«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Резюме 
В статье представлен анализ этнополитических процессов, имевших место в Восточном Дешт-и Кыпчаке в XIV-
первой четверти XV вв. Основываясь на данных письменных источников и имеющихся исследований, автор раскры-
вает особенностиусиления тюркского фактора в этнополитических процессах вышеуказанного периода. А именно, 
анализируются изменения родоплеменной структуры, связанные с улусной системой Золотой Орды. Соответствен-
но, выясняется рост влияния в политической жизни предводителей местных родов и племен, их конкретное воздей-
ствие на этнополитические процессы. Определяется этнический состав улусов Шейбана, Орда Эджена, и устанавли-
ваются авторитетные родоплеменные кланы, образовавшиеся в процессе распада Золотой Орды. В статье анализиру-
ется характер взаимодействий крупных родоплеменных объединений с правящим кланом потомков Чингисхана, так 
как, в период политических кризисов, опираясь на поддержку, предводители родов и племен чингизидов стремились 
захватить власть не только в Восточном Дешт-и Кыпчаке, но и во всей Золотой Орде.  
Ключевые слова: этнополитические процессы, Дешт-и Кыпчак, улус, племена, чингизиды 
 
Summary 
The paper considers the analysis of ethnopolitic prosesses which took place in the East Desht Kypchak in the first quarter 
of  XV  century.  Taking  the  written  sources  as  the  basis  the  author  has  discovered  the  strengthening  of  Turkik  factor  in 
ethnopolitic prosesses of the above mentiond period, namely, the change of tribal structures connected with the golden orda 
ulus system, the strengthening of the influence of the clan and tribe leaders and their impact on ethnopolitic prosesses. In the 
paper Ethnic composition of Sheiban, Orda Edjen uluses have been defined, the highly authoritative tribal clans have been 
determined  which  were  formed  as  a  result  of  disintegration  of  Golden  Orda.  The  paper  also  considers  the  character  of 
interaction  between  the  big  tribal  associations  under  the  supervision  of  the  Chingizkhan  descendants  as  in  the  period  of 
political crises the descendants of Chingizkhan supported by the clan and tribal leaders strove to take power not only in East 
Desht Kypchak but all over Golden Orda.  
Keywords: ethno-political processes, Dasht-i Kipchak, Ulus, tribes Chingizids 
 
УДК: 94(574) «1921/56»:002.2 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 
МƏСЕЛЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР 
 
К.М. Рүстем – əл-Фараби атындағы  аз У,  аза;стан тарихы кафедрасыны  3 курс Ph.D докторанты 
 
Бұл мақалада автор Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңестік цензураның соғыс жағдайына бейімделе отырып, 
баспада жарияланған жəне баспа бетінде жарық көруге тиіс басылымдарда мемлекеттегі саяси, экономикалық жəне 
əскери  құпияны  сақтау  ісінде,  бірінші  орынға  əскери  мəселелерге  қатысты  барлық  тақырыптарға  дерлік  шектеу 
қойылғаны жөнінде тоқталып өтеді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы аяқталғанан кейін, жалғасын тапқан саяси қуғын-
даудың  жаңа  толқынының  негізі  соғыс  жылдарында-ақ  қаланған  деген  ғалымдар  пікірімен  келісе  отырып,  соғыс 
жағдайына  бейімделіп  «бағытын»  біршама  өзгерткен  цензуралық  қадағалау  жүйесі,  соғыс  аяқталғаннан  кейін  өз 
«арнасына» қайта түседі деген қорытынды жасайды. 
Тірек сөздер: Ұлы Отан соғысы жылдары, Кеңестік кезең, идеология, саяси, қуғын-сүргін, цензура 
 
Цензураны  мемлекет  пен  қоғам  өмірінің  бір  бөлігі  жəне  құбылысы  ретінде,  бір  жақты  қарамауды 
ұсынған зерттеуші А.Капаева: «өкіметті заңсыз тартып алу саяси билікті қолдануға кері əсер етсе, екінші 
жағынан нормативті тұрғыдан мемекеттің қоғамдық құрылысын басқаруда (мемлекеттік, əскери, эконо-
микалық  құпияларды  сақтау  ісінде)  көрініс  береді.  Биліктің  тоталитарлық  түрінде,  яғни  қоғам  өмірінің 
барлық  саласын  бақылауда,  ол  біршама  ерекшеленеді:  тиым  салынбағанның  бəріне  рұқсат  деген 
принципте көрініс табады» деп, тоталитарлық қоғамдағы цензураның ерекшелігін айқындап береді 
[
1
]

Тоталитарлы  саяси  режим 

  ол  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  мемлекеттің  толықтай  бақылау 
жасауы. 1929 жылы «Таймс» газеті бұл терминді алғаш Кеңестер Одағында орнаған режимге байланысты 
қолданған. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін батыстық саяси ғылымда фашистік Германиядағы, Кеңес 
Одағындағы  жəне  социализм  орнаған  елдердегі  режимді  «тоталитаризм»  терминімен  белгілеу  дəстүрі 
қалыптасты 
[
2
]

Мемлекеттік идеологияның «еш кедергісіз» қоғамда орынығуын , оның күшеюін қадағалаған Кеңестік 
цензура өзінің қалыптасу уақытын 1922 ж. 6 маусымда – Главлит деп аталатын ұйымның құрылу тарихы-
мен байланыстырып келген. Алайда кеңестік цензураның негізі 1918 ж. Кеңестік Республикада Револю-
циялық əскери кеңес жаңынан құрылған əскери цензураның тек əскери қадағалау ісін ғана емес, сонымен 
қатар саяси қадағалау ісін да жүргізіп, кеңес азаматтарының іс-əрекеттерін қадағалап отыруымен қаланға-
ны белгілі 
[
3
]
.  Ал  Главлит  атты  арнайы  мекеменің  құрылуы,  оның  іс-əрекетін  «заңдастыру»  болды  деп 
есептейміз.  

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
35 
Мемлекеттік құпиялардың жарияланбауын қадағалап отырған Главлит (Əдебиет пен баспа ісі жөнінде-
гі бас Басқарма - авт.) деп аталып кеткен мемлекеттік мекеме алғашында баспадан шығатын кітаптар мен 
əдеби  шығармалардың  жарық  көруін  бақыласа,  келе-келе  қоғамдық-саяси,  ғылыми-техникалық,  ауыл 
шаруашылығы, өндірістік, геологиялық, медециналық басылымдар, қыл аяғы оқулықтар мен педагогика-
лық кітаптарға, мақалаға дейін, тіптен енді шығармақшы болып қолға алынған жарнама, хабарлама, хат, 
бағдарлама, шақыру билеттері де цензура мекемесінің бақылауынан өтіп, жариялауға рұқсат берілмейін-
ше  баспа  бетін  көрмейтін  еді.  Баспалардың  газет,  журналдардың,  телевизия  мен  радионың  баспалық 
құқық берген мекемелердің, ғылыми институттардың өнімдері де қырағы күзетіледі 
[
4
]
. Яғни Главлиттің 
негізгі  қызметі  барлық  баспа  өнімдерінде  алдын-ала  жəне  кейінгі  ценуралық  қадағалауды  жүргізу 
[
5
]

Ондағы негізгі мақсат «мемлекетке зиян келтіретін» құпия мəліметтердің жарияланып кетпеуін қадағалу 
болса,  бұл  мекемнің  қызметі  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  да  тоқтамай,  керісінше  цензура  мекемесі 
Главлиттің  қызметі  жандана  түскені  жөнінде  мұрағат  құжаттарында  сақталған  Басқарманың  арнайы 
шығарған  циркулярларымен,  бұйрықтарымен  танысу  барысында  көз  жеткізуге  болады.  Құжаттарды 
қарастыру  барысында  жоғарыда  тоқталып  өткеніміздей  баспадан  басып  шығарылатын  бүкіл  «қағаз 
өнімдеріне»  цензуралық  қадағалау  жүрізгізіліп,  мекеменің  рұқсатынсыз  бірде-бір  баспа  өнімі  жарыққа 
шықпағанына  көз  жеткізуге  болады.  Мысалы:  1944  жылдың  5  маусымында  ҚазКСР  ХКК  жанындағы 
Главлиттің  Басқарма  бастығының  орынбасары  Змиевская  қол  қойған  №58  бұйрығында:  «Разрешить 
Наркомзему сдать в набор в Картпредприятию НКЗ внеплановый приказ «О уподготовке и проведении 
уборки  урожая  зерновых  культур  в  колхозах  КазССР  в  1944  год»  №15/3  от  31/
Υ
-44  г.  Тираж  700  экз., 
объем 1п/л., на бумаге заказчика» 
[
ҚР ОММ Қ. 1740, 
]
 

  деп,  тіптен,  қыл  аяғы  бұйрықтарды  жариялау 
үшін  де  арнайы  мекеменің  рұқсаты  керек  болғанын  көрсеткен.  Яғни  цензура  мекемесінің  баспадан 
шығатын өнімнің көлемі, таралымы, тіптен материалдарды басып шығаратын қағаздың да қай мекеменің 
есебінен шығатын жөнінде толық сиапттама беріп, қадағалап отырғанын байқауға болады.  
«Кеңестік билік кезіндегі цензура 

 Азамат соғысы жылдарында дөрекі сипатта көрінсе, ЖЭС кезінде 
ол біршама əлсіреген. Ал 1937-1938 жж. цензураның күшейгені соншалық қандай да бір өзге ойдағыларға 
қарсы репрессия басталып, тоталитарлық сипат алып, ал Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі алғашқы 
айлардың  соңына  дейін  цензураның  қызметі  біршама  əлсіреді.  Алайда  1946-1948  жж.  КОКП  ОК-ң 
«Звезда» жəне «Ленинград» журналдары жөніндегі қаулысына сəйкес баспасөзді қадағалау қайта күшей-
ген» 
[
5. 

 С. 5
]
 

 деген Ресей ғалымдарының тұжырымдарымен келісеміз.  
Мысалы, зерттеуші Т.Горяева соғыстың басталуымен цензура қызметкерлерінің 
80%
 соғысқа кетуіне 
байланысты,  барлық  мемлекеттік  мекемелер  сияқты  Главлиттің  ішінде  де  соғыс  жағдайына  бейімделу 
жүруіне байланысты мекеме ішінде бірқатар «олқылықтар» орын алғанын. Жəне соның салдарынан осы 
кезеңде əскери жəне мемлекеттік құпиялардың жарияланып кетуі сияқты оқиғалардың орын алуыларына 
байланысты, цензорлар партия органдары тарапынан көптеген сын-ескертулерге ұшырап отырғанын, ал 
жас мамандарды даярлауда, оларды жұмысқа қабылдауда главкрайобллиттің басшыларының өз істеріне 
салғырт қарап отырғанын, сондай-ақ мамандардың жетіспеушілігіне байланысты қосымша қызметкерлер-
ді жұмысқа алу сияқты істердің орын алып отырғаны жөнінде 1942 жылдың 26-шы мамарындағы №
270
 
бұйрығынан мысал келтіре отырып тоқталып өткен 
[
7
]

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі уақыт Қазақстан территориясында «бржуазияшыл ұлтшылдар» 
мен «тексіз космополиттер» деген ұранмен жүргізілген саяси қуғын-сүргіннің басталуымен ерекшеленге-
ні жөнінде Қазақстандық ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырып жүр. Алайда осы қуғындау іс-шарала-
рының өзі, Ұлы Отан соғысы жылдарында-ақ басталған деген ой білдірген тарихшы-ғалымдардың пікірі-
не тоқтала өтсек. 
Академик  М.Қозыбаев  соғыс  жағдайындағы  кеңестік  идеология  елдің  адамгершілік  құндылығына 
байланысты  бірқатар  шешімдер  қабылдағаны  жөнінде:  «...Далеко  до  постановления  «О  журналах 
«Звезда» и «Ленинград», еще в условиях военного времени, было принято постановление «О состоянии и 
мерах улучения массово-политической и идеологической работы в Татарской партийной организации». 
Она полажило начало новому этапу эскалации преследования интеллигенции по национальному призна-
ку. Наиболее крупным объектом для нападок стало «История Казахстана с древнейших времен до наших 
дней», изданная в 1943 г.» 
[
7
]
 - деп соғыс аяқталғаннан кейін орын алған жазалау шараларының бастама-
сы Ұлы Отан соғысы жылдарында-ақ «негізі қаланғаны» жөнінде атап өткен. 
Осындай тұжырымды ғалым Т.Омарбековте қолдап, былай дейді: «1943 жылы маусым айында «Қазақ 
ССР  тарихы»  жарық  көрді.  Оны  дайындауға  соғыс  жағдайында  Алматыға  қоныс  аударған                     
А.М.  Панкратова  бастаған  ресейлік  ғалымдар  жəне  М.Əуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мұстафин,  Б.Кенжебаев, 
Е.Ысмайылов, Е.Бекмаханов тəрізді қазақ зиялылары қатысты.  Кітаптың  Кенесары қозғалысына байла-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
36 
нысты  тарауын  Е.Бекмаханов  жазды.  Бұл  көтеріліс  патша  отарлау  саясатына  қарсы  бағытталған  ұлт-
азаттық  қимыл  ретінде  бағаланды.  Бірақ,  көп  кешікпей  Орталық  партия  Комитетінің  «Татар  партия 
ұйымында бұқаралық-саяси жəне идеологиялық жұмысты жақсартудың жағдайы жəне шаралары туралы 
(1944  ж.,  9  тамыз)  жəне  «Башкирия  партия  ұйымындағы  үгіт-насихат  жұмысының  жағдайы  жəне  оны 
жақсарту шаралары» (1945 ж., 27 қаңтар) қаулылары бржуазиялық ұлтшылдыққа айыптау науқанының 
жаңа кезеңін бастап берді» 
[
8
]

Ғалым  Б.Каипова 
[
9
]
:  «Ұлы  Отан  соғысының  басталуымен  цензура  қызметкерлерінің  80  %  соғысқа 
тартылса,  сонымен  қатар  осы  кезде  тыйым  салынған  əдебиеттер  тізімі  де  өзгертіліп,  толықтырылған 
болатын.  Бұл  кезеңдегі  қадағалау  жүйесінің  ерекшелігі:  тыйым  салу  критериі  нақтыланып,  кез-келген 
күдік тудыратын мəселе тыйым салынған деп қарастырылды» дей келе, «1942 ж. Қазақстанның БКП (б) 
ОК арнайы қаулысына сəйкес басып шығарылуға дайындалған барлық шығармалар Қазақстан жазушы-
лар одағы президиумының талқылауынан өтуге тиіс болды. Мұндай қаулының қабылдануы əдеби шығар-
малар  төңірегіндегі  цензуралық  қысымның  күшеюіне  əкелсе,  ал  Главлиттің  арнайы  баспасынан  1943 
«Социалистік мемлекеттің құпиясын қатаң сақтау», «соғыс уақытына байланысты цензура жұмысындағы 
кейбір сұрақтар» деген əдістемелердің жариялануы соғыс жағдайында цензура мəселесінің «бағдарының» 
өзгергенін, яғни мемлекеттік құпияны сақтау мəселесі бірінші орында тұрғанын айқындайды. Мысалы: 
Главлит  бастығы  Н.Садчиковтың  КСРО  ХКК  төрағасы  В.М.  Молотовтың  атына  жіберілген  1940  ж.  9 
мамырдағы 1939 жəне 1940 жылдың бірінші каварталы бойынша берген мəлімдемесінде: «...əскери жəне 
мемлекеттік құпияны сақтай отырып, сонымен қатар саяси қадағалауды жүзеге асыру барысында баспа-
дан шықпауы жəне радио кешеннен берілмеуі тиіс хабарлардың алдын алғаны жөнінде сипатына қарай 
жекелеп тоқталып өткен» 
[
3. - С. 290-298
]

Мұрағат  құжаттарындағы  мəліметтер  бойынша  1940  жылдың  қаңтарында  Главлит  басшысы 
Н.Садчиков қол қойған № 96/с циркуляры 
[
ҚР ОММ. Қ. 1740, Т. 3, І. 24, П. 2
]
 бойынша КСРО аумағында 
орналасқан бірқатар əскери мекемелер жөнінде баспа ісінде жариялауға рұқсат берледі. Атап айтқанда: 
Ленинград  аумағында  орналасқан  –  Əскери-теңіз  шаруашылық,  əскери-теңіз  политехникалық,  əскери-
теңіз медициналық, жоғары əскери-теңіз инжинерлік құрлыс, Орджонидзе атындағы жоғары əскери-теңіз 
гидрографиялық  училищелері;  Мəскеу,  Саратов,  Харьков  аудандарындағы  Мединституттар  жанандағы 
əскери факультеттер жөнінде; Мəскеудегі - əскери-құқықтық ЖШКƏ (РККА-авт.) акдемиясы; Одессалық 
əскери округ; Минскідегі - Белоруссиялық ерекше əскери округ; Одессадағы – Одессалық əскери округ; 
Херсон,  Ульянск  аудандарында  орналасқан  –  жазғы  Оссавиахимия  мекетептері  туралы  мəліметтерді 
жариялауға рұқсат береді. Ал 1940 жылдың 7-ші ақпан айында 219/с нөмірімен тіркелген келесі цирку-
лярда 
[
ҚР ОММ. Қ. 1740, Т. 3, І. 24, П. 6
]
, жоғарыда атап өткен №96/с циркулярда белгіленген 14 атауға 
қоса, тағы да 5 əскери мекемелер жөніндегі мəліметтерді баспа бетінде жариялауға рұқсат берген.  
Алайда  көп  уақыт  өтпей,  осы  1940  жылдың  22-ші  ақпанында  №336/с  циркулярында 
[
ҚР  ОММ.  Қ. 
1740, Т. 3, І. 24, П. 11
]
 арнайы қаулысы болмайынша баспа ісі мен радио хабарламаларда əскери мəселе-
лерге қатасты мағұлматтарды жариялауға тыйым салынып, тек КОТА (ТАСС-авт.) пен Ленинград əскери 
огругі Штабының жедел мəліметтерін ғана жариялауға рұқсат берілген. 
Себебі,  осы  1940  жылдың  басында-ақ  КСРО  соғыс  жағдайна  дайындала  отырып,  қоғамының  əр 
саласына, оның ішінде радио саласына да арнайы əскери цензорлардың бөлімдерін аша бастағаны жөнін-
де зерттеулерде беріледі.  
Негізінен цензура жүйесінің де əскери жағдайға бейімдеу 1941 жылдың 2 маусымдағы «КСРО-да 
əскери цензураны күшейту мақсатында ... жəне цензураны əскери жағдайға бейімдеуге байланысты 
ХКК КСРО жанынан бас əскери цензор қызметі құрылып, оның Ереженің бекітілуімен айқындалады 
[
6. - С. 284
]

ХКК КСРО жанынан бас əскери цензордың Ережесіне сай цензура екі түрлі қызмет атқарған: мемле-
кеттік құпияны сақтау (əскери, экономикалық жəне саяси) жəне баспа ісінде, кино, радио, картография, 
пьессалар  мен  қойлымдардың  тексттеріне,  музейлер  мен  көрмелерге,  сонымен  қатар  мемлекет  ішіндегі 
жəне сыртқа шығатын барлық почталық жəне телеграфтық жазбаларға т.б. саяси-идеологиялық қадағалау 
жүргізу 
[
6. – С. 285
]

Мысалы,  аймақтық  обллиттер  Басқармасы  (Главкрайобллит  -  авт.)  мен  Главлитттің  газеттер  мен 
баспалардағы,  радиохабарлардағы  уəкілетті  өкілдері  басшыларына,  Главлиттің  бөлім  басшыларына 
жолданған 1941 жылдың 7-ші қаңтарындағы №25/с циркулярында 
[
ҚР ОММ. Қ. 1740, Т. 3, І. 25, П. 128
]
 
төмендегідей  мəліметтерді  баспа  бетінде  жариялауға  тиым  салады:  а)  1:100  000  жəне  одан  да  үлкен 
масштабтағы қалалардың жоспарлары мен анықтамаларын; б) ірі экономикалық объектілердің фотосурет-
терін;  в)  қандай  масштабта  болмасын  завод,  электростанция,  мұнай  құбырларының  жолдарын,  электр 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
37 
беретін  құрылғылар,  су  құбыр  жолдарын,  темір  жолдың  бағыттары  көртілген  карталар  мен  кестелерді 
ХКЖХ-ның  (НКПС  -  авт.)  ресми  анықтамасы  мен  карталарда  берілмегеннен  өзгелеріне  баспа  бетінде 
жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан заводтардың құрлысы жөнінде, қара 
жəне  түсті  металлургия  кəсіпорындары  туралы,  паровоз  бен  вагон  құрлыстары  жөнінде,  мұнай,  көмір 
шығару мен өңдеу, целлюлоза мен қағаз өңдеу, электростанция мен газ құбырының жолдары, ценмент 
зауттары мен машина құрылыс зауттары жөніндегі мəліметтердің барлығы Главлиттің арнайы рұқсатын-
сыз баспа бетінде жариялауға болмайтын еді. 
Мұнын өзі елде орын алған соғыс жағдайына байланысты мемлекеттік маңызы бар өндіріс орындары-
ның орналасқан аумағы құпия болуымен, экономикалық жəне мемлекеттік құпияны сақтау мекемесінің, 
яғни Главлиттің жұмысының күрделендіре түскенін көрсетеді.  
Сондай-ақ  осы  кезде  Главлит  негізінен  бұрын  жарияланған  карта  өнімдерін  қолданыстан  алғаны 
жөнінде 1941 жылы 17-ші наурыздағы №817/с циркулярмен 
[
 ҚР ОММ. Қ. 1740, Т. 3, І. 25, П. 130
]
 танысу 
барысында байқауға болады: «Изъять из книготорговой сети и уничтожать, в соответствие с инструкцией 
о порядке изъятия произведений печати: «Основные объекты промышленного транспортного и сельско-
хозяйственного  строительства,  построенные  и  начатые  строительством  до  начала  третьей  пятилетки  в 
руспубликах: 1) РСФСР, 2) УССР, 3) БССР, 4) Азербайджанская ССР, 5) Армянская ССР, 6) Грузинская 
ССР,  7)  Казахская  ССР,  8)  Киргизская  ССР.  Издание  Ленинградского  областного  дома  учителя. 
Ленинград.  1939  г.;  Карты  Европейской  части  СССР  м.  1:  500  000  и  Азиатской  части  СССР  м. 
1:100000000 Тяжолая индустрия СССР. Предприятия НКТП на 1-е апреля 1935 года и список предприя-
тий  к  этим  картам.  Издание  Всесоюзного  картографичечкого  треста  ГУКСК  НКВД  СССР.  Москва,     
1936  г.»  -  деп,  мұнан  əрі  кітапханаларда  кездесетін  мұндай  карта-кестелерді  арнайы  қорға  өткізуді 
тапсырған. Жоғарыда берілген мəліметтермен танысу барысында, Ұлы Отан соғысының алғашқы жылда-
рында  цензура  мекемесінің  де  соғыс  жағдайына  бейімделгені  байқалады.  Оның  көрінісі  ретінде  ендігі 
жерде баспа бетінде жарияланған жəне жариялануға тиіс мəліметтердің ішінде əскери құрлым мен оның 
іс-əрекеті  жөніндегі  мəселелер,  сонымен  қатар  мемлекеттік  маңызы  бар  объектілерден  хабар  беретін 
барлық масштабтағы қарталардың қолданыстан алынуы мұнын айқын көрінісі болып табылады. 
Ұлы Отан соғысының басталуымен цензура қызметін жүзеге асыруда ІІХК-ның (НКВД-авт.) рөлі мен 
маңызы арта түседі. Соғыс жағдайына сай ерекше бөлім - РККА-ға сатқындық жасағандар мен тыңшы-
лық жасағандармен күрес, қашқындарды жою, сондай-ақ қызыл əскерлердің «көңіл күйлерін» білдіретін 
хаттарды тексеріп отырған 
[
6. - С. 28
6]

Соғыс жағдайындағы цензураның тағы бір ерекшелігі 

 ІІХК-ының 
2
-ші бөлімі негізінде 4-ші басқар-
маның құрылуы болып табылады. Ал 
19
43 жылы 
1
4-ші сəуірде жеті басқармадан тұратын КСРО МҚХК 
(НКГБ - авт.) құрылуы болып табылады. Себебі, осы МҚХК-ның 
6
-шы басқармасында «В» бөлімі (əскери 
цензура жəне перлюстрациялық корреспонденцияны) құрылған еді 
[
6. – С. 28
7]

Ал мемлекеттік идеологияның қоғам арасында кең тарауына əсер ететін əдебиет пен баспасөз де басты 
назарда болғаны жөнінде зерттеушілер былай дейді: «1941 жылдың қаңтар айынан баспалардан шығатын 
кітаптардың  саяси-идеологиялық  бағыты  тіпті  қатаң  бақылауға  алынып,  БК(б)П  Орталық  Комитетінің 
«Əдеби сын жəне библиография туралы» қаулысын орындау мақсатында мерзімді басылымдар редакция-
ларына арнайы тапсырмалар жүктелгенін. Сондай-ақ Қазақстаннан шығатын барлық кітап өнімдері (азда-
ған өзгерістермен қайта басылғаннан басқасы) алғашқы данасын қазақ тіліндегі «Социалистік Қазақстан», 
орыс  тіліндегі  «Казахстанская  правда»  газеттері  редакцияларына,  сонымен  қатар  кітаптар  тақырыбына 
қарай республикалық салалық журнал редакцияларына жолдау міндеттелген» 
[
10
]
.  
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан үлкен бір елдің аймағы ретінде жеңістің ұстасы деп қарас-
тырылған болса, оның себебі Алматы маңына Мəскеу, Ленинград, Киевте орналасқан ғылым мен білім, 
кино мен театр мекемелерінің эвакуациалануы тікелей əсер етті деп айта аламыз.  
Соғыс  жылдарында  баспасөздің  міндеті  жөнінде  зерттеуші  Д.Махат:  «баспасөздің  міндеті 

  партия 
ұйымдарының бар күшті Қызыл əскерді қолдауға, фашистерді жеңуге жұмылдыруға, Сталиннің баянда-
малары мен сөйлеген сөздерін оқып білуге жəне кеңінен насихаттап таратуға көмектесу болып белгілен-
ді» 

  дей  келе,  осы  уақытта  баспасөз  бетінде  жарияланған  мақалалардың  көлемі  жөнінде  былай  дейді: 
«...Сондай-ақ  соғыс  жылдары  партия  өмірі  мен  саяси  тақырыпқа  жазылған  мақалалар  саны  кемігені 
байқалады. 1944 жылдың 1 сəуірінен 1945 жылдың наурызы аралағында «Социалистік Қазақстан» газеті 
редакциясына келіп түскен 4180 хат пен мақаланың, 1547 немесе 37% жарияланған» дей келе, 
[
11. 

 29 б.
]
 
зерттеуші  бұл  мақалардың  негізі  өнеркəсіп,  ауыл  шаруашылығы,  партия  өмірі  мен  насихатына,  халық 
ағарту саласы мəселеріне баса назар аударғаны жөнінде тоқталып өткен. 
Қорыта айтқанда, соғыс жылдарында цензура баспадан жарияланған жəне баспа бетінде жарық көруге 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
38 
тиіс  басылымдарда 

  мемлекеттегі  саяси,  экономикалық  жəне  əскери  құпияны  сақтау  ісінің  де  соғыс 
жағдайына бейімдей отырып, бірінші орынға əскери мəселелерге қатысты барлық тақырыптарға дерлік 
шектеу қойып, негізінен хаттар мен телеграф, радио хабарламалардың қызметіне баса назар аударғанын 
байқаймыз. Ал, əдебиет пен тарих сынды қоғамдық сананы қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық 
ғылымдар салаларында бірқатар алға жылжу болғанымен (Мысалы: 1943 ж. «Қазақ ССР тарихы», «Абай 
жолы», «Балуан Шолақ» т.б. еңбектердің жариялануы), Ұлы Отан соғысы аяқталғанан кейін, бұл «еркін-
діктің» соңы саяси қуғындаудың жаңа толқынының басталуына алып келген еді. Яғни, Ұлы Отан соғысы 
жылдарында  мемлекеттік  құпияны  сақтау  бірінші  орынға  қойылып,  «бағытын»  біршама  өзгертен 
цензуралық қадағалау ісі, соғыс аяқталғаннан кейін өз арнасына қайта түскен деген пікір білдіреміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет