Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАРАТОМАР  БӨГЕНІ,  Қостанай  обл-ның  руд- 
ный  қалалық  әкімдігі  аумағында.  Бөген  соколов-
сарыбай, Қашар, т.б. темір кентас орындарын игеру 
кезінде іргесі қаланған рудный қ-н сумен қамтама-
сыз ету мақсатында 1966 ж. салынған. тобыл және 
оның сол саласы әйет өзендерінің бойындағы са-
лынған гидротех. құрылыс. Көл. 791 млн. м
3
, пай-
далы көл. 562 млн. м
3
, ауд. 93,7 км
2
, тереңд. 19,8 м. 
Қ. б. қаланы сумен қамтамасыз етумен бірге егістік 
жерлерді  суғару,  балық  аулау  және  балық  өсіруге 
де пайдаланылады. Бөгеннің солт. жағасын бойлай 

366
Қостанай–тобыл–Жітіқара т. ж. мен респ. маңызы 
бар автомоб. жолы өтеді. 
ҚАРАТОН – КӨШКІМБЕТ МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ
Атырау  обл-ның  Жылыой  ауд-нда,  Атырау  қ-
нан  оңт.-шығысқа  қарай  150  км  жерде  орналас-
қан.  Құрылым  сейсмик.  барлау  арқылы  шағылысу 
толқындары  әдісімен  1931  ж.  анықталды.  Барлау-
бұрғылау жұмыстары 1934 ж. жүргізіліп, мұнай кені 
1937 ж. ашылды. Кен орны тектоник. тұрғыда қос 
қанатты  тұз  күмбезді  құрылымнан  орын  алған. 
Мұндағы  палеоген,  жоғ.  және  төм.  бор,  ортаңғы 
юра шөгінділері мұнайлы. Палеоген шөгінділерінде 
бір мұнайлы, жоғ. борда – 2 мұнайлы, альбте – 4 мұ-
найлы және бір газды, неоком мен ортаңғы юрада –  
бір-бірден мұнайлы қабаттар  орналасқан.  Олардың 
орналасу тереңдігі: палеогенде 70–169 м, жоғ. бор-
да 236 м, альбте 665–864 м, неокомда 670–930 м,  
ортаңғы юрада 1122–1168 м. өнімді қабаттар тер-
ригенді жыныстардан түзілген. Коллекторлары ке-
уекті. Палеоген – жоғ. бор қабаттарының ашық ке-
уектілігі 18%, орта юра төм. бор қабатында 30–32%-ға 
тең. өткізгіштігі 0,12–0,723 мкм
2
 аралығында. Мұнай- 
ға қанығу коэфф. 0,65–0,8. Бастапқы қабаттық қы-
сым  3,5–9,2  МПа,  темп-расы  19–50°с.  Мұнайдың 
тығызд.  0,885–0,918  г/см
3
.  Мұнайы  күкіртті  және 
аз күкіртті (0,32–1,29%), парафині 0,28–4,23%, ас-
фальтендері  0,4–0,6%,  силикогельді  шайырлары 
3–7,2%. Газдың құрамы:  96,2%  метан,  0,5%  этан, 
0,9% пропан, 1,4% азотты сирек газдар, 0,7% көмір 
қышқыл газ. Хлоркальций типті қабат суларының 
тығызд. 1,045–1,122 г/см
3
, минералд. 67,2–177,8 г/л. 
Кен орны 1949 жылдан пайдаланылуда.
ҚАРАТОРҒАЙ (Sturnіdae) – торғайтәрізділер отря-
дына жататын сайрауық құс. Бұлар Қазақстанның 
солт-ндегі орманды-дала белдемінде, оңт. мен шы-
ғысындағы  тауетектерінде  ұя  салады.  республика 
жерінде 3 туысқа жататын 3 түрі мекендейді. соның 
ішінде жиі кездесетіні – к ә д і м г і Қ. (S. vulgarіs). 
дене тұрқы 22 см-дей. Қанатын жайғандағы ұзын-
дығы  шамамен  10  см,  құйрығының  ұз.  7  см-дей. 
Мекиені қоразынан кішірек болады. Көктемде қа-
уырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын 
араласады. тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр. 
Кәдімгі жыл құсы. наурыз айында ұшып келіп, меки-
ені мен қоразы ағаш қуысына, жартас жарықтарына, 
інге  ұя  салады.  4–7-ден  (көбінесе  5)  жұмыртқа-
лайды  (көгілдір  түсті),  оларды  мекиені  мен  қоразы 
кезектесіп 14 күндей басады. Балапандары жұмырт-
қадан шыққан кезден 21 күн өткеннен кейін ұядан 
ұшады. Қ-лар солт. аймақта бір рет, оңт-те 2 рет ба-
лапан ұшырады. Қыркүйек– қазан айларында қыс-
тау  үшін  Азияның  оңт-не,  Африкаға,  Австралияға 
ұшып кетеді. Кейде Оңт. Қазақстан обл-ның оңт-нде 
қыстап шығатын кездері де болады. Көбінесе жән-
діктермен,  олардың  дернәсілдерімен  қоректенеді. 
Күзде  жеміс-жидектермен  де  қоректеніп,  бақ  пен 
жүзімдікті бүлдіреді.
ҚАРАТОРҒАЙ    торғай  алабындағы  өзен.  Қос- 
танай  обл-ның  Арқалық  қалалық  әкімдігі  аумағы 
және  Қарағанды  обл-ның  Ұлытау  аудандары  жері-
мен ағады. Ұз. 284 км, су жиналатын алабы 15,5 мың 
км
2
. Бастауын Арғанаты тауының батыс беткейінен 
алып, Арал а. тұсында торғай өз-не құяды. Аңғары 
жоғ.  ағысындағы  аласа  төбелер  арасында  0,2–0,5 
км, төм. ағысында 1–2 км шамасында. Арнасында 
бірнеше  шоңғал  табандырық (терраса) бар. Жауын-
шашын, жерасты суларымен толығады. Ағынының 
90%-ы  көктемгі  қар  еру  кезінде  қалыптасады. 
негізгі салалары: Бөшке, Бозой, Үлкен сабасалды, 
Қайыңды,  сарыторғай,  Жыланды.  Көп  жылдық 
орташа  су  ағымы  сағасынан  20  км-дей  жоғары 
жерде  1,93  м
3
/с.  Арқалық  қ-н  және  кеніштер-
ді  сумен  қамтамасыз  ету  мақсатында  өзенге  су 
тартқыш  орнатылған.  Алабы  –  жайылым,  аңға- 
ры – шабындық.
ҚАРАТӨБЕ  АУДАНЫ  –  Батыс  Қазақстан  обл-
ның  оңт.-шығысында  орналасқан  әкімш.  бөлініс. 
1932 ж. құрылған. Жер аум. 10 мың км
2
. тұрғыны 
19,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге 1,9 адам-
нан  келеді  (2010).  Аудан  аумағындағы  29  елді 
мекен  9  ауылдық  әкімш.  округке  біріктірілген. 
Орт. – Қаратөбе а. Аудан  жері  Каспий  ойпатының 
солт.-шығыс  бөлігін  қамтиды.  Ең  биік  жері  солт.-
шығысында (Қалпақтытау, 244 м). Жер қойнауынан 
бор  кені  және  құрылыс  материалдары  барланған. 
Климаты тым континенттік. Қысы суық ұзақ, жазы 
құрғақ әрі ыстық. Ауданның орташа темп-расы қаң-
тар  айында  –15°с,  шілдеде  23°с.  Жауын-шашын-
ның  жылдық  орташа  мөлш.  250–300  мм.  Аудан 
жерімен  Қалдығайты,  Жақсыбай,  Бұлдырты  өзен-
дері  ағып  өтеді.  Ірі  көлдері:  сулыкөл  (сұлукөл), 
Қоржын,  Шөптікөл,  т.б.  Жері  негізінен  қызғылт 
Қаратон
Қаратомар бөгенінің жағалауы
Кәдімгі қараторғай

367
Қарауылшоқы
0,8–4,3%,  силикагельдік  шайыры  5,1–17,4%.  Еркін 
газдар  құрамында  70%  ауыр  көмірсутектер,  29,7% 
метан  бар.  Хлоркальций  типті  қабат  суларының  ты-
ғызд. 1099–1114 кг/м
3
, минералд. 155–156 г/л. Кен 
орны игерілуге дайын.
ҚАРАТҮЛЕЙ – Оңт. Үстірт кемеріндегі сор. Маң- 
ғыстау обл. Бейнеу ауд. өліқолтық сорынан шығысқа 
қарай  60  км  жерде  орналасқан.  теңіз  деңгейінен  
80  м  биіктікте.  сор  бұйырғын,  жусан  өскен  шөлді 
дала ортасында жатыр. Жалпы ауд. 400 км
2
 болатын 
екі бөліктен тұрады. сор маңында 3–10 м тереңдікте 
кездесетін грунт суларының минералдығы әр түрлі. 
Шығысында кең аумақты жерді қамтитын сексеуіл 
тоғайы өскен. Батысында Шаған төбесі (102 м) ор-
наласқан.  Оңт-нде  шөбі  шүйгін  Есенқазақ  қонысы 
жатыр. сорды айнала бірнеше қара жолдар өтеді.
ҚАРАТҮП  –  Арал  т-нің  солт.-шығысындағы  түбек. 
Қызылорда обл-ның Арал ауд. жерінде орналасқан. 
тұщыбас  шығанағының  оңт.-шығысында  теңізге  42 
км сұғына еніп жатыр. Абс. биікт. 190 м. Жағасы тік, 
құлама жар, салыстырмалы биікт. 123 м. 1980 жыл-
дан бастап Арал т. суының тартылуына байланысты 
түбек шөл далаға айналған.
ҚАРАУЫЛКЕЛДІ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақтө- 
бе обл. Байғанин ауд. Қарауылкелді а. маңында ор-
наласқан. Кен орнының сулы кешені қат-қат құмдар, 
құмдақтар, алевролиттер мен саздақтардан тұратын 
альб-сеноман  шөгінділерінде  шоғырланған.  Жоғ. 
сутректі қабат сеноман сазы және жоғ. бордың кар-
бонатты қабатында орын алған. сулы кешеннің қа-
лыңд. 35–45 м, суы арынды. Ұңғымалардың дебиті 
10 л/с. Жер асты суы тұщы және сәл ашқылтым, суы-
ның минералд. 0,2–1,6 г/л. Екі сутіректен тұратын 
Қарауылкелді  а-нан  7–10  км  жердегі  5  ұңғыманың 
әрбіреуінен 5 л/с су шығады. Ұңғымалардың тереңд. 
120–250 м. Кен орны 1975 жылдан игерілуде.
ҚАРАУЫЛӨЗЕК  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Қара- 
уылөзек өз. аңғарында, Шығыс Қазақстан обл. Абай 
ауд. Қарауыл а-нан солт-ке қарай 2–4 км жерде ор-
наласқан.  Аудан  орт.  Қарауыл  а-н  шаруашылық 
және  ауыз  сумен  қамтамасыз  етуге  байланысты 
барланды. Кен орны Павлодар шоғырының сутректі 
сазының  орта  төрттік  аллювийлі  шөгінділерінде 
жатыр.  сулы  жыныстар  сазды-малтатасты  және  әр 
түрлі құмды қабатта қалыңд. 5 м-ден 15 м-ге дейін 
өзгереді. Грунт суының тереңд. 2,4 м-ден 9 м-ге дейін 
жетеді. Ұңғыма дебиті 0,5–4,4 л/с, минералд. 0,3–0,6 
г/л, суы гидрокарбонатты кальцийлі және сульфатты-
гидрокарбонатты  кальцийлі.  Бактериол.  тазартудан 
кейін суы ауыз суға жарамды. Кен орны 1978 жылдан 
пайдаланылады.
ҚАРАУЫЛТӨБЕ  –  тарбағатай  жотасының  оңт.-
батыс сілемі. Шығыс Қазақстан обл-ның Үржар ауд. 
жерінде. Орташа биікт. 700–750 м, ұз. 25–30 км. Қ. 
палеозойдың  гранитті,  гранодиоритті  және  шөгінді 
жыныстарынан  түзілген.  Аласа  қырқалары  мен 
төбелерінің  беткейі  көлбеу.  Бозғылт  қоңыр  топыра-
ғында  шөлейт  далаға  тән  өсімдіктер  өседі.  тау  ете-
гінде бұлақ көп. Баурайымен Аягөз – Бақты автомоб. 
жолы өтеді.
ҚАРАУЫЛШОҚЫ  –  Қырғыз  жотасының  солт. 
бөлігіндегі  тау.  Жамбыл  обл.  т.рысқұлов  ауд. 
Көгершін а-ның солт.-шығысында 10 км жерде ор-
наласқан. Абс. биікт. 1650 м. солт-тен оңт-ке қарай 
қоңыр топырақты, оңт-нде аздап сор, сортаң топы-
рақты жерлер кездеседі. өсімдіктерден еркек шөп, 
шағыр,  жусан,  боз  өседі.  Жануарлардан  қасқыр, 
түлкі, қарсақ, қоян, т.б. кездеседі. тоғайлы жерле-
рінде және қалың қамыс өскен сулыкөлде жабайы 
шошқа  мекендейді.  Қалдығайты  өз-нде  су  қатты 
тасыған жылдары шортан, қарабалық, табан балық 
кездеседі. Ірі елді мекендері: Қаратөбе, Егіндікөл, 
Қоскөл, Қарақамыс, Қалдығайты. А. ш-на жарамды 
жері 172,9 мың га, оның ішінде егістік 10,9 мың га, 
шабындық 14,7 мың га, жайылым 143 мың га (2009). 
Аудан  жерімен  Орал  –  Ақтөбе,  Орал–Қаратөбе 
автомоб.  жолдары  өтеді.  Қаратөбе  топырағында 
қазақтың  халық  композиторы,  әнші,  ақын,  күйші-
домбырашы Мұхит Мерәліұлы туып өскен.
ҚАРА  ТҰРПАН  (Melanitt  fusca)  –  үйрек  тұқым-
дасына  жататын  сирек  кездесетін  құс.  Жыл  құсы. 
Қазақстанда  Ақмола,  Павлодар  (Майлыбай  көлі), 
солт. Қазақстан (Аққу көлі) облыстарында ұя сал- 
ғаны байқалған. дене тұрқы ірі, салм. 1–2 кг, мойны 
қысқа, табаны үлкен. тұмсығының түбі томпақтау, 
түсі сары немесе қызыл қара, жылтыр. Қанаттарында 
ақшыл дақтары бар. Мекиендері қошқыл сұр түсті. 
негізінен  суы  тұщы  және  сәл  кермектенген  терең 
көлдерді мекендейді. Қазақстанның кейбір орман-
ды  және  орманды  даласындағы  қалың  қамысты 
терең  көлдеріне  ұя  салып,  6–10  жұмыртқа  баса-
ды.  сулы  жерлерден  алыстау  орындарға  ұя  са-
луы  да  кездеседі.  Мекиені  мен  қанаттанып  ұшуға 
дайындалып  жүрген  балапандары  күндіз  белсен-
ді  болады.  Моллюскілермен,  дернәсілдермен,  су 
жәндіктерімен  және  балықпен,  сирек  жағдайда  су 
өсімдіктерімен қоректенеді. санының кемуіне бай-
ланысты  аулауға  тыйым  салынып,  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТҰРЫН  МҰНАЙ-ГАЗ  КЕНІ  –  Маңғыстау 
обл. Қаламқас мұнай кен орнынан  шығысқа  қарай 
30 км жерде орналасқан. 1978 ж. ашылған, 1980 ж.  
Шығыс  Қаратұрын,  кейіннен  Оңт.  Қаратұрын 
ашылды.  Ортаңғы  юра  шөгінділерінің  иірімдері 
мұнайлы және мұнайлы-газды, бірыңғай газ иірім-
дері  теңіздік  Қаратұрынның  бір  қабатында  және 
Оңт.  Қаратұрынның  екі  қабатында  белгілі  болды. 
иірімдердің  биікт.  1–34  м.  Коллекторлардың  ке-
уектілігі  25–34%,  өткізгіштігі  0,06–0,8  мк  м
2
,  мұ-
найға қаныққан қалыңд. 1,5–5,7 м-ге, газға қанық-
қан қалыңд. 0,5–17,7 м-ге дейін өзгереді. Қалыңд. 
4–25  м-дей  сазды  тау  жыныстары  жаппа  болып 
табылады. Мұнайының тығызд. 894–925 кг/м
3
, кү-
кірт  0,77–1,5%,  парафин  1,4–4%,  асфальтендері 
Қалдығайты өзені аңғарындағы құмды төбелер

368
7 км-ге созылып жатыр, енді жері 5,5 км. Беткейі 
тіктеу,  өзен  арналарымен  тілімденген.  Батысынан 
Көкдөнен,  шығысынан  Шұңқыр  өзендері  ағып 
өтеді.  Оңт-нде  Шұңқыр,  Кіші  Көкдөнен  асулары 
бар. Қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас қа-
йың, терек, сұлыбас, қылқан боз, бетеге, т.б. өсім-
діктер өседі.
ҚАРАУЫЛШЫ – Қоңыржал жоталарының солт.-
шығысындағы оқшауланған шоқылы тау. Қарағанды 
обл. Ұлытау ауд. теректі а-ның солт-нде 45 км жерде ор-
наласқан. Абс. биікт. 503 м. солт.-батыстан оңт-ке 
қарай доға тәрізді созылған шоқылы таудың ұз. 8 км 
шамасында. Енді жері 3 км. солт-нде Мешкейсор, 
шығысында Қарасор көлдері мен Жамалқожа бұлағы, 
оңт-нде  Қашамбай,  Күшіктамбұлақ  бұлақтары  ор-
наласқан.  Қоңыр  топырақ  жамылғысында  қуаң 
даланың өсімдіктері өседі.
ҚАРАҮБІ  Жоғ. Ертіс алабындағы өзен. Шығыс 
Қазақстан обл-ның Глубоков ауд. жерімен ағады. Ұз. 
70 км, су жиналатын алабы 691 км
2
. Қ. Көксу жота-
сының солт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан баста-
лып, Ермолаевка а. тұсында Үбі (Оба) өз-не құяды. 
Жоғ.  арнасы  тар  шатқалды,  етегі  қорымтасты. 
Арнасы тік, биікт. 10–100 м-ге жетеді. Қар, жаңбыр, 
жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су 
ағымы Потапов қонысы тұсында 9,05 м
3
/с. өзеннен 
ағаш ағызылады, мал суарылады.
ҚАРАҮҢГІР – Есіл алабындағы көл. Ақмола обл-
ның Зеренді және Бурабай аудандарында, дороговка 
а-нан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Көл 
теңіз  деңгейінен  368  м  биіктікте  жатыр.  Ауд.  12,2 
км
2
, ұз. 12,5 км, ені 0,9 км, тереңд. 1,8 м. Жағалауы 
көтеріңкі,  ағаш  шоқтары  өседі.  суы  тұзды. 
Көктемде мал суарылады.
ҚАРАШ – Іле Алатауындағы жота. негізгі тау сі- 
лемдерінен  оқшаулана  орналасқан.  Алматы  обл-
ның Еңбекшіқазақ ауд. жерінде, батыстан шығысқа 
қарай 32 км-ге созылған, енді жері 12 км. Ең биік 
жері 3008 м. Батысы түрген өз-мен, шығысы Бақай 
тауымен шектелген. Жота плиоцен дәуірінде және 
төрттік  кезеңінің  басында  тау  түзілу  процестері 
нәтижесінде  пайда  болған.  Гранит,  гранодиорит, 
әктас,  тақтатастан  құралған.  солт.  беткейі  тіктеу, 
жарқабақты  келген,  шатқалдары  тілімденген,  оңт. 
беткейі  көлбеулеу.  Жотаның  бұл  бөлігінен  Шілік 
өз-нің саласы – Асы өз. ағады. солт. бөлігінің тау 
баурайында  шалғын  шөп,  қарағай,  терек,  қайың, 
алма,  өрік,  алмұрт  ағаштары,  тауалды  жазығында 
бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер 
өскен.  Қ-тың  бұл  өңірі  егістікке  молынан  пайда-
ланылады.  солт.  беткейінен  түрген,  Белшабдар, 
Киікбай, Шолақ, т.б. өзендер бастау алады. Қ-тың 
батысына  таяу  жерде  Жамбас  және  шығысында 
Құмбел  асулары  бар.  М.әуезовтің  «Қараш-Қараш 
оқиғасы»  повесінде  осы  Қ.  жотасының  табиғаты, 
Бақтығұлдың  психол.  жай-күйімен  астастыра  су-
реттеледі. 
ҚАРА ШАҒАЛА, қ. Шағала.
ҚАРАШАҒЫР  (Cynodon)  –  астық  тұқымдасына 
жататын  өсімдіктер  туысы.  төселе  жайылып  өсе-
тін  ұзын  тамыр  сабақты  көп  жылдық  өсімдіктер. 
Қазақстанда ең көп тараған түрі – б е с с а у с а қ 
Қ.  (с.dactylon).  сабағында  жапырағы  көп,  гүлшо-
ғыры саусақ тәрізді салалана орналасқан 3–8 бұтадан 
тұрады. 1–2 гүлден тұратын масағы ұсақ, олар бір-
біріне жақын орналасқан 2 қатар түзіп, бұтаққа бекі-
ген. Шөптесін өскен тау беткейлерінде, шалғындарда, 
өзен  жайылмаларында,  тыңайған  егіндіктерде,  жол 
бойында өседі және бау-бақша мен егістік жерлер-
де арамшөп ретінде кездеседі. Мал жайылымындағы 
құнары  мол  өсімдік.  Жер  жыртқаннан  және  мал 
таптағаннан кейін де жақсы өседі. Көгалдандыру, аэ-
родромдар мен спорт алаңдарына шым төсеу үшін 
қолданылады,  топырақ  эрозиясымен  күресуде  пай-
даланылатын  ең  басты  өсімдік.  суғармалы  егінші-
ліктің зиянды арамшөбі. 
Қарауылшы
Есіл алабындағы Қараүңгір көлі
Қараүбі өзенінің орта ағысы
Қараш жотасының жартасты беткейі

369
Қарашоқы
ҚАРАШАЖЫ  –  Маңғыстау  обл.  Қарақия  ауд-
ндағы Жетібай кентінен солт.-шығысқа қарай 3 км 
жерде орналасқан төрткіл шоқы. Абс. биікт. 162 м. 
Шоқы маңында суы мол құдықтар бар. төрткілдің 
оңт-ндегі тақыр табаны да Қ. деп аталады. Көне түркі 
тілінде ол Қарашаның аджысы – ащы құдығы деген 
атауы содан қалыптасқан.
ҚАРАШАҚАЗ  (Branta  bernіcla)  –  қазтәрізділер 
отрядының  үйректер  тұқымдасына  жататын  құс. 
республика  аумағында  солт.  Қазақстанда,  Зайсан 
ойпатында,  сілеті  көлінің  маңында,  наурызым 
қорығы  мен  Алматы  қ-ның  маңындағы  сарқынды 
суқоймасы  –  сорбұлақ  көлінде  кездеседі.  дене 
тұрқы  қаздан  кіші  (62  см),  қанатының  ұз.  36  см-
дей,  жайғанда  124  см-дей,  құйрығының  ұз.  11 см, 
салм. 1,5–2,5 кг. Басы, мойны және  төсі  қара,  мой-
нында  жіңішке  сақина  тәрізді  ақ  жолағы  болады, 
сондай-ақ құйрығының астыңғы жағы ақ. Ұшқанда 
алдынан  қарағанда  қара,  артынан  –  ақ  түсті  бо-
лып көрінеді. Батпақты, сазды жерлерде ұялайды. 
Ұясын  құрғақ  жерге  шұңқыр  жасап  салады,  оның 
ішіне мамық төсейді. Қорегі – су өсімдіктері, астық 
тұқымдастары.  Егістік  жерлерде  дәнді  дақылдар-
мен қоректенеді. Қ. – жыл құсы. топталып ұшып, 
ұзақ уақытқа жұп құрады. Ұшып келісімен сәуір–
мамыр айларында мекиені 3–6 жұмыртқа (қоңырлау 
келген)  салып  шайқайды,  кежегі  ұяны  қорғайды. 
Балапандарын қанаты қатайғанша мекиені мен кежегі 
бірге ертіп жүреді. Қазан–қараша айларында қыстау 
үшін иран, ирак, Үндістан және тропиктік, субтро-
пиктік  аймақтарға  ұшып  кетеді.  Қ.  –  әуесқойлық 
жолмен көп ауланатын құс. 
ҚАРАШЕК – Батыс Үстірт кемері мен Қарынжарық 
құмы  аралығындағы  тұзды  ащы  көл.  Маңғыстау 
обл.  Қарақия  ауд.  Аққұдық  а-нан  солт-ке  қарай 
17  км  жерде,  теңіз  деңгейінен  21  м  төмен  жатыр. 
Аум. 27,4 км
2
, ұз. 8,4 км, енді жері 6 км, жағалау 
бойының ұз. 25,2 км. Көл жағалауы жайпақ, ашық 
және алабын сор басқан. Көл табанына глауберит 
және  мирабилит  тұздары  шөккен.  Қ-тің  маңында 
Ащысайқұдық,  тұщысайқұдық,  т.б.  құдықтары, 
солт-нде  3  км  жерде  Батыс  Үстірттің  кемер 
шыңдары орналасқан. Оңт-нде абс. биікт. 194 м бо-
латын өзімен аттас төбе орналасқан.
ҚАРАШЕК – Қарынжарық құмының солт. бөлігін-
дегі төбе. Маңғыстау обл. Қарақия ауд. төлеп а-ның 
солт.-батысында  100  км  жерде  орналасқан.  Абс. 
биікт. 194 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 
5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. солт-нде 
тұщысайқұдық құдығы мен өзімен аттас көл, шы-
ғысында Қарынжарық ойысы, батысында сарыой қо-
нысы мен Бұрма төбесі бар. Құмды-саздақты аллюви-
йлі жазығында жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚАРАШОҚАТ  –  Жосалы  даласының  солт-нде-
гі  оқшауланған  төбе.  Қызылорда  обл.  Қармақшы 
ауд.  Байқоңыр  қ-ның  шығысында  26  км  жерде, 
сырдария  аңғарында  орналасқан.  Абс.  биікт.  
146 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге 
созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Ұзына бойы созы-
лып жатқан төбенің беткейі көлбеу келген. Құмайтты 
сұр топырақ жамылғысында боз жусан, еркек шөп, 
баялыш, бұйырғын, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.
ҚАРАШОҚЫ  –  Күршім  жотасының  орта  бөлігін-
дегі тау. Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. сарытау 
а-ның  шығысында  28  км  жерде  орналасқан.  Абс. 
биікт. 2238 м. солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 
8 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км шамасында. 
тау девон кезеңінің туфынан және эффузивтік жы-
ныстарынан  түзілген.  Беткейі  тік  жарқабақты  шат-
қалдармен тар өзен аңғарларымен тілімденген. Оңт. 
беткейінен бастау алатын өзен салалары Марқакөл 
көліне құяды. тау етегінде далаға тән өсімдіктер мен 
жалпақ жапырақты орман қалыптасқан.
ҚАРАШОҚЫ  –  тарбағатай  жотасының  шығыс 
бөлігіндегі тау. Шығыс Қазақстан обл. тарбағатай 
ауд.  және  Қытаймен  шекаралас  жерде  орналас-
қан.  Абс. биікт. 2194 м. Батыстан шығысқа қарай 
ендік  бағытта  10  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері 
4  км.  Беткейі  тіктеу,  өзен  арналарымен  тілімден-
ген. Кейбір бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер 
бетіне  шығып  жатыр.  таудан  Қандысу,  сарыемел 
өзендерінің  салалары  бастау  алады.  Беткейі  мен 
шатқалында  қайың,  терек,  аралас  қылқан  жапы-
рақты шоқ орман кездеседі.
ҚАРАШОҚЫ – Алмалытау тауларының солт.-шы-
ғыс бөлігіндегі тау массиві. Алматы обл. Панфилов 
ауд.  және  Қытаймен  шекаралас  жерде  орналасқан. 
Абс.  биікт.  2014  м.  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа 
қарай  5  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  3  км. 
Беткейлері  тік  жартасты,  тар  өзен  арналарымен 
тілімденген.  солт-нде  сұртас  шыңы,  сарышоқы, 
Қорғас, оңт-нде Кіші Ойжайлау таулары бар. таудан 
Қорғас өз-нің салалары бастау алады. таудың дала-
лық шалғынды топырағында мүк, қына, гүлді өсім-
діктер, қарағай, т.б. өседі.
ҚАРАШОҚЫ  –  Қоңыртемірші  тауларының  оңт.-
шығысындағы тау массиві. Қарағанды обл. Ақтоғай 
ауд.  Қошқар  а-ның  солт.-шығысында  37  км  жер-
де  орналасқан.  Абс.  биікт.  939  м.  солт.-шығыстан 
оңт.-батысқа  қарай  16  км-ге  созылған,  енді  жері  7 
км. солт. және оңт. беткейлерін қорымтастар алып 
жатыр.  Қ-ны  солт-нде  Көктас,  Үшқайың,  оңт-нде 
Шұбарайғыр,  Жауыр,  батысында  Қошқар,  шығы-
сында  сандықтас  таулары  қоршаған.  тас  көмір 
жүйесінің  тау  жыныстарынан  түзілген.  сортаңды 
қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, 
бұталар  өседі.  Атырабында  жайылымдық  жерлер 
мен қыстаулар бар.
ҚАРАШОҚЫ  –  Желтау  тауларының  оңт.-шығы- 
сындағы  төбе.  Атырау  обл.  Жылыой  және  Маң- 
ғыстау  обл.  Бейнеу  аудандары  аумағында  орна-
ласқан.  Абс.  биікт.  141  м.  солт.-шығыстан  оңт.-
Күршім жотасының Қарашоқы бөктеріндегі өзен

370
батысқа  қарай  5  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  
4 км. Етегінде бірнеше ұсақ төбелер бар. Батысында 
ырғызбай  жайлауы,  шығысында  Манайсор  соры, 
Үштөбе,  оңт-нде  Жаршоқы  төбелері  орналасқан. 
сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, со-
раң, еркек шөп, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚАРАШОҚЫТАУ  –  Алшынсай  құмының  оңт.-
шығысындағы  төбе.  Ақтөбе  обл.  Байғанин  ауд. 
Оймауыт  а-ның  солт.-шығысында  23  км  жер-
де  орналасқан.  Абс.  биікт.  201  м.  солт.-шығыс-
тан  оңт.-батысқа  қарай  5  км-ге  созылған,  енді 
жері  3  км.  Жонды-қырқалы  төбе  батысқа  қарай 
тақырға ұласады. солт-нде ыстықтау, шығысында 
Жаман Қантөрткіл, оңт-нде Ақтоғай төбелері бар. 
сортаңды  сұр  топырақ  жамылғысында  жусан, 
жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚАРАШОҢҒАЛ – Оңт. Алтай жотасының солт.- 
шығысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Қатон- 
қарағай  ауд.  Аршаты  а-ның  оңт.-шығысында  20 
км  жерде,  Бұқтырма  өз-нің  аңғарында  орналас-
қан. Абс. биікт. 2875 м. Батыстан шығысқа қарай 
ендік  бағытта  12  км  шамасында  созылған,  енді 
жері 6 км. Беткейі тіктеу бірнеше шоқылардан тұ-
рады.  таудың  түпкі  жыныстары  жалаңаштанып, 
сай, өзен аңғарларымен тілімденген. солт.-шығы-
сында Бұқте беткейлерінде тау өсімдігі, одан жоға-
рыда қылқан жапырақты орман өседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет