ҚОРЫҚ – аумағындағы барлық табиғи кешен
толығымен шаруашылыққа пайдаланудан боса-
тылған және үкіметтің қорғауында болатын
жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін жә-
не бірегей табиғи кешендерді бүкіл компонент-
терімен қоса сол қалпында сақтауға арналған, ар-
найы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын
табиғи аумақ. Қ-тың негізгі міндеті – қорғауға
алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи эко-
жүйелерді), сондай-ақ осы аумаққа тән организм-
дердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру,
табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғыл.
тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қ. қорғалатын аумақ
қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөнін-
дегі мемл. ғыл. мекеме болып табылады. Мұнда
жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері,
оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны
сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып
кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі
терең зерттеледі. Қ-тағы табиғи ресурстарды
сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-
Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын,
Қаратау, Марқакөл, наурызым, Үстірт, Алакөл,
Батыс Алтай Қ-тары бар.
ҚОРЫМДЫ – Күнгей Алатау жотасының орта
бөлігіндегі асу. Алматы обл. райымбек ауд. және
Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан.
Абс. биікт. 3174 м. Беткейі тік жарқабақты, биік
шатқалды келген. солт-нен Кеңсу өз. бастау алады.
тау беткейлерін альпілік және субальпілік шал-
ғындар көмкеріп жатыр, одан төменде қарағай, қа-
йың ормандары өскен. Мамыр–қазан айларында
асудан салт атты адам өте алады.
ҚОРЫМДЫ – Бақай тауының (Бақайдың тауы)
батыс бөлігіндегі асу. Алматы обл. Еңбекшіқазақ
ауд. таусүгір а-ның оңт-нде 21 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 3214 м. Асудан сәуір–қараша
айларында салт атты адам өте алады. солт-нен
Қаратұрық, оңт. беткейінен Асы өзендерінің сала-
лары бастау алады. тік жарқабақты келген биіктік
белдеуінде альпілік және субальпілік шалғындар
көмкеріп жатыр. төмен қарай қарағай, қайың ор-
мандары өседі.
ҚОРЫМДЫҚ МҰЗДЫҚ – Күнгей Алатау жо-
тасының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық;
Шілік өз. алабында. Ұз. 4,9 км, ашық бөлігі 4,5 км.
Аум. 6 км
2
, фирн (мұзқар) алаңы – 2,5 км
2
, ашық
Қоржынкөл
жері 2870 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай
40 км-ге созылған, енді жері 27 км (батысындағы
сілемінде). Орта девон кезеңінің эффузивтік жы-
ныстарынан, саздақты тақтатас, гранит, т.б-лар-
дан түзілген. Оңт. беткейінен тікирек (тегерек),
тұрғысын, Хамир өзендері бастау алады. Биіктік
белдеулерінде бірнеше ұсақ көлдер кездеседі.
Беткейінде самырсын, шырша, майқарағай, өзен
аңғарларында көк терек, қайың, ал 2200–2500 м
биіктікте альпілік шалғын өседі. Жота бойында
сәуір–қараша айларында салт атты адам өтетін
асулар бар.
ҚОРЖЫНКӨЛ – өлеңті алабындағы көл. Ақмола
обл. Ерейментау ауд-ның орт. бөлігінде орналас-
қан. теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аум.
6,7 км
2
(кейбір жылдары аум. 5,9 км
2
-ге кемиді),
су жиналатын алабы 800 км
2
, ұз. 3,7 км, енді жері
2,6 км, жағалау бойының ұз. 10 км. Оңт. жағалауы
биік, қалған бөлігі көлбеу жазық келген. Көл түбі
лайлы, жағалауын қамыс, құрақ басқан. Көктемгі
еріген қар және жер асты суларымен толысады.
Қ-ге жылғалар құяды. Ең ірісі – Қарабұлақ. суы
тұщы, мал суаруға пайдаланылады.
ҚОРЖЫНТӨБЕ – Балқаш көлінің шығыс бөлі-
гіндегі түбек. Алматы обл. Алакөл ауд-нда орна-
ласқан. Абс. биікт. 374 м (төрттөбе төбесі). Жер
бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты аккумулятты
жазығы тән. Жер бедері шығыстан батысқа қарай
еңістеніп, аласарады. Орта бөлігі сор, батпақты
келген. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай ұз.
12 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Қиыр
оңт-нде ұз. 4 км, енді жері 1,5 км болатын өзімен
аттас мүйіс орналасқан. Оның жер бедері құмды,
қайыршықты келген. Жағалауында қамыс өскен.
түбек мал қыстауы ретінде пайдаланылады.
ҚОРЖЫНТҮБЕК – Балқаш көлінің батыс бө-
лігіндегі мүйіс. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд.
Қашқантеңіз т. ж. ст-ның солт.-шығысында 32 км
жерде орналасқан. Жағалауы жазық, көлге сұғына
енген мүйістің ұз. 5,5 км-ге созылған, енді жері 3,5
км шамасында. солт.-батысында сарышаған шы-
ғанағы орналасқан.
ҚОРТПА (Huso huso) – бекіретәрізділер отряды-
на жататын ең ірі өрістегіш балық. Қазақстанда
Каспий т. мен Жайық өз-нде кездеседі. Қ-ның тұм-
сығы қысқа әрі үшкір, астыңғы ерні ортасынан бө-
лінген; ұз. 380 см, салм. 350 кг дай. 1986 ж. сәуірде
Жайық өз-нен ірі Қ. ұсталған, оның салм. 867 кг,
уылдырығы 156 кг, 5,69 млн. уылдырық болған.
Жекелеген аталықтары 9–11 (негізінен 12–15), ана-
лықтары 12–14 (негізінен 15–20) жасында жыныс-
тық жағынан жетіледі. уылдырығын шашу үшін
Жайыққа шілде–қазан және наурыздың соңы, сәуір-
дің басында өрістейді. Жазда өрістейтіндері қыста
терең шұңқырларда қыстайды да, уылдырығын
көктем шыға 6–12 м тереңдікте су темп-расы 7–
11°с-қа жеткенде, ал көктемде өрістейтіндері уыл-
дырығын (2–3 млн-дай) 3–8 м тереңдікте су темп-
расы 10–15°с болғанда тастақты жерлерге (ара-
ға бірнеше жыл салып) шашады. Қ-ның ір жастағы
шабақтары теңіздегі майда балықтармен (бұзаубас
балықтар, т.б.) қоректенсе, екі жастан соң толық
жыртқыштыққа көшеді. Қ. кәсіптік маңызы бар
балық болып саналады.
Күнгей Алатауындағы Қорымды асуы
403
Қосқорған
Желмен айқас тозаңданады. Көктемгі және күзгі
үсікке (–4–6°с) және құрғақшылыққа төзімді.
тұқымы жұмыртқа тәрізді, сырты тегіс. Піскен
кезде масағынан түсіп шашылып қалады, сондық-
тан балауызы піскенге дейін жинап алады. Жоғары
өнімділігі 3 жылға дейін сақталады. Гектарынан
2 ц-ге дейін өнім алынады. 100 кг пішенінде 47,5
азықтық бірлік және 4,7 кг қорытылатын проте-
ин болады. Пішенін гүлдегенге дейін шабады.
Жайылымда барлық мал сүйсініп жейді.
ҚОСБҰЛАҚ – Арал т-нің солт.-батысындағы
сор алқабы. Ақтөбе обл. Байғанин ауд-нда орна-
ласқан. теңіз деңгейінен 80 м биіктік шамасында
жатыр. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 25 км-
ге созылған, енді жері 16 км. Көктем айында сор
бетінде су болады, жазда құрғап, тақырға айнала-
ды. солт.-батысында дөңгелексор, оңт.-батысын-
да Асмантай-Матай сорлары, оңт-нде Қосауыз,
Көлсай құдықтары бар. Жыл сайын сор аумағы
ұлғайып отырады.
ҚОСДӘУЛЕТ – Каспий ойпатындағы құмды ал-
қап. нарын құмының орта тұсында, Атырау обл.
Құрманғазы және исатай аудандары аумағында.
теңіз деңгейінен 12–15 м төмен жатыр. Құм тө-
белердің салыстырмалы биікт. 2–5 м. торғай
қыстауынан Комсомолец қыстауына дейін ша-
мамен 75 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км
шамасында. Аум. 2,3 мың км
2
. Шағыр, жусан, жүз-
гін және эфемерлі өсімдік өседі. Грунт сулары 2–
3 м тереңдікте кездеседі. Қ. аумағында құдықтар
(Жәрдем, Қаражыңғыл, Үшқұдық, т.б.), қыстау-
лар (торғай, сабағали, Есқали, Ержан, Қалбағай),
жайлаулар (Қубақан, танаш, рысқали, т.б.) бар.
Батысы мен оңт-нде құм төбелер арасында шағыр
сор және көлшіктер кездеседі.
ҚОСКЕЛІНШЕК – сұлукөл көлінің батысын-
дағы құдық. Батыс Қазақстан обл. Қаратөбе ауд.
Қарақамыс а-ның солт.-батысында 14 км жерде
орналасқан. тереңд. 4 м, су шығымы 700 л/сағ.
солт-нде Желқұдық, Қарақұдық, шығысында
Шомаққабақ, Үшкемпір қыстаулары, оңт-нде Бе-
галықұдық, Қостайқұдық құдықтары, батысында
Аққұдық жайлауы бар. Құдық ауыз су мен мал
суаруға пайдаланылады.
ҚОСҚОРҒАН БӨГЕНІ, Оңт. Қазақстан обл. түр-
кістан қалалық әкімдігі аумағында, Қарашық өз.
бойында салынған. 1982 ж. пайдалануға берілді.
тілі 3,2 км
2
, көмілген бөлігі 0,3 км. Мұздықтың
толығу аймағы 4260 м биіктіктен басталады. Фирн
(мұзқар) сызығы 3830 м биіктіктен өтеді. Мұздық
тілі 3350 м-ге дейін төмендейді. Орташа қалыңд.
67 м, көл. 0,40 км
3
. соңғы жылдары Қ. м. шегіну
сатысында.
ҚОСАЙШАҒЫЛ – Алакөл көлінің солт.шығы-
сындағы қоныс. Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд.
Қарабұлақ а-ның солт-нде 12 км жерде орналасқан.
Шағантоғай өз-нің аңғарында жатыр. Ең биік жері
387 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-
ге созылған, енді жері 3–4 км. Құмды шөгінділер
төрттік кезеңде қалыптасқан. Етегінде бұта ара-
лас еркек шөп, тұйежапырақ, жусан өседі. Қ. мал
жайылымына қолайлы.
ҚОСАЛБАЙ – Арал Қарақұмының солт.-шығы-
сындағы құмды алқап. Қарағанды обл. Ұлытау
ауд. Қоскөл аның оңт.-батысында 56 км жерде ор-
наласқан. Ең биік жері 148 м. солт.-батыстан оңт.-
шығысқа қарай 33 км-ге созылған, енді жері 6–7
км шамасында. төбелі, белесті құмды жалдардан
тұрады. Жер асты тұщы суының жоғары деңгейі
2–3 м тереңдікте. солт-нде сарманқожа, оңт-нде
Мойынқұм құмдары, батысында Айғырбек төбесі,
шығысында Алтынсары қонысы бар. Қ. бойында
нарөлген, наушабай, өзімен аттас құдықтар ор-
наласқан. Құм мен сортаң аралас қоңыр топыра-
ғында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ,
сарсазан, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚОСАРАЛ – Арал т-нің қазақстандық бөлігін-
дегі аралдар тобы. Олар бірімен-бірі тізбектеліп
солт-тен оңт.-шығысқа қарай созылып жатқан
құм қайраңдардан тұрған. солт-ндегі бөлігінің
ұз. 13 км, екіншісінің ұз. 4 км болған. теңіз суы
тартылып Қ. аралдары жағалаулық құмды өңірге
айналған.
ҚОСБАС (Dіgraphіs) – астық тұқымдасына жата-
тын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның бар-
лық аймақтарындағы өзен, көл жағалауларында,
ылғалы мол және батпақты жерлерде қ а м ы с-
т ы Қ. (D. arundіnacea) өседі. Оның биікт. 50–200
см. тамыр сабағы жатаған. сабағы тік, жалаң,
тықыр. Жапырақ қынабы жалаң, кейде төм. жағы
бұдыр, тілшесінің ұз. 6 мм-дей. Жапырақтарының
ені жалпақ (8–16 мм), ұзынша сопақ келеді.
сыпыртқы гүлшоғырының ұз. 8–20 см, масағында
қосжынысты жалғыз гүлі бар. Маусым–тамыз ай-
ларында гүлдеп, шілде–тамызда жемісі піседі.
Қосалбай құмы
Қосбұлақ соры
404
Қосқұдық
Бөген теңіз деңгейінен 372 м биіктікте жатыр.
Аум. 5,8 км
2
, су сыйымд. 36 млн./м
3
. Бөген суын
түркістан қ-ның тех. қажеттілігіне және қала
аумағына қарасты елді мекендердің шаруашылы-
ғына пайдаланылады.
ҚОСҚҰДЫҚ – Қаратүлей соры алқабының солт.-
батысындағы құдық. Маңғыстау обл. Бейнеу ауд.
Үстірт т. ж. ст-ның шығысында 31 км жерде орна-
ласқан. тереңд. 20 м, су шығымы 320 л/сағ. солт.,
солт.-шығысында Бекеш, Қарағұл, шығысында
Алтықұдық, оңт-нде Құлажат, батысында Қарын
құдықтары бар. Құдықтан мал суарылады.
ҚОСҚҰДЫҚ – доңызтау кемерінің оңт.-шығы-
сындағы құдық. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. дияр
а-ның оңт.-шығысында 97 км жерде орналасқан.
тереңд. 25 м, су шығымы 1400 л/сағ. солт-нде
Отызқұдық, батысында тұщыкөлтабан, шығы-
сында Жетіқұдық құдықтары, оңт-нде Алтайсор
соры бар.
ҚОСҚҰДЫҚ СЕКСЕУІЛДІ ОРМАНЫ, Мойын-
құм құмды алқабының солт.-шығысында, Шу
өз-нің сол жағалық аңғарындағы орманды алқап.
Жамбыл обл-ның Шу (шығыс бөлігі), Меркі (оңт.
бөлігі) және Мойынқұм (басым бөлігі) аудандары
жерлерін қамтып жатыр. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа қарай 60 км-ге созылған, енді жері 30 км-ге
жуық. Аум. 3,5 мың км
2
. Алқаптың шағын бөлігі
(0,6 мың км
2
) Шу өз-нің оң жағалық аңғарындағы
сексеуілдала даласында жатыр. теңіз деңгейінен
орташа биікт. 330–400 м, абс. биікт. 444 м (алқаптың
оңт.-шығысындағы Аязбай қыстауы маңы). Па-
леоген кезеңіндегі тектоник. қозғалыстың әсе-
рінен әуелі Шу өз-нің аккумулятты жазығы қа-
лыптасса, неогеннің 2-жартысында өзеннің аң-
ғары толығымен қалыптасқан. Жазық далада құм
төбелер пайда бола бастады. Қ. с. о-ның климаты
қоңыржай континенттік. Қысы суық, жазы қуаң
әрі аңызақты ыстық, қаңтар айының жылдық ор-
таша мөлш. –8–12°с, кейде ауа темп-расы –36°с-қа
дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орта-
ша мөлш. 25–27°с, кейде ауа темп-расы 42°с-қа
көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа
мөлш. 130–180 мм. Аязсыз күннің орташа мөлш.
5,5 айға (170 күн) жетеді. Желдің жылдық орташа
мөлш. 2,9–3,3 м/с, кейде оның жылд. 20 м/с-қа де-
йін болады. Орманның басым бөлігінің топырағы
сортаңданған және құмдақты сұр топырақтан
тұрады. Шу өз. бойында шалғынды сұр және боз-
ғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Құм төбелер
арасындағы шұратты жерлерде грунт сулары
жер бетіне жақын жатыр (1,5 м-ден 5 м-ге дейін).
топырақ жамылғысында сексеуілден басқа (негі-
зінен алқапта қара сексеуіл өседі) баялышты-жу-
санды, бұйырғынды-жусанды өсімдіктер басым.
Кейбір жерлерінде теріскен, күйреуік, ши, жүзгін,
жыңғыл шоғырлары кездеседі. өзен бойында ну
қамыс, шілік, жыңғыл аралас тоғай қалыптасқан.
Жануарлардан жабайы шошқа (доңыз), ақкіс, сусар,
ондатр, қасқыр, қызыл түлкі, борсық, т.б. мекен-
дейді. Қ. с. о. алқабында Мойынқұм ауд-ның орман
ш., сондай-ақ аудан орт. – Мойынқұм а., талдыөзек,
Жамбыл, Қызылту, т.б. елді мекендері, қыстаулар
мен жайлаулар, суы тұщы құдықтар орналасқан.
ҚОСМҰРЫН – сарыарқаның орт. бөлігіндегі
тау. Қарағанды обл. Шет ауд. Ақадыр кентінің
оңт.-батысында 15 км жерде орналасқан. солт-
тен оңт-ке қарай 30 км-ге созылып жатыр, енді
жері 7–8 км. Абс. биікт. 1115 м. сай-жыралармен
тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
девон жүйесінің төм. және ортаңғы бөлімінің
жыныстарынан түзілген. сортаңдау қоңыр топы-
рақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі.
Бұлақтарға (Мүкібай, Айнабұлақ) жылға, өзен-
дерге (ірілері –талдыеспе, Алабасқы, Жаманөзек)
бай. Жайылымдық пен қыстауларға (Шағыр, Бе-
кет, т.б.) пайдаланылады.
ҚОСМҰРЫН – Көксеңгір тауы мен дағанделі
өз. аралығындағы тау. Шығыс Қазақстан обл.
Аягөз ауд-ның солт.-батысында орналасқан. Абс.
биікт. 922 м. Оңт. мен солт. беткейлері тіктеу, ен-
дік бағытта созылып жатқан батысы мен шығысы
көлбеулеу келген. Ұз. 6 км, енді жері 4 км шама-
сында. таудың оңт.-шығыс беткейінде биікт. 17 м
болатын жартастар кездеседі. Шығыс етегінен
Бабын өз. ағып өтеді. таудан солт.-батысқа қарай
8 км жерде Ақбастау қыстауы орналасқан. таудың
қиыршықтасты-карбонатты бозғылт қоңыр топы-
рағында қараған, арша, тобылғы аралас бетеге,
көкпек, қылқан боз, т.б. шөптесіндер өскен.
ҚОСОБА – Ақшатау жотасының шығыс бөлігін-
дегі тау. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. жерінде
орналасқан. Абс. биікт. 1304 м (Ақшатау жотасы-
ның ең биік жері). Ендік бағытқа созылып жатқан
таудың ұз. 8 км, енді жері 6 км. солт. беткейі тік
жартасты, оңт. беткейі көлбеуленіп, Көксала өз-нің
Қосқұдық сексеуілді орманы
Шет ауданындағы Қосмұрын тауы
405
Қостанай
аңғарына тіреледі. солт. баурайынан Шеттембай
және терісайрық өзендері, оңт. баурайынан Көк-
сала өз-нің шағын салалары басталады. тау шат-
қалында арша, тобылғы қараған өскен. Жазық
етегінде бетеге, қылқан боз, селеу, боз жусан, т.б.
шөптесіндер өскен. Мал жайылымына қолайлы.
ҚОСОБА – тобыл алабындағы батпақ. Қостанай
обл. Қарабалық ауд. Қособа а-нан батысқа қарай
2 км жерде, теңіз деңгейінен 212 м биіктікте жа-
тыр. Аум. 10 км
2
, ұз. 4 км, енді жері 3,1 км, жаға-
лау бойының ұз. 15,4 км. Батпақтың басым бөлігін
қамыс, құрақ басқан. Көктем айларында Қ-ның
аумағында шағын көлдер пайда болады. Жылдың
басқа мезгілінде шалшықты батпаққа айналады.
ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ – Қостанай обл-ндағы
әкімш. бөлініс. 1963 ж. бұрынғы Затобольск, Қос-
танай аудандары мен Обаған ауд-ның батыс бөлі-
гін біріктіру негізінде құрылған. Аум. 7,6 мың км
2
.
тұрғыны 68,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге
шаққанда 9 адамнан келеді (2010). Аудандағы 55
елді мекен 1 кенттік, 18 ауылдық округке бірік-
тірілген. Орт. – Затобольск кенті. Аудан аумағы
Батыс сібір ойпатының оңт.-батысында, тобыл
өз-нің екі жағын бойлай қара топырақты орман-
ды-далалы және дала белдемдерінде орналасқан.
Жер беті негізінен жазық. теңіз деңгейінен 200–
220 м биіктікте, тобыл өз-нің жағасында 130–
140 м. Қ. а. облыстағы кен байлықтары қорына өте
бай аудандардың бірі. Оның жер қойнауында темір
кенінің, керамзит және кірпіш балшықтарының,
құрылыс құмының кен орындары бар. Олардың
ішінде соколов, сарыбай, Қашар және Қоржынкөл
темір кендерінің респ. маңызы зор. Қ. а-ның кли-
маты тым континенттік. Қысы суық, ұзақ. Қаң-
тарда орташа ауа темп-расы –17°с. Қыс қатты бол-
ған жылдары темп-ра –40°с-қа дейін төмендейді.
Жазы біршама ыстық. Шілдеде орташа ауа темп-
расы 20–21°с.Жазы аса ыстық жылдары кейде
35–40°с-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның
жылдық орташа мөлш. 250–300 мм шамасында.
Аудан жер беті суларына біршама бай. Орт. бөлігі
арқылы облыстағы ең ірі тобыл өз. ағып өтеді.
Ірі көлдері: Үлкенқопа, Жаржалтыр, сарыкөл,
Ұзынкөл, Аққабақ, Байжарық, Қосжалтыр, Шеге-
бай, тастемір. Аудан жері, негізінен, селеулі-бе-
тегелі өсімдіктер өскен қара топырақтан тұрады.
солт.-батыс және оңт-нің көлді бөлігінде жу-
сан жиі кездесетін сортаң қара топырақ, шығы-
сында қайың, терек және қарағай аралас өскен
Арақарағай орманының алқабында күлгін, ал
тобыл өз-нің аңғарында шалғынды топырақ тара-
ған. Жануарлар дүниесінен аудан аумағында қас-
қыр, түлкі, қоян, дала кемірушілері, елік; құстар-
дан бүркіт, қаршыға, өзен мен көлдерде қаз, үйрек,
аққу болса, жағалауларында қызғыш, тауқұдірет,
далалық жерлерде бозторғай кездеседі. Қ. а-нда
а. ш-на жарамды жерінің аум. 741 мың га, жыр-
тылған жері 355,6 мың га, шабындық 25,9 мың га,
жайылым 296,8 мың га (2009). Аудан жері арқылы
6 бағытта асфальтты автомоб. жолдары өтеді.
Олардың жалпы ұз. 1320 км.
ҚОСТАНАЙ ЖАЗЫҒЫ, Батыс сібір жазығының
оңт.-батыс бөлігіндегі геоморфол. аймақ. Қоста-
най обл-ның солт. бөлігіндегі Қостанай, Меңдіқа-
ра, Федоров және сарыкөл аудандары аумағын
қамтиды. Батысында Орал сырты үстіртімен, шы-
ғысында сарыарқа ұсақ шоқылығымен, оңт-нде
торғай үстіртімен шектелген. Абс. биікт. 200 м-ге
дейінгі сәл белесті тегіс жер бедері тән. Көптеген
көл қазаншұңқырларымен және тобыл өз-нің аң-
ғарлық жүйесімен күрделенген. Қ. ж. негізінен
дала және шоқ орманды дала белдемінде жатыр.
Қара, қызғылт және қоңыр топырақ жамылғы-
сында астық тұқымдас шөптесіндер басым өскен.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ – Қазақстан республи-
касының әкімш.-аумақтық бөлінісі. 1936 ж. 29 шіл-
деде бұрынғы Қостанай мен торғай губ-ларының
негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16
аудан, 808 ауылдық елді мекен бар. Орт. – Қоста-
най қ. Жер аум. 196,0 мың км
2
. тұрғыны 886,2
мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда 4,5
адамнан келеді (2010). Облыстың геогр. орны өте
қолайлы. Ол солт.-батысы мен солт-нде ресейдің
Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен, шығы-
сында және оңт.-шығысында Қазақстанның солт.
Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен,
оңт.-батысында Ақтөбе обл-мен шектеседі.
Облыс аумағы негізінен жазық дала. солт-тен оңт-
ке қарай тым созылып жатуына байланысты (740
км) әр түрлі физ.-геогр. белдеулерден тұрады: батыс
жағында Орал маңы үстіртін (250 – 400 м), солт-нде
Батыс сібір ойпатының (150 – 200 м) оңт. бөлігін,
оңт-нде торғай үстіртінің басым бөлігін (250 –
Ақшатау жотасындағы Қособа тауы
Аудандағы егін алқабы
406
Қостанай
лінде жауады. Облыста қуаңшылық болып тұрады.
Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық
әр 10 жылда 3 – 4 рет қайталанған. Желсіз күндер
аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солт-нде
4 – 4,5 м/с-тан, оңт-нде 5 – 6 м/с-қа жетеді. солт-
нде оңт.-батыс және оңт. желдер, оңт-нде солт. және
солт.-шығыс желдер басым.
Қ. о. өзендер мен көлдерге бай. өзендер тобыл
мен торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің
алабына жатады. тобыл өз-нің алабына жататын
өзендер (Үй, тоғызақ, әйет, Желқуар, Шортанды)
бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өз.
торғай қолатының орт. тұсынан алады. торғай ала-
бындағы өзендер, негізінен, торғай және оның са-
лалары бастауларын торғай үстіртінен (өлкейек,
Қабырға, теке) және сарыарқаның батыс бетке-
йінен (сарыөзен, Мойылды және Үлкен дәмді,
Жалдама, Қарынсалды, тасты, Ащытасты, Қара-
торғай, сарыторғай, Үлкен сабасалды, сабасалды,
т.б.) алады. Облыстың қиыр оңт-нде торғай өз. ала-
бынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өз. Жақсы
Ақкөлге құяды. Қ. о-нда 7 мыңнан астам көл бар.
Олар көбіне тұщы келеді. тұзды көлдер солт. тор-
ғай жазығында, сыпсыңағаш пен торғай қолат-
тарының орт. тұстарында шоғырланған. Көлдердің
ең ірілері торғай қолатында (сарықопа, Күйік,
Ақсуат, сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, теңіз,
т.б.), облыстың солт.-шығысында (Қойбағар, Ала-
бота, тімтәуір, Жаншора, Биесойған, сарыкөл, са-
рыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, тоқта, т.б.) солт.-
батысында (Шұбаркөл, сасықкөл, Үлкен Бөрілі,
тоқтас, Жолжарған, т.б.), солт. торғай жазығында
(Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен тентексор
көлдер топтары, т.б.), сыпсыңағаш қолатында (Қу-
лыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл,
Мамыркөл, т.б.) және оңт-нде (Жалтырсор, Барақ-
сор, тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы
Алакөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдер-
дің (әулиесор, сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ,
Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік жә-
не курорттық маңызы бар. тобыл мен торғай өзен-
деріне және олардың салаларында көптеген бө-
гендер мен суғару жүйелері салынған. Олар
тобыл өз. мен оның салаларында Жайылма, Жоғ.
тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды
бөгендері, торғай өз-нде Албарбөгет суғару жүйесі
мен Үлкен дәмді өз-ндегі көлдетіп суғару жүйесі,
т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар.
Олар мезо-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері
мен палеозой жыныстарында шоғырланған.
Қ. о-ның аумағы үш ірі топырақ белдемінде орна-
ласқан. солт. жағын қара топырақ, орт. бөлігін қо-
ңыр қызғылт топырақ, ал оңт. бөлігін сұр топырақ
белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр қызғылт
топырақтар облыстың солт. және орт. аудандарында
егін ш. мен мал ш-н өркендетуге қолайлы. Оңт-тегі
сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуы-
на байланысты мал ш-на қолайлы.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық
бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жа-
мылғысы таралған. Оның солт. жіңішке бөлігін
орманды дала белдемі алып жатыр. Орманды
жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек
аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлер-
300 м), қиыр оңт.-шығысында сарыарқаның батыс
бөлігін (450 – 500 м) қамтиды. Орал маңы үстірті,
негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солт-нде
Золотая сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңт-нде
тобыл өз-нің жоғ. ағысының аңғарымен шектеледі.
Мұның оңт. жағында жекелеген шоқылар (мыс.,
Жітіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі. Батыс сібір ой-
патының оңт-н көл қазаншұңқырлары бар Қостанай
жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жа-
зығы алып жатыр. Облыстың оңт-ндегі торғай үс-
тіртінің солт. бөлігін көл қазаншұңқырлары мол
солт. торғай жазығы (Құсмұрын көлінен тобыл
өз-не дейінгі суайрықты), орта бөлігін сыпсыңағаш
қолатымен және өлкейек, Қабырға, теке, сарысу
өзендерімен тілімденген торғай үстіртінің орта бө-
лігі алып жатыр. Мұндағы суайрықтарды Қарғалы
(310 м), теке (262 м), Қызбел (219 м) және сарыадыр
(360 м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр
солт.-батысында Қоңыртау орналасқан. торғай үс-
тіртінің жалғасы саналатын Оңт. торғай жазығы
сарықопа көлінің оңт. бөлігін қамтиды. Ол торғай
мен Ұлы Жыланшық өзендерімен тілімденген.
Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр
оңт.-батысынан солт-не қарай торғай, сарыөзен
және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти оты-
рып, тобыл өз-не дейін жететін ұз. 700 км торғай
қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы
келген сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты
шыңы, 397 м), Көкшетау (478 м), Қайыңдышоқы
(569 м), т.б. көптеген тау-шоқылары кездеседі.
Ұлы Жыланшық пен Қараторғай өзендерінің су-
айрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр.
Қ. о-ның жер қойнауы кен байлықтарына өте бай.
Мұнда магнетиттік және оолиттік темір кендерінің,
бокситтің, алтынның, никельдің, асбестің, қоңыр
көмірдің, құрылыс материалдарының (цементтің,
флюстік әктастың), доломиттің, отқа төзімді бал-
шықтың, қыш және кірпіш балшықтарының,
әйнектік құмның, граниттің, диориттің, құмтастың,
т.б. мол қоры бар. Облыс климаты тым континент-
тік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа
темп-расы солт-нде –18 – 19ºс, оңт-нде –16 – 17ºс.
Кейбір қатаң жылдары –40ºс-тан да төмен болады.
Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады.
Жазы біршама ыстық, шілденің орташа темп-расы
19 – 20ºс. Кей жылдары 35 – 40ºс-қа дейін же-
теді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері
солт-тен оңт-ке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі
аралықта, оның 70 – 75%-ы жылдың жылы мезгі-
торғай қолаты
407
408
Достарыңызбен бөлісу: |