Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

ҚОЯНДЫ  –  Жетісу  Алатауының  оңт.-батыс  бө- 
лігіндегі тау тізбектері. Көктал және Көксу өзен- 
дерінің  суайрығында  жатыр.  Алматы  обл.  Кер- 
бұлақ  ауд.  Көксу  а-ның  шығысында  орналасқан. 
Абс.  биікт.  3600  м.  Батыстан  шығысқа  қарай  ен-
дік  бағытта  32  км-ге  созылған,  енді  жері  19  км. 
тік  жартасты  беткейлері  мен  терең  шатқалдар 
жиі кездеседі. таудан Көксу мен Көктал өзендері-
нің  салалары  бастау  алады.  солт.  баурайындағы 
жартастардың биікт. 20 м-ге дейін жетеді. Герцин 
қатпарлығының гранитті, гранодиоритті жыныс-
тарынан түзілген. Биік белдеуінде жер бедерінің 
альпілік  пішіндері  кең  дамыған.өзен  арналары 
мен аңғарларында сирек қылқан және жалпақ жа-
пырақты шоқ ормандар өскен.
Қоянбұршақ
ҚОЯНДЫ  –  тұздықақ  (Ащықақ)  сор  алқабы-
ның оңт.-батысындағы құдық. Атырау обл. Құр- 
манғазы  ауд.  сүйіндік  а-ның  оңт.-батысында  32 
км жерде орналасқан. тереңд. 8 м, су шығымы 300 
л/сағ. солт-нде Қырыққұдық, оңт-нде Бақау, шы-
ғысында  Жанзай,  Ұлжатай  қыстаулары  бар.  Мал 
суаруға пайдаланылады.
ҚОЯНДЫ  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Атырау  обл. 
Құрманғазы  ауд.  сүйіндік,  Балқұдық  ауылдары 
маңында орналасқан. сулы қабат төм. төрттік ке- 
зеңінің  шөгінділерінде  шоғырланған.  су  сыйыс- 
тырғыш  тау  жыныстары  құмды-саздақты  шөгін- 
дісінде жатыр. Жер асты суы 10–27 м тереңдікте. 
Ұңғымалардың  дебиті  2,3–5,4  л/с-тан  8  л/с-қа 
дейін, жер асты суының минералд. 0,4–1,5-тен 1,7– 
4,7  г/л-ге  дейін  өзгереді.  суы  хлоридті  гидро-
карбонатты  және  сульфатты-хлоридті  натрийлі. 
сутірек тереңд. 70 м болатын 16 ұңғымадан тұра- 
ды, жалпы шығымы тәулігіне 7,2 мың/м
3
.
ҚОЯНДЫТАУ ЖОТАСЫ – Жетісу Алатауының 
оңт.-батысындағы  жота,  Алтынемел  жотасының 
шығысында. Алматы обл. Кербұлақ және Панфи- 
лов  аудандары  жерінде  орналасқан.  Батыстан  шы-
ғысқа қарай 55 км-ге созылған, орта тұсындағы енді 
жері 20 км-ге жетеді. Абс. биікт. 3459 м (шығысын-
дағы суаттау тауларында). Қ. ж-н тамшы асуынан 
шығысқа  қарай  шартты  түрде  суаттау  таулары 
деп  атайды.  Геол.  тұрғысынан жотаның жер қыр-
тысы палеозой дәуірінің кристалды құмтас, квар-
цит,  гнейс,  мәрмәр  тау  жыныстарынан  түзілген. 
сондай-ақ тас көмір, пермь дәуірінің шөгінділері 
де кездеседі. солт. беткейінен Кескентерек өзнің 
салалары  бастау  алса,  оңт.  беткейінен  Көктерек, 
Бурақожыр, Қайшы өзендері бастау алады және осы 
өзендердің арналары тілімденген. Жота беткейінде 
биіктігі  орташа  тау  ландшафтысы  қалыптасқан. 
Оңт. және солт. беткейлерінің етегінің қоңыр және 
қызғылт  қоңыр  топырағында  дала  өсімдіктері 
өседі.  Одан  жоғарыда  көк  терек,  ақ  терек,  қайың 
аралас  жеміс  ағаштарынан  тұратын  сирек  орман 
қалыптасқан.  солт-нің  2500  м  биіктігінде  қа-
рағай  шоқтары  кездеседі.  Одан  жоғарыда  альпі 
шалғындары өседі.
ҚОЯНТӘРІЗДІЛЕР (Lagomorha) – сүтқоректілер 
класының  бір  отряды.  Бұларды  20  ғ-дың  орта-
сына  дейін  жұп  күрек  тістілер  отряд  тармағына 
жатқызып келді. Қ-дің кеміргіштермен ұқсастығы 
дивергенция  емес,  керісінше  конвергенция  про-
цесімен түсіндіріледі. Бұлар бор кезеңінің аяғын- 
да  қарапайым  жәндік  қоректілерден  пайда  бол-
ған.  Ең  көне  қазба  қалдықтары  жоғ.  палеоцен 
қабатынан  табылған.  Жер  шарына  кең  таралған, 
тек  Антарктидада,  Оңт.  Америкада,  Мадагаскар 
аралында  кездеспейді.  Ал  Австралия,  Жаңа  Зе- 
ландия аралдарына жерсіндірілген. Арктик. тун-
драдан тропиктік ормандар мен шөлді аймақтарға 
дейінгі жерлерде, тіпті тауда, альпі белдеулерінде 
тіршілік  етеді.  4  тұқымдасы,  65-тен  астам  түрі 
белгілі. Маусымдық түлеуі (жүнінің түсі өзгеріп 
отырады)  көп  түрлеріне  тән  қасиет.  Үстіңгі  жа-
ғында екі жұп күрек тістері болады, алдыңғы кү-
рек тістері өте үлкен, өткір қашау тәрізді. Күрек 
тістері  мен  азу  тістерінің  аралығында  тіс  бол-
майтын жері диастема деп аталады. Ерекшелігі –  
Жетісу Алатауындағы Қоянды тауының шатқалы

413
соқырішегі  спираль  тәрізді  қатпарланып  жата-
ды.  Шөппен,  ағаштың  қабығымен,  бүршігімен, 
бұтағымен қоректенеді. Қ-дің кәсіптік маңызы зор 
(терісі,  жүні,  түбіті,  еті  пайдаланылады).  Кейбір 
түрлері  жайылымға,  жеміс  бағына,  орманға 
зиян  келтіреді.  сондай-ақ  ауру  (туляремия,  т.б.) 
да  таратады.  өте  өсімтал,  сондықтан  тым  көбе-
йіп  кеткен  жылдары  жоспарлы  түрде  ауланады. 
Қазақстанда Қ-дің 2 тұқымдасы: қоян (Leporіdae) 
және шақылдақ бар. Қоянның дене тұрқы 75 см-
дей.  Артқы  аяғы  алдыңғы  аяғынан  едәуір  ұзын. 
Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болады. Қазақстанда 
қоян тұқымдасының 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор 
қоян) мекен етеді.
ҚУ, Б а л қ а н т а у – сарыарқаның солт.-шығыс 
бөлігіндегі  ұсақ  шоқылы  таулар.  Қарағанды  обл. 
Қарқаралы  ауд-нда  орналасқан.  Абс.  биікт.  1359  м. 
сырты  солт.-шығысқа  қарай  доғаша  иіліп  жа-
тыр. Ұз. 15–20 км, енді жері 10–12 км. силур мен 
девонның  эффузивтік  шөгінділерінен,  гранитті, 
диоритті жыныстардан түзілген. Беткейлері өзен аң-
ғарларымен қатты тілімденген. топырағы қоңыр, 
бозғылт  қоңыр.  Беткейлерінде  селдір  қарағайлы 
орман өскен. тауаралық аңғары мен жыраларын-
датал,  қарағай,  түрлі  бұталар  өседі.  Етектерінде 
бұлақ көздері бар. 
Қубұйырғын
ҚУАНЫШ, Ж а р т а с – Ақмырза өз-нің оң саласы, 
сілеті алабындағы өзен. Ақмола обл. Ерейментау 
ауд. жерімен ағады. Ұз. 51 км, су жиналатын ала-
бы 1320 км
2
. Көп жылдық орташа су ағымы 50,7  
млн. м
3
. Бастауын Ерейментау тауларының солт.-
батыс  беткейінен  алып,  Қарасу  өз-мен  қосылып 
Ақмырза өз-н түзеді. Басты саласы – Кәрібай (ұз. 
23,5 км). Алабында аласа таудың қара топырағы, 
қалған  бөлігінде  сортаңдау  қоңыр  топырақ  қа-
лыптасқан. Онда бетегелі-сұлыбасты өсімдіктер, 
өзеннің  жоғ.  ағысының  жағалауында  бұталар, 
сағасында  астық  тұқымдас  әр  түрлі  шалғындық 
өсімдіктер  өскен.  Кейбір  жағалау  бөліктері  биік 
жарқабақты  келген.  Қараша  айының  2-онкүнді-
гінде суы қатады. суы ауыз суға пайдаланылады.  
топырақтан жасалған бөгет арқылы а. ш-на пай-
даланатын бөген салынған.
ҚУАҢДАРИЯ – сырдария өз-нің сол жағалаулық 
аңғарымен өтетін арна. Қызылорда  обл.  сырдария, 
Жалағаш,  Қармақшы,  Қазалы  аудандары  жерімен 
ағады. Ұз. 383 км. Бастауын Қызылорда қалалық 
әкімдігі  аумағындағы  тасбөгет  кенті  маңынан 
алады. Арнасының бірінші бөлігі сағасынан бастап 
59,5 км-ге дейін тамырбөгет деп аталады. Оның 9,5 
км-ге дейінгі ені 60–100 м, тереңд. 9 м, 9,5 км-ден 
59,5 км-ге дейінгі тереңд. 1–2 м, ені 30–70 м. өзеннің 
59,5 км-ден бастап, 100 км-ге дейінгі ені 40–125 м, 
тереңд. 2,5 м болатын. Арал т-не жалғасатын бө-
лігі Бозкөл (Ақсай) ойпатына құяды. Арнасымен 
көктемде 3–4 күн су ағады. Қ. үрме құмдар әсері-
нен өзгеріп отырады. 20 ғ-дың 50-жылдары мұнда 
бірімен-бірі  өзектер  арқылы  жалғасып  жатқан. 
Ақсай–Қуаңдария көл жүйесі болған. өзімен аттас 
ауылға  дейін  (Қармақшы  ауд-нда)  жүйе  арқылы 
су  жүреді.  Қ.  және  оңт-ндегі  Жаңадария  өзендері 
алабында  көптеген  каналдар  тартылған.  Қ-ның 
бойында көне заманнан қалған ирригация жүйесінің 
құрылыстары жиі кездеседі.
ҚУ-АРАСАН МИНЕРАЛДЫ СУЫ, Жетісу (Жоң- 
ғар)  Алатауының  оңт.  бөктерінде,  Көктал  а-ның 
(Панфилов  ауд.)  солт-нен  23  км,  Арасан  а-нан  3 
км жерде Бурақожыр (Борохудзир) өз. аңғарының 
оң  жағалауында  орналасқан.  теңіз  деңгейінен 
1050–1160 м биіктікте. 1983 ж. бұлақтар маңынан 
екі ұңғыма қазылған, бірінен су деңгейін 3,6 м-ге, 
екіншісінен  12,2  м-ге  төмендеткенде  3600  м
3
  су 
алынған. Ұңғымалардың суы жылы (26–36°с), ми-
нералд. 0,6–1,2 г/л, аз сілтілі (рн 7,8), хим. құрамы 
сульфатты-хлорлы  натрийлі.  судың  құрамында 
кремний  қышқылы  70–96  мг/л,  фтор  7–8  мг/л, 
литий 0,62 мг/л, стронций 0,5 мг/л, рубидий 0,02 
мг/л,  күшәла  0,125  мг/л,  радон  46–113  эман,  т.б. 
элементтер  бар.  Ерітінді  газдың  құрамында  азот 
(74%), оттек (25%), көмір қышқыл газ (2,8%), аргон 
(0,7%),  гелий  (0,007%)  ұшырасады.  Минералды 
судың қан жүру, қозғалу және жүрек, жүйке, асқа-
зан, кардиосклероз, радикулит, полиомиелит, ги-
некология ауруларына шипасы зор. Қ.-а. м. с-ның 
маңында 1967 жылдан «Жаркент-Арасан» санато-
рийі жұмыс істейді.
ҚУБҰЙЫРҒЫН  (Anabasis  turgaica)  –  итсигек 
туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. 
Биікт. 5–15 смтүсі сарғыш жасыл. түп жағы бұ-
тақты, сабағы түксіз. Етжеңді жапырағы қарама-
Ор қоян
Қу тауларының сыртқы көрінісі

414
қарсы орналасқан, ұз. 5–10 мм. Қос жынысты гүлі 
ұсақ,  үш-үштен  топталған.  Шілде–тамыз  айлар-
ында гүлдейді. Жемісі – жидек. тасты беткейлер-
де өседі. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Ұлытау таула-
рында кездесетін эндемик өсімдік. түйе жейді.
ҚУҒАНТЫР  –  Күнгей  Алатау  жотасындағы  асу. 
Алматы  обл.  райымбек  ауд.  жерінде.  Абс.  биікт. 
3908 м. Жотаның солт-ндегі Шілік өз-нің саласы – 
Қуғантыр  өз.  бойымен  ыстықкөл  көліне  құятын 
Ақсу өз-нің бастауына Қ. арқылы соқпақ жол өтеді. 
Онымен  салтатты  адам  мамыр–қазан  айларында 
өте алады. солт-нде шағын мұздықтар, мореналар, 
оңт-нде қорымтастар кездеседі.
ҚУ  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Қарағанды  обл.  Қар- 
қаралы  ауд.  Егіндібұлақ  а-нан  солт.-шығысқа  қа-
рай  15  км  жерде  орналасқан.  Кен  орны  Қу  таула-
рының  гранитті  массивінде  қалыптасқан.  Бастал 
және Егіндібұлақ телімдерінен тұрады.Олар тереңд. 
38  м-ге  жететін  яшма  тәрізді  аргиллиттер  және 
жарықшақтардағы  порфириттерден  түзілген.  Жер 
асты суы арынсыз, тереңд. 1–8 м. Ұңғымалардың 
дебиті 2,5–8,3 л/с, суы тұщы, минералд. 0,34 г/л, хим. 
құрамы  бойынша  гидрокарбонатты-сульфатты 
кальцийлі. сулы қабаттың орташа қалыңд. 35 м.  
тереңд. 22–37 м болатын 9 ұңғыманы сутірек ре-
тінде пайдалануға болады. Егіндібұлақ теліміндегі 
пайдалануға болатын жер асты сулары А категори-
ясы бойынша тәулігіне 1,5 мың/м
3
 су шығады. Кен 
орны  Егіндібұлақ  телімінде  1969  жылдан  пайда-
ланылуда.
ҚУ ҚОРЫҚШАСЫ – респ. маңызы бар табиғи-
зоол.  аймақ.  Қарағанды  обл.  Қарқаралы  ауд-нда  
орналасқан.  Қорықшаның  аум.  63  мың  га.  Ланд- 
шафтың  негізгі  типін  гранит  тастардан  тұратын 
аласа Қу таулары құрайды. тау беткейіндегі қара-
ғайлы сирек тоғай шатқалдарда орманға ұласады. 
Жазық жерлерде және жылғалар мен өзен аңғарла-
рында қайың, көк теректен тұратын селдір тоғай 
өскен. таңқурай, қара қарақат бұталары да көптеп 
кездеседі. Орман топырақ қорғау және суды рет-
теу кезінде ерекше рөл атқарады. Зоол. қорықша 
аумағындағы  Қу  тауларында  арқар,  қоян,  елік, 
қасқыр,  түлкі,  т.б.  аңдар  мекен  етеді.  Құстардан 
құр, сұр шіл, ақ шіл, т.б. кездеседі.
ҚУЛЫКӨЛ – тобыл алабындағы тұзды көл. Қос- 
танай обл. Қамысты ауд. талдыкөл а-нан батысқа 
қарай  7  км  жерде  орналасқан.  теңіз  деңгейінен  
247,7  м  биіктікте  жатыр.  Аум.  33,6  км
2
.  суы  мол 
жылдары  оңт.-батысындағы  шағын  көлмен  қосы-
лып аум. 46 км
2
-ге дейін ұлғаяды. тереңд. 2 м, ұз 
10  км,  енді  жері  4,9  км,  жағалау  бойының  ұз.  33 
км. түгелімен қамыс, құрақ өскен жағалауында су 
құстары ұя салады, ондатр мен балықтар тіршілік 
етеді.
ҚУЛЫҚТАУ – Кетпен (Ұзынқара) жотасының ба-
тыс  сілеміндегі  тау.  Алматы  обл.  райымбек  ауд. 
Жалаулы  а-ның  солт.-батысында  3  км  жерде  ор-
наласқан.  Абс.  биікт.  2757  м.  Оңт.-батыстан  шы-
ғысқа қарай 25–26 км-ге созылып жатыр, енді жері 
10–12  км.  тау  эффузивтік  жыныстардан,  туфтан, 
әктастан  түзілген.  Беткейлері  өзен  аңғарларымен 
тілімденген. тау баурайындағы қызғылт қоңыр қара 
топырағында  дала  ландшафтысы,  таулы-орман 
топырағында  тянь-Шань  шыршасынан  тұратын 
қылқанды  орман,  таулы-шалғынды  топырағында 
субальпілік шалғындар өскен. Бұлақтарға бай, мал 
жайылымына пайдалануға қолайлы. Қ-дан Кеген 
өз-нің салалары бастау алады. 
ҚУМАҚАПЫ – Маңғыстау шығанағына құятын 
өзен.  Маңғыстау  обл.  түпқараған  ауд.  жерімен 
ағады. Ұз. 32 км. Бастауын таушық а. маңындағы  
бұлақтардан алып, Қауше және Емдіқорған таула-
ры аралығынан өтіп, шағын сарытас шығанағына 
құяды. Арнасының басым бөлігі жарқабақты, орта 
ағысында  жартасты  өңірмен  өтеді.  сағасының  оң 
жағалауы жарлауытты. Көктемдегі жауын-шашын 
кезінде 7–10 күндей арнасында су болады. Жылдың 
басқа мезгілінде құрғап қалады. негізінен жауын-
шашын суларымен толығады. Жоғ. ағысында арте-
зиан құдықтары орналасқан.
ҚУМАЯ,  Қ  ұ  м  а  –  сілеті  алабындағы  өзен. 
Ақмола обл. Ерейментау ауд. жерімен ағады. Ұз. 
92 км, су жиналатын алабы 2250 км
2
, орташа жыл-
дық су ағымы 3 м
3
/с. Бастауын Алтынтау тауының 
солт.  беткейіндегі  бұлақтардан  алып,  сілеті  өз-
нің оң саласы – Кедей өз-не құяды. Жалпы ұз. 76 
км болатын 28 саласы бар. Ірілері: Жарық, Едіге, 
Ақтасты,  торғай,  т.б.  Жоғ.  ағысында  арна  жаға-
лауы  жарқабақты  өңірмен  өтеді.  Орта  ағысында 
аңғары кеңейіп жағалауы жайпақ сипатта болады. 
төменде сайлы жыралы жермен өтеді. Арнасында 
Қуғантыр
Қуғантыр асуы
Қумая өзенінің орта ағысы

415
72  млн.  т,  оның  ішінде  толық  барланған  телім-
дерде  16  млн.  т,  зергерлік  мақсаттағы  қоры  643 
мың т. 
ҚУРАЙ ЖУСАН (Artemіsіa scoparіa) –күрделігүл-
ділер тұқымдасы, жусан туысына жататын бір неме-
се екі жылдық ұсақ бұталы өсімдік. Қазақстанның 
барлық  аймағында  дала,  шөл,  шалғынды,  құм, 
құмайт топырақты жерлерде өседі. Биікт. 30–70 см, 
тамыры жіңішке, тік өскен сабағының жоғ. жағы 
селдір, төм. бөлігі тықыр, қоңыр немесе қызыл күл-
гін түсті. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, бүтін не 
қауырсын тәрізді екі-үштен тілімденген. Гүлдері 
дара  жынысты,  сарғыш,  ашық  қызғылт  түсті. 
сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде–тамыз 
айларында  гүлдеп  жеміс  салады.  Жемісі  –  дәнек.  
Қ. ж. – жылқы, қой, түйе жақсы жейтін жайылым-
дық өсімдік.
ҚУРАЙЛЫ – Зайсан алабындағы өзен. Шығыс Қа- 
зақстан  обл.  Көкпекті  ауд-ның  жерімен  ағады.  
Ұз. 85 км, су жиналатын алабы 2220 км
2
. тарбаға- 
тай  жотасының  солт-ндегі  сағымжал  тауынан 
басталып,  Қарақия  тауының  шығысында  Еспе 
өз-не құяды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Қар, 
жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық 
орташа  су  ағымы  2,14  м
3
/с.  Жайылмасы  шабын- 
дыққа, суы егін, мал суаруға пайдаланылады.
ҚУРАЙЛЫ  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Зайсан  қа- 
заншұңқырының  оңт.-батысында  орналасқан. 
Шығыс Қазақстан обл. тарбағатай ауд. Ақжар а-
нан солт.батысқа қарай 100 км жерде, Бұғаз, Базар, 
Қарғыба  өзендерінің  ысырынды  конусында  жа-
тыр.  Аум.  4260  км
2
.  Кен  орны  төм.  төрттік  –  қа-
зіргі кезеңнің аллювийлі, аллювийлі-пролювийлі 
шөгінділерінің су кешенінде шоғырланған. Оның 
қалыңдығы  көлдерден  тауалды  жазығына  қарай 
және  кен  орнының  ортасына  қарай  қалыңдай 
береді  (0-ден  126  м-ге  дейін).  нақты  барланған 
телімдер кен аумағының барлық жерлерінде кез- 
деседі және қалыңд. 30–90 м аралығында. су сы- 
йыстырушы  тау  жыныстары  тауалдының  үгі- 
тілген  борпылдақ  жыныстарында  құмтасты-ке-
сектасты  толықтырушылармен,  қойтасты-малта- 
тасты  және  кесектасты-малтатасты  болып  келе- 
ді.  Кесектасты-малтатасты  жыныстары  Зайсан 
көлі  маңында  ірі  түйіршікті  және  ұсақ  түйір-
шікті  құмдармен  толған.  тауалды  мен  көлбеу 
жазықтардағы жер асты суы 2,5–42 м тереңдікте 
жатыр.  Кен  орнындағы  ұңғымалардың  дебиті  3– 
жыл бойы су болады. өзен бойында Жарық, Елтай, 
т.б. елді мекендер орналасқан.
ҚУМОЛА  –  Қалмаққырылған  алабындағы  өзен. 
Қарағанды  обл.  Ұлытау  ауд.  Қумола  а-нан  солт-
ке қарай 6 км жерде орналасқан. Бастауын Ақжал 
тауының беткейіндегі бұлақтардан алып, Қалмақ- 
қырылған  өз-не  оң  жағынан  құяды.  Ұз.  112  км. 
Жағасы  тік  жарлы,  аңғары  кең.  Көктемгі  еріген 
қар және жер асты суларымен толығады. сәуірде 
тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Ірі са-
лалары: сарыбұлақ, Қойгелді, Кішкенесай, Ащы- 
лысай. Алабында жайылымдық жерлер, мал қыс-
таулары бар. өзен суы ауыз суға және мал суаруға 
пайдаланылады.
ҚУМОЛА РОДУСИТ-АСБЕСТ КЕНІ, Қараған- 
ды обл. Жезқазған қ-нан оңт.-батысқа қарай 60 км 
жерде орналасқан. Балажезді өз-не құятын Қумо- 
ла өз-нің маңында. сілтілі амфиболдарға жататын 
бұл минералды тұңғыш рет 1946 ж. КсрО ҒА-ның 
акад.  Ф.В.  Чухров  (1908–88),  ал  оның  талшықты 
түрін  1953  ж.  Қазақстан  геологтары  Л.Габай, 
Г.Белов,  т.б.  ашты.  1980–82  ж.  мемл.  балансқа 
енгізілді.  Геол.  құрылымы  жағынан  Қумола 
синклинальдық  құрылымында  орналасқан.  Ол 
төм.  пермь  дәуірінде  жаралған  шөгінді  тау  жы-
ныстар  қабаттарынан  түзілген.  Олар  жиделісай 
(қалыңд.  300–400  м),  үшбұлақ  (қалыңд.  65–265 
м), кеңгір (қалыңд. 400 м) шоғырларына бөлінген. 
родусит-асбест  үшбұлақ  шоғырын  құрайтын  тау 
жыныстарында  ғана  кездеседі.  сырт  пішіні  мен 
құрылымына қарай 5 түрлі денелерді (талшықты, 
борпылдақ,  тығыз,  түйіршікті,  қатпарлы)  құ-
райды.  Бұл  денелер  желі  және  ұсақ  желі,  сеппе-
псевдоморфоздық  және  конкреция  (тасшемен) 
түрінде кездеседі. сырт пішіндері бөлек болғаны-
мен хим. құрамы мен кристалдық құрылымында 
айтарлықтай  ерекшеліктер  жоқ.  Мұндай  крис-
талдар  өте  жіңішке,  оның  созылу,  иілу,  майысу 
қабілеті  жоғары,  ал  кейбір  талшықты  түрлері 
өте қысқа әрі қалыңдау болып келеді. родуситтің 
басқа  микроталшықты  түрлері  өнімді  үшбұлақ 
шоғырын  құрайтын  тау  жыныстарын  кесіп  өте-
тін ірі жарылымдарды толтырады да, жер бетіне 
шығып жатқан іріжелілерді құрайды. Құрамында 
40%-дай  кремнезем  минералдары  опал  мен  хал-
цедон  болғандықтан  микроталшықты  родусит 
атмосфера  әсеріне,  су  мен  хим.  ерітінділерге 
және аязға шыдамды келеді. Қумола родуситтері 
қызуға,  хим.  агрессивті  заттарға,  оның  ішінде 
радиация  әсеріне  төзімді.  Ұзын  және  қысқа 
талшықты  родусит-асбест,  негізінен,  әскери 
газтұмылдырықтардың (противогаз) радиоактив-
ті  шаң-тозаңдарды,  улы  түтіндермен  бактерия-
ларды  сүзіп,  адам  өкпесіне  жібермейтін  сүзгіш 
картондарын  жасауда,  т.б.  қолданылады.  тығыз 
родусит,  әсіресе,  оның  опалмен  біте  жаралған 
түрі зергерлік бұйымдар мен сувенирлер жасауға 
керекті көк түсті тас болып табылады. Ол біршама 
ашық түсті, шыны тәрізді жылтыр келеді, тексту-
расы шомбал әрі женттас тәрізді. Қ. р.-а. к-нің ра-
дуситін қалыңд. 1–2 мм-дей етіп тілуге, тегістеп 
өңдеуге өте қолайлы. Барланған кендегі родусит-
асбест қоры 11 мың т, болжамдық қоры 120 мың 
т. Микроталшықты родуситтің болжамдық қоры 
Қурайлы
Зайсан алабындағы Қурайлы өзені

416
8 л/с, минералд. 0,3–0,8 г/л. Хим. құрамы бойынша 
гидрокарбонатты кальцийлі, сирек жағдайда гид-
рокарбонатты сульфатты. Кен орны игерілмеген.
ҚУСАҚ, с е г і з а у ы л – солт. Балқаш алабындағы 
өзен. Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. жерімен ағады. 
Ұз.  184  км,  су  жиналатын  алабы  10,8  мың  км
2

жалпы  ұз.  90  км  болатын  30-ға  жуық  салалары 
бар. Ірілері: Қаражан, Құрөзек, Көккөз, Мергенбай, 
Көкиірім, иірсу, т.б. Бастауын Шығыс Қазақстан обл. 
семей қалалық әкімдігі аумағына қарасты Қайнар 
а-ның  оңт.-батысындағы  Көкшетау  тауларындағы 
қайнарлардан  алып,  Қотанбұлақ  тауларының  ба-
тысындағы Ортақора қыстауының солт-нде жерге 
сіңіп кетеді. Көктемде 10–15 күндей ағыны  бола-
ды. Жоғ. ағысы тау шатқалымен ағады, Ошан қоны-
сында аңғары кеңейіп сайлы-жыралы жермен өтеді. 
татан  а.  маңында  арнасы  мен  алабы  қайтадан 
тарылады  (осы  жерден  бастап  өзен  Қ.  деп  атала-
ды).  Одан  кейінгі  арнасы 2,5–5 км-ге кеңейіп, ала-
бы  ауқымды  болып  келеді.  Молақ  қыстауы  және 
Қошқар  а.  аралығында  ағысы  үзіліп,  жерге  сіңіп 
кетеді.  Қошқар  тауларынан  бастап  арнасы  пайда 
болады. Жаз айларында ағысы болмайды. негізінен 
көктемгі  қар,  жауын-шашын  және  жер  асты  су-
ларымен  толығады.  татан  а-на  дейінгі  суы  тұщы, 
Қошқар а-на дейін ашқылтым, одан төменде тұзды 
болып келеді. Алабында бірнеше жайлау мен қыс-
тау орналасқан.
ҚУСАҚ – Үржар алабындағы өзен. Шығыс  Қазақ- 
стан обл. Үржар ауд. жерімен ағады. Ұз. 78 км, су  
жиналатын алабы 715 км
2
. Жалпы ұз. 52 км болатын 
30-дай саласы бар. Ірілері: Жынды, Шолақтерек, 
Көлденең,  т.б.  Қ.  Бұрхан  а.тұсында  Жалаңаш  өз-
нен бөлініп шығып, Елтай а-нан жоғарыда Үржар 
өз-не сол жағынан құяды. Арна жағалауының ба-
сым бөлігі тік жарқабақты келген. Жыл бойы де-
рлік арнасында су болады. Алабы мал жайылымы 
және егістік пен шабындыққа пайдаланылады.
ҚУСАҚ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарағанды (Ақ- 
тоғай ауд.) және Шығыс Қазақстан (Аягөз ауд.) об- 
лыстары  жерінде  орналасқан.  Кен  орны  Қусақ 
және  Ақтайлақ,  сондай-ақ  данабұлақ  өзендері  аң-
ғары бойымен 55–70 км-ге созылып жатыр. неоген 
сазының құмындағы орта төрттік кезеңінің қазіргі 
аллювийлі шөгінділерінің сулы қабатында шоғыр-
ланған.  су  сыйыстырғыш  тау  жыныстары  саздақ 
және сазды, сондайақ қиыршықтас аралас құмнан 
тұрады. Жер асты суы арынсыз, 2–6 м тереңдікте 
жатыр,  оның  орташа  қалыңд.  8–15 м. Ұңғымалар 
дебиті 5–26 л/с. Жер асты суының минералд. 1 г/
л-ден  аспайды.  Құрамы  жағынан  суы  гидрокар-
бонатты,  гидрокарбонатты-сульфатты  кальцийлі 
және сульфатты-натрийлі. Жер асты суы негізінен 
жауын-шашынның  грунт  қабатында  сүзілуінен 
толығады. 1990 ж. кен орнында пайдаланылатын 
қоры қайта бекітілді.
ҚУТАҢСОР  –  Жетіқоңыр  құмының  солт.-шы-
ғысындағы сор басқан телім. сарысу өз-нің ала-
бында. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. талап а-ның 
оңт.-шығысында  68  км  жерде  орналасқан.  теңіз 
деңгейінен  280  м  биіктікте  жатыр.  солттен  оңт-ке 
қарай  8  км-ге  созылған,  енді  жері  3  км.  сордың 
бетін  көктем  айларында  қар,  жауын-шашын  суы 
басады,  жазда  тартылып,  сор  батпаққа  айнала-
ды.  Жыл  өткен  сайын  топырақ  құнарсызданып 
аумағы  ұлғаюда.  солт.-батысында  талдықұдық, 
шығысында  Қосқұдық  құдығы,  оңт-нде  тұзкөл 
соры мен Көптақыр қонысы орналасқан. Етегінде 
бұталар өскен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет