өз ұлысының тəуелсіз патшалары» болғандығын атап көрсеткен.
Тірек сөздер: этносаяси үдерістер, Дешті Қыпшақ, ұлыс, тайпалар, Шыңғысхан тұқымы
Ортағасырларда тарихи-географиялық тұрғыдан Қазақстанның далалық бөлігін Шығыс Дешті
Қыпшақ деп атау қалыптасқан. Біз қарастырып отырған кезде, яғни ХІV-ХV ғасырдың алғашқы ширегін-
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж.
31
де Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында этникалық процестер қарқынды дамыды. ХІV-ХV ғасырдың бірінші
жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың негізгі халқы деректерде «92 баулы өзбек тайпалары» деген
атпен белгілі ру-тайпалар болды. Нақ осы аумақта жергілікті этникалық негіздегі Ақ Орда, одан кейін
Əбілхайыр хандығы сияқты мемлекеттер құрылып, өмір сүрді. Ақ Орда мемлекетінде Жошы ханның
үлкен ұлы Орда Ежен ұрпақтары билік құрды. Олардың Сарай тағында отырған Алтын Орда хандарына
бағыныштылығы сөз жүзінде ғана сақталған. Рашид ад-Дин бұл туралы Ақ Орда билеушілері өздерін
Батый хан ұрпақтарының вассалдарымыз деп сөз жүзінде ғана санағандарымен, іс жүзінде «өз ұлысының
тəуелсіз патшалары» болғандығын атап көрсеткен [1, 66 б.].
Рашид ад-Диннің жазуынша Орда Ежен əкесінің тірі кезінде жəне ол қайтыс болғаннан кейін де,
Жошының мұрагері ретінде оның екінші ұлы Бату болғанына қарамастан, үлкен бедел мен құрметке ие
болған. Тіпті Менгу-қаған жарлықтарда Орданың аты алдымен қойылатын. Олар (Орда Ежен ұрпақтары-
ның) өз патшалары мен билеушілері ретінде Бату мұрагерлерін санайтын дəстүрлеріне [2, 41-42 бб.]
қарамастан іс жүзінде өз ұлыстарының тəуелсіз билеушілері болып табылған. Бұл жағдайды археология-
лық ескерткіштер де дəлелдей түседі. Арада біраз уақыт өткенде Ақ Орда билеушілері Сығанақ қаласын-
да өз атттарынан теңге де шығара бастаған [3, 160-163 бб.].
Ақ Орда мемлекетінің пайда болуы Батый тұсында Жошы ұлысының оң жəне сол қанатқа бөлінуімен
байланысты болды. Алтын Орда мемлекетінің оң қанаты Батуға, сол қанаты Орда Еженге берілген. Орда
Ежен інілері Удур, Тука-Тимур, Шингкур, Сингкуммен мемлекетің шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігін-
дегі жерлерді иеленген [4, 41-42 бб.]. Сондай-ақ сол қанатқа Жошының бесінші ұлы Шибанның да ұлысы
кірген [5, 62 б.]. Шибан өз ұлысын ағасы Бату қолынан, яғни Алтын Орда құрылғаннан кейін, батысқа
жорық аяқталғаннан соң алған. Өтеміс қажының мəліметі бойынша əкелері Жошы хан қайтыс болғаннан
кейін аталары Шыңғысханның таңдауымен тақты иеленген Батый [6,157-161 бб.] басқа аға-інілеріне үлес
бөліп берген. Келесі бір автор Əбілғазы Баһадүр ханның хабарлауынша осы кезде Шайбанға Орда Ежен
мен Батый иелігінің арасындағы жер тиген. Бұл туралы Əбілғазы хан өзінің «Түрік шежіресінде» жан-
жақты баяндайды. Бату хан Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығынан қайта оралған кезінде: «Отырар
жері ағам Алшын мен менің арамда болсын, жазда Ырғыз, суықта Ор, Електен Орал тауына шейін
Жайықты күншығыс тарапын жайла, қыста Арақұм, Қарақұм, Сыр суының бойы, Шу, Сарысудың аяғын
қыста», – деді» [7, 120 б.].
Міне, осы аралықты мекендеген негізгі халық уақыт өте келе дерек беттерінде «шайбанидтер» деп
аталып, яғни Шайбан ұлысының тұрғындары деген мағынада қолданылған. Ортағасырлық «Бахр ал-асрар
фи манакиб ал-ахйар» шығармасының авторы Махмуд бен Эмир Вали немесе Махмұд бен Уəли де Бату
ханның жеті жылдық жорығына қатысып, ерекше көзге түскен Шибанға ағасының төрт омақ елді сыйлық
ретінде бергенін жазған [8, 347 б.]. Бұл төрт омақты құраған тайпалар туралы толығырақ мəліметтерді
келесі бір тарихи дерек Əбілғазы бахадур ханның «Түрік шежіресі» еңбегінен табамыз. Бұл еңбекте
былай делінеді: «Інісі Шибан ханға он бес мың үйлік ел берді. Ағасының орнында отырған кіші ағасы ол
сапарда алған олжа елдерден Кəрелді Сайын ханға берді, тағы да байырғы елдерден құсшы, найман,
қарлық, бүйрек деген төрт рулы елді берді [7, 120 б.]. Алтын Орданың саяси əкімшілік жəне мемлекеттік
құрылымын зерттеуші Г.А. Федоров-Давыдов əскери бірлікке, яғни белгілі көшпелі ұлысқа бекітілу өте
қатал болды, əрі Ясса белгілі бір бөлімнен екіншісіне өз еркімен өтуге қатаң тиым салды деп атап көрсе-
теді [5, 50 б.].Сондықтан осы кезеңдегі ұлыс дегеніміз – (түмендер мен мыңдықтар) тек бір ру-тайпаның
ғана емес, олардың əртүрлі бөліктерінен құралған конгломерат түрінде болған [5, 50 б.].
Мəселен, Г.Е. Грумм-Гржимайло XV ғасырдағы Əбілхайыр хан басқарған өзбек ұлысының ру-тайпа-
лық құрамын құраған қаңлы, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр, қарлық, арғын, алашын, тоғыс, жүз, құсшы, керейіт,
найман, қытай, барут, қоралас, нүкіз, қият, жалайыр, ойрат ру-тайпаларын атайды [9, 530-531 бб.]. Бұл ру-
тайпалар Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейінгі құрылған Ноғай Ордасы, Ақ Орда, Əбілхайыр
хандығы жəне т.б. мемлекеттердің негізгі халқын құраған топтар ретінде белгілі.
Бірақ біраз уақыт өте келе, Ясса ережелері əлсіреп, саяси оқиғалар ағымына байланысты этникалық
процестерге өз əсерін тигізген оқиғалар тізбегі орын алады. Бұл туралы келесі бір зерттеуші А.А.Семенов
Шибан ұлысының этникалық тұрғыдан тұрақты біртектілікті əрдайым сақтай бермегенін атап көрсетеді.
Зерттеуші оның тарихы барысында одан кейін Алтын Ордадағы «дүрбелең», сондай-ақ ХІV ғасырдың
екінші жартысынан бастап Ақ Ордада басталған саяси тұрақсыздық түркі-моңғол тайпаларының тайпа-
тайпа болып, ауыл ауылдарымен өз көші-қон аймақтарын тастап Сарайдан оңтүстік-батыс немесе шығыс-
қа, Ақ Ордадан солтүстік жəне солтүстік-шығысқа қарай қоныс аударуын туғызды, – деп жазады [10, 8
б.]. Автордың бұл тұжырымын жалпы сол замандағы этникалық процестерге əсер еткен ортақ себеп деп
қарастыруға болады. Алтын Орда мемлекеті ұлыстық жүйеге негізделгені белгілі. Ол өз ішінде оң қанат,
сол қанатқа бөлінсе, олардың өздері Жошы ұрпақтарына үлеске берілген ұлыстарынан тұратын еді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
32
Сондықтан ХV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси бірлестіктері – ХV ғасырдың алғашқы
жартысындағы көптеген ұсақ ұлыстар мен Ақ Орда, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы-
ның Орта жəне Кіші жүзі іс жүзінде біртектес этникалық құрамнан тұрған. Олардың этникалық негізін
əртүрлі пропорциядағы бір-бірінен мəдени-тұрмыстық, тілдік, шаруашылықтық тұрғыдан ешбір айырма-
шылықтары жоқ, бірдей түркі жəне түркіленген тайпалар құраған [11, 232 б.].
Ортағасырлық деректерде де осы аталған мемлекеттер мен құрылымдарда Жошы ұрпақтарының билік
құрған бұтақтарына бағынған бір ру-тайпадан шыққан əмірлер мен бектердің есімдері жиі аталады.
Əсіресе, деректерде де қыпшақ, найман, қоңырат, қарлұқ, үйсін, керей, маңғыт сияқты ірі тайпалардың
атаулары жиі кездеседі [12, 96-98 бб.].
ХІV ғасырдың 50-60-шы жылдарынан бастап Ақ Орда аумағын, яғни Шығыс Дешті Қыпшақты мекен-
деген тайпалар көбінесе «өзбектер» деген атаумен белгілі бола бастайды. Тарихи зерттеулерде ХІV-ХV
ғасырлардағы «өзбек» атауы этноним ретінде емес, негізінен Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі
жəне түркіленген моңғол тайпаларының жалпы, саяси жиынтық атауы ретінде қолданылғаны мойындал-
ған. Сондықтан ХІV-ХV ғасырдың алғашқы жартысындағы Дешті Қыпшақ халқының негізін қалаған ру-
тайпалар «92 баулы өзбек тайпалары» ретінде белгілі. Бұл 92 санын құраған ру-тайпалардың нақты тізімі
бірнеше ортағасырлық деректерде сақталып қалған. Міне, осы дерек мəліметтерін жан-жақты талдап,
ғылыми айналымға енгізген зерттеуші Т.И. Сұлтанов 92 өзбек тайпаларының нақты тізімін беріп, оларды
бірнеше белгілеріне сəйкес талдайды [13, 26-51 бб.]. Бұл ру-тайпалардың 20-сы, яғни жалайыр, қоңырат,
алшын, арғын, найман, қыпшақ, қаңлы, маңғыт, табын, тама, рамадан, үйсін, телеу, кердері, шеркес,
керей, оймауыт, қырқ, керейіт қазақ халқының ру-тайпалық құрамында кездеседі [13, 38 б.].
Т.И. Сұлтанов «92 өзбек» тайпаларының тізімін келтіретін төрт деректі салыстыра талдаған. Олардың
біріншісін «Маджму ат-таварихты» Ферғанада ХVІ ғасырда Мулла Сайф ад-Дин б. Дамулла Шах Аббас
Ахсикенти бастап жазып, екінші бөлімін оның ұлы – Нұр (Наурыз) Мұхаммед аяқтаған. Бұл 92 баулы
өзбек тайпаларының тізімі туралы мəлімет беретін ең көне нұсқа. Себебі, Ахсикентидің өз сөзі бойынша
бұл еңбектегі тізім бұдан бұрын жазылған еңбекке сүйенген [13, 51 б.]. Екінші еңбек ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Қоқан хандығында жазылған «Тухфат ат-тауарих-и хани» шығармасы. Авторы Авваз
Мұхаммед б. Мулла Рузи-Мұхаммед Суфи Аттар. Үшіншісі, ХІХ ғасырдың екінші жартысында белгісіз
автор жазып қалдырған, Өзбекстан Республикасының ҒА Шығыс қолжазбалары жинағында сақталған
тізім. Төртіншісі, А.Хорошкин жариялаған нұсқа [13, 45-46 бб.]. Автор «92 баулы өзбек» тайпаларының
тізімін сақтаған тағы бірнеше нұсқалар бар екендігін атап өтеді [13, 47 б.]. Зерттеуші 92 ру-тайпаның
аталған тізімдерде негізінен белгілі бір принцип бойынша орналасқандығын тұжырымдаған. Біріншіден,
тізімде бір саяси бірлестікке кірген, əрі өзара генетикалық жағынан туыс тайпалар бірге берілген. Екінші
принцип, тізімдегі ру-тайпаның орналасқан реттік нөмірі оның тізім жасалған аймақтың əскери-саяси
өміріндегі орнын көрсетеді. Егер тізімде ру-тайпа атауы неғұрлым жоғары тұрса, оның беделі мен орны
да соғұрлым жоғары болған [13, 51 б.].
ХІV-ХV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын
Ордаға тəуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресімен, кейініректе – Ақ Орда хандарының
ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуымен, содан соң Орта Азия билеушісі Əмір
Темірдің агрессиясына тойтарыс берумен сипатталады [14, 103 б.]. Ортағасырлық парсы тарихшысы
Муин-ад-дин Натанзи Ақ Орда ханы Сасы Бұқаның 30 жыл билік құрған кезеңінде Алтын Орда хандары-
на бағыну жолы мен құрылтайға қатысудан бірде-бір рет бас тартпағанын жазады [2, 129 б.]. Сасы
Бұқаның ұлы Ерзен де беделі Өзбек ханмен бірдей дəрежеге жеткеніне қарамастан, бағынушылық
жолынан бас тартпаған [2, 129 б.]. Ал, оның ұлы Мүбəрəк қожа Сайын хан (Батый) ұрпақтарына бағыну-
дан бас тартқанымен, оның бүлігі халық ішінен қолдау таба алмаған [2, 129 б.]. Ал, Жəнібек, Бердібек,
Келдібек хандардың бүлігі тұсында билік құрған Шымтай Алтын Орда тағын иеленуден бас тартқан [2,
129 б.]. Ал бұл кезеңде шығыс Дешті Қыпшақ аумағында да жергілікті тайпа басшылары - əмірлердің
биліктері нығая түседі.
Мəселен, белгілі зерттеуші В.П. Юдин Өтеміс қажының «Шыңғыснаме» еңбегіндегі мəліметтерді
талдай келе, Өзбек хан тұсындағы белгілі əмір қыйат Исатайдың ұлы Жыр Құтлы Шығыс Дешті Қыпшақ-
та біраз уақыт билік құрғанын анықтайды. Автор Өтеміс қажының бұл турасындағы мəліметтерін келесі
бір дерек Қадырғали Жалайыридың мəліметтерімен нақтылай түседі. Бұл дерек бойынша Жыр Құтлының
біраз уақыт билікті иеленіп, кейін Орыс ханның қолынан қаза тапқаны туралы айтылады. Сондықтан
В.П. Юдин ХІV ғасырда бір уақыт Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік тайпа билерінің қолында болған
деген тұжырым жасайды [15, 61 б.]. Біз кейінгі оқиғалардың бұдан əрі дамуын бақылай отырып, зерттеу-
ші пікірінің нақтылығына көз жеткізе түсеміз.
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж.
33
Мəселен, Тоқтамыс хан өзіне қолдау көрсеткен Шығыс Дешті Қыпшақ ру-тайпалары шырын, барын,
арғын, қыпшақтарға арқа сүйеп, Шымтай ханнан кейін Ақ Ордадағы билікті иеленген Орыс ханға қарсы
шығады. Мұның бір себебі Орыс хан билікті қолына алысымен өзіне бағынудан бас тартқан билеушілер
мен əмірлерді жазаға ұшыратқаны белгілі. Солардың ішінде Маңғышлақ өлкесінің билеушісі Тайходжа
оғлан да бар еді. Ал, оның ұлы Тоқтамыс əкесінің өлімінен кейін жеке басына төнген қауіптен қашып,
Əмір Темірден пана табады. Əмір Темір Тоқтамысқа түрлі сый-құрмет көрсетіп, оны «ұлым» деп атап,
Сауранның ханы деп жариялайды [2, 131 б.]. Əмір Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыс Орыс ханға
қарсы күресінде Өтеміс қажының сөзімен айтсақ «Тоқтамыс-оғланның ата-бабасынан бері келе жатқан
ежелгі елі – шырын, барын, арғын, қыпшақтарға» сүйенген [16, 115 б.]. Бұдан əрі дерек авторы аталған
ру-тайпа басшылары Тоқтамысқа кісі салып, өздерін Орыс ханның қысымшылығынан құтқаруды
сұрағандарын атап көрсетеді [16, 115 б.]. Бұл мəліметтер бізге осы кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақтағы
саяси билікке ықпалдарын жүргізіп отырған ру-тайпа өкілдерінің ұстанған саясатын анықтауға көмекте-
седі. Бұл ру-тайпа басшылары саяси билікте өз іштерінде бір-біріне қарсы болды. Сондықтан олар белгілі
бір Жошы ұрпақтарының билікке келуіне ықпал жасай отырып, өзара күресті. Сондықтан осы кезеңдегі
билеушілердің күші мен беделі оларды қолдаған ру-тайпалардың күші мен беделіне тікелей тəуелді
болды. Мəселен, Тоқтамысты қолдаған тайпалардың жайлауға дер кезінде көшпей артта қалып, келіскен
сəт келгенде, ханнан бөліне көшкенде, оларды жазалау үшін Орыс хан өзіне қарасты тайпа басшыларына
кісі жіберіп, жиналуды сұрайды. Бірақ олардың көпшілігі көші-қон аумақтарының алыстығын, ал жайлау-
да хан ордасына жақын орналасқандары осы кездегі аттардың семіздігінен жорыққа жарамсыздығын
сылтауратып, бас тартады [16, 116 б.]. Бұл мысалдар бізге осы кезеңдегі Шығыс дешті Қыпшақ тайпала-
рының саяси өмірдегі беделдерінің зор болғандығын көрсетеді. Олар өздерінің артықшылықтарына
сүйене отырып, Жошы ұрпақтарының саясатын өз қолдарына ала бастаған. Орыс хан мен оның ұлы
Тоқтахия кезінде Тоқтамыс Дешті Қыпшақтағы билікті иелене алмады. Тоқтахия екі ай билік құрып,
мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін, билікті Орыс ханның екінші ұлы Темір-Мəлік иеленеді. Осы кезде əмір
Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыс Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікке қол жеткізеді [2, 150-151
бб.]. Бұдан əрі ол бүкіл Алтын Орда аумағын жаулап алғаны белгілі. Ал, Тоқтамыс пен əмір Темірдің
арасындағы ұзаққа созылған күрестен кейін, Тоқтамыс жеңіліс тапты. Ал, бұл кезеңде Орыс хан ұрпақта-
ры өздерін қолдаған ру-тайпа басшыларының қолдауларына сүйене отырып, тек шығыс Дешті Қыпшақ
қана емес бүкіл Алтын Ордадағы билікті басып алу үшін өзара күресті. Осы кезеңдегі беделді тайпа
басшылары іс жүзінде саяси билікті қолдарына алып, өз биліктерін орната бастады. Мұның жарқын
мысалы Ақ Ордадағы беделді əмірлердің бірі – маңғыт Едігенің тарихы. Ал, осындай саяси билік əлсіреп,
таза саяси бытыраңқылық бел алған тұста Дешті Қыпшақ тайпалары өз қолайларына сəйкес бір Шыңғыс
ұрпақтарын қолдау арқылы, даладағы өз ықпаладары мен биліктерін сақтап қалуға ұмтылды. Бұған дерек
мəліметтеріне қарағанда 200 дей ру-тайпа өкілдері қолдап, 17 жасында билікке келген Əбілхайыр хан
тарихы жарқын мысал бола алады.
1 Рашид ад-дин. Сборник летописей / Пер. с персидского Ю.П. Верховского, примеч. И.П. Петрушевского. – М.-
Л., 1960. – Т.2.
2 Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды извлечения из сочинений арабских (бHдан əрі -
СМИЗО). - Т.2. – М.-Л., 1941.
3 Савельев П.С. Монеты Джучидов, Джагатаидов, Джалаиридов. Вып. 1. – СПб., 1857.
4 Рашид-ад-Дин. Сборник летописей // СМИЗО. Т. 2. – М.-Л., 1941. – М.-Л., 1941.
5 Фёдоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М.: Изд-во МГУ, 1973.
6 Iтеміс ;ажы. Шы ғыс-наме // аза;стан тарихы туралы тJркі деректемелері. – Алматы, 2005.
7 Gбілғазы. ТJрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1992.
8 Бахр ал-Асрар фи Манакиб ал-Хайр // МИКХ. – Алма-Ата, 1969.
9 Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. Т. 2. – Л., 1926.
10 Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани хана. // Труды АН Таджикской ССР. –
Т.12. – 1953.
11 Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІV – начале ХVІ веков (Вопросы политической и
социально-экономической истории). – Алма-Ата, 1977.
12 Шайбани-наме // МИКХ. – Алма-Ата, 1969.
13 Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХV-ХVІІ вв. – М., 1982.
14 аза;стан тарихы: к9не замандардан бJгінгі кJнге дейін. 5-томды;. - Т. 2. – Алматы, 1998.
15 Юдин В.П. Переход власти к племенным биям и неизвестной династии Тукатимуридов в казахских степях в
ХІV в. // Утемиш-Хаджи. Чингиз наме. Переводы, исследования В.П. Юдина. - Алматы, 1992.
16 Утемиш-Хаджи. Чингиз наме. Переводы, исследования В.П. Юдина. - Алматы, 1992.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
34
Достарыңызбен бөлісу: |