ҚАРАМЕНДЕ, Қ а р а м е ң д і – солт. Балқаш ала-
бындағы өзен. Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. жерімен
ағады. Ұз. 73 км, су жиналатын алабы 1,1 мың км
2
.
Бастауын Қиматас тауының оңт-ндегі бұлақтардан
353
Қараоба
орта төрттік кезеңінің қазіргі аллювийлі шөгіндісінің
сулы қабатында шоғырланған. су сыйыстырушы
тау жыныстары құмды-кесектасты, тасмалталы-ке-
сектасты шөгінділерінен тұрады. Олардың қалыңд.
2,6–8 м. Грунт суы 1,7–2,1 м тереңдікте жатыр. Ұң-
ғымалардың дебиті 2,9–17,5 л/с. суы тұщы, мине-
ралд. 0,2–0,7 г/с, құрамы бойынша гидрокарбонат-
ты-сульфатты натрий-кальцийлі, жобалық бас тоған
тереңд. 20 м болатын 8 ұңғымадан тұрады. Кен орны
игерілмеген.
ҚАРАҢҒЫЛЫҚ, Қ а р а ғ а н д ы қ – Обаған алабын-
дағы өзен. Қостанай обл. Меңдіқара ауд. жерімен
ағады. Ұз. 68 км, су жиналатын алабы 850 км
2
. Бас-
тауын Архиповка а-ның тұсындағы шағын көлден
алып, Мокрое а-нан төменде Алакөл көліне құяды.
Жоғ. ағысы төбелермен, қалған бөлігі сайлы-жы-
ралы жерлермен ағады. сәуір–мамыр айларында
тасиды. суымен шабындық суландырылып, егістік
суғарылады.
ҚАРАОБА – тотықұс тауының оңт.-батысындағы
шоқылы тау. солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд.
Құйған а-ның оңт-нде 10 км жерде, Есіл өз-нің аңға-
рында орналасқан. Абс. биікт. 267 м. доға тәріздес
тау батыстан оңт.-шығысқа қарай 16 км-ге иіле созы-
лып жатыр, енді жері 10 км шамасында. Беткейлері
жайпақталып, жазыққа ұласқан. Қара қоңыр топырақ
жамылғысында айрауық, қызыл селеу, таңқурай, сирек
шоққайыңдар кездеседі. Шабындық және жайылым
ретінде пайдаланылады.
ҚАРАОБА – Амантау тауларының оңт.-шығысын-
дағы шоқы. Қарағанды обл. нұра ауд. Айнабұлақ а-
ның шығысында 15 км жерде орналасқан. Құланөтпес
және сыртқы өзендерінің аралығында жатыр. Абс.
биікт. 606 м, салыстырмалы биікт. 106 м. солт.-батыс-
тан оңт.-шығысқа қарай созылған шоқылар тізбегінен
тұрады. Ұзындығы шамамен 10–11 км, енді жері 6 км.
Беткейі көлбеу, маңында тәнеке, Бақа, т.б. шоқылары
мен Жантай, Шортанбай қыстаулары орналасқан.
тас көмір және девон гранитоидтарынан түзілген.
Қызғылт қоңыр топырағында тал, шілік аралас дала
өсімдіктері өседі.
ҚАРАОБА – Мұғалжар тауларының батыс бөлігін-
дегі оқшауланған төбе. Ақтөбе обл. Алға ауд. Қайнар
а-ның шығысында 4 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
алып, Қарақұл а. тұсында тоқырау өз-не құяды. Ар-
насы кең, ағыны баяу. Көктемде су деңгейі көтеріледі.
Алабы шабындық, егін суғаруға пайдаланылады.
ҚАРАМОЛА – Ұлытау тауларының оңт. бөлігіндегі
шоқылы тау. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Қарсақбай
кентінің солт.-батысында 10 км жерде орналасқан.
Абс. биікт. 649 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай
10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында.
Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Жер қыр-
тысы протерозой дәуірінің жыныстарынан түзілген.
солт-нде Қантөбе тауы, шығысында Қызылқұдық,
оңт-нде тасқұдық құдықтары, батысында Пионер
қыстауы орналасқан. тау баурайындағы бұлақтардан
Бала Жезді, тумырза-сарыбай өзендері бастау алады.
Аласа таудың қоңыр, бозғылт сұр топырақ жамылғы-
сында ырғай, қараған, тобылғы, қылқан селеу, сұлы-
бас, еркек шөп, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі
мал жайылымына пайдаланылады.
ҚАРАМҰРЫН – Қаратау жотасының батыс бөлігін-
дегі тау массиві. Қызылорда обл. Шиелі ауд. Еңбекші
а-ның солт-нде, 9 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
498 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 18 км-ге со-
зылып жатыр, енді жері 13 км шамасында. солт. бет-
кейі тіктеу, оңт-ке қарай көлбеуленіп жазыққа ұласады.
Оңт. және солт. бөліктерінде таудың түпкі жыныстары
жер бетіне шығып жатыр. Батысынан Бестам каналы
өтеді. Қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында
бетеге, боз, көде, жусан, бұталар өседі. Қ-да өзімен ат-
тас уран кен орны бар.
ҚАРАМЫС ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарағанды
обл. Шет ауд. дария кентінен шығысқа қарай 52 км
жерде, Қарамыс өз. аңғарында орналасқан. Кен орны
неогеннің сутректі сазында жатқан Қарамыс өз-нің
Қараңғылық өзені
Ұлытаудың Қарамола тауындағы жайылым
Қаратау жотасындағы Қарамұрын тауының етегі
354
тыр. Үстірт бетінде бірнеше жеке таулар (уәлитөбе,
Қостөбе, тасқара, т.б.) кездеседі. Ең биік жері Қара-
төбе шоқысы (764 м). Қ. пермь жүйесінің эффузивтік
жыныстарынан, саздақты шөгінділерінен түзілген.
Үстірттің сұр топырағында эфемерлі шөптер және
жусан өседі. Оңт-нде сорбұлақ көлі орналасқан.
ҚАРАӨЗЕК – сырдария алабындағы өзен (тармақ).
Қызылорда обл-ның сырдария, Жалағаш, Қармақшы
аудандары жерімен ағады. Ұз. 188 км. сырдария өз-
нен Қараөзек а. маңында бөлініп, Жосалы кенті тұ-
сында қайта қосылады. Аңғары қатты шайылуға
ұшыраған. Алабында бірнеше ұсақ көлдер, қамысты
батпақтар бар. Орташа жылдық су ағымы бастауын-
да 323 м
3
/с, сырдарияға қосылар тұсында 245 м
3
/с.
суы егін, бау-бақша ш-нда пайдаланылады.
ҚAРAӨЗЕН, Ү л к е н ө з е н – Еділ-Жайық ала-
бындағы өзен. ресейдің саратов және Батыс Қазақ-
стан обл-ның Казталов және Жаңақала аудандары
жерімен ағып өтеді. Жалпы ұз. 650 км, қазақстандық
бөлігінің ұз. 260 км. су жиналатын алабы 9,4 мың
км
2
. Қ. Жалпы сырттың батыс бөлігіндегі жазықтан
басталып, Жаңақала ауд. жеріндегі Қамыс-самар
көлдерінің бірі – Айдын көліне құяды. Ірі салалары:
Ащысай, Мұқыр, Қарасу. Аңғары кең, көпшілік же-
рінде жайылмасы батпақты болып, шағын көлшіктер
жасайды. негізінен қар, жауын-шашын суларымен
толығады. Көктемде су бірнеше км-ге жайылып,
жазда суы тартылғаннан кейін 1 га-дан 12–15 ц түсім
беретін астық тұқымдас шалғын шөп өседі. Орта-
ша көп жылдық су ағымы ресеймен шекаралас тұ-
сында 7,8 м
3
/с, сағасында 8,85 м
3
/с. өзен сағасынан
104 км жерден сарышаған, 77 км жерден Айдархан
бөгендері (екеуінің су сыйымд. 113 млн. м
3
) салынған.
суын Казталов, Жаңақала аудандарының ш-тары
пайдаланады.
Қараой
407 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 11 км-ге
созылып жатыр, енді жері 5 км шамасында. Беткейі
жайпақталып жазыққа ұласады. солт.-шығысында
Жоғ. өлеңті қыстауы, оңт-нде Бестөбе төбесі орналас-
қан. Оңт. етегіндегі бұлақтардан Жамансу өз. бастау
алады. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жу-
сан, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі.
ҚАРАОЙ – Қаратал алабындағы өзен. Алматы обл-
ның Ескелді би ауд. жерімен ағады. Ұз. 69 км, су жина-
латын алабы 484 км
2
. Бастауын Жетісу (Жоңғар) Ала-
тауының батыс бөлігіндегі мұздықтардан алып, теке-
лі қ. тұсында Қаратал өз-не құяды. Аңғары шатқалды,
ағыны қатты. Жылдық орташа су ағымы текелі қ. тұ-
сында 12 м
3
/с. суы шаруашылыққа пайдаланылады.
ҚАРАОЙ ЖАЗЫҒЫ – Жамбыл обл. Қордай және
Алматы обл. Жамбыл аудандары жерінде орналасқан
үстіртті жазық. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай
45–50 км-ге созылып жатыр, енді жері 18–20 км. теңіз
деңгейінен 1050–1080 м биіктікте. Қ. ж-ның жер қыр-
тысы пермьнің эффузивтік және ордовик шөгінділе-
рінен түзілген. Жазықтың сортаңды сұр топырағында
сұр жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. эфемероидты шөп-
тесіндері өскен. Жазықтың батысындағы Қопалысай
және Жыңғылды өзендерінің аңғарлары мал жайы-
лымы саналады.
ҚАРАОЙ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Алматы обл. Іле
ауд. Қараой және Бозой үстірттерінде орналасқан.
Аудан шаруашылықтарының сұранысы бойынша
барланған. Кен орны төм. төрттік кезеңінің аллюви-
йлі-пролювийлі шөгінділерінің сулы қабат кешенін-
де шоғырланған. сулы тау жынысы арагідік құм қа-
баттармен бөлінген құмдақтар мен қиыршықтардан
тұрады. Грунт сулары 170–175 м тереңдікке жетеді.
өздігімен ағатын ұңғыма дебиті 0,5-тен 11 л/с-қа де-
йін өзгереді. Жер асты суы тұщы, минералд. 0,1–0,3
г/л, гидрокарбонатты-натрийлі, кейде гидрокарбо-
натты-сульфатты натрий-кальцийлі. сулы кешен
жер үсті және атмосф. жауын-шашынның сүзілуінен,
сондай-ақ тереңде жатқан судың циркуляциясынан
толығады. сулы қабаттың орташа қалыңд. 20 м.
Есептік бас тоған әрқайсысы секундына 29 л су бе-
ретін екі ұңғымадан алынады.
ҚАРАОЙ ҚОРЫҚШАСЫ – мемл. зоол. қорықша.
Қорықша сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан
жануарларды қорғау мақсатында Алматы обл-ның Бал-
қаш ауд-нда 1979 ж. құрылған. 2006 ж. Қр Үкіметінің
қаулысы бойынша Қараой мемл. табиғи кешенді қо-
рықшасы болып өзгертілді. Жер аум. 5,1 мың км
2
. Іле
өз-нің атырауындағы қамысты, шалғынды, сортаң,
құмайтты топырақты алқаптарды қамтиды. Қо-
рықша Бақанас және Күрті орман және жануарлар
әлемін қорғайтын мемл. кәсіпорындармен жапсарлас
орналасқандықтан бұл аумақта сексеуіл дайындала-
ды. сексеуілдерді бей-берекет кесуге шек қойылып,
оларды қорғау жолға қойылған. Қорықша аумағында
жануарлардан елік, доңыз, т.б. мекендесе, қазір сирек
кездесетін Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіл-
ген аң-құстар қарақұйрық, сұңқылдақ аққу, қоқиқаз,
бұйра бірқазан, ақ тырна, сұр тырна, т.б. қорғалады.
ҚАРАОЙ ҮСТІРТІ – Іле өз-нің сол жағалауындағы
үстіртті тау. Алматы обл. Іле ауд-нда, Күрті және
Қаскелең өзендері аралығында жатыр. Шығысы Қап-
шағай бөгеніне тіреледі. Оңт.-шығысында бойлық
бағытқа созылып Мойынқұм құмды алқабы жа-
Қараой үстіртіндегі тау аңғары
Қараөзен өзенінің қамысты-қорысты жағалауы
355
Қарасай
ҚАРА ӨРІК (Prunus) – раушангүлділер тұқымдасы-
на жататын жапырақ тастайтын ағаш. солт. жарты
шардың қоңыржай аймағында таралған 40-қа жуық (кей-
бір мәліметтерде 300–400) түрі белгілі. Қазақстанның
таулы аймақтарындағы жалпақ жапырақты немесе
аралас және қарағайлы ормандардың арасында өсетін
3 түрі (алхоры, алша, тікенді Қ.) бар. соның ішінде жиі
кездесетіні – а л х о р ы (P. domestica). Биікт. 5–12 м-
дей, қоңыр қабықты ағаш. Жапырақ бүрлері жұмыртқа
тәрізді (ұз. 2 мм-дей). Жапырақтары эллипс немесе қан-
дауыр тәрізді, шеттері бүтін, өркенге кезектесіп орна-
ласады. тостағанша және күлте жапырақшаларының
саны – бес-бестен. Қысқа гүлсағағында орналасқан дара,
ақ түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған.
Жапырақтары шыққанша гүл жарады. Бір үйлі, 2 тұ-
қым бүршігі болады, оның біреуі ғана тұқым жарады.
Аталығының саны – 20. Жемісі – шырынды, етті, бір
тұқымды сүйекше. Олар қоректік заттарға бай. Жемі-
сінің құрамында: 6,97–17,7% қант, 0,16–2,28% қыш-
қылдар, 0,15–1,05%-дай илік заттар, сонымен қатар с
және р витаминдері бар. дәнінің құрамында 31–42% май
және 0,3–0,46% амигдалин болады. Қ. ө. жемістерін
жасаң түрінде пайдаланумен қатар көп мөлшерде қайта
өңдеуге, әсіресе, кептірілген қақ (қара өрік), тосап,
сусындар, пастила, джем, мармелад, арақ-шарап жа-
сауға қолданады. Көптеген түрлерінің сүрегі мықты
болады. Қ. ө-тің кейбір түрлерінің сүйектері телітуші
өсіруге кең пайдаланылады.
ҚАРАСАЗШОҚЫ – Қарақия ойысының солт.-шы-
ғысындағы оқшау төбе. Маңғыстау обл. Маңғыстау
ауд. Үштаған а-нан батысқа қарай 38 км жердt орна-
ласқан. Абс. биікт. 225 м. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км
шамасында. Беткейі жайпақ, етегі тақыр. солт.-ба-
тысында Қаңтарқолы төбесі, шығысында Басқұдық
құмы және Мырзайыр қыстауы, оңт-нде Қарасаз құ-
дығы бар. сортаң сұрғылт топырақ жамылғысында
тасбұйырғын, қара жусан, бұйырғын, т.б. өсімдіктер
өседі.
ҚАРАСАЙ – теріскей Алатаудың шығысында, се-
менов мұздықтарының бойындағы шың. Алматы
обл. райымбек ауд. жерінде. Абс. биікт. 4520 м. солт.
және оңт. беткейлері тік құламалы-жартасты болып
келеді. Батысы мен шығыс бөлігін мұздықтар алып
жатыр. солт. беткейінен Баянқол өз-нің салалары бас-
тау алады. Оңт-нде семенов, Хантәңірі шыңдары
орналасқан.
ҚАРАСАЙ – Балқаш көлінің оңт.-батыс алабына
қарасты өзен. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. жерімен
ағады. Ұз. 80 км, су жиналатын алабы 1960 км
2
.
Бастауын Майжарылған тауларының солт. етегіндегі
бұлақтардан алып, Балқаш көлінің оңт.-батысын-
дағы Айрық шығанағы маңындағы батпаққа құяды.
Орташа су ағымы 0,18 м
3
/с. өзен арнасының басым
бөлігі сайлы-жыралы өңірмен өтеді. тек төм. арна-
сы кеңейіп жазық жермен ағады. Қ-дың жалпы ұз.
95 км болатын 29 саласы бар. Ірілері: Қияқты және
Қаракөз (Қарақұс). Ағыны көктемгі қар еру кезінде
ғана байқалады. Жаз айларында қарасуларға бөлініп
қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
ҚАРАСАЙ – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
Атырау обл-ның Жылыой, Маңғыстау обл-ның
Бейнеу аудандары жерімен ағады. Бастауын Жел-
тау, Көлеңкелі тауларының баурайынан алып,
Маңсуалмас жонының солт-ндегі сорға құяды. Ұз.
73 км, су жиналатын алабы 6290 км
2
. Жаман Қа-
расай және Жақсы Қарасай болып екі саладан
тұрады. Арнасы дефляцияға ұшыраған, аңғары
айқын қалыптаспаған, сағасы борпылдақ шөгінді-
лерден тұрады. Қар суымен толығады. Ағындысы
көктемгі қар еру кезінде 10–15 күндей ағып, жазда
түбіне дейін құрғап кетеді. Алабы мал ш-на пай-
даланылады.
ҚАРАСАЙ – сарысу алабындағы өзен. Қараған-
ды обл-ның Жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Ұз.
73 км, су жиналатын алабы 1680 км
2
. Бастауын
сарыарқаның оңт. бөлігіндегі Желдітау сілемінде-
гі бұлақтардан алып, Мұңлы тауының шығысында
Көктас өз-не құяды. Аңғары кең. Қар және жер асты
суларымен толығады. Көктем айларында ғана арна-
сында ағын болады. суына мал суарылады.
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ – Алматы обл-ның оңт-нде
орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. Ленин ауд. бо-
лып құрылған. Кейін (1935 жылға дейін) Калинин
есімімен, 1935 жылдан Қаскелең аталып, 1998
жылдың қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады.
Жер аум. 2,1 мың км
2
. тұрғыны 170,4 мың адам, ор-
таша тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда 81,1 адамнан келеді
(2010). Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қала-
лық және 12 ауылдық әкімш. округке біріктірілген.
Оңт., оңт.-батыс бөлігі таулы (Іле Алатауының биік
шыңды сілемдері), орт. бөлігі сай-жыралармен ті-
лімденген жазық. Ауданның ең биік жері – Айдатау
шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан.
Қаскелең шатқалы
Қара өрік
356
Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биікт. 3000 м-
ден асатын бірнеше таулар мен асулар (тікқия,
Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе,
Емеген, Құмбел, Қаскелең, Алматы, Озерный) бар.
негізінен халық тығыз қоныстанған әрі шаруашы-
лық тұрғыдан жақсы игерілген өңірі теңіз деңгейінен
700–1100 м биіктікте жатыр. Климаты континент-
тік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың
жылдық орташа темп-расы –6–9°с, шілдеде 22–
24°с. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері
жазық өңірде 300–500 мм, тауда 1000 мм-ге дейін же-
теді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу),
Ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзендері ағып
өтеді. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң
даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі
барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері кез-
деседі. Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма,
өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік
шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б.
астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Жануарлардан
арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстар-
дан ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді. Ірі
елді мекендері: Қаскелең қ., Шамалған, Шамалған
ст., Алатау, Каменка, Қарағайлы, Көксай, Абай,
Іргелі, Жалпақсай және Ақжар а-дары. Қ. а-ның а. ш-
на жарамды жерінің аум. 229,6 мың га, оның ішінде
50,6 мың га егістік, жайылым 10 мың га, шабындық
5,8 мың га (2008). Аудан жерімен халықар. маңызы
бар Алматы–Астана және Алматы–ташкент автомоб.
жолдары, сонымен бірге түрксіб т.ж. өтеді.
ҚАРАСАЙ МҰЗДЫҒЫ – теріскей Алатаудың солт.
беткейіндегі қазаншұңқыр тұрпатты мұздық. Байын-
қол өз. алабында. Алматы обл. райымбек ауд-нда.
Ұз. 4,8 км, ашық жері 4,5 км. Мұздықтың жалпы
аум. 8,4 км
2
, оның ішіндегі мұзқар (фирн) алаңы
3,6 км
2
, мұздық тілінің ашық жері 5,8 км
2
. Морена
басқан бөлігі 0,3 км
2
. Биік жері – Қарасай шыңы
(4520 м). Мұздық 3980 м биіктіктен басталып,
3570 м-ге дейін төмендейді, қалыңд. 84 м, көл.
0,66 км
3
. Қ. м. моренамен бөлінген үш тармақтан тұ-
рады. соңғы кездері мұздықтың аумағы қысқаруда.
ҚАРАСАЙ ҮҢГІРІ – Қаратау жотасының оңт.
беткейіндегі карсты үңгірлердің бірі. Оңт. Қазақстан
обл-ның Бәйдібек ауд. жерінде, Кентау қ-ның оңт.-
шығысында 6 км жерде орналасқан. Үңгірдің ұз.
200 м, ені 15 м, биікт. 20 м. Ортаңғы палеозой дәуірі-
нің әктасты қабатты судың шаюынан пайда болған.
Мұнда бірнеше бүйірлік үңгір, тармақталған қуыс-
тар және әр түрлі бейнедегі сүңгілер (сталактиттер)
бар. туристік экскурсия жасауға, сондай-ақ спе-
леол. зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы орын.
ҚАРАСИЫР, Қ а р а с у ы р – Ащымиір алабындағы
өзен. Қарағанды обл. Ұлытау ауд-нда. Ұз. 51 км,
су жиналатын алабы 341 км
2
. Бастауын Ұлытау та-
уының оңт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан алып,
Ащымиір өз-не сол жағынан құяды. Жағасы жарқа-
бақты, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен
толығады. Көктемде суы тасиды, жазда қарасуларға
бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,16 м
3
/с.
Кішігірім 2 саласы бар, төм. ағысында шаруашы-
лық мақсатында бөген салынған. өзеннің жоғ.
ағысындағы аңғарында саз, Жарқұдық, т.б. тұщы
сулы құдықтар бар. суы мал суаруға пайдаланылады.
Алабы – жайылым.
ҚАРАСИЫР УРАН КЕН ОРНЫ, Қарағанды
обл. Ақтоғай ауд. Қызыларай а-ның солт-нде ор-
наласқан. уран кенін алу мақсатында геол. барлау
жасалып, зерттелген кен орны. Кен орнына 1950 –
60 ж. Волхов геол. экспед. зерттеу жұмыстарын жүр-
гізген. Қарасиыр бұлағының дауылтас төбешігінен
100 м-дей үңгір қазылған. Биікт. 2–3 м шамасында.
Қазылған жерлер сол маңдағы тау беткейлерінде де
кездеседі.
ҚАРАСОР – Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд-
ндағы көл. Қарқаралы қ-нан солт-ке қарай 45 км
жерде, теңіз деңгейінен 621,5 м биіктікте орна-
ласқан. Ауд. 155 км
2
, ұз. 43,5 км, енді жері 7,3 км,
жағасының ұз. 103 км, орташа тереңд. 1,1 м, ең те-
рең жері 2,5 м, су көл. 160 млн. м
3
. су жиналатын
алабы 8750 км
2
. Көл жағасы негізінен жазық, оңт.
жағасы тік жарлы (биікт. 1–2 м). Көл түбі шығыс-
тан батысқа қарай еңістеу, онда тұнба шөккен.
Жоғ. деңгейі сәуір, төм. деңгейі қазан айларын-
да байқалады. Минералд. 40–75 г/кг, суының
мөлдірлігі 1,5–1,8 м. суының құрамында йод, фтор,
бром бар; хлорлы-сульфатты, натрийлі, магнийлі
болып келеді. Қ-дың күкіртті-сутекті ақшыл сұр
шипалы балшығының (қалыңд. 70 см-ден астам)
жүйке ауруларын, бүйрек, асқазан ауруларын ем-
деуге жарамдылығы анықталған. Балшығының
жалпы қоры 1,3 млн. т. Кішігірім 14 өзен құяды.
Олар: Қарасу, Кемер, Қарқаралы, талды, т.б. суы
қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 2-жартысында
ериді. Көл суы мен балшығын Қарағанды, теміртау
Қарасай
Қарасай мұздығы
Қарқаралы тауларындағы Қарасор көлі
357
Қарасу
шоғырлары өскен. Алабының басым бөлігі жыр-
тылған. Жазда көл суы азайып, шалшықты батпаққа
айналады.
ҚАРАСОР – нұра алабындағы ағынсыз көл. Ақмола
обл. Қорғалжын ауд-ның шығысында орналасқан.
Аум. 20 км
2
. теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр.
Ұз. 5,6 км, енді жері 3,5 км, жағалау бойының ұз. 16,5
км. су жиналатын алабы 276 км
2
. Жағалауы жайпақ,
нашар тілімденген. Қ-дың шығыс бөлігінде солт-ке
қарай бағытталған және суы мол жылдары тұзащы
көлімен қосылатын жіңішке шығанақ орналасқан.
табаны лайлы. Еріген қар суымен толысады. суы
ащы, мал суаруға жарамсыз, жазда кеуіп қалады.
ҚАРАСОР, Ү л к е н Қ а р а с о р – тобыл алабын-
дағы көл. Қостанай обл. таран ауд. Жамбаскөл а-
нан оңт.-батысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен
197 м биіктікте жатыр. сопақ пішінді көлдің аум.
19,1 км
2
(құрғақшылық жылдары аум. 11,1 км
2
-ге
кішірейеді), ұз. 9,3 км, жағалау бойының ұз. 52,8 км.
Жонды-белесті келген алабы шабындыққа және мал
жайылымына пайдаланылады.
ҚАРАСОР – сілеті алабындағы көл. Ақмола обл.
Ерейментау ауд-ның солт-нде, Бестөбе кентінен
оңт.-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. теңіз
деңгейінен 159 м биіктікте жатыр. Аум. 16,6 км
2
(қуаңшылық жылдары 5,9 км
2
болады), ұз. 7,9 км,
енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұз. 29,6 км. суы
395 км
2
жерден жиналады. Жағалауы жайпақ, түбі
лайлы. солт.-батысы мен оңт. жағалаулары өте
қатты тілімденген. негізінен еріген қар суымен то-
лысады. Қ-ға шағын 6 сала құяды. суы тұзды және
кермекті. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.
Қуаңшылық жылдары кеуіп қалады.
ҚАРАСОР – сілеті алабындағы көл. Ақмола обл.
степногорск қалалық әкімдігі аумағына қарасты
Бестөбе кентінен оңт.-батысқа қарай 20 км жерде
орналасқан. теңіз деңгейінен 159 м биіктікте жатыр.
Аум. 15,6 км
2
, ұз. 7,9 км, енді жері 2,3 км, жағалау
бойының ұз. 29,6 км. Көлге батысынан шағын өзен
құяды. Қазаншұңқырда жатқан көл жағалауы тік
жарқабақты келген. Қар және жер асты суларымен
толысады. Қарашаның 1-онкүндігінде қатып, сәуір-
дің 2-онкүндігінде ериді. Алабы шабындық және
мал жайылымына қолайлы.
ҚАРАСУ, Қ ы р ы қ қ ұ д ы қ ө з е г і – Көксеңгір
алабындағы өзен. Ақмола обл-ның Еңбекшілдер
ауд. және солт. Қазақстан обл. уәлиханов ауд. жері-
және Қарқаралы емдеу орындары тері, құяң, т.б.
ауруларға қарсы ем үшін пайдаланады. Көлдің ор-
тасында Жұмыртқалы және Аралтөбе аралдары
бар. Атырауы – мал жайылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |