Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАРАСОР  Шағалалы алабындағы көл. солт. Қа- 
зақстан обл-ның тайынша ауд-ның солт.-батысында, 
теңіз деңгейінен 123,4 м биіктікте орналасқан. Аум. 
75,5 км
2
, ұз. 27,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойы-
ның ұз. 73,2 км. түбі тегіс, жағалауы саздақты жазық. 
төңірегі ойдым-ойдым батпақты сор. Жағалауында 
қамыс, құрақ өскен. Атырабының 10%-ынан астамы 
егістік,  тың  жері  бозды-бетегелі,  жусанды  келген. 
Көл маңы жайылым ретінде пайдаланылады.
ҚАРАСОР  –  Павлодар  обл.  Екібастұз  қалалық 
әкімдігіне  қарасты  аумақта  орналасқан  көл.  Аум. 
44,3 км
2
, ұз. 17,2 км, енді жері 5 км, жағалау бойы-
ның  ұз.  78,7 км. Батыстан шығысқа қарай созылған. 
Көлге Балатүндік өз. құяды. Қар, жаңбыр сулары-
мен  толығады.  Жағалауы  жазық,  әр  түрлі  астық 
тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қо-
лайлы. Кей жерлері егістікке пайдаланылады. 
ҚАРАСОР  –  Ертіс  алабындағы  тұйық  көл. 
Павлодар  обл.  Май  ауд-ндағы  Жұмыскер  а-ның 
оңт.-батысында 25 км жерде орналасқан. Көл теңіз 
деңгейінен 144,7 м биіктікте жатыр. Аум. 28,3 км
2

ұз. 9,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұз. 46 
км, тереңд. 1,2 м. Жағалаулары қатты тілімденген. 
Көл қазаншұңқыры батыстан шығысқа қарай созы-
лып жатыр. Батысынан түндік өз. құяды. Жаз ай-
ларында кеуіп қалады. 
ҚАРАСОР – тобыл алабындағы көл. Қостанай обл. 
әулиекөл ауд. Мақсұт а-нан солт-ке қарай 4 км жер-
де, теңіз деңгейінен 184 м биіктікте жатыр. Күрделі 
пішінді көлдің аум. 25,3 км
2
, ұз. 11,6 км, енді жері 3,1 
км, жағалау бойының ұз. 38,8 км. Көлдің жағалауында 
қамыс,  құрақ  өскен.  Шығыс  жағалауы  жарқабақты 
(биікт. 10 м-ге жетеді). Көктем айларында және суы 
мол жылдары батысындағы шағын көлдермен бірігіп 
кетеді. Алабының басым бөлігі жыртылған.
ҚАРАСОР  –  сілетітеңіз  алабындағы  көл.  солт. 
Қазақстан  обл.  Ғ.Мүсірепов  ауд.  Қараағаш  а-нан 
солт.-батысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 
21,7 м биіктікте жатыр. созылыңқы келген көлдің 
аум 21,4 км
2
, ұз. 15,1 км, енді жері 2,3 км, жағалау 
бойының ұз. 41,8 км. Батысы мен шығысы жарқа-
бақты,  қалған  жағалаулары  жайпақ.  Онда  қамыс 
Қарасор көлінің қамысты жағалауы
Көксеңгір алабындағы Қарасу өзені

358
(ресей аумағында) – Астана т. ж. магистралі, одан 
басқа  Қостанай–Қарасу,  Қарасу–Қойбағар,  Қарасу–
сарыкөл,  Қарасу–Шалғыншы,  Қарасу–Есіл  авто-
моб. жолдары өтеді. 
ҚАРАСУЫР – Ащымиір алабындағы өзен. Қарағанды 
обл.  Ұлытау  ауд.  жерінде  орналасқан.  Ұз.  51  км. 
Ұлытау тауының оңт.-батыс беткейлеріндегі бұлақтар 
суының қосылуынан түзілген. Қарасуыр қонысының 
солт-нде, Ащымиір өз-не сол жағынан құяды. Жағасы 
биік  жарқабақты,  аңғары  кең.  Көктемгі  еріген  қар 
және  жер  асты  суларымен  толығады.  сәуірде  таси-
ды, осы кезде арнасынан негізгі ағысы өтеді (10–15 
күндей) жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. 2 
саласы бар, төм. ағысында шаруашылық мақсатында 
бөген салынған. өзеннің жоғ. ағысы аңғарында тұщы 
сулы  саз,  Жарқұдық,  т.б.  құдықтар  бар.  Алабы  –  
жайылым, суы мал суаруға пайдаланылады. 
ҚАРАТАЛ – Балқаш–Алакөл алабындағы өзен. Ал- 
маты обл-ның Ескелді би, Қаратал аудандары же- 
рімен  ағады.  Ұз.  (390  км)  және  суының  молдығы 
бойынша  облыста  Іледен  кейінгі  2-орында.  су 
жиналатын алабы 19,1 мың км
2
. Қ-дың жалпы ұз. 
420  км  болатын  320-ға  жуық  саласы  бар.  Ірілері: 
Көксу, Быжы, тентек, Шежі, Балықты, сарыбұлақ, 
т.б. сондай-ақ өзен алабында жалпы аум. 21,4 км
2
 
болатын  220-дан  астам  көл  орналасқан.  Бастауын 
Жетісу  (Жоңғар)  Алатауындағы  мұздықтардан 
алып, Балқаш көліне құяды. Аңғары төм. бөлігінде 
кеңейіп сарыесік Атырау құмын жарып ағады. Жоғ. 
жағасы тік жарлы. Ағыны қатты. Жылдық орташа 
су  ағымы  Қаратал  а.  тұсында  19,9  м
3
/с.  суымен 
облыс ш-тарының күріш плантациялары мен қант 
қызылшасының 80 мың га-дан астам жері суғары-
Қарасу
мен  ағады.  Ұз.  96  км,  су  жиналатын  алабы  1200 
км
2
.  Бастауын  Қырыққұдық  а-нан  оңт.-батыста  8 
км жерден алып, солт. Қазақстан обл. уәлиханов ауд. 
Қазанғап а-нан төменде Көксеңгірсор көліне құяды. 
Жоғ.  ағысында  аңғары  айқын  қалыптаспаған,  ор-
таңғы  және  төм.  ағысында  ені  1,5–2  км-ге  дейін 
жетеді.  Беткейлері  құлама,  кей  жерлерінде  тік 
жарлы.  Жайылмасының  ені  0,1–0,3  км.  Арнасы 
Қырыққұдық а-на дейін анық білінбейді. Орта ағы-
сында  ені  10–30  м,  биікт.  0,5–2  м,  төм.  ағысында 
ені 15–20 м, биікт. 2–5 м. Көп жылдық орташа су 
ағымы Қарасу а. тұсында 0,080 м
3
/с. сағасынан 43 
км  жоғарыда  мал  суаруға  арналған  ұз.  0,8  км,  ені 
20–50 м, тереңд. 1 м-ге жететін кішігірім Шамған 
тоғаны бар. тоған бөгетінің биікт. 1,5 м.
ҚАРАСУ – Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан 
обл-ның  Абай  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  80  км,  су 
жиналатын  алабы  4570  км
2
.  Ұз.  22  км  болатын  5 
саласы бар. Бастауын Үлкен сарымбет және Жақсы 
Абралы  тауларынан  алып,  тасты  қыстауынан 
төменде  тартылып  қалады.  Жоғ.  арнасы  жарқа-
бақты, орта ағысы жарлауытты. Аңғары кең, жайы-
лымы жайпақ. Жер асты, қар суларымен толығады. 
Көктемгі қар еру кезінде ағындысының негізгі бөлігі 
қалыптасады,  жазда  қарасуларға  бөлініп  қалады. 
Жайылымы – шабындық, мал жайылымы.
ҚАРАСУ АУДАНЫ – Қостанай обл-ның шығысын-
дағы  әкімш.  бөлініс.  1939  ж.  құрылды.  1997  ж. 
аудан  құрамына  бұрынғы  Октябрь  ауд-ның  солт. 
бөлігі  қосылды.  Жер  аум.  12,8  мың  км
2
,  тұрғы- 
ны 29,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге 2,3 адам-
нан келеді (2010). Аудандағы 61 елді мекен 15 ауыл-
дық  әкімш.  округке  біріктірілген. Орт. – Қарасу а. 
Аудан аумағы торғай үстіртінің солт.-шығыс бөлігін 
алып  жатыр.  Жер  бедері  негізінен  жазық  келген. 
Кейбір жерлері кішігірім өзендермен оңт-тен солт-
ке  қарай  аздап  тілімденген.  төбелі-жонды  келген 
аумақтарында көл қазаншұңқырлары жиі кездеседі. 
Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық 
боранды, жазы біршама ыстық келеді. Қаңтардағы 
ауаның  жылдық  орташа  темп-расы  –17–18°с, 
шілдеде  19–21°с.  Жауын-шашынның  жылдық  ор-
таша  мөлш.  250–300  мм.  Жер  беті  сулары  Қарасу 
(Қойбағар саласымен), Құндызды, сүйгенсай және 
тімтәуір өзендерінен тұрады. Ауданда бірнеше ірі 
көлдер бар. Олар: Алабота, Құсмұрын (шығыс бө-
лігі), Қойбағар, тімтәуір, Жаншора, Биесойған және 
Жекекөл.  Аудан  жерінің  топырағы  солт.  бөлігінде 
қара, оңт-нде қоңыр, қызғылт қоңыр  болып  келеді. 
Құсмұрын  көліне  таяу  маңда  сортаңды  қара  және 
қоңыр топырақтар, басқа көлдердің жайылмаларын-
да шалғынды қара топырақ дамыған. өсімдіктерін 
жусан  аралас  астық  тұқымдас  (селеу,  бетеге, 
қылқан  боз,  айрауық,  т.б.)  шөптесіндер  құрайды. 
солт-нде  терек  аралас  қайың  шоқтары  кездеседі. 
Жануарлар  дүниесінен  қасқыр,  түлкі,  қоян,  суыр, 
сарышұнақ; құстардан қаз, үйрек, аққу, көл жағалай 
қызғыш,  тауқұдірет,  шымшық,  далалы  жерлерде 
бозторғай, дуадақ, т.б. мекендейді. Ірі елді мекен-
дері: Қарасу, Қойбағар, Шалғыншы, новопавловка, 
Железнодорожное, Восток, Амангелді, Жалғасқан. 
А. ш-на жарамды жер аум. 1274,9 мың га, оның 855 
мың га-сы егістік, шабындық 19,4 мың га, жайылым 
367,4 мың га (2009). Аудан жері арқылы Қарталы 
Аудандағы шоқ қайыңды орман
Қаратал өзенінің жоғарғы ағысы

359
«Қаратал» 
(доңыз) кездеседі. Қараталдың ну қамысында 20 ғ-
дың 40–50-жылдарына дейін жолбарыс мекендеген. 
Бұл  көрсеткіш  облыстың  орташа  көрсеткішінен 
3,5  есе  кем.  Аудандағы  ірі  елді  мекендер:  Үштө- 
бе қ., Бастөбе, Қалпе, Жаңаталап, Октябрь, Ескелді 
және  Елтай  а-дары.  Ауданның  а.  ш-на  жарамды 
жері  2,05  млн.  га.  Оның  ішінде  19,4  мың  га  егіс-
тік,  1,7  млн.  га  жайылым,  14,3  мың  га  шабындық 
бар  (2008).  Аудан  жерімен  түркістан–сібір  т.  ж.,  
Үштөбе–талдықорған–Алматы, Үштөбе–Көпбірлік ав-
томоб. жолдары өтеді. 
ҚАРАТАЛДЫӘЙЕТ, Қ а р т а л ы ә й е т – тобыл 
алабындағы  өзен.  ресей  және  Қазақстанның  Қос- 
танай обл. денисов ауд. шекарасында. Ұз. 175 км, су 
жиналатын алабы 1900 км
2
. Бастауын Оңт. Оралдағы 
Жабық  т.  ж.  ст-нан  10  км  жердегі  бұлақтардан 
алып, Ақсай қ-нан  шығыста (ресейде) 10 км жер-
де әйет өз-не құяды. төм. ағысының 3–5 км бөлігі 
Қазақстан  шекарасы  бойымен  ағады.  Аңғарының 
ені 0,5–0,6 км, беткейі жыралармен тілімденген. Жер 
асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық 
орташа су ағымы 0,47 м
3
/с. суымен бақшалық да-
қылдар суғарылады.
ҚАРАТАЛ  ҚҰМЫ  ҚОРЫҚШАСЫ  –  мемл.  ма- 
ңызы  бар  табиғи-ботан.  қорықша.  1978  ж.  Шы- 
ғыс Қазақстан обл. Зайсан ауд-нда ұйымдастырыл-
ған.  Аум.  1,3  мың  га.  Айғырқұм  шөліндегі  қатты 
шымдалған құм төбелер қорықша аумағына кіреді. 
өсімдіктерден  жүзгін,  теріскен,  жыңғыл  бұта  шо-
ғырлары қалың өскен. Құм шағылдары арасындағы 
қазаншұңқырларда  қорықшада  қорғалатын  басты 
өсімдік  –  шырғанақ  өседі.  Шығыс  Қазақстанның 
басты  құнды  өсімдігі  саналатын  шырғанақтың  ба-
сым  бөлігі  осында  шоғырланған.  Мұнда  сұрыптау 
жұмыстары нәтижесінде алынған аласа, ірі жемісті 
және  қатты  немесе  әлсіз  (жұмсақ)  тікенекті  түр-
лері  өсіріледі.  Шырғанақ  өсірілетін  аумақ  1,2  мың 
га  жерді  қамтиды.  Жемісінің  жылдық  қоры  24–26 
т деп бағаланады, оның ішінде кәсіптік мөлш. 6,8– 
14 т. Жемісіндегі майдың мөлш. 4–6%. Шырғанақ- 
тан басқа мұнда екпе қарағай, сонымен қатар терек, 
көк терек, қайың ормандары, ойыстарда ну қамыс 
шоғырлары  мен  батпақты  шалғындар  кездеседі. 
«Қызыл  кітапқа»  енгізілген  өсімдіктерден:  неоген 
кезеңіндегі  саваннаның  түрлі  жапырақты  терегі 
немесе тораңғы, тиынтақ, шым жуасы, т.б. реликт 
өсімдіктері өседі. Қорықшаны Зайсан қазаншұңқы-
рында  сирек  кездесетін  шығыс  айдаһар  жыланы, 
Қазақстанның  «Қызыл  кітабына»  енгізілген  түр-
лерден – Зайсан батбат кесірткесі, Орта Азия аусы-
лы, жорға дуадақ, кәдімгі дуадақ, сүтқоректілерден 
роборовский атжалманы, Орта Азия сілеусіні, т.б. 
мекендейді.  өрттің  шығуы  және  мал  жайылымы-
на  шектеу  қойылмауы  –  қорықшаға  үлкен  қауіп 
төндіруде.
«ҚАРАТАЛ»  САНАТОРИЙІ  –  Алматы  обл.  Қа- 
ратал  ауд-нда  орналасқан  санаторий-профилакто-
рий. Іргесі 1980 ж. қаланған. Алғаш пионер лагері 
ретінде  ашылған.  1983  жылдан  санаторий-профи-
лакторий  болып  жыл  бойы  үздіксіз  жұмыс  істей 
бастады.  Онда  буын,  ревматизм,  (құяң)  тыныс 
жолы, аллергия және ішкі органдар ауруларын ем-
дейді.  науқастар  минералды  ванна  қабылдайды, 
балшықпен, шөппен және инемен емделеді.
лады. өзен бойында талдықорған, Үштөбе қ-лары 
орналасқан. 
ҚАРАТАЛ АУДАНЫ – Алматы обл-ның солт-нде-
гі әкімш. бөлініс. Жер аум. 24,2 мың км
2
 (облыстың 
10,8%-ын құрайды). тұрғыны 48,6 мың адам, орта-
ша тығызд. 1 км
2
-ге 2 адамнан келеді (2010). Аудан 
аум-дағы 46 елді мекен 1 қалалық және 9 ауылдық 
әкімш. округке біріктірілген. Орт. – Үштөбе қ. Аудан 
1928  ж.  17  қаңтарда  Ескелді,  Күшік,  төм.  Қаратал 
және  Оңт.  Балқаш  болыстары  негізінде  құрылған. 
Аудан  жері  негізінен  Балқаш  көлінің  оңт-ндегі 
ойысты,  құмды-төбелі  келген  шөлейтті  жазықта 
орналасқан.  Бұл  тұсты  сарыесік  Атырау  шөлі-
нің  шығысындағы  Лөкқұм  (Лекқұм),  Жаманжол, 
Жаманқұм,  Бестас,  Іріжар,  сүртке  құмдары, 
ал  Кербұлақ  ауд-мен  шектесетін  оңт.-батысын 
Аралқұм құмы алып жатыр. Шығысында аласа кел-
ген  Үшқара  тауы  орналасқан.  Ауданның  ең  биік 
жері  оңт.-шығысында  орналасқан  Бурақой  тауы 
(985 м), одан басқа аласа келген Бақалы, Бастөбе, 
Ақтасты, Қайрақты таулары бар. Ауданның клима-
ты  тым  континенттік.  Қысы  оңт.-шығысында  бір-
шама жұмсақ, солт-нде суық, қаңтар айының жыл-
дық орташа темп-расы –10–14°с. Жаз айлары ыстық 
әрі қуаң. Шілде айының орташа темп-расы 22–24°с.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200–400 
мм-ді  құрайды.  Ауданның  жаз  жайлауы  Жетісу 
(Жоңғар) Алатауында, қыстауы құм ішінде. Аудан 
жерімен  Қаратал  өз.  ағып  өтіп,  Балқаш  көліне 
құяды.  Оған  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  қарлы 
шыңдарынан бастау алатын тентек, Көксу өзендері 
қосылады. Аудан аумағында үлкенді-кішілі Үшкөл, 
Қаңбақты,  Шораяқкөл,  Қалған,  сарыкөл,  т.б.  көлдер 
бар.  Аумақта  тұз  бен  натрий  сульфаты,  құрылысқа 
қажетті  материалдар  (Қайрақты  тауында),  кварц 
(Ақтаспалы), т.б. кен орындары барланған. Жерінің 
басым бөлігі құмды, құмайтты, өзен аңғарлары мен 
көл бойларының топырағы сазды, шалғынды-сазды, 
оңт-нің  топырағы  сұр,  сортаңды  сұр,  бозғылт  қо-
ңыр. Мұнда жусан, изен, еркекшөп (көкпек), теріс-
кен, сұлыбас, қызылмия, жантақ, бидайық, өзен-көл 
бойларында  қамыс,  құрақ  өседі.  солт.-батысының 
құмды  өңірінде  сексеуіл,  тобылғы,  жыңғыл,  ал 
Қаратал өз. бойында тал, тораңғы тоғайлары кездеседі. 
Ауданның  аласа  таулы  өңірінде  елік,  қоян,  қасқыр, 
түлкі;  жазық  даласында  дуадақ,  құр,  өзен-көл-
дерде  қаз,  үйрек,  бірқазан,  қырғауыл  мекендейді. 
Қамысты-қорықты  жерлерінде  жабайы  шошқа 
Қаратал ауданындағы жайлау

360
ҚАРАТАС МЫС-МОЛИБДЕН КЕНІ, Қарағанды 
обл. Шет ауд. Мойынты т.ж. ст-ның оңт.-батысында 
орналасқан.  Кен  орнындағы  алғашқы  геол.  барлау 
жұмыстары  (и.П.русаков)  1930–52  ж.  жүргізіліп, 
оның өндірістік маңызы бары анықталды. 1958 ж.  
жүргізілген  кешенді  геофиз.-геол.  іздеу-барлау  жұ-
мыстарының  нәтижесінде  бұл  кентасты  ауданда 
мыс,  қорғасын,  мырыш,  молибденнің  бірқатар 
жаңа  кен  орындары  ашылды.  Олардың  ішінде 
мыс  және  молибденді  Қаратас  І  кен  орнының  өн-
дірістік  маңызы  ерекше  екендігі  анықталды.  Ол 
әр  түрлі  геол.  мезгілде  пайда  болған  екі  жарылым 
жүйелерінің  қиылысқан  түйінінде,  интрузия  мен 
кентасты  метасоматиттер  қалыптасқан  алаңда  ор-
наласқан.  Жыныстар  кембрий  дәуіріне  дейінгі 
брекчияланған,  калийшпаттанған,  альбиттенген, 
қатты  жарықшақтанған  биотитті  гнейсті  гранит-
терден, гранодиориттерден түзілген. Мыстың және 
молибденнің аса бай кен денелері массив, желі және 
штокверк пішінінде сеппелі кентас линзаларының 
орталығында  шоғырланған.  Кен  орнының  кентас 
құрайтын  басты  минералдары:  халькопирит,  мо-
либденит,  пирит,  аз  мөлшерде  магнетит,  гематит, 
сфалерит,  галенит.  серіктес  элементтері:  висмут, 
рений, селен, теллур, осмий, қорғасын.
ҚАРАТАСТАУ  –  нарын  жотасының  оңт.-шығы-
сындағы  таулар.  Шығыс  Қазақстан  обл.  Күршім 
ауд.  сарытау  а-ның  солт.-шығысында  орналасқан. 
Күршім  өз-нің  салалары  Озерная  мен  Брусовая 
өзендерінің  суайрығында.  Ең  биік  жері  шамамен 
1900–2000  м.  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай 
18 км-ге созылған, енді жері 10–11 км. Беткейлері 
көлбеу,  түпкі  жыныстары  жалаңаштанған  шоқы-
лардан  тұрады.  Беткейі  өзен  аңғарларымен  тілім-
денген. солт-нде Шұбаршілік, шығысында Бойнала, 
оңт-нде сарытау, батысында Қаңсар таулары орна-
ласқан. тау беткейінде көк терек, қайың, қарағай, 
етегінде жусан, боз, бұта өседі.
ҚАРАТАУ – тянь-Шань тау жүйесінің солт. доға- 
сына кіретін таулар. Кетпен (Ұзынқара) жотасының 
оңт.  сілемі.  Алматы  обл.  райымбек  ауд.  жерінде. 
Шалкөдесу  және  сүмбе  өзендерінің  суайрығында 
орналасқан. Батысында теген Қаратау, шығысында 
Үшхасан  тауларымен,  солт-нде  Кетпен  жотасы-
мен, оңт-нде сарытау тауларымен жалғасады. Абс. 
биікт.  3722  м.  Батыстан  шығысқа  қарай  ендік  ба-
ғытта 60 км шамасында созылған, енді жері 15–20 
км. тау жоталары қар сызығынан төмен жатқандық-
тан  мұздықтар  кездеспейді.  Қ.  тауы  тік  шатқалды 
құздар  мен  үстірт  тәріздес  тегіс  беткейлерімен 
ерекшеленеді. Үстімен соқпақ жолдар, көлік жолда-
ры өтеді. тау өзен аңғарларымен, терең әрі тік шат-
қалдармен тілімденген. таудан сүмбе, Есекартқан 
өзендері  мен  Шалкөдесу  өз-нің  бірнеше  салалары 
бастау алады. тау етегіндегі өзендердің ысырынды 
конустарында қызғылт қоңыр топырақты дала лан-
дшафтысы дамыған. тау етегінде таудың орманды-
дала белдеуі, таулы-орман топырағында тянь-Шань 
шыршасынан  тұратын  қылқанды  орман  (1800– 
2700 м) белдеуі орналасқан. 2700–3000 м биіктікте 
таудың шалғын топырағында субальпілік ландшафт, 
ал  3000  м  биіктікте түрлі  шөпті  альпілік  шалғын-
дар  тараған.  таудың  солт.-батыс  бөлігін  табиғаты 
көрікті Шалкөде жайлауы алып жатыр.
ҚАРАТАМАҚ  –  Арал  т-нің  шығысындағы  сор.  
Қызылорда  обл.  Қазалы  ауд-ның  оңт.  және  Қара- 
қалпақстан республикасы шекарасында жатыр. Аум. 
115  км
2
.  Бойлық  бағытта  25–30  км-ге  созылған, 
енді  жері  8  км.  Гидрогеол.  тұрғысынан  сырдария 
артезиан  алабына  жатады.  сор  басқан,  адам  өте 
алмайтын  Қ-тың  солт-мен  оңт-нде  тұзды  көлдер 
кездеседі.  Олардың  жағалауы  ашық.  теңіздің  тұзды 
шөгінділерінен түзілген аккумулятты жазықтың то-
пырағы  негізінен  сор  және  жағалау  бойында  сұр, 
ақшыл сұр. Кезінде Арал т-нің түбі болып келген 
(20–30 жыл бұрын) жазық сорда ешқандай өсімдік 
өспейді.
ҚАРАТАС  –  нарын  жотасының  солт.-шығысын-
дағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. 
Белқарағай а-ның солт.-батысында 18 км жерде ор-
наласқан.  Бұқтырма  өз-нің  аңғарында.  Абс.  биікт. 
1780 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай шама-
мен 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. солт. 
беткейі тіктеу, оңт. бөлігіне қарай көлбеуленіп сай, 
өзен  аңғарларымен  тілімденген.  таудан  Бұқтырма 
өз-нің  сол  саласы  Коробиха,  нарын  өз-нің  оң  са-
ласы  Березовка,  т.б.  ірілі-ұсақты  салалары  бастау 
алады. тау беткейінде далалық қоңыр топырағында 
шалғынды дала өсімдіктерімен бірге қарағай, самыр-
сын, бұталар өседі.
Қаратамақ
Қаратамақ соры
нарын жотасындағы Қаратас тауының шоқтығы

361
Қаратау
сының салм. 70 кг-дай, жота жүні қоңырлау келеді. 
Мүйізінің  ұз.  70–71,5  см,  домалақтана  иректелген, 
еркегінің мүйізі ірілеу келеді және салмағы жалпы 
салмағының  13%-ына  дейін  құрайды.  Үйірімен 
топталып  жайылады.  негізінен  таулы  аймақтың 
жазықтау  жерлерін  тұрақты мекендейді. Ұрғашысы 
еркегінен  мойны  тұсындағы  домалақ  келген  ашық 
түсті  жүндері  арқылы  ерекшеленеді.  сирек  қоныс 
аударады.  Қазан–қараша  айларында  күйекке  түсіп, 
сәуір–мамыр  айларында  ешкісі  жалқы  (егізді  сирек 
табады) қозықа табады. Қ. а-ның саны өте аз. 1970 ж. 
Қаратаудың солт.-батысында арқар саны 150–250-дей 
болған. Қазір олардың саны 100–150-ден аспайды. 
саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ АРТЕЗИАН АЛАБЫ, Қызылорда, Оңт.  
Қазақстан  және  Жамбыл  облыстары  аумағын 
қамтитын артезиан алабы. Үлкен, Кіші Қаратау бо-
лып бөлінетін алаптың аум. 20 мың км
2
. Алаптың 
карбонатты, терригенді жыныстарында орналасқан 
сулы қабатын тау бөктерінде юра және мезозой-кай-
нозойдың  құм-саз  шөгінділері  басқан.  девон  мен 
тас көмірдің карбонатты қабатының (әктас, долмит) 
жарықтары мен қуыстарында су қоры мол, суының 
минералд. 1,0 г/л-ге дейін. Құрамы гидрокарбонат-
ты-кальцийлі. Ұңғымадан секундына 70–100 л, бұ-
лақтардан 100–600 л су шығады. сулы қабат 400–
500 м тереңдікке дейін анықталған. Мырғалымсай 
кен  орны  шахталарынан  шығарылатын  су  мөлше-
рінің  көбеюіне  байланысты  бұлақ  сулары  азаюда. 
Үлкен  Қаратау  артезиан  суының  пайдалануға  бо-
латын жорымал қоры секундына 13 м
3
. Ауыз суға 
және кәсіпорындарда тех. мақсаттарға пайдаланы-
лады. Кіші Қаратау өңірінде жорымал су қоры се-
кундына 3,5 м
3
, пайдалану қоры секундына 2,4 м
3

8 артезиан суы орнының бесеуі тау-кен хим. өнер-
кәсібі мұқтажына пайдаланылады. Қ. а. а-ның оңт-н 
бойлай Оңт. Қаратау артезиан алабы жатыр.
ҚАРАТАУ  ЕМШӨБІ  (Paracaryum  karataviense)  –  
еріндігүлділер  тұқымдасы,  емшөп  туысына  жата-
тын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Қаратау  жо-
тасының  (Оңт.  Қазақстан,  Қызылорда  облыстары) 
солт.-батыс  бөлігіндегі  тастақты  тау  беткейлерінде 
өседі.  Биікт.  20  см-дей,  тамыры  жуан,  бұтақталған 
сабақтары болады. Жапырақтары қалақты немесе қан-
дауыр тәрізді. тостағанша жапырақшалары түп жа-
ғынан 5 бөлікке бөлінген. Қос ерінді күлтелері қара 
қошқыл күлгін түсті, түтікке ұқсайды. тұқымынан 
көбейеді.  Мамыр–маусым  айларында  гүлдеп,  мау-
сымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша (ұз. 10 см-
дей). Қ.е. өте сирек кездесетін эндемик түр болған-
дықтан  қорғауға  алынып,  Қазақстанның  «Қызыл 
кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ  ЖАЛҒАНБОЗКІЛЕМІ  (Pseudosedum  ka- 
ratavicum)  –  жасаңшөптер  тұқымдасы,  жалғанбоз- 
кілем  туысына  жататын  көп  жылдық  шөптесін 
өсімдік. Қазақстанда  тек  Қаратау  жотасында  (Оңт. 
Қазақстан,  Жамбыл  облыстары)  кездеседі.  Биікт. 
5–10 см, өте жақсы жетілген тамыры болады. сабағы 
көп,  қарапайым.  Бұтақтарына  қалың  орналасқан 
жапырақтары таспа сияқты. тостағанша жапырақ-
шалары (ұз. 5–7 мм) таспа немесе қандауыр тәрізді 
үшкір бөліктерге бөлінген. Күлтелері (ұз. 1 см-дей) 
қызғылт  түсті,  қоңырауға  ұқсас.  тұқымынан  кө-
ҚАРАТАУ  –  Мұғалжар  тауларының  солт.  бөлі-
гіндегі  шоқылы  тау.  Ақтөбе  обл.  Мұғалжар  ауд. 
Құмсай а-ның шығысында 15 км жерде орналасқан. 
Ор  өз-нің  аңғарында.  Абс.  биікт.  503  м.  солт-тен 
оңт-ке  қарай  бойлық  бағытта  12  км-ге  созылып 
жатыр,  енді  жері  2  км.  Оңт.-батыс  беткейі  тіктеу, 
солт-ке қарай еңістеніп шоқыларға ұласады. солт-нде 
Жамантау, оңт-нде Аққарпық таулары орналасқан.
ҚАРАТАУ  АҚШЕШЕГІ  (Botschancevіa  karatavі- 
ca)  –  орамжапырақтар  тұқымдасы,  ақшешек  туы-
сына жататын шала бұта. тек Қаратау жотасының 
(Оңт.  Қазақстан,  Жамбыл  облыстары)  тау  беткей-
лері  мен  биік  жартастарында  өседі.  Биікт. 2–8 см. 
тамыр сабақтан шығатын жапырақтары жалпақ, ал 
сабақ  бойындағы  жапырақтары  майда,  қандауыр 
тәрізді.  тостағанша  жапырақтарының  ұз.  5  мм-
дей, сопақша келген, сыртын жұлдызды түк басқан. 
Күлтесі ақ түсті. тұқымынан және атпа тамырлары 
арқылы  вегетативтік  жолмен  көбейеді.  Мамыр–
маусым  айларында  гүлдеп,  шілдеде  жемісі  –  бұр-
шаққын піседі. Қ. а. – өте сирек кездесетін сәндік 
өсімдік.  таралу  аймағының  жылдан-жылға  азаюы-
на  байланысты  қорғауға  алынып,  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет