Тарихи роман жайдан-жай жазылмайды. Өзі дүниеге келген уақыт зәрулігіне бұл жанр да қызмет етпек. Және қызметі бүгінгі заман тақырыбына жазылған шығармадан кем соқпауы тиіс



бет8/12
Дата10.07.2023
өлшемі0,95 Mb.
#104151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ. ЖӨНДЕЛГЕН

Екінші тарау бойынша қорытынды

«Қазақ» және «шындық» сөздері тоқсаныншы жылдарғы қазақ романдарының жетекші, ұйытқы сөзіне айналды. Тарихи шығармалардың ендігі жаңа тобы, атап айтқанда, жазушылар Ұзақбай Доспанбетов пен Жанат Ахмадидің бірі тетралогия, екіншісі трилогия іспетті жанрда жазған, тағы да қазақ тарихындағы ең бір қасіретті уақытқа, халқымызды екі ғасыр бойы аттан түспей соғысуға мәжбүр еткен жоңғар шапқыншылығы оқиғаларына арнаған туындылары да көзі қарақты оқырман назарына ілігіп үлгерді. Сында ізденімпаз, ысылған шебер жазушылар аталып жүрген бұл қаламгерлердің шығармалары бірін бірі және осы тақырыптас, бұрын дүниеге келген романдарды қайталамайды. Материалы тың, сурет, образы өзгеше сомдалған.


Жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың бірінші кітабы 2004, екінші кітабы 2008 жылдары жарық көрген «Абылайдың ақ туы» атты екі кітаптан тұратын тарихи романы ертеректе жарық көрген «Қызыл жолбарыс» роман-дилогиясының заңды жалғасы.
Мәселе туындының іргетасы қазақтың жалайыр тайпасының тағдырын суреттеуге бағышталған материалдан қаланғандығында ғана емес. Тетралогия үлкен панормалық сипат алған. Романның эпикалық құлашы мейлінше кең. Жазушы Ұзақбай Доспанбетов шығармасының бұған дейінгі біршама тарихи, тарихи-өмірбаяндық туындылардан өзгешелігі, аталған тақырыпты сол кездегі қырық ру-қырық құрақ Қазақ елі трагедиясын жан-жақты суреттеумен бірге, басқыншылыққа салынған, содан барып сорлаған Жоңғария мемлекетінің жер бетінен жоғалған трагедиялық тағдырын қоса саралап қорытады.
Бір шеті сонау Жоңғариядан бастау алатын, тағы бір шеті ұлан-байтақ қазақ даласын қамтиды. Нақтылап айтқанда, шығарма өзегі Жетісу өлкесінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында, Қаратау бойында, Сыр жағалауында, Ташкент қаласында, Түркістанда, Жоңғария байтақысында өтетін не қилы оқиғадан тұрады. Осыған сәйкес тетралогияның бас кейіпкерлері бір жағынан жалайыр тайпасынан шыққан Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы болғанда, тағы да бір буын, исі қазаққа белгілі тұлғалары Төле би Әлібекұлы, Абылай Сұлтан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, албан Хангелді, дулат Өтеген, Қойгелді, Шапырашты Наурызбай, жалайыр Өтеген, тағы да басқа көптеген батырлар, билер болып келеді.
Бір шеті сонау Жоңғариядан басталып, тағы бір шеті ұлан-байтақ қазақ даласын қамтиды. Нақтылап айтқанда, шығарма өзегі Жетісу өлкесінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында, Қартау бойында, Сыр жағалауында, Ташкент қаласында, Түркістанда, Жоңғария байтақысында өтетін не қилы оқиғадан тұрады. Осыған сәйкес тетралогияның бас кейіпкерлері бір жағынан жалайыр тайпасынан шыққан Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы болғанда, тағы да бір буын, исі қазаққа белгілі тұлғалары Төле би Әлібекұлы, Абылай сұлтан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, албан Хангелді, дулат Өтеген, Қойгелді, Шапырашты Наурызбай,и жалайыр Өтеген, тағы да басқа көптеген батырлар, билер болып келеді.
Жоңғарияның ішкі өмірі, ел-жұрты бірінің басын бірі алып барып таққа қонатын қоңтайшылар, Тибет далай ламасы, швед, орыс өкілдері – бұлар өз алдына бір төбе. Қытаймен жауласамын деп жүріп құм қапқан Қалдан-Бошақты хан, оның немере інісі қонтайшы Сыбан Рабтан, оның Күнгу деген үлкен әйелінен туған ұлы Қалдан-Серен, кіші әйелі Сетержаптан туған кіші ұлы – Шұна-Доба, тіпті Жоңғария мемлекетін тұрғызған Батыр қонтайшыға дейін «Абылайдың ақ туының» алғашқы кітабында кеңінен суреттелген. Бұл кітаптың тағы да бір мол ақпарға кенелтетін жері швед Ренат пен оның болашақ әйелі, үш күйеуге шығып үлгерген Бригитта жайлы хикаясы. Мұның үстіне қазақ хан сұлтадары, мың, жүз басылары, орыс, татар секілді құжынаған кейіпкерлері және бар, оларды санап бітірудің өзі бірталай шаруа...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет