ҚЫЗЫЛ ШИЕ (сerasus avіum) – раушангүлді-
лер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Қазақ-
станның оңт. облыстарында көп өсіріледі. Ағаш
бөрікбастарының биікт. 4–8 м (кейде 10–20 м),
орт. діңгектің жуанд. 50–60 см. Гүлдері ірі, ақшыл
сарыарқадағы Қызылтау тауы
Қызылтұз көлі
448
қызыл. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 50–80
жыл. өнімді тікпе көшеттері отырғызылғаннан
кейін 4–6 жылдан соң береді. Гектарынан орта
есеппен 80–150 ц өнім алынады. Жемісі ерте пі-
седі (Оңт. Қазақстан обл-нда 15–25 мамыр аралы-
ғында). Жемісі етті, тәтті, ақшыл, ақшыл қызыл,
сары, кейде өте қызғылт, қара қошқыл түсті келеді.
Жемісінде 7–15% қант (глюкоза, фруктоза), 0,36–
1,13% түрлі қышқылдар, с витамині (дәрумені)
болады. Жемістері жасаң күйінде және тосап, ша-
рап, шырын ретінде пайдаланылады. тұқымында
30%-ға дейін май болады, олар парфюмерияда
қолданылады. негізгі сорттары: драгана желтая,
Бахор, әйгерім, Ләззат, т.б.
ҚЫЛҚАНДЫ АРПА (Hordeum crіnіtum) – астық
тұқымдасы арпа туысына жататын бір жылдық
шөптесін өсімдік. Қызылорда обл-нда, Бетпақдала
шөлінде, Мойынқұм құмды алқабында, Балқаш–
Алакөл алабында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле
Алатаулары мен Қаратау жотасының тастақты тау
бөктерінде өседі. Биікт. 15–50 см. сабағы жыл-
тыр. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, көбінесе
ширатылған. Гүлшоғыры – масақ, оның ұз. 2–2,5
мм-дей. сәуір–мамырда гүлдейді. Масақтанғанға
дейін құнарлы мал азығы, сүрлемдік өсімдік.
Масағы қатайғаннан кейін қылқаны оны азық ре-
тінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.
ҚЫЛҚҰЙРЫҚ БҰЛДЫРЫҚ, қ ы л а ң т ө с
(Syrrhaptes paradoxus) – кептертәрізділер отряды,
бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Ежелгі
қазба қалдықтары Францияда жоғары эоцен
қабатынан табылған. Қ. б. Қазақстанда Еділ-Жайық
өзендерінен бастап Зайсан көліне дейінгі аралықта
кездеседі. Көбіне сазды, сортаңды, қиыршықтасты
жерлерді мекендейді. дене пішіні кептердей, тауық
тұмсықты, сұңқар төсті. салм. 250–300 г, қанат
құлашының ұз. 44–50 см. Басқа бұлдырықтарға
ұқсас, бірақ құйрығы өте ұзын әрі үшкір (аталуы
осыған байланысты) келеді. Аяғының үш саусағы
бірігіп кеткен, аң табаны тәрізді. түсі ақшыл сұр,
қызғылт, түрлі өрнекті. Қорегі – өсімдік тұқым-
дары, жемістері, түрлі жәндіктер. Қ. – жыл құсы.
наурыз–сәуірде жұп құрып, 2–3 жұмыртқасын
мекиені мен қоразы кезек шайқайды, кейін ба-
лапандарын бірігіп қоректендіреді. Бір жерге
топталып (көбіне 30–40-тан, кейде 100-ден), кей-
де жұбымен ғана ұялайды. Жылына 2 рет ба-
лапан өргізеді. Қ. б. ағашқа, бұтаққа қонбайды,
жерде тез жүгіреді. Қыстау үшін қазан айында
Қазақстанның оңт-не және Жем өз. өңіріндегі
құмдарға, Моңғолияға, солт. Қытайға ұшып
кетеді. Қ. б-қа тән ерекшеліктердің бірі – басқа
жаққа жаппай қоныс аударатындығы. Мыс., 1859–
1944 ж. Еуропаға қарай жаппай ұшып кетуі 16 рет,
ал шығысқа қарай қоныс аударуы 1860–1923 ж.
10 рет қайталанған. саны жылдан-жылға азаюы-
на байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚЫЛТАНАҚ ДӘЛЕН (Osmorhiza aristata) – ша-
тыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жыл-
дық өсімдік. Алтайдың Үбі (Оба) жотасында,
Кавказда және ресейдің Қиыр Шығысы мен
Жапонияда өседі. Биікт. 50 см. сабағы қарапайым,
жалаң. Жапырағы жіңішке, ашық жасыл түсті, төм.
жапырақтары ұзын жіңішке сағақты. Жапырақ
тақтасы үшбұрышты жалпақ, ұз. 10–20 см, терең
ойық жиекті. Шатыршагүлі жалғыз немесе 2–3,
ұзын гүлсағағы болады, оған 3–10 гүлі топтаса-
ды, оның 4-еуі ғана жемістенеді. Жемісі ұзынша
келген ұршық тәрізді, ұз. 20 мм-дей, ұзын жеміс
сағағы болады. тұқымынан көбейеді. Маусым–
шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.
Аралас және қылқан жапырақты ормандарда,
көлеңкелі шатқалдарда, бұталардың арасында
өседі. таралу аймағының азаюына байланысты
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген.
ҚЫЛШАҚТЫ, Қ ы л ш ы қ т ы – Ертіс алабын-
дағы өзен. Ақмола обл-ндағы Бурабай және Зеренді
аудандары жерімен ағады. Ұз. 104 км, су жина-
латын алабы 1010 км
2
. Бастауын Щучинск қ-ның
оңт.-шығысынан алып, Көкшетау қ. арқылы Қопа
көліне құяды. Аңғары жоғ. және төм. бөлігінде кең
(2–3 км), беткейлері жатық, орта ағысында 0,5–1,5
км-ге дейін жетеді. Арнасының ені 10–20 м, жағасы
жарлы, биікт. 2–4 м. Арнасының жайылмасы 300 м-
ге дейін жетеді. Кенесары а-нан жоғарыда өзеннің
оң жағалауында биікт. 12 м болатын жартас кезде-
седі. Жауын-шашын суымен толығады. су ағымы
Кенесары а. тұсында 0,54 м
3
/с. Ұз. 10 км-ден астам
14 саласы бар. Аңғарында Жанқара, Жамантұз,
Қызыл шие
Қылшақты өзенінің орта ағысы
Қылқанды
449
Қыпшақ
Балықтыкөл, Қопа, Ақшасор, т.б. көлдер жатыр.
өзенге 10 тоған салынған. Қ. бақша, мал суаруға
пайдаланылады.
ҚЫЛЫШ БАЛЫҚ (Pelecus cultratus) – тұқы тұ-
қымдасына жататын балық. Каспий–Жайық,
Арал–сырдария су алаптарында кездеседі. дене
тұрқы 48 см, салм. 1,1 кг-ға дейін. Арқасы сәл
дөңестеу, денесі ұзынша әрі екі бүйірінен қысың-
қы. Құрсағында (тамағынан аналь тесігіне дейін)
өткір қыры (киль) созылып жатады. Қабыршағы
майда әрі нашар бекіген. Көкірек жүзбе қанаттары
ұзын әрі құрсақ жүзбе қанаттарына дейін созыл-
ған. Ересектерінің аузы жоғары қараған. Арқасы
жасыл көк, бүйірі ақшыл түсті. Жыныстық жағы-
нан көпшілігі 3 жылда, ұз. 16 см-дей болғанда же-
тіледі, араларында 1–2 жыл кешігіп жетілетіндері
де кездеседі. Аталықтары мен аналықтарының
сандық қатынасы барынша ауыспалы. Қ. б. уыл-
дырық шашу әдісі бойынша аралық (өтпелі) типке
жатады. Каспий т-нде олар уылдырығын бір рет
сәуір айының соңы мен мамырда (кейбіреулері
маусымның ортасына дейін) шашса, Арал т. су
алабында сәуірдің ортасынан шілденің ортасына
дейін екі бөліп (су темп-расы 12°с-қа жеткенде)
шашады. 11 жылдай тіршілік етеді. негізгі қоре-
гі – планктонды шаянтәрізділер, қосқанаттылар-
дың дернәсілдері мен ересектері, бүйірімен жүзу-
шілер, жәндіктер, балық шабақтары, т.б.
ҚЫМЫЗДЫҚ (Rumex) – таран тұқымдасына жата-
тын бір және көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда
Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, теріскей,
Жетісу (Жоңғар) Алатауларының шалғындарын-
да, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөкте-
рінде, субальпі және альпі шалғынында өсетін
24 түрі кездеседі. Гүлі қос және дара жынысты, қос
үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл. Аталығы 6 (ішкі
гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі),
аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір
ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады. Қ-тың ара-
сында жиі кездесетін емдік маңызы бар түрі – к ә
д і м г і Қ. (R. аsetosa). Оның биікт. 1 м-дей. сабағы
тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты.
Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі
сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанаса-
ды. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына
топталған. Мамыр–маусым айларында гүлдеп,
шілдеде жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жаң-
ғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұз. 1,5–2 мм, ені 1
мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сон-
дай-ақ белок, темір және өте көп мөлшерде с ви-
тамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қ-ты ба-
уыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейту-
ге, қан тоқтатуға пайдаланады. Жапырағынан салат
жасайды.
ҚЫНА (Lіchenes) – төм. сатыдағы споралы өсім-
діктерге жататын талломды организмдер тобы.
саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тір-
шілік ету нәтижесінде пайда болған. Қ-ның 400-
дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қал-
дықтары жоғ. бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда
Қ-ның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладина-
сы) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қ.
денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін са-
ңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған.
саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандық-
тан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да,
есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен
қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан қорғап тұрады. сондықтан Қ-лар
басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта
жағдайларына жақсы бейімделген. Қ-ның қай түрі
де ауаның ластануына, ондағы шаңға, түтінге,
күкіртті газдарға төзімді. Қ. тундрада ерекше ма-
ңызға ие. Жазда бұғы азығының 75%-ын құраса,
қыста бұғылар тек Қ-мен ғана қоректенеді. Бірқатар
түрлерінен дәрілік глюкоза, спирт, лакмус, бояу,
с витамині алынады. Кейбір түрлері орман ш-на
зиян келтіреді. Ағаш қабығына жабыса өсіп, газ
алмасу процесіне кедергі келтіреді, онда зиянды
жәндіктердің, паразитті саңырауқұлақтардың өсіп
дамуына жағдай жасайды. Кей түрлерін жергілікті
жердің ауасының тазалығын анықтайтын индика-
тор ретінде пайдалануға болады.
ҚЫНАЛЫКӨЛ – Қалдығайты алабындағы сор.
Батыс Қазақстан обл. Қарабұтақ ауд. жерінде,
соналы және Қалдығайты а-дары аралығында, те-
ңіз деңгейінен 25 м биіктікте жатыр. Аум. 12,4 км
2
.
Жағалауы жарлы. Жауын-шашын суымен көктем
айларында шағын көл пайда болады. Жылдың
басқа мезгілінде суы тартылып батпақты шал-
ғынды сор алқабына айналады. Көктемде суы тұ-
щы, жазда кермектеніп, минералдылығы артады.
Алабы – жайылым.
ҚЫПШАҚ, ә ж і б а й с о р – нұра алабындағы
көл. Қарағанды обл. нұра ауд. жерінде. теңіз кө-
лінің оңт.-батысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен
315,2 м биіктікте орналасқан. Аум. 47 км
2
, ұз.
10,5 км, енді жері 8,5 км, жағалау бойының ұз. 37,2
км. су жиналатын алабы 3151 км
2
. Көл жағалауы
жайпақ, батпақты. суы тұзды. Көлге Қыпшақ,
Аққошқар өзендері құяды. төңірегінің басым бө-
лігі жазда сорға айналады. Қар, жауын-шашын су-
ларымен толысады. Жауын-шашын мол жылдары
Қ-қа Қарақойын, Лизылысай өзендері құяды да,
аум. 64,7 км
2
-ге дейін жетеді. Алабы – жайылым.
ҚЫПШАҚ – нұра алабындағы өзен. Қарағанды
обл-ның нұра ауд. жерімен ағады. Ұз. 111 км, су
жиналатын алабы 2540 км
2
. Бастауын Ұлытау ете-
гіндегі Ақжарық қонысы тұсынан алып, Қыпшақ
көліне құяды. Аңғары жоғ., орта ағысында кең,
жағалауы жайпақ, төм. жағында тар (30–50 м) ке-
леді. Арнасы 5–18 м. Жылдық орташа су ағымы
нұра алабындағы Қыпшақ көлі
450
сағасында 0,99 м/с. салалары: Ақсай, Бірсуат.
суының минералд. 300–600 мг/л. негізінен көк-
темде еріген қар және жауын-шашын сулары-
мен толығады. Қараша айында суы қатып, сәуірде
ериді. өзен бойында 160 тоған салынған. Қ-тың
жоғ. алабы шабындыққа, ал аңғары жайылымға пай-
даланылады.
ҚЫРАН (Aquіla) – жыртқыш құстар отряды, қар-
шыға тұқымдасының бір туысы. Жер шарында кең
тараған 52 түрі бар. Бұлардың қанаттары қысқа,
ұшы екіге айырылған, аяғы мықты, онда ұзын,
өткір тырнақтары болады. Есту органдары жақсы
дамыған. Ұясын ағаш басына салады. 2–6 бір түсті
немесе теңбіл жұмыртқасын ұябасары шайқайды.
Балапандарын шәулісі мен ұябасары кезектесіп
қоректендіреді. негізінен ұсақ сүтқоректілермен,
құстармен, кейде қосмекенділермен, бауырымен
жорғалаушылармен және жәндіктермен қорек-
тенеді. Қазақстанда қаршыға, қыранқара, қырғи,
мықи және үлкен мықи түрлері тіршілік етеді.
ҚЫРҒАУЫЛ (Phasianus) – қырғауыл тұқымдасы-
ның бір туысы. Қазақстанда Жетісу аймағында,
сырдария аңғары, Қызылқұм құмды алабында,
талас Алатауында кездесетін 1 түрі бар. салм.
1700 г-дай. Құйрығы ұзын, қоразының тілерсегін-
де өткір мүйіз өсіндісі бар. Мекиені қоразынан үл-
кен. Қоразының арқасы сарғыш, бауыры сары қы-
зыл, мекиенінің арқасы қоңыр сары, бауыры қызыл
қоңыр.Қ. – отырықшы құс. Ұясын ну қамыстың,
қалың бұтаның арасына жерге салады. сәуір–ма-
мыр айларында 7–18 жұмыртқа салып, 21–27
күнде балапан басып шығарады. Балапандары
жұмыртқадан жетіліп шығады, мамығы кеп-
кен соң жемін өзі аулайды. Қ. өсімдіктің жеміс-
жидегімен, жуашық, түйнегімен қоректенеді.
Аяғы мықты, топырақты қазып, арасындағы
жәндіктерді, олардың дернәсілдерін жейді. Қ-дың
еті дәмді. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де
ауланады.
ҚЫРҒИ (Accіpіter nіsus) – қаршыға тұқымдасына
жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Ертіс өз.
бойында, Қалба жотасында, Алтай, солт. тянь-
Шань тауларында және Жетісу (Жоңғар) Алата-
уындағы қылқан жапырақты және шыршалы ор-
мандарда жиі кездеседі. Шәулісінің қанатының
ұз. 224, ұябасарыныкі 260 мм, шәулісінің салм.
150, ал ұябасарыныкі – 300 г-дай. Арқасы көкшіл
сұр түсті, бауырында көлденең орналасқан қо-
ңыр жолақтары бар. солт. аймақтарда жыл құсы,
оңт-те отырықшы құс. наурыз–мамыр айларында
ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. Ұяға салған
қошқыл дақтары бар ақшыл жұмыртқаларын
(3–4) ұябасары 35 күндей шайқайды. Шәулісі ба-
лапандарын 50 күндей қоректендіреді. Қыркүйек–
қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Қ.
ұсақ торғайларды, кемірушілерді аулап қорек
етеді. Қолға тез үйренеді. Құсбегілер Қ-ды бөдене
аулауға пайдаланған.
ҚЫРҒЫЗ АЛАТАУЫ, Қ ы р ғ ы з ж о т а с ы –
Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің
солт. беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл обл.).
Жалпы ұз. 375 км (шамамен 160 км бөлігі Қазақ-
стан аумағында, Аспара асуы). Батысында тараз қ.
атырабынан басталып, шығысында Шу өз-нің
аңғарындағы Боам шатқалына тіреледі. Жотаның
биік жері шығысындағы Батыс Аламедин шыңы
(4875 м). Қазақстандағы ең биік жері Меркі өз-
нің бастауындағы шың (4102 м). Қ. А. метаморф-
ты жыныстардан, шөгінділерден және порфирит,
граниттен түзілген. солт. беткейі оңт-не қара-
ғанда жатық, бірнеше сілемдерден тұрады. тау
бөктерінде ауаның орташа темп-расы қаңтарда
–8–10°с, шілдеде 23–24°с, жылдық орташа жа-
уын-шашын мөлш. 300 мм, тау шатқалдарында
800 мм. Жазы қоңыржай жылы, биік таулы өңі-
рінде салқын. 1100–1200 м биіктікке дейін сұр,
бозғылт қоңыр топырақты, 2200–2500 м-ге де-
йін қызғылт қоңыр және қара топырақты таудың
дала алқабы қалыптасқан. 2500–3000 м-ге дейін
биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан.
3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар және мәңгі
мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аум. 223 км
2
(Қазақстанда Меркі өз-нің бастауында шағын
мұздық орналасқан). Қ. а-ның бөктерлерінде су-
ғармалы егіншілік дамыған. Орта биіктіктегі
белдеу малшылардың жазғы жайлауы санала-
ды. Беткейлерінде 2500 м биіктікке дейін дала
өсімдіктері, шырша, арша, одан жоғары жағында
субальпі, альпі шалғындығы өседі.
ҚЫРҒЫШТАУ – Ұлытау тау жүйесінің солт.-
батысындағы тау. Қарағанды обл. Ұлытау ауд.
Қорғасын а-ның солт-нде орналасқан. солт-тен
Қыран
Қырғыз Алатауы
Қыран
451
Қыстау
оңт-ке қарай 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 3–
4 км. Абс. биікт. 440 м. Шығыс және оңт. етегінде
қорымтастың мол үйінділері бар. төм. кембрийге
дейінгі кезеңнің жыныстарынан түзілген. Оңт-
тің сортаңдау қара топырағында жусан, бетеге,
боз, бұталар өседі. таудың оңт.-батыс беткейінен
Қараторғай өз. бастау алады. Беткейі жайылымға,
қыстауға (Мақат) пайдаланылады.
ҚЫРЖОЛ – темірлік жотасының оңт. бөлігіндегі
асу. Алматы обл. райымбек ауд. сарыбастау а-ның
солт.-шығысында 51 км, Қытаймен шекаралас
жерде орналасқан. Абс. биікт. 2735 м. Мамыр–
желтоқсан айларында салт атты адам өте алады.
Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әре-
кеттері күшті дамыған. Батысынан сатылыхасан
өз-нің саласы бастау алады. Жатық беткейлі тар
өзен арналары жоғары қарай біртіндеп сатылы
жонды қырқаларға ұласады. Оңт.-батысында са-
рытау, батысында Үшхасан таулары бар. Асудың
биік белдеуінде қылқанды орман өскен.
ҚЫРҚЫСТАУ – Батыс Үстірт кемерінің солт.-
шығыс бөлігінде, өліқолтық сорының оңт-ндегі
құдық. Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд. сайөтес
а-ның солт.-шығысында 58 км жерде орналас-
қан. тереңд. 37 м, су шығымы 550 л/сағ. солт-
нде Қызылтас, Балтабұлақ бұлақтары, батысын-
да Қарнау қонысы, оңт-нде Жұмабаз, Екпінді,
Арасанбұғы құдықтары бар.
ҚЫРМЫЗЫ – Оңт. Алтай жотасының шығыс бө-
лігіндегі асу. Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай
ауд. Аршаты а-ның оңт.-шығысында 27 км жерде
орналасқан. Абс. биікт. 2973 м. Маусым–қыркүйек
айларында салт атты адам өте алады. өзен арнала-
ры тік жарқабақты келген. Биік белдеулердегі мұз-
дықтардан Бұқтырма өз-нің салалары бастау ала-
ды. солт-нде Қарашоңғал тауы, солт.-батысында
тарбағатай жотасы орналасқан. Асуда майқарағай,
қарағай, балқарағай, самырсын өседі.
ҚЫРШАБАҚТЫ, Б ө г е н – Ақжар көлі ала-
бындағы өзен. Жамбыл обл. сарысу ауд. жерімен
ағады. Ұз. 95 км, су жиналатын алабы 805 км
2
.
Бастауын Қаратау жотасының солт. баурайындағы
бұлақтардан алып, Шабақты т. ж. айырмасынан тө-
менде Шабақты өз-не оң жағынан құяды. Жоғ. бө-
лігі Бөген деп аталады. Қаратау жотасының солт.
жалғасы – Ақтау жотасынан шыға берер жерінен
бастап, өзеннің оң жағалауы жарқабақты келген
(30 км-ге жуық), жоғ. арнасы тау шатқалымен
ағады. Шабақты өз-не дейінгі төм. арнасының жа-
ғалауы жарлауытты келген. Арнасында жыл бойы
су болады. төм. алабы игерілген. өзен бойында
бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан.
ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ – иманқара тауының солт.-
шығысындағы тақыр. Атырау обл. Жылыой ауд.
Ақкиізтоғай а-ның солт.-шығысында 43 км жерде
орналасқан. теңіз деңгейінен 54 м биіктікте жатыр.
солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 7 км-ге созыл-
ған, енді жері 2,5 км. солт-нде Ошан, батысында
Қойқара төбелері, шығысында Ақтоғай қырқасы,
оңт-нде дәулет тақыры жатыр. саздақты, сортаң
топырақ жамылғысында сирек сораң өсімдіктер
өседі.
ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ, Аты-
рау обл. Жылыой ауд. Құлсары қ-нан солт.-шы-
ғысқа қарай 60 км, Жантерек т. ж. ст-нан оңт.-
шығысқа қарай 57 км жерде. Іздеу-бұрғылау жұ-
мыстары 1988 ж. басталып, нәтижесінде төм. бор
қабатында 6 мұнай-газды горизонт, юрада 4, триас
шоғырларында 3 горизонт бар екендігі анықталды.
өнімді горизонттардың жатыс тереңдіктері төм.
бор шоғырында 286–725 м, юрада 750–1060 м,
триаста 1300–1400 м. Коллекторлары терригенді,
кеуекті. Жабыны саз будасынан (қалыңд. 10–20
м) тұрады. төм. бор горизонттарының ашық ке-
уектілігі 27–40% аралығында өзгереді. Мұнайға
қаныққан жалпы қалыңд. 2,5–9 м, мұнайға қа-
ныққан тиімді қалыңд. 2–6 м. Мұнайға қанығу
коэфф. 0,62–0,81. Шоғырдың биіктігі тектоник.
блоктардың қалпына байланысты. Қабат қысымы
2,4–5,4 МПа, темп-расы 30–38°с. Блок бойын-
ша мұнайдың тәул. өнімд. 1,12–14,4 м
3
. өнімді
горизонттардың табан сулары хлоркальцийлі, ты-
ғызд. 1,03–1,152 г/см
3
, минералд. 95–197 г/л. судың
тәул. өнімд. 11–160 м
3
. Микроэлементтердің су-
дағы мөлшері аз.
ҚЫРЫҚ СЕГІЗ – Қабыланқыр кемерінің солт.-
батысындағы құдық. Маңғыстау обл. Қарақия
ауд. төлеп а-ның оңт.-батысында 142 км, түрікмен-
станмен шекаралас жерде орналасқан. тереңд. 17 м,
су шығымы 520 л/сағ. Батысында тамды, оңт.-ба-
тысында Екінші тамды, оңт-нде Құғыла, денелі
құдықтары бар.
ҚЫСҚААТАЛЫҚ ҚЫЗҒАЛДАҚ (Tulipa bra-
chystemon) – лалагүлділер тұқымдасына жататын
көп жылдық пиязшықты өсімдік. Жетісу (Жоң-
ғар) Алатауының оңт. және оңт.-батыс сілемде-
рінде өседі. Пиязшығының жуандығы 2 см-дей,
қара қоңыр қабығы болады. әдетте 4 жалпақ
қандауыр жапырақтан тұрады, ұш жағындағы
жапырақтары таспа қандауыр тәрізді. Гүлі бекі-
ген сабағының ұз. 30 см-ге дейін, бір сары гүлі
болады. Қауашағының ұз. 2,5–4,5 см, ені 1,5–2 см.
тұқымынан және вегетативті-пиязшығы арқылы
көбейеді. сәуір–мамыр айларында гүлдейді. тау-
дың тасты-қиыршықтасты және аласа тау бет-
кейлерінде өседі. сирек кездесетін, эндемик түр
болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына»
енгізілген. әсемдік үшін де өсіріледі.
ҚЫСТАУ – малшылардың қысқы мекенжайы.
дәстүрлі қазақ ауылдары жыл мезгілдеріне қарай
көктеу, жайлау, күзеу, Қ. секілді қоныстарға көшіп
Қыршабақты өзенінің жарлауытты жағалауы
452
Қыша
ЛАВАРСАЗ, Л а в а р-Қ а р а с у, д а я р с а з –
Іле алабындағы өзен. Алматы обл. Еңбекшіқазақ
ауд. жерімен ағады. Ұз. 34 км, алабында аум. 20 га
болатын шағын көл және ұз. 16 км болатын Жі-
ңішкесу (Жіңішкебұлақ, тамды) саласы бар. Бас-
тауын Қорам а-нан шығыста 8 км жердегі Бөшке
деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағын-
дағы қайнардан алып, даярсаз қонысынан төмен-
де сенсембай-Қарасу өз-не сол жағынан құяды.
Одан әрі торғай сайы бойымен ағып, Іле өз-не
(Қапшағай бөгені) құяды. Жоғ. ағысында Қарасу,
ал Лавар а-нан бастап Л. деп аталады. Арнасы
толығымен дерлік жазық өңірмен өтеді. сол жа-
ғалауының басым бөлігі жарлауытты келген. Бас-
тауынан сенсембай-Қарасу өз-не дейінгі жағалау
бойында тал, шілік, жүзгін, жиде, т.б. ағаштардан,
бұталардан тұратын тоғай қалыптасқан және жа-
ғалауында қамыс, құрақ қалың өскен. Арнасында
жыл бойы су болады. суында балық бар. Жыл
құстары және т.б. құстар ұя салады, мекендейді.
өзен бойында Қорам, Лавар а-дары және қыстау-
лар мен қоныстар жайласқан. Алабы – мал жайы-
лымы және шабындық.
ЛАЙКӨЛ – сырдария өз-нің төм. ағысында, Қа-
мыстыбас көлінің батыс бөлігіндегі тұщы ағынды
көл. Қызылорда обл. Арал ауд. Аманөткел а-ның
шығысында, теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жа-
тыр. Аум. 7,2 км
2
, ұз. 4,4 км, енді жері 2,4 км, жаға-
отырған. Мұның экон. тиімділігі жоғары. Бұл
көшпелі елдің атадан балаға ауысып келе жатқан
мал ш-н жүргізу тәсілі болып табылады. Малшы
ауылдар Қ-да көктемге дейін тұрақтайды. Қ-ға
орталықтан тысқары, мал қыстауға қолайлы, бұ-
лақты, ықтасынды, оты мол жерлер, таулы аймақта
мал тебіндеп жайылатын күнгей, далалы аймақта
шілікті, қорықты сай-сала таңдап алынады. Қ-лар-
да малшыларға арналған тұрғын үйлер, жабық мал
қорасы, жемшөп базалары, ашық албарлар, пішен
арандары, арнайы межеленген шабындық жерлер
болады. Егер Қ. бірнешеу болса, ондай мекенжай –
қыстақ деп те аталады. Қ. мал қорасынан және т.б.
әр түрлі шаруа нысандарынан 100–200 м алшақ
орналастырылады. Оған көлік жүретін жолдар
салынады, электр жарығы жеткізіледі. Қ-да төрт
түлік малдың бірнеше түрі бағылып, көктемде мал
төлдету науқаны жүргізіледі.
ҚЫША (Sinapis) – орамжапырақтар тұқымда-
сына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы;
майлы дақыл. Қазақстанда екі түрі (сарептік және
ақ Қ.) өсіріледі. с а р е п т і к Қ. (Brassica juncea)
биікт. 1,5 м, сабағы тегіс, бұтақты, төм. жапы-
рақтары кесік, жоғ. жапырақтарының шеттері
тұтас, кіндік тамырлы (1,5–2 м тереңдікке кетеді).
Жемісі – собықша, тұқымы сопақ, жұмыр. дәні
ұсақ, 1000 дәнінің салм. 1,8–4,5 г. өнімд. бір га-
сынан 12–15 ц, кейде 25–27 ц-ге жетеді. негізгі
алғы дақылдары – астық тұқымдастары. Құрғақ
аудандарда га-сына 6–8 кг тұқым (4–5 см терең-
дікке) себіледі, қар және қар суын тоқтату сияқты
агротех. шаралар жүргізіледі. дәнінің құрамында
35–47% май, 24% белок, 11,09% клетчатка, 11,5%
су, 8,68% күл, т.б. заттар бар. А қ Қ-ның (S.alba)
сабағы тік, ұз. 30–100 см, жапырақ сағағы ұзын,
сары гүлді гүлшоғыры саусақ тәрізді, қысқа
собықтары бұдырлы, дәмі ащы тұқымы дөңге-
лек келген. 1000 дәнінің салм. 4–7 г, тұқымының
майл. 20–34%. өнімд. га-сынан 12–15 ц. өсуін
жақсартып, өнімділігін арттыру үшін алғы дақыл-
дың астына әк себіледі. Га-сына 14–18 кг тұқым
(5–6 см тереңдікте) себіледі. негізгі зиянкестері:
орамжапырақтар бүргелері, капуста көбелектері,
саңырауқұлақшалар. Қ. тұқымының майы нан
пісіру, тәтті тағамдар және парфюмерлік, т.б. пай-
даланылады. дәнінің ұнтағынан асхана Қ-сы және
Қ. қағазы (мед.) дайындалады.
сарептік қыша
Іле алабындағы Лаварсаз өзені
Достарыңызбен бөлісу: |