ҚОРЫТЫНДЫ
Өткен 20-ғасырдың тоқсаныншы жылдары – тәуелсіздігіміздің шапағатшыл таңы атқан кезең. Жақсылық қылсаң, жете қыл дегендей, Алла тағаланың қазаққа мейірі түскен бүгінгі заманда ұлан-байтақ даламыздың көгінде тәуелсіздіктің көгілдір туы желбіреуі үстінде, кең тынысты демократия, сөз еркіндігі қоса келді. Енді шыққан биігімізден кеудемізді тік ұстап, өткен-кеткенімізді, бүгінгі ахуалымызды бөтеннің көзімен емес, өз ұлттық ой-өрісіміз деңгейінде бағалаймыз.
90-ыншы жылдардың аясында туған роман жанрының күллісінің дерлік, тарихи тақырыптағысы болсын, бүгінгі замана суретін түсіруге талпынғаны болсын бісміллә да, айтар сөзінің арқауы да – осы өресі биік тұрғыдан айтылатын еркін, жалтақсыз шындық. Қазақтың ұшы-қиырсыз даласының біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырдан бастап, жыл санаудың жаңа дәуірінің 20 ғасырынан аяғына шейінгі уақыттың көркем суреті.
Әрбір тақырыпты алып қарасақ та бір тарихқа байланысы бар болып шығады. Көркем шығармадағы «тарихилық» термині бар. «Тарихилық – әдеби шығарманың тарихи әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың мәдени тарихымен, салт-дәстүрімен, ырым-нанымдарымен, ұлттық мінез, ойлау ерекшеліктерімен, аңсар, арманымен тамырлас құбылыс. Әдебиеттегі тарихилық және зерттеу саласындағы методикалық әдіс ретіндегі тарихилық өмірдегі, ақиқат болмыстағы әрбір құбылысты тексеру мен бейнелеу жалпы тарихи процестің бір бөлшегі, яғни тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуға тиіс. Сонымен, тарихилық белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын, қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық-тарихи және өмір шындығын, идеялық-танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан жырлап, тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу» делінеді әдебиеттану терминдерінің сөздігінде. Тарихи роман мен романдардағы тарихилық қазақ әдебиетіндегі егіз ұғымдар іспетті. Қандай көркем туындыда да тарихтың ізі жатады. Мейлі олбүгінгі күнді суреттесін, ол ертең үшін тарих емес пе?! Көркем сөз өнеріндегі тарих пен тарихилықты салыстыра келіп, әдебиеттегі әрбір туындының өткен күнмен байланысы барын, уақыт пен кеңістіктің қазіргі адам өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болуы, одан алшақ кете алмауы, табиғатпен тығыз байланыста болуы, шығармашылықтағы тұлғаның тәңір берген талантының бар мүмкіндігінің жеткен жері, осы жаратылыс әлемі ғана екенін көрсетеді. Бұл қай елдің болмасын таным түсінігінің түптің түбінде бір-бірімен салыстырмалы түрде дамитындығы мен бәсекелес бола алатындығын білдіреді.
Қай тақырыпқа қалам сілтесе де, бүгінгі повесть атаулы таптық тұрғыға тұтылудан, не жазса да, ресми нұсқау-нормативтерге дөп тимей кете ме деп, алаңдаудан азат. Кеңестік санаға өзін қарсы қоятын сана қалыптасты. Ендігі шығармалар ізденіске бай. Дүниені жаңаша сезіну, еркін ойлап, ойлағаныңды ашық жазу – бұрын қалам тартылмаған проблемаларға, аттап баспайтын материалға жол ашты, образды өмір философиясын жасауға, руханият, инсаният өлкесіне терең де батыл бойлауға мүмкіндік берді».
Бүгiн қазақ халқы ұлттық тәуелсiздiгiн танып, егемендi ел болып жатқан тұста оның ұзақ ғасырлар бойы жасаған мәдени мұрасын түгендеп алу, оны бүгiнгi заманның игiлiгiне жарату осы тұрғыда аса үлкен мiндет болып отыр.
Ұлттық әдеби мұраны игеруге қолбайлау болып келген партияның қаулы-қарарларының күшiн жойдыру туралы шешiм қабылдатты. Сөйтiп барып, бүкiл ауыз әдебиетi мен тарихи әдебиеттiң ақтаңдақ беттерiн толтырумен шұғылданды. Соның нәтижесiнде, бүгiн қазақтың әдеби мұрасының мол байлығы жиналды. Олар бiртiндеп жарияланып, халық игiлiгiне айналуда. Осы материалдарды ғылыми сұрыптаудан өткiзу, оларды егеменді елдiң мүддесi мен идеялық тұтастығы тұрғысынан жаңаша бағалауға талаптар жасалуда.
Қорыта келгенде, қазақ романы ел тәуелсіздігі жылдарында өзінің дамуын тың ізденістерін көрсете білді. Оқырман талғамын тәрбиелей отырып, сол талғам Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романы таразысына сай өсе білді. Әлемдік танымал туындылармен терезесі тең шығармалар дүниеге келді. Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестердің дені – халық өмірінің кешегі күндерінен. Өткен шақпен есеп айырысады. Бүгінгі нарық заманы тақырыбынан жазылғаны саусақпен санарлық. Бірақ аз жазылса да, саз жазылып жатқанын баса айтуымыз керек. Бір хикаят нарықты сынай отырып жақтайды, адам тірлігіне жаңа тыныс бергенін алға тартады. Екіншісі, нарық пен демократияның ел өміріне әкелген кесірлі жақтарына шүйіледі.
Тәуелсіздік рухының әсерімен өмірге келген романдарының бір тобының көркемдік мақсаты – қазақ халқының басынан өткізген отаршылдық зардаптарын шындық тұғырына иек арта отырып жеткізу. Сондықтан бұрынғы жабық тақырыпты қозғаған бұл туындыларды еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге келген көркем ізденістердің айқын нышандарының бірі деп танығанымыз абзал.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Axмeтoв К. Әдeбиeттaнyғa кipicпe. Oқy құpaлы. – Қapaғaнды: Apкo, 2004. – 332 б
Квятковский А.П. Поэтический словарь. – Москва: Советская энциклопедия, 1966. – 375с.
Скобелев В.П. Поэтика рассказа. – Воронеж: Издательство Воронежского университета, 1982. – 155 с.
Тамарченко Н.Д. Теоретическая поэтика: понятия и определения. Хрестоматия для студентов филологических факультетов. - М.: РГГУ, 1999. – 286 с.
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.- Қарағанды: ҚарМУ, 2001. - 336 б.
Нұрғали Р. Сөз өнері эстетикасы: Монография. – Астана: Елорда, 2003. - 424б.
Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика. Жанр. Стиль. – Алматы: Гылым, 1998. – 394с.
Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. – Москва: Художественная литература, 1975. – 504с.
Веселовский А.Н. Историческая поэтика. М: Высшая школа, 1989.
Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. – Москва, 1978. – 248с.
Поспелов Г.Н. Введение в литературоведение. – Москва: Высшая школа, 1988. – 398с.
Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы (1970-89) филол. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссерттация. 10.01.02 – Алматы, 1997 – 159б.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық. мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын,1991. – 464б.
Алпысбаев Қ.А. Тарихи шығарма: таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999.
Новиков В. Движение истории – движение литературы. – М.: Советский писатель, 1987, стр. 245.
Піралиева Г.Ж. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. –Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.
Утехин Н.П. Некоторые закономерности развития жанра (3-73) // В кн.: Русская советская повесть 20-30-х г.г. – Москва: Наука, 1976. – 254с.
Бузник В.В. Повесть 20-х годов (147-217) // В кн.: Русская советская повесть 20-30-х г.г. – Москва: Наука, 1976. – 254с.
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 336б.
Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы Алматы: Ғылым, 1984. – 272 б.
Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы: Өлке, 1997. - 268 б.
Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. Москва: Мысль, 1976. - 346 с.
Әйтімов М. Қазақ повесіндегі лиризм. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған кандидаттық диссертация. Алматы, 1998.-163 б.
Егеубаев А. Тақырып. Тағдыр. Проблемалар (Қазіргі прозадағы даму тенденциялары хақында) //Кітапта: Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 272б.
Доспанбетов Ұ. Абылайдың ақ туы. Тарихи роман. Бірінші кітап. – Алматы: Мерей, 2004. – 363 б.
Доспамбетов Ұ. Абылайдың ақ туы. Екінші кітап. – Алматы: Самара-Принт. 2008.
Ахмади Ж. Есенгелді би. Тарихи роман. – Алматы: Ана тілі, 2004.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Он тоғызыншы қара сөз// Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Екінші том. – Алматы: Ғылым, 1977.
Ахмади Ж. Жарылғап би. Тарихи роман. – Алматы, 2008.
Ахмади Ж. Айтұмар. Роман. – Алматы: Мирас, 2009.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық. мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын,1991. – 464б.
Алпысбаев Қ.А. Тарихи шығарма: таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999.
Новиков В. Движение истории – движение литературы. – М.: Советский писатель, 1987, стр. 245.
Аманшаев Е. Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары: филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. – Астана, 2005.
Әзиев Ә. Қазақ повесі. – Алматы: Мектеп, 1989. – 224б.
Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. – Москва, 1978. – 248с.
Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Өлке, 2003.
Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 201.
Бузник В.В. Повесть 20-х годов (147-217) // В кн.: Русская советская повесть 20-30-х г.г. – Москва: Наука, 1976. – 254с.
Қирабаев С. 2 томдық шығармалар жинағы. Т.2. - Алматы: Жазушы, 1992. – 544б
Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. – Москва: Наука, 1979. – 352с.
Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. Алматы: Өлке, 1997. - 268 б.
Достарыңызбен бөлісу: |