ҚАРСАҚ МҰНАЙ КЕНІ, Атырау обл.Мақат ауд.
Мақат кентінен оңт-ке қарай 70 км, Каспий т-нің
солт. жағалауынан 18 км жерде орналасқан. Барлау
жұмыстары нәтижесінде 1948 ж. ашылған. Кен
орны үш қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын
алған. Бұл құрылымның ендік бағытта созылған
тұз ядросының екі төбешігі бар, олар 700–800 м
тереңдікте жатыр. Қ. м. к. аумағында төм. пермь-
нен жоғ. апт, неокомге дейінгі шөгінділер (жалпы
Қарсақбай
Қарсақ
379
Қаскелең
Күршім жотасындағы Қаршыға тауы
соры мен Қарынжарық ойысы орналасқан. Кли-
маты континенттік, қаңтар айының орташа темп-
расы –5–6°с, шілдеде 27°с. Жауын-шашын мөлш.
120–150 мм шамасында. 3–7 м тереңдікте ми-
нералды жер асты сулары бар. Шығысы құмды
саздақтардан құралған аллювийлі жазық. Мұнда
жусан, сораң, т.б. өседі. Батысының жері дөңестеу
(биікт. 200 м-ге дейін, Маңғыстау үстірті), онда
баялыш, жусан, жүзгін, күйреуік, ақ сексеуіл, т.б.
сораң шөптер өседі. солт-нде ойыс Қарабауыр
жонына ұштасады. Мал жайылымына қолайлы.
Ойыстың басым бөлігін Үстірт мемл. қорығы алып
жатыр.
ҚАРЫНЖАРЫҚ – Оңт. Үстірт кемеріндегі ойыс.
Маңғыстау обл. Қарақия ауд. жерінде орналасқан.
өзімен аттас құмды алқаптың шығысын бойлай
созылып жатыр. Ұз. 90 км-ге жуық, енді жері
Кендірлі сорын қосып есептегенде 12 км болады.
табаны теңіз деңгейінен 52 м төмен жатыр. Қиыр
оңт-нде абс. биікт. 116 м төбе, солт-нде биікт.
209 м болатын Қарамая тауы орналасқан. Ойыс-
тың шығыс бөлігінде Оңт. Үстірт кемерінің керт-
пештелген шыңдары созылып жатыр (абс. биікт.
201 м, салыстырмалы биікт. 149 м). Батысында
құмды саздақтардан құралған аллювийлі құмды
жазық орналасқан. Мұнда жусан, күйреуік, т.б.
сораң шөптер өседі. Ойыс Үстірт мемл. қорығына
жатады.
ҚАРЫНСАЛДЫ – Ақмола обл-ның Жарқайың
ауд. Қостанай обл-ның Арқалық қалалық әкімдігіне
қарасты жерлердегі өзен. Ұз. 94 км, су жиналатын
алабы 1750 км
2
. Бастауын державинск қ-нан оңт-
те 17 км-дей жердегі бұлақтан алып, Амантоғай а.
тұсында Жалдама өз-не құяды. Аңғары көлбеу, ені
жоғ. бөлігінде 8–10 м, төм. бөлігінде 0,9–1,8 км-
ге дейін кеңейеді. Арнасы тік жарлы, биікт. 2–6 м.
Қар, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық
орташа су ағымы Қаражар а. тұсында 1,60 м
3
/с. суы
мал суаруға пайдаланылады.
ҚАСКЕЛЕҢ – Іле алабындағы өзен. Алматы
обл-ның Жамбыл және Қарасай аудандары жерімен
ағады. Ұз. 177 км, су жиналатын алабы 3620 км
2
.
Бастауын Іле Алатауындағы Қаскелең асуының бау-
райынан алып, Іле өз-не құяды. Арнасы жоғ. және
орта ағысында тік жарлы (биікт. 6–8 м). негізінен
жауын-шашын суымен толығады. әрқайсысының
ұз. 10 км-дей 90 саласы бар. Көп жылдық орташа
су ағымы Қаскелең қ. тұсында 15,8 м
3
/с.
ҚАРШЫҒАЛЫ – солт. Балқаш алабындағы өзен.
Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. жерімен ағады. Ұз.
111 км, су жиналатын алабы 1940 км
2
. Бастауын
Бүйіртас, Жаман Қызыларай, Қызыларай тау-
ларындағы бұлақтардан алып, Жыланды өз-нің
сағасына 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Аңғары
кең, жағасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын
суларымен толығады. Көктемде арнасында 5–10
күндей ғана ағыны болады. Жылдық орташа су
ағымы 0,10 м
3
/с. Жайылмасы – шабындық.
ҚАРШЫҒАЛЫ – Шу алабындағы өзен. Жамбыл
обл-ның Мойынқұм ауд. жерімен ағады. Ұз. 79 км,
су жиналатын алабы 1560 км
2
. Қ. Жамбыл тауы-
ның солт. беткейінен басталып, Қалмақ а. тұсына
дейін жетеді. Көктемде 5–6 күндей ғана ағыны бо-
лады. Алабы – маусымдық жайылым.
ҚАРЫНГҮРЛІ – Мұзбел жонының шығысында
жатқан аңғар. Маңғыстау обл. Қарақия ауд-нда
орналасқан. Аңғар солт-тен оңт-ке қарай 65 км-ге
созылған, енді жері 2–4 км шамасында. Аңғар та-
банында көктемде 10–15 күндей су ағатын құрғақ
арна жатыр. табаны теңіз деңгейінен 85 м биіктікте,
беткейлері көлбеу келген. Олардың салыстырмалы
биікт. 50–55 м. сүйірлене келген аңғардың басында
жуа, сарсазан, баялыш, жайпақ бөлігінде бұйыр-
ғын, баялыш, сораң шөптесіндер өседі. Қ. аңғары
жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
ҚАРЫНЖАРЫҚ – Маңғыстау түбегі мен Үстірт
аралығындағы құмды алқап. Маңғыстау обл. Қа-
рақия ауд. жерінде орналасқан. солт-тен оңт.-
батысқа қарай 130–160 км-ге созылған, енді жері
24–40 км. Ауд. 2 мың км
2
. негізгі жыныстарының
мүжіліп, үгілуінен қалыптасқан құмды төбелер-
дің биіктігі кейде 5–15 м-ге дейін жетеді. Кей жері
тақырға, сортаңға, сорға айналған. Шығысын бой-
лай теңіз деңгейінен 52 м төмен жатқан Кендірлі
Қарынжарық ойысының құм кемері
Қаскелең өзенінің жоғарғы ағысы
380
ҚАСКЕЛЕҢ – Іле Алатауындағы асу. Алматы обл.
Қарасай ауд. жерінде орналасқан. Биікт. 3716 м.
Іле Алатауының солт-ндегі Қаскелең өз-нің жоғ.
аңғарынан Қ. арқылы Шоң-Кемін өз-нің сала-
сы Оңт. Қаскелеңнің бастауына соқпақ жол өтеді.
Асуда жыл бойы қар жатады. тянь-Шаньды ал-
ғашқы зерттеуші П.П.семенов-тян-Шанский 1856 ж.
осы асудан өткен.
ҚАСКЕЛЕҢ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Алматы
обл. Қарасай ауд. Қаскелең қ-ның батыс бөлі-
гінде орналасқан. Қаскелең қ-н сумен қамтамасыз
етуге байланысты барланған. Кен орны төрттік
кезеңінің аллювийлі-пролювийлі және аллювий
генезисіне жататын шөгінділерде шоғырлан-
ған. су сыйыстырғыш тау жыныстары құмды
және құмды-сазды толықтырушылардан тұрады.
суландырылған тау жыныстарының қалыңд.
150–300 м, су жатқан деңгей 85–140 м-ден (жоғ.
ысырынды конуста) 6–10 м-ге дейін (жазықта) өз-
гереді. суының молдылығы су сыйыстырғыш
тау жыныстарының литол. құрамына байланысты.
суы тұщы, минералд. 0,2–0,4 г/л, гидрокарбонатты
кальцийлі. сулы кешеннің қалыңд. 80 м. Жобалы
бас тоған (су жинағыш) тереңд. 150 м-ге жететін 24
ұңғымадан тұрады. Бір ұңғымаға түсетін жүктеме
100 л/с. Кен орны 1958 жылдан игерілуде.
ҚАСКЕЛЕҢ КАНАЛДАРЫ, Алматы обл. Қа-
расай ауд-ндағы каналдар жүйесі. Каналдардың
жалпы су сыйымд. 28,2 млн. м
3
болатын 20 су
жүйелерінен (бөгеттер, бөгендер мен тоғандар)
тұрады. Ірілері: Көкөзек бөгені, К-25 бөгені, К-28
бөгені, Октябрь бөгені, т.б.
ҚАСҚАҚҰЛАН – Арал т-нің қазақстандық бө-
лігіндегі бұрынғы арал. теңіздің шығыс жаға-
сында Қызылорда обл. Арал ауд. Жыңғылтүбек
қонысынан батысқа қарай 21 км жерде орналасқан.
Аум. 9,3 км
2
. Арал «Үлкен тау» және «Кіші тау»
деп аталатын екі қыр төбеден тұрады. Мұндағы
байырғы шөгінділер олигоцендік құмдақ, аздаған
әктастан түзілген. Қ-ның солт. жағындағы жарқабақ
мүжіліп аласарған, өсімдігінің басым бөлігі жусан.
теңіз суы бар кезінде төбенің етегі мен теңіз жа-
ғасында жыңғыл, ақтікен қалың өскен. сиректеу
сексеуіл кездеседі. Жағалауымен ұласатын Қ-да
суы жылы, кермек татитын екі ұңғыма бар.
ҚАСҚАЛДАҚ (Fulіca atra) – тырнатәрізділер от-
рядының сутартарлар тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанда сусыз шөлдерден басқа аймақтарда
жаппай кездеседі. Мекиенінің салм. 500–700 г, қо-
разы ірілеу, 600–900 г-дай болады. Ересек құстар-
дың бас, мойын және құйрықасты қауырсындары-
ның түсі қара, арқасы жылтыр қара сұр, бауыры
жылтыр сұр. Басқа құстардан ерекшелігі – маң-
дайында ақ тері қатпары болады. Аяғы қысқа,
башайларында жапырақ тәрізді тері қатпарлары
бар. Қанаттары қысқа (19–23 см), ұшқанда суды
қанаттарымен сабалап ауыр көтеріледі, ұзаққа ұша
алмайды. Жақсы жүзеді, құрлыққа көп шықпайды,
өте сирек сүңгиді. Қорегі – әр түрлі омыртқа-
сыздар (су жәндіктері мен олардың дернәсілдері,
моллюскілер) мен су өсімдіктерінің жапырақ-
тары, жасыл сабақтары, тұқымдары, кейде майда
шабақтарды да ұстайды. Қ. – жыл құсы. наурызда
ұшып келеді. Ұясын жағасы батпақты, қамыс пен
өлеңшөп өскен шағын көлдер мен олардың жай-
ылмаларына, қалың жықпылдар арасына салады.
Қаскелең
Жасыл сарғыш дағы бар ақшыл түсті 5–12 (көбінесе
7–9) жұмыртқаны мекиені мен қоразы бірге 2–3
апта шайқайды. Жұмыртқадан қара мамықты бала-
пан шығады. Қысқа қарай Каспий, Жерорта т-дері,
Алдыңғы және Оңт. Азия, солт. Африкаға ұшып
кетеді. Еті дәмді, күзге қарай жақсы семіреді. Қ-тың
саны өте көп болғандықтан, олар әуесқойлық және
кәсіптік жолмен ауланатын құстардың қатарына
жатады.
ҚАСҚАРАШОҚЫ, Қ о с қ а р а ш о қ ы – Шағырай
үстіртінің оңт.-батысындағы төбе. Ақтөбе обл.
Байғанин ауд. Оймауыт а-ның оңт.-шығысында 72
км жерде орналасқан. Абс. биікт. 127 м. солт.-шы-
ғыстан оңт.-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді
жері 1 км. Батысында Бикембай, солт-нде Бекежан
артезиан құдықтары, шығысында Борлытау
төбесі бар. сортаң топырақ жамылғысында жу-
сан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚАСҚЫР (Canіs lupus) – қасқыр тұқымдасына
жататын жыртқыш. дене тұрқы ірі. Асыранды
иттің арғы жабайы тегі – Қ. деп есептелінеді. дене
мөлш. 105–160 см, салм. 20–35 кг. Үлпілдек жүнді
құйрығының ұз. 29–50 см, түсі ашық сұр түстен
қара түске дейін болады. Аяқтары ұзын. Жылына 2
рет түлейді. Буаздық мерзімі 62–75 күн, қаншығы
3–13, көбінесе 4–6 күшік табады. Қ-лар 15–16 жыл
өмір сүреді. Қорегін көбіне түнде аулайды, қорек
іздеп 70–85 км-ге дейін барады. Жылдың суық
мезгілінде топталып тіршілік етеді, сөйтіп, жа-
байы аңдармен қоса үй жануарларына ғана емес,
адам өміріне де қауіп төндіреді. Шағын ұялас
тобын – әуегі, ал сол әуек басшысын – абаданы
деп атайды. Қ. ауру немесе әлсіз жануарлармен
қоректенетіндіктен, табиғи сұрыпталудың ма-
ңызды факторы болып табылады. Қ-дың терісінен
ішік тігеді, өтін емге пайдаланады.
ҚАСҚЫРЖЕМ (Asparagus) – лалагүлділер тұ-
қымдасына жататын қос үйлі, көп жылдық шөп-
тесін өсімдік. Қазақстанның биік таулы жар-
тастарында, далалы аймақтарындағы өзендер мен
көлдердің жағалауында өсетін 11 түрі бар. Биікт.
70–120 см. тарамдалған тамыры, бір жынысты
ұсақ гүлі болады. Мамыр–шілде айларында гүл-
дейді, жемісі шілде–тамызда піседі. Жемісі – жи-
Қасқыр
381
Қастек
дек. Көп жерлерде көкөніс ретінде қолдан өсіреді.
тамыры мен сабақтарында витаминдер (А, В
1
, В
2
,
с) және 2% белок пен 2,4% көмірсу бар. Қ. – дә-
рілік өсімдік, одан аспарагин, сапонин, кумарин,
алкалоидтар алынады. Қ-нің өте сирек кездесетін
түрі – Введенский Қ-і Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген.
ҚАСҚЫРЖИДЕК (Daphne) – көкендер тұқымда-
сына жататын бұта. Қазақстанның Алтай, сауыр,
Маңырақ және тарбағатай жоталарының биік таулы
тастақты жерлеріндегі жалпақ және қылқан жапы-
рақты ормандарында өсетін 2 түрі бар. Олардың
биікт. 40–80 см. сирек бұтақты сабағының сарғыш
сұр түсті қабығы болады. Жапырақтары ұзынша
қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан. Гүлдері
ақ, қызғылт немесе сары түсті, хош иісті, бірігіп
гүлшоғырын құрайды (кейде гүлі дара да жетіледі).
Маусым–шілде айларында гүлдеп, шілде–тамызда
жемісі піседі. Жемісі – ашық қызыл түсті, бір тұ-
қымды сүйекше. Қ. – өте улы өсімдік. Оның же-
місі мен қабығынан дәрі жасалады. Гүлі өте әдемі
болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Алтай Қ-н
қазақтар усойқы деп те атайды. Бұл өте сирек кез-
десетін өсімдік. Оның жылдан-жылға таралу ай-
мағының азаюына байланысты қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАСҚЫРЖОЛ ЖОТАСЫ, солт. Ақтау жота-
сының шығысында, Маңғыстау обл. Маңғыстау
ауд. жерінде, ендік бағытта 35 км-ге созылып жа-
тыр, енді жері 10 км-ге жетеді. Абс. биікт. 285 м
(шығысындағы төрткіл тауы) Геол. тұрғыдан Қ. ж.
эпигерциндік платформа жабындысында орна-
ласқан мезо-кайнозой шөгінділерінен түзілген.
Антиклиналь қанаттарын бор кезеңінің әктасты
шөгінділері жапқан. Қ. ж. мен Қаратау жотасы
аралығындағы аңғар төм. бор кезеңінің саздары
мен құмтасты қабаттарынан қалыптасқан. Онда
диам. 1,5–2 м, кейде 3 м-ге жететін шар тәрізді до-
малақ тастар кездеседі. Олардың кейбіреулерінің
іші желдің әсерінен кеуекті болып келеді. Жо-
таның солт. беткейлері тік құлама болып кел-
ген және сай-жыралармен қатты тілімденген.
Оңт. беткейлері көлбеуленіп, Шығыс Қаратау
жотасына аңғар түзеп алмасады. тік солт. бет-
кейлері жота баурайында жазыққа айналып,
Қайдақ сорына ұласады. Шығысында тұзбайыр
соры жатыр. Аңғарлық оңт. баурайында қыстау-
лар мен бұлақтар орналасқан. солт. баурайымен
Бейнеу–сайөтес–Ақтау т. ж. өтеді. Жер бедерін
ірі түйіршікті құнарлығы төмен сортаңды сұр
топырақ жапқан. Онда шөлге тән тасбұйырғын,
бұйырғын, күйреуік, боз жусан, т.б. өседі.
ҚАСҚЫРЛЫ, В о л ч и й – Жетісу (Жоңғар)
Алатауының солт. жотасы Көкжота тауларындағы
асу. Алматы обл. сарқант ауд-нда орналасқан. теңіз
деңгейінен абс. биікт. 3227 м. Көкжота тауларының
орта тұсында орналасқан асудан маусым–қыркүйек
айларында салт атты адам өте алады. Беткейі тік
құз, шатқалды келген. Кертпештелген солт. бетке-
йінің етегінен Лепсі өз-нің сол саласы – теректі
өз. бастау алады. тау шатқалында қарағай, қайың,
көктерек, арша, итмұрын, долана т.б. ағаштар мен
бұта шоғырлары өскен.
ҚАСҚЫРЛЫ – Баршақұм құмының солт.-шы-
ғысындағы құмды алқап. Ақтөбе обл. ырғыз ауд.
Жайсаңбай а-ның оңт.-шығысында 30 км жерде
орналасқан. Абс. биікт. 77 м. солт.-батыстан оңт.-
шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері
6 км. Жер бедері қырқалы-төбешікті, бірен-саран
шағылдар кездеседі. солт-нде Бағымбай, батысын-
да Баласұран, шығысында Шатырлысор қоныстары
бар. Құмның сұр, сортаң топырақ жамылғысында
жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, грунт
суы жер бетіне жақын жатқан ойысты жерлерінде
жыңғыл, қамыс, құрақ өседі. Жыл бойы мал жайы-
лымына пайдаланылады.
ҚАСТЕК – Іле Алатауының батысындағы жота.
Алматы обл. Жамбыл ауд.Қырғызстан аумағына
қарасты жерде орналасқан. Абс. биікт. 2782 м
(Қоңыртөбе тауы). Батыстан шығысқа қарай ен-
дік бағытта шамамен 60 км-ге созылған, енді жері
25 км. негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық
тақтатасынан, гнейстен, кейбір тұсында жер бетіне
шығып жатқан гранитоидтардан түзілген. Жер бе-
дері орта таулық, жалдары тегістелген, беткейлері
тік, сай-жыралармен тілімденген. Шу-Іле өзенде-
рінің суайрығы саналатын жотаның баурайынан
Қастек, Қарақастек, Қарақоңыз, т.б. өзендер бастау
алады. Жотада бірнеше ландшафтық-климаттық
белдеулік байқалады. тауалдының далалық қоңыр
топырақты белдеуінде (800–1400 м) бидайық, тарғақ
шөп, бозшағыл, т.б. шөптесіндер өседі. 1400–2600 м
биіктіктегі шалғынды қара топырақты жерлерінде
сирек орман, үстіртті-жонды белдеуінде (2600 м-
дей биіктікте) доңызот, самалдық, байғұт, субаль-
пілік шалғын өскен. солт. беткейінде Жетіжол
Қасқыржол жотасының сазды-құмдақты аңғары
Қастек жотасы
382
әрі ылғалды ауа массасының ықпалында бола-
ды. соған байланысты қаңтардың ор-таша ауа
темп-расы –13–18°с, шілдеде 15–17°с. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлш. 350–400 мм.
Аудан жері суға бай. су торабы Ертіс өз-нің ор-
таңғы үлкен доғасынан және оның оң салалары
– Бұқтырма мен нарын өзендерінен тұрады. Ертіс
өз-нде Бұқтырма бөгені салынғаннан кейін ау-
данның су қоры бұрынғыдан да молайды. нарын
мен Бұқтырманың және олардың тау беткейлері-
нен басталатын салаларының энергет. және ағаш
ағызуда маңызы зор. тау бөктерлері мен беткейле-
рінде тұщы және минералды су бұлақтары көптеп
кездеседі. рахманов қайнары да осы ауданның же-
рінде. Ауданның топырақ-өсімдік жамылғылары
негізінен биіктік белдемділігі бойынша тарал-
ған. Кей жерлерде белдемділік жер бедері мен
климатқа, су деңгейінің тереңдігіне байланыс-
ты едәуір өзгеріп отырады. тау бөктерлерінде
қара топырақ, одан жоғары орманның боз және
күлгін қара топырағы, одан жоғары ашық күл-
гін топырақ тараған. таулардың жазық етектері,
тау аңғарлары бетегелі-селеулі, одан жоғарыда
қайың мен терек аралас өскен әр түрлі шөптер
мен селеулі өңірлер. 700 м-ден жоғарыда астық
тұқымдас шалғын шөптер өскен қылқан жапы-
рақты ормандар басталады. Одан әрі самырсын,
шырша, майқарағай аралас орман өседі. Орман
белдемінен жоғ. тұс мал азықтық маңызы зор су-
бальпілік және альпілік шалғындар. Жануарлар
дүниесінен көбінесе таулы аудандарға тән түрлер
таралған. Олардың ең маңыздылары қымбат
терілі аңдар: ақ тиін, ақ тышқан, күзен, ондатр,
бұғы, елік, аю; құстардан бүркіт, қаршыға, ител-
гі, өзендерде суда жүзетін құстар; балықтардан
сүйрік балық, қарауыз, таймен, т.б. кездеседі.
Ірі елді мекендері: Үлкен нарын, Қатонқарағай,
өрел (урыль), Шыңғыстай, Жамбыл, Белқарағай,
новоберезовка, новохайрузовка, Черновая, т.б.
Аудан етті-сүтті мал, қой, бұғы, марал, бал омар-
тасы, егін ш-на маманданған. Ауыл ш-на жарамды
жері 826,3 мың га, оның ішінде жыртылған жері
67,4 мың га, шабындық 70,6 мың га, жайылым
674,4 мың га. Аудандағы автомоб. жолының жал-
пы ұз. 593 км, 94,2 км су құбыры тартылған. Аудан
жерімен өскемен – серебрянск – Үлкен нарын ав-
томоб. жолы өтеді.
жотасының аралығында Жаңа Қастек асуы өтеді.
Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
ҚАТАРКӨЛ, Қ о т ы р к ө л – Ақмола обл. Бурабай
ауд. Щучинск қ-нан 22 км жерде орналасқан көл.
Аум. 4,7 км
2
. теңіз деңгейінен 439,9 м биіктікте
жатыр. Ұз. 3,4 км, енді жері 1,65 км, жағалау бойы-
ның ұз. 9,8 км. Көлге 19 млн. м
3
су жиналады, ең
терең жері 7,7 м. су жиналатын аум. 29,9 км
2
. суы
тұщы, 0,7–0,8 г/л. Көл беті ашық, тек солт.-батыс жа-
ғалауында қамыс, құрақ өскен. түбі құмды, қиыр-
шықтасты, ортасы мен батыс жағалауы батпақты.
Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толысады.
Көл жағасындағы Қатаркөл а-нда демалыс үйлері
орналасқан. соңғы жылдары су деңгейі 1957 жылмен
салыстырғанда 2–2,5 м төмен түскен.
ҚАТҚАНСОР – Ащыкөл ойпатының оңт.-шығы-
сындағы сор. Оңт. Қазақстан обл. созақ ауд-нда ор-
наласқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта
18 км-ге созылып жатыр, енді жері 4–5 км. Көктемде
жиналған су жазда тартылып, сор батпақтар жа-
рылып қабыршақталады. сор шеттерінде сексе-
уіл шоғырлары өскен.
ҚАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ – Шығыс Қазақ-
стан обл-ның қиыр шығысындағы әкімш. бөлі-
ніс. 1935 ж. құрылған. 1997 ж. Қ. а. құрамына
Большенарым ауд. енді. Жер аум. 13,2 мың км
2
.
тұрғыны 37,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге
шаққанда 2,8 адамнан келеді (2010). Ауд. орт. –
Үлкен нарын а. Аудандағы 54 елді мекен 13 ауыл-
дық әкімш. округке біріктірілген. Ертіс өз. мен
оның оң салалары Бұқтырма және нарын өзен-
дері алабында орналасқан. Қ. а-ның жер бедері
тым күрделі. Оңт-н батыстан шығысқа қарай бірі-
не-бірі жалғасып жатқан нарын (биікт. 2533 м),
сарымсақты (Бүркітауыл, 3373 м), тарбағатай
(2739 м) жоталары, одан шығысқа қарай Оңт.
Алтай жотасы (3485 м), солт-н Қызылқарағай мен
Қатын (Катун) жотасы (Алтай республикасын-
да), қиыр солт-н Мұзтау (4506 м) алып жатыр.
Кен байлықтарынан түсті және сирек металдар
кездеседі (нарын мен Оңт. Алтайда). Құрылыс
материалдары да мол. Қ. а-ның климаты тым кон-
тиненттік және жер бедерінің күрделілігіне бай-
ланысты аудан аумағында едәуір айырмашылық
бар. Қыста аудан аумағы, негізінен, солт.-шығыс
Моңғолиядан келетін аязды және желді ауа мас-
сасының, ал жазда солт.-батыстан есетін жылы
Қатаркөл
Қатаркөл көлінің жартасты жағалауы
Бұқтырма өзенінің орта ағысы
383
Қатты
ҚАТОНҚАРАҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯ-
БАҒЫ, Шығыс Қазақстан обл-ның Қатонқарағай
ауд. аумағында. солт-нде Қызылқарағай және
Қатын тау қыраттарына ұласа отырып, ресеймен
шектеседі. Шығысында Үкек қаласымен (ресей,
Алтай республикасы) және Қытаймен, оңт-нде
темірқаба өз-н бойлай Марқакөл қорығымен шек-
теседі. 2001 ж. ұйымдастырылған. Ауд. 643 мың
га, оның 215 мың га-сы орманды алқап, ағаштары-
ның қоры 24 мың м
3
, қорықтық аймақ жері 151 мың
га. саябақтың пайдаланылатын аум. 492 мың га.
Қ. ұ. т. с-ның жері жануарлар мен өсімдіктер тү-
ріне бай. Мұнда сүтқоректілердің 72 түрі, оның
ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну,
т.б. бар. Құстардың 250-ден астам түрі кездеседі.
соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген: ұлар,
қара дегелек, т.б. құстар бар. саябақ жерінде са-
мырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың,
мойыл, терек, т.б. өседі. Осында өсетін 700-ге жуық
өсімдік түрінің 40-тан астамы өте сирек кездесетін
болғандықтан және жылдан-жылға таралу аймағы
азайып бара жатқандықтан Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген. Мыс., алтын тамыр, алтай
рауғашы, марал түбірі, т.б. саябақ жері нивальды
(теңіз деңгейінен 2800 м биік), тундра-шалғынды
(2000–2800 м), таулы-орманды (1200–2300 м) және
орманды-шалғынды-далалы (900–1200 м) болып, 4
табиғи биіктік аймаққа бөлінеді. Жер аумағының
⅓-ін қалдық қылқан жапырақты орманы басым
орманды ландшафт алып жатыр. сондай-ақ саябақ
жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне де
бай. теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан
сібір мен Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтау, одан
шығатын Қызылқарағай жотасының тізбегі мен
Бұқтырма мен Берел (Бергіел) өзенаралық биік
тауы кіреді. әріректе Оңт. Алтай (ең биік нүктесі
Жағыртау тауы – 3871 м), тарбағатай (Хрустальная
тауы – 3094 м) және сарымсақты (Бүркітауыл
тауы – 3373 м) көрінеді. Ұлттық бақ жерінде мұз-
дықтың екі орт.: Мұзтаудағы (Қатын жотасы) Ақ
Берел қайнар көзі мен Оңт. Алтай жотасының
шығыс шеті орналасқан. Берел қайнар көзінде 30-
дан астам мұздық кездеседі. Климаты тым конти-
ненттік. Жылдық жауын-шашын мөлш. 600–1800 мм
аралығында. саябақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма
өз-нің алабы, оңт.бөлігін Қарақаба өз. алып жатыр.
Мұнда кең су арнасы 80 м биіктіктен құлайтын
Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара Берел, рахман
көлдерінің сарқырама тармақтары бар. тархан
геол. қимасы, рахман бұлағы, мәдени-тарихи ес-
керткіш болып табылатын Берел сақ қорғаны мен
Көккөл кеніші, Ұлы Жібек жолының солт. алтын
тармағы, марал ш. саябақ аумағында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |