Тасымалдауды ұйымдастыру және



бет15/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый

Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлік мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекетті басқару органдары, идаралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді [2].
Автомобильдерді басқарғанда орын алатын жол және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы көп жағдайда ондай техникаларды адамдардың дұрыс басқаруына байланысты [3]. 
Жүргізушінің қандай қасиеттері болуы қажет. Әрбір адам автомобильді жүргізуді үйрене алады, бірақ техниканы жақсы, сауатты және жол транспорттық оқиғасыз басқаруы үшін жүргізуші белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Ол қасиеттердің негізгілері мыналар: көзбен мөлшерлеуі ерекше, уақыттың қысқа мерзімін бағалай алу қабілеті, назарды жақсы бөле білу және аудара алу, қысыл таяң жағдайда дәл әрі мейлінше жедел реакция жасай білуі, эмоциялық баяндылығы жоғары болуы.
Жол элементтерін көру және түйсіну. Жүргізуші жолдың және оның маңайындағы барлық элементтерді өзінің назарында ұстай білуі қажет.
Жылдамдықты және жүру бағытын көре отырып түйсіну ерекше маңызды роль атқарады. Жолмен жүріп келе жатқанда жүргізуші қозғалмай тұрған әр түрлі заттарға қарап, өзі жүргізіп келе жатқан машинаның жылдамдығын анықтай білуі қажет. Бұл дағды жол айырықтарындағы жағдайларды анықтау кезінде өте қажет-ақ. Жол айырығына таяу келіп қалған машинаның жылдамдығын сезіну, жол айырығына дейінгі қашықтықты және оған дейін жетуге қажетті уақытты анықтай білу, айналып өтер және қуып озар кезде ара қашықтықты және бүйір аралықты дұрыс таңдай білу жүргізушіге тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Назардың нашарлауына шаршау, автомобильді ұзақ уақыт, аялдаусыз жүргізу әсерін тигізеді. Жол-транспорттық оқиғалар көбінесе жүргізуші үздіксіз 10—11 сағат жұмыс істеген соң болып қалып отырады. Назарға психикалық зорығу, ауру, алкоголь күшті әсер етеді.
Жүргізушінің рөльде отырып қалғып кетуі көпшілік жол-транспорттық оқиғалардың себебі болып табылады.
Жүргізушінің жалғыз өзі бірде-бір реакцияны қажет етпейтін бір сарынды жолмен жүріп келе жатқанда ұйқысы келеді. Қалғып кетуді болдырмау үшін жүргізушінің ұзақ сапарға шығар алдында ұйқысын қандыруы қажет, ұйқының алғашқы белгісі біліне бастаған кезде машинадан шығып, жүру және гимнастикалық жаттығу жасау керек, ең жақсысы 20—30 минут ұйықтап алған жөн.
Жүргізушінің көңіл күйі жақсы болса, оның айналадағы жағдайды сезінуі өте дәл, реакциясы тым тез, қозғалысы аса үйлесімді болады. Ол жүргізушінің психикалық күйіне байланысты. Қайғы, ауыр күйзеліс қарама-қарсы нәтижеге әкеп соқтырады, адам селқос болып қалады.
Жүргізушінің мына формула бойынша әрекет етуі қажет: мұқияттылық, байқампаздық, сезімталдық, батылдылық. Бұларға қоса сақтық, ептілік және гумандылық та қажет.
Түнгі рейс алдында машинаның техникалық күйін мұқият тексеріп шығу керек; жүргізушінің алдағы маршрутты (жүруге қиындық келтіретін учаскелерді, өр мен ылдиды, көпір мен өткелдерді) жақсылап зерттеп алуы қажет.
Автомобильдің, доңғалақты трактордын, және басқа өздігінен жүретін машиналардың аударылуына жиі себепші болатындар мыналар: шұғыл бұрылыстар мен тайғақ жолдарда жылдам жүру; бір бүйірге алып қашу және оның кенет тоқталуы; артқы доңғалақтың борттық тасқа немесе басқа кедергілерге тірелуі; рульдік дөңгелекті шұғыл бұру; кенет тежеу; автомобиль қорабында, тіркемеде жүкті бірқалыпсыз орналастыру.
Жүргізушінің бұрылысқа қарама-қарсы жаққа бағытталған көлденең көлбеулігі бар жолда бұрылу кезінде өте сақ болғаны жөн. Жүктің дұрыс орналаспауы бұрылыс кезінде бүйірге қисаюына әсер етеді, мұндай кұбылыс сұйыққа онша толмаған автоцистернаның жүрісі кезінде болады. Машинаның ауырлық центрі биіктеу (тіркеме қорабы жүкке толтырыла тиелген кезде) орналасқан сайын, бұрылыста жүру жылдамдығы едәуір баяулатылуы тиіс.
Бұрылыста, әсіресе тайғақ жолда, тежеу немесе жылдамдықты арттыру өте қауіпті, себебі доңғалақты тежеу немесе тарту күштерінің әсерінен жолдың жабынымен екі аралықтағы ілініс коэффициенті төмендеп аударылып кетуі мүмкін. Машинаның алдына немесе артына қарай алып қашу білінісімен оны тоқтату үшін былайша істеу қажет: машинаның алдыңғы бөлігің алып қашқан кезде рульдік дөңгелекті алдыңғы доңғалақтарының сырғанау бағытына қарама-қарсы жаққа бұрады, ал машинаның артқы осінің алып қашуы кезінде — алып қашу бағыты жағына бұрады.
Еліміз жолдарындағы көліктердің бір-бірімен соқтығысып немесе жаяу жүргіншілерді қағып, басып кету салдарының негізгі үш себепке байланысты:
- жүргізуші жол жүру ережесін талапқа сай білмейді;
- жүргізуші өтілі аз немесе қасақана тәртіп бұзып, жол жүру ережесін сақтамайды;
- жол, көлік және жаяу жүргіншілер кінәсінен.
Аттестаттау қорытындысымен бірқатар басшылар ауысып кетті. Қызметтен кеткендердің басым бөлігі осы жол полициясында істейтіндер. Жол ережесін сақтамағандарға заңды күшейту керек. Айыппұл көлемін бірнеше есеге арттыру жағын қарастыруды халық қалаулары Парламентке ұсынуы қажет.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін сараптама тобы бір қатар ұсынысты ортаға салды. Олардың қатарында: белгіленген салмақтан тыс жүк артатын ауыр автокөліктердің жүрмеуіне қатаң бақылау жасау, тасымалдаушы кәсіпорындар өкілдерінің жол полициясы қызметкерлерімен және осы саладағы басқада құзырлы органдармен бірлесе отырып, жергілікті жерлердегі қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік, нұсқаулық белгілері мен жолдың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру мәселесі бар. Сонымен бірге, қалааралық трассаларда жүргізушілердің демалуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы орындар ұйымдастыру, қалааралық трассаларда белгілі бір жерлерге жедел көмек қызметін (01, 02, 03) шақыру мақсатында телефон бекеттерін орнату, В, С, Д категориялы жүргізушілерді оқытуды арнайы базасы мен оқытушылары бар автокомбинаттарда өткізу, оқу соңынан жүргізушілерді 3 айлық мерзімде өндірістік тәжірибеден өткізуін ұйымдастыру, жол полициясы басқармасында өтетін сынақтарда емтихан тапсырушының жол жүру ережесін білуі, тәжірибеден өткендігі туралы анықтаманың сұралуы қажет деген сияқты талаптар бар. 
Апаттың барлығы жол полициясы мен көліктің бақылау инспекциясына итеріп тастап, бақылаушы болып отыру әділеттікке жатпайды. Ел қоғам болып күресуіміз керек.
Мамандардың статистикалық мәлімет негізінде берген материалдар бойынша жол-көлік оқиғасының 60 пайызы қыс мезгілінде болады екен. Апта ішіндегі ең қауіпті күндер: жұма, сенбі, ал тәулік ішінде- 16.00-20.00 ге дейінгі уақыт аралығы.
Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді толық және жан-жақты талдаудың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдерді өңдеу үшін, соның ішінде қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шешімдердің негізі болп табылады. Маңызды міндеттердің ішінде ЖКО туралы мәліметерді талдау негізінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту міндеттерінен басқа келесі мэселелерді айтуға болады:

  • қозғалыс жағдайларын, көлік құралдарының конструкциясын, жүргізушілердің кәсіби дайындығын, сондай-ақ, осы іс-шараларды бағалауды жетілдіру бойынша іс-шаралар кешенін егіздеу; жол-көлік оқиғаларын алдын-ала бағдарлау;

  • әр турлі бағыттар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі мен апат жағдайын салыстыру үшін ақпараттарды өңдеу әдістемесін жасау;

  • жол-көлік оқиғаларын жекелей талдау және себептерін зерттеу.

Кез-келген нақты жол-көлік оқиғасы кездейсоқ жағдай болуына қарамастан, ақпараттарды толық көлемде статистикалық талдау олардың пайда болуының жалпы заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Жол-көлік оқиғасының тіркеу материалдарын зерттеудің қозғалысты ұйымдастырудың мақсаты үшін қажетті үш сипатты бағыттарын.. атауға болады және оларға сәйкес талдаудың үш әдісі бар:

  1. Сандық талдау - жолдың белгілі бір аумағында апат жағдайын бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша өткізілетін іс-шараларға байланысты оның өзгеру тенденцияларын анықтау;

  2. Сапалық талдау - жол-көлік оқиғаларының пайда болуына әсер ететін себептері мен факторлардың әсерін зерттеу және оларды жою бойынша іс-шаралар жасау.

  3. Топографиялық талдау - жол-көлік оқиғасы жиі болатын жол учаскелері мен орындарын анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет