ҚАРАТАУ АРҚАРЫ (Ovіs ammon nіgrіmontana) –
қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. тек
Қаратау жотасында (Оңт. Қазақстан, Қызылорда
облыстарында) ғана таралған. Осы жотаның солт.-
батысын мекендейді, сонымен қатар оңт.-шығыс
бөлігінде Қ. а-мен бірге қыс айларында талас
Алатауынан қоныс аударып келген тянь-Шань
арқары да кездеседі. Қ. а-ның 3,5 жастағы құлжа-
Қаратау тауының етегі
Қаратау арқары
362
бейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс-
тенеді. Жемісі – қандауыр тәрізді жапырақшалар.
Қ. ж. – өте сирек кездесетін эндемик түр. сондықтан
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»
енгізілген.
ҚАРАТАУ ЖОТАСЫ – тянь-Шань тау жүйесінің
қиыр солт.-батысында, Оңт. Қазақстан, Жамбыл
және Қызылорда облыстары аумағында орналас-
қан. сырдария және Шу–талас өзен алаптарының
суайрығы. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 420
км-ге созылған, енді жері 60 – 80 км (оңт.-шығы-
сындағы Боралдай жотасын қоса есептегенде). Ең
биік жері – Бессаз тауы (2176 м). Жота қатарласа
созылған Кіші Қаратау және Үлкен Қаратау жота-
ларынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық
ойыстар бөліп жатыр. Қ. ж-ның шығысы және Кіші
Қаратау протерозойлық тақтатас және құмтаста-
рынан, оңт.-батыс жота әктас, құмтас, конгломе-
рат және девонның жанартаутекті жыныстарынан
түзілген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген
жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты. Оңт.-ба-
тысын сырдария, солт.-шығысын Шу және талас
өзендерінің алаптары алып жатыр. Жотадан бастау
алып сырдария өз. және Арыс–түркістан каналына
бірнеше өзен құяды. Қ. ж-ның төңірегіндегі өңірге
климат тұрғысынан өз әсерін тигізеді. сондықтан
жотаның оңт.-батысы мен солт.-шығысының ауа
райында біраз айырмашылықтар бар. Қаңтар
айындағы орташа темп-ра жотаның солт. беткейі
мен баурайында –10°с, оңт.-батысында –6°с.
Жазы ыстық әрі құрғақ, шілденің орташа темп-
расы 22–26°с. Жауын-шашынның жылдық орташа
мөлшері тау бөктерінде 200–400 мм, тауда 400–
600 мм. Беткейлерінің топырағы қоңыр, қызғылт
қоңыр. тауаралық аңғарлар мен шатқалдарында
бетеге, боз, көде, өзен аңғарларында тоғай өседі.
Қазақстанның басқа жерінде кездеспейтін, кау-
чук ретінде қолдануға болатын тау сағызы Қ. жның
қойнауында мол өседі. таутеке, борсық, түлкі, қас-
қыр, түрлі тышқан, сарышұнақ, т.б. мекендейді. Қ.
өңірінде жер асты суларының мол қоры бар. Бұл
өңір Қаратау және Оңт. Қаратау артезиан алапта-
ры аумағында жатыр.
ҚАРАТАУ ЖОТАСЫ – Маңғыстау түбегіндегі ала-
са тау жоталары. Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд. же-
рінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 110
км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс
және Шығыс Қ. ж-ларынан тұрады. Ең биік жері –
Шығыс Қ. ж-нда орналасқан Бесшоқы тауы (552 м).
Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқал-
дармен тілімденген. Пермь кезеңінің метаморфтық
құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген.
Беткейлерінде жусан, қараған, етегінде тасбұйыр-
ғын өседі. Аңғары – жайылым. тау баурайларында
бұлақтар (сарыбұлақ – Батыс Қ-да, Жаманүш-
құз – Шығыс Қ-да) бар. Қ. ж-ның жер қойнауында
темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың қоры
барланып ашылған. Батыс және Шығыс Қ. ж-лары
аралығында Маңғыстау ауд-ның орт. – Шетпе кенті
орналасқан.
ҚАРАТАУ ЖЫЛАНБАСЫ (Dracocephalum karata-
vіense) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп
жылдық шала бұта. талас Алатауының аласа тау-
лары (Машаттау) мен Қаратау жотасының (Мың-
жылқы аймағы) тастақты беткейлерінде және жар-
тастарында ғана кездесетін өсімдік. Биікт. 15–60
см. Жіңішке тамыр сабағынан сырты безді, түкті
сабақтар дамиды. Жапырақтары қандауыр пішінді,
тегіс жиекті, нүкте тәрізді безді дақтары бар, ұз.
1,5–3 см, ені 0,4–1,2 см, өркенге сағақсыз бекініп
қарама-қарсы орналасқан. Жапырақ бетін жылтыр
сұйықтық жауып тұрады. Гүлсағағы өте қысқа.
Гүліндегі түкті безді тостағанша жапырақшаның ұз.
10–15 мм, сиякөк түсті. Күлтесінің сырты безді-түкті,
қоңыр қызғылт түсті, ұз. 18–25 мм. Астыңғы ернін
құрайтын күлтелері үстіңгісіне қарағанда 1,5–2 есе
ірі болады. Аталықтарының жіпшесі қысқа әрі қа-
лың түкті. Аналығының аузы қос тілімді. тұқымы
арқылы көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде же-
містері піседі. Жемісі – құрғақ майда (ұсақ) жаң-
ғақша. Қ. ж. – сирек кездесетін өсімдік, Қаратаудың
эндемигі. Жылдан-жылға таралу аймағының аза-
юына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ КЕКІРЕСІ (Oxytropіs karatavіca) – бұр-
шақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жыл-
дық шөптесін өсімдік. Қ. к. тек Қаратау жотасын-
да (Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарында) ғана
кездеседі. Биікт. 8–15 см, тамыры жуандау кел-
ген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер
үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұз. 0,5–1,5 см-дей.
Жапырақтары тостағанша немесе қандауыр тәрізді
болады. Қандауыр тәрізді жапырақтарының ұз. 5–12
см, сыртын ақ түк жапқан. тостағанша жапырақтары
түтікше, қоңырау тәрізді, ұз. 7–9 мм. Жапырақтары
түскен кезде орнында тікен қалатындықтан, бұтағы
тікенекті келеді. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Күлтесі
Қаратау
Қаратау жотасының шыңдары
Маңғыстау түбегіндегі Қаратау жотасының етегі
363
Қаратау
беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табаны-
на бейімделген. өзен жағалауын бойлай созылған
тоғайларда түркістан доланасы, тұт, сиверс алма-
сы, семенов үйеңкісі кездеседі. Мұнда өсетін 1600
өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген. Құстардың 118 түрі
бар, «Қызыл кітапқа» енгізілген жыртқыш құстар-
дан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жы-
ланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр
қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден
барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа
сирек кездеседі. сонымен қатар «Қызыл кітапқа»
енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары,
үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.
ҚАРАТАУ МАРАЛТАМЫРЫ (Rhapontіcum kara-
tavіcum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын
көп жылдық шөптесін өсімдік. теңіз деңгейінен
1300– 1500 м биіктіктегі Қаратау жотасының және
Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты бет-
кейлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында
өседі. Биікт. 5–10 см-дей. тамыр сабағы өте жуан.
Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер жапқан сабағында
жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары
қалың түкті, бозғылт түсті болып келеді. Жапырақ
тақтасының жиектері салаланып терең ойықталған.
сабағының тамырға таяу жеріне орналасқан жапы-
рақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жоғарылаған
сайын сағақтары қысқарады. Гүлдері себет гүлшо-
ғырына топталған. себеттің сыртындағы орама жа-
пырақтары шар тәрізді (дөңгелек), түксіз, ені 2–2,5
см. Күлтесі қызғылт түсті, ұз. 2–2,2 см. тұқымынан
көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс-
тері піседі. Жемісі – сарғыш, құрғақ тұқымша, ұз.
6 мм, ені 1,5–2 мм. тұқымшасында үлпек ақ айдар-
шасы болады, ол тұқымның желмен ұшып таралу-
ына мүмкіндік береді. Қ. м. – сәндік өсімдік. өте
сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақ-
станның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ПОЛИМЕТАЛЛ БЕЛДЕУІ, Оңт. Қа-
зақстан обл-нда, Үлкен Қаратау жотасында орна-
ласқан. Кен орындары мен кенбілінімдер карбонат
тау жыныстарында шоғырланған, бір-бірімен үйле-
се астасқан кен денелерінен тұрады. Кендену жоғ.
девон мен төм. тас көмір тау жыныстарымен бай-
ланысты. Қорғасын-мырыш кенденуі литол. ерек-
шеліктерімен айқындалады. Ондағы фамен түзілім-
қара қошқыл, күлгін түсті, оның шеті ойық, біртін-
деп созылып тырнақшаға айналған. тұқымынан
көбейеді. Мамыр–маусымда гүлдеп, маусым–шілде
айларында жемісі піседі. тұқымы бүрлі, бұршағы
жарғақты, домалақ не жұмыртқа пішінді, ұз. 15–25
мм, ені 15 мм-дей, сыртында теңбілді дағы бар, ақ-
шыл жұмсақ түк жапқан. теңіз деңгейінен 2000 м
және одан да биік болатын таудың тастақты және
қиыршықтасты жерлерінде өседі. Қ. к. – сирек кез-
десетін эндемик өсімдік. таралу аймағының жыл-
дан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ҚАУЫ (Stіpa karatavіensіs) – астық
тұқымдасы, қау туысына жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік. Батыс тянь-Шань мен Қаратау
жотасының (Оңт. Қазақстан обл.), Шу-Іле тау-
ларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі.
Биікт. 20–30 см. сабағы жалаң, тек буын асты ғана
түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты
бұралған. Гүлшоғырының ұз. 6–8 см, жіңішке.
Масақ қабыршақтарының ұз. 22–31 мм. төм. гүл
қабыршағы 8–9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы
8–9 см, имек келген, жоғ. жағында 3–4 мм, түгі
бар. тұқымынан көбейеді. Мамыр–шілдеде жеміс-
тері піседі. Жемісі – дәнек. Гүл қылтанағы арқылы
өсімдік дәнегі топыраққа бекиді. Қ. қ. – жемістенуі
алдында жақсы мал азықтық шөп. Қ. қ. сирек кезде-
сетін өсімдік, таралу аймағының жылдан-жылға аза-
юына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ – Оңт. Қазақстан обл. аума-
ғындағы Қаратау жотасының орт. бөлігінде, Кентау
қ-нан 17 км жерде орналасқан мемл. қорық. Онда
өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің
саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қ. қ.
2004 ж. құрылған, аум. 34,3 мың га. Қорықтың солт.
шекарасында Бессаз тауы (теңіз деңгейінен 2176 м)
орналасқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі –
өзіндік қатпарлы болуы. девон дәуіріндегі әктастың
сирек, ал палеозойда тас көмір кезеңіндегі шөгінді
жыныстардың көп болуы тән. негізгі өзендері –
Қантағы, Бересек, Баялдыр жотаның биік жерінен
басталады және олар осьтік бөлігіне перпендикуль
ағады. Қорықтың ғажайып тас мүсіндері ерекше көз
тартады. Ауа райы континенттік, құрғақ. Жылдық
орташа темп-расы 8–12°с (қаңтардағы орташа
темп-ра –5°с, шілдедегі орташа темп-ра 27°с).
Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 400 мм
шамасында, таудың жоғ. бөлігінде 500 мм, жекеле-
ген жылдарда 700 мм. Қардың қалыңд. 20–30 см,
желдің орташа жылд. 3–4 м/с. Қ. қ-ның аласа таулы
бөлігі таулы-жусанды белдеуді, ал орта таулы бө-
лігі дала белдеуін алып жатыр. Жусанды белдеуде
кәдімгі сұр топырақ, дала белдеуінде таудың қоңыр
және қара топырағы қалыптасқан. тек Бессаз тауын-
да ғана түрлі субальпі шөптері өскен таудың өзіндік
шалғынды-далалы топырағы, ал өзен жағалауы
жайылмасында орманды-шалғынды топырақ кез-
деседі. тауда қаратау жусаны басым. Қаратаудың
эндемигі тау сағызы өседі. сондай-ақ тікенекті
шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан
кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, регель тарбақайы,
т.б. эндемик болып саналады. Жапырағы түсе-
тін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар
Қорықтың бұта аралас шалғын өскен беткейлері
364
(сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қа-
лың түкті, бозғылт жасыл түсті. сағағы қысқа, ұз.
7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері
түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлі-
нің ұз. 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын
күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп
түтікшеге айналған. тұқымынан көбейеді. Маусым
айында гүлдеп, маусымның аяғы, шілдеде жемістері
піседі. Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қ. т. – өте сирек
кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан-жылға таралу
аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ҰШҚАТЫ (Lonicera karatavіensіs –
ұшқаттар тұқымдасына жататын сирек кездесетін
реликт өсімдік. Қарқара (теріскей Алатау, Алматы
обл. райымбек ауд.) мен Қаратау жотасының (Оңт.
Қазақстан обл.) шығыс жағындағы Берікқара тауы-
ның тасты баурайында, жартастар мен ойыстарда,
сай түбінде өседі. Биікт. 3–5 м болатын бұта. Жас
өркендері сарғыш түсті, сыртын түк басқан және
бездері болады. Эллипс немесе қандауыр тәрізді
жапырақтарының ұз. 1,5–2,5 см. Гүлсидамы ойық
келген, гүл жапырағы түйінінен үлкенірек, жі-
ңішке қандауыр тәрізді. Гүл тостағаншасы тісшелі,
түйінінен екі еседей кіші. Күлтесі түтік тәрізді ақ-
шыл түсті, ұзындығы 7–9 мм, сырты тегіс және ішкі
жағы түкті келеді. Жемісі қызғылт сары түсті, диа-
метрі 4–5 мм, шар тәрізді. тұқымынан және тамыр
өркені арқылы көбейеді. Мамыр–маусым айларын-
да гүлдеп, шілде–тамызда жеміс береді. Қаратау
ұшқатының таралу аймағы өте тар. Қорғалатын
аймақ болып саналатындығына қарамастан,
туризмнің дамуына байланысты саны күннен-күнге
азайып бара жатыр. Берікқара ботан. қорығында
жеке түр ретінде өсіріледі. Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ФОСФОРИТ АЛАБЫ – Жамбыл мен
Оңт. Қазақстан облыстарындағы фосфорит кен-
дері шоғырланған өңір. тараз қ-ның солт.-ба-
тысында 100 км-ден басталатын Қ. ф. а-ның ұз.
100–120 км, ені 25–30 км, аум. 2,5 мың км
2
. 1936 ж.
геолог и.и.Машкара Кіші Қаратау (Батыс тянь-
Шань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбо-
натты төм. кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты.
Ал 1937–46 ж. П.Л.Безруков, Б.М.Гиммельфарб,
дері үш фациядан тұрады: Қызылтас – солт.-батыс
және орт. Қаратау бөліктерінде; тұрлан – оңт.-
шығыс бөлігінде; Ақсораң – Байжансай кенді
ауд-нда таралған. төм. турне карбонат тау жы-
ныстары орт. және оңт.-шығыс Қаратауда дамы-
ған. Қорғасын-мырыш кенденуінің орналасуында
құрылымдық элементтердің маңызы зор. Басты
Қаратау жарылымы кенді фациялардың орналасу-
ын ғана анықтап қоймайды, ол сондай-ақ әр түрлі
металлогениялық белдемдердің шекарасы. Барлық
кен орындары және кенбілінімдердің басым бөлігі
осы жарылымның оңт.-батыс жағында орналасқан.
Кендену қатпарлы құрылымдарда, негізінен, бра-
хиформды герцин қатпарларының тұйықталған бө-
ліктерінде байқалады. Полиметалл кенденуі Аққұз,
Жарықтас және Көксеңгір кенбілінімдерінде анық-
талған. Оларда қорғасын, мырыш, мыстың мөлшері
жоғары. Бұл ауданда өнеркәсіптік Шалқия полиме-
талл кені бар. Орт. Қаратау кенді ауд-ның тектоник.
уатылу белдемдері мен фамен және төм. турне әк-
тастары мен доломиттерінде қорғасын-мырышты
формация дамыған. Кендену ірі брахисинклиналь
қатпарларының жақтаулары мен олардың аралы-
ғындағы ұсақ атпарлы белдемдерде байқалады. Бұл
ауданда Хантағы-Баялдыр кенді алаңы, Баялдыр-
Аққолпын кенді белдемі мен Бересек кенді түйіні,
өнеркәсіптік Мырғалымсай, Хантағы (Қантағы),
Ащысай қорғасын-мырыш кені, Қарасай, смена
кен орындары мен ондаған кенбілінімдері бар.
Байжансай кенді ауданында қорғасын-мырыш ми-
нералдануы өте көп шоғырланған. Оның аумағында
өнеркәсіптік Ақсораң, Байжансай қорғасын кені,
Аралтау, дарбаза кен орындары және көптеген
кенбілінімдер орналасқан.
ҚАРАТАУ СЕТЕНІ [Lepidolofa (Lepidolopha) ka-
ratavica] – күрделігүлділер тұқымдасына жататын
ксерофильді бұташық. Қоңыр сұр өркендерінде
қалың жапырақты бір жылдық вегетативтік са-
бақ және гүлсидам орналасқан. Жапырақ тақтасы
жіңішке сызықтармен екіге немесе үшке бөлін-
ген. Ұзын гүлсағағында 1–2 ірі гүлсебеті болады,
гомогамды, гүл күлтесі сары түсті. тұқымынан
көбейеді. топырақ талғамайды. Шілде–тамыз ай-
ларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Кей
жылдары өздігінен жаңарып, өнеді. Оңт. Қазақстан
обл. Қаратау жотасында (орт. және шығыс бөлігі),
Келтемашат, Машат, дәубаба аласа тауларында
өседі. таудың тастақты, ұсақ тасты жартастарын-
да және ең биік жерлерінде жеке немесе басқа
түрлерімен араласа, кей жерлерде 5–10 немесе
100-ден аса түп бірігіп, шоғырланып өседі. Ақсу-
Жабағылы қорығында (дәубаба және Машат таула-
ры) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ТОМАҒАШӨБІ (Scutellarіa karata-
vіca) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп
жылдық өсімдік. Қаратау жотасының (Батыс тянь-
Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде
ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Биікт. 10–30 см.
тамыр сабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала
жайылған. сабағы жайылып өседі, сыртын қалың
түк жапқан. Жапырағының ұз. 0,8–2 см, ені 0,6–2
см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы
Қаратау
Қаратау ұшқаты
365
Қаратомар
А.с.соколов, т.б. осы өңірден 40-тан аса үлкенді-
кішілі кен орындары мен кенбілінімдерін анық-
тады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры
2 млрд. т деп бағаланған. 1946 ж. алаптың алғашқы
кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі
Қаратау қ.) салынды. Мұнда Шолақтау кен орны
негізінде Қаратау кен-химия комб. іске қосылды.
Осы комб-қа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау,
Көксу, түйесай кендері пайдаланылуда. Қаратау
фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұн-
ған Шолақтау шоғыры құрамына кіреді. Бұл шо-
ғырдың фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары
қарай мынадай стратигр. кезекпен қабаттасады: до-
ломиттер, кремнийлі және кентасты қабаттар. Ұсақ
түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабаты-
ның қалыңд. 6–8 м. Кремнийлі қабаттың қалыңд.
15–25 м, құрамында 70–90% кремний минералдары
бар. Кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфор-
лы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі
қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңд. 60 м, ал
фосфориттердің жиынтық қалыңд. 30–35 м. Қ. ф. а.
фосфориттері фосфорит түйірлері мен оолиттерден
құралған. түйірлердің ірілігі 0,07–0,3 мм. Ірілігі
0,05–0,4 мм оолиттер түйісе қабықтанған. Фосфат
негізінен фторапатиттен тұрады. Қоры мен сапа-
сы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде
алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор
ангидритінің (р
2
О
5
) мөлш. 27–37%-ды құрайды.
1960–80 ж. Қаратау алабына мемл. үлкен маңыз
беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геол.-
барлау экспед. ұйымдастырылған. Фосфоритті го-
ризонт ашылған жолақтың ішінде жалпы қоры 3,5
млрд. т болатын 49 жеке кен орны анықталған.
Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5
топқа бөлінеді. Бірінші топтың кен орындарына ірі
Шолақтау фосфорит кенінен басқа тамды, Арбатас,
сүлейменсай, насынқұл, Шолақтау ІІ, Қотырбұлақ,
Жетімшоқы І және ІІ шағын кен орындары кіреді.
тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және
ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен. Екінші
топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кені,
түйесай фосфорит кені және қоры шағын Көктал,
тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары
құрайды. Үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар
ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен
орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен
орындарының аралығында орналасқан. төртінші
топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орында-
рын біріктіреді. Олар: Ақжар, Үшбас, Жартас,
Арқалысай, Көксу, т.б. Бесінші топқа өндірістік
Көкжон фосфорит кені, Жаңатас, Гиммельфарб
кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.
Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет
елдердің көптеген хим. өнеркәсіп орындарында
пайдаланылады. Олардан минералдық тыңайтқыш-
тар, элементтік фосфор, т.б. халық ш-на қажет зат-
тар өндіріледі.
ҚАРАТАУ ШӨМІШГҮЛІ (Aguilegia karatavica) –
сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік. Биікт. 15–35 см, сырты қабыр-
шақты. Қаратау жотасында (Оңт. Қазақстан, Жам-
был облыстары) ғана санаулы түрде кездеседі.
теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктікте, тау-
дың көлеңкелі шатқалдарында, тік құздарда өседі.
сабағында жапырағы аз болады. Жапырақтары
ұзын сағақты, домалақ әрі жалпақ үш қалақшаға
бөлінген. Гүлінің диам. 4–5 см, тостағанша жа-
пырақтары көкшіл, қандауыр тәрізді, сүйір келген.
Күлтесі ақшыл көк түсті, ұшы доғал келген. 3–5
жапырақ тәрізді жемісінің сыртында бездері, көлде-
нең қыртыстары болады. тұқымы арқылы көбейеді.
Маусым–шілде айларында гүлдеп, тамызда жемісі
піседі. сирек кездесетін эндемик, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРАТАУ ЫРҒАЙЫ – раушангүлділер тұқым-
дасына жататын өсімдік. Биікт. 1,5 м болатын бұта
түрінде кездеседі.Жапырақтары ұзынша жұмыртқа
тәріздес, түп жағы жіңішке сына тәрізденген. 3–6
гүлі қысқа әрі тығыз дәнжарнақты гүлшоғырына
топталып, қалың гүлсағаққа орналасқан. Жемісі
ашық қызғылт түсті, жұмсақ. тұқымынан көбейеді.
Мамыр–шілдеде гүлдеп, шілде–тамыз айларында
жеміс береді. Қаратау жотасының (Батыс тянь-
Шань) оңт. және орт. бөлігінде, тастақты және
ұсақ тасты баурайында және шатқал түбінде кез-
деседі. тез көбейеді, бірақ аумақты шаруашылық
қажеттілікке, мал жайылымы және отын ретінде
пайдаланғандықтан, саны тез азаюда. сондықтан
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»
енгізілген.
ҚАРАТЕМІР – сарыарқаның орт. бөлігіндегі тау.
Қарағанды обл. Шет ауд. жерінде, Ақсу-Аюлы а-
нан солт-ке қарай 10 км жерде орналасқан. Абс.
биікт. 1082 м. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай
Шерубайнұра және Алабұға өзендері аралығымен
15 км-ге созылып жатыр, ені 8–10 км. сай-жы-
ралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан
тұрады. Жаншылу белдемінің жыныстарынан тү-
зілген. Аласа таудың қызғылт қоңыр топырағында
жусан, көкпек, бетеге, селеу, бұталар өседі. Беткейі
мал жайылымына қолайлы.
ҚАРАТЕРЕҢ – Арал т-нің шығыс жағасындағы
түбек. Арал ауд. жерінде жатыр. түбек солт-нде
Көкарал түбегінің жарқабақты оңт.-шығыс мүйісіне
1–2 км-дей жақын тұстан басталып, оңт.-батысқа қа-
рай 30 км-ге созылып жатқан жонды-белесті жазық.
Қ-нің шығыс жағындағы жарқабақты биік бөлігін
«тастақ» деп атайды. Ежелгі сырдария өз. осы
тастақ дөңдеріне ті релгенде арнасын оңға жылжы-
тып, Қ. жонының солт. жағынан кесіп өтіп, батыс
бағытпен Арал т-не құйған. сол тұста сырдария
өз-нің бір тармағы оңт-ке бұрылып, Ақкөл және
Кәртіма қолтықтарын суға толтырып, Қ. қыраты-
ның оңт.-батыс мүйі сін айналып, солт-ке қарай
«Құйылыс» өзегі болып аққан. сырдария өз-нің аты-
рау ішіндегі аралы болған. Кейін Арал т-нің деңгейі
төмендеген соң түбекке айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |