Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

ҚОПА (ҚОПАЛЫ) АСТРАГАЛЫ (Astragalus ko- 
palensis) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта. Қа- 
зақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. 
Биікт.  50  см-ге  дейін  жетеді.  діңін  құба  сұр  қа-
бық  жапқан.  Қандауыр  тәрізді  жапырағының  ұз. 
5–10 см, 6–7 жұбы сабаққа қатарласа орналасқан. 
Гүлсидамы жапырағынан ұзын, қысқа ақ түк бас-
қан.  Гүлшоғыры  тығыз,  цилиндр  пішінді,  ұз.  13 
мм-дей болатын тостағаншасы гүлдеу мерзімінің 
соңына қарай жұмыртқа тәрізденеді. Күлтесі күң- 
гірт  сары  түсті.  Ұз.  1  см-дей,  бұршаққабы  тос- 
тағаншаға  бекіген,  ақ  үлпілдек  және  тығыз  қара 
түгі  бар.  тұқымынан  көбейеді.  Маусым  айында 
гүлдеп, шілде–тамызда жеміс береді. тасты-қиыр-
шықтасты тау баурайында, далалы шалғында, бұ-
талар арасында өседі. сирек кездесетін эндемик. 
Мал жайылымы ретінде пайдаланылатындықтан 
саны  жылдан-жылға  азаюда.  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚОПАЛЫСАЙ  –  Шу  алабындағы  өзен.Жамбыл 
обл-ның Шу, Қордай және Алматы обл-ның Жамбыл 
аудандары жерімен ағады. Ұз. 90 км, су жиналатын 
алабы  1020  км
2
.  Бастауын  Шу-Іле  жотасы  Хантау 
тұсындағы  ойлауытты  жерінде  (кратерде)  шағын 
келген Круглое көлі жатыр. дүние жүзінде Қ-дың 
көне метеоритіндей жақсы сақталған кратерлер өте 
сирек кездеседі (бар-жоғы 200-дей). Қ. кратері үл-
кен ғыл. қызығушылық тудырып отыр.
ҚОҢЫРТЕМІРШІ  –  Қарағанды  обл.  Қарқаралы 
ауд.  Қарағайлы  кентінен  оңт.-шығысқа  қарай  70 
км  жерде  орналасқан  тау.  солт-тен  оңт-ке  қарай 
45 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км. Ең биік 
жері – Қарасораң шоқысы (1369 м). Аралары өзен 
аңғарларымен  тілімденген  тізбекті,  жоталы  және 
күмбезді  таулардан  тұрады.  Қ.  түндік,  Қусақ, 
Ақтайлақ өзендерінің суайрығы. тас көмір дәуірі-
нің жыныстарынан түзілген. Шалғындық қызғылт 
қоңыр  топырағында  селеу,  сұлыбас,  бетеге,  көде 
өседі, қайыңды-көктеректі орман, астық тұқымдас 
шөптесіндер кездеседі. 
ҚОҢЫРТӨБЕ – Қызылкөл көлінің солт.-батысын-
дағы тау. Ақтөбе обл. ырғыз ауд. дүкен а-ның ба-
тысында 33 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 269 м.  
солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 4 км-ге со-
зылған, енді жері 2 км. Беткейлік бойлары көктемгі 
еріген  қар,  жауын-шашын  суларымен  тілімденген. 
солт-нде  тікшың  тауы,  батысында  соркөл  соры, 
оңт-нде Қулыкөл, солт.-батысында доңыздыкөл қо-
ныстары орналасқан. сұр, бозғылт қоңыр топыра-
ғында өлең, жусан, күйреуік, бұйырғын өседі.
ҚОҢЫРШӘУЛІ  –  тарбағатай  жотасының  баты-
сындағы таулар. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. 
сарытерек  а-ның  солт.-шығысында  20  км  жерде 
орналасқан.  Абс.  биікт.  1085  м.  солт.-батыстан 
оңт.-шығысқа қарай 20 км-ге созылған, енді жері 
12–13 км. Көлбеу беткейінде бірнеше шағын тау-
лар орналасқан. сай-жыралармен қатты тілімден-
ген. таудан Қарасу, нарын, т.б. өзендердің салала-
ры бастау алады. 
ҚОПА – Ертіс алабындағы көл. Ақмола обл-ның 
орт.  –  Көкшетау  қ-нан  солт.-батыс  іргесінде,  те-
ңіз деңгейінен 223,5 м биіктікте орналасқан. Аум. 
13,1  км
2
  (кей  жылдары  14,2  км
2
),  ұз.  5,4  км,  енді 
жері 3,6 км. Жағалау бойының ұз. 15,2 км. Орташа 
тереңд. 1,6 м, ең терең жері 3,1 м. су жиналатын 
алабы  3860  км
2
.  суының  көл.  30  млн.  м
3
.  Оңт. 
және шығыс жағалауы құмды-малтатасты қайраң. 
Көлге Шағалалы, Қылшықты өзендері құяды. Көл 
балыққа бай.
Қоңыртемірші тауының беткейі
Қопа жазығы

398
Қопасор
тауларындағы  бұлақтардан  алып,  Аққолтық 
құдығының (тауқұм құмында) солт.-батысында (12 
км  жерде)  құмға  сіңіп  кетеді.  Жауын-шашын,  жер 
асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су 
ағымы 0,2–0,3 л/с. Жылдық ағымының негізгі бөлігі 
(80%) көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. өзен 
аңғары шабындық және мал жайылымы.
ҚОПАСОР  –  Шалқар  алабындағы  көл.  Ақтөбе 
обл. Шалқар ауд. жерінде. теңіз деңгейінен 166 м  
биіктікте орналасқан. Аум. 12,1 км
2
, ұз. 9,5 км, енді 
жері  2,7  км,  жағалау  бойының  ұз.  36,4  км.  Көл 
жауын-шашын,  жер  асты  суларымен  толысады. 
Жағалауы  жазық.  суы  тұщы,  жаз  кезінде  ащы. 
Кейбір жылдары құрғап қалады.
ҚОРА  –  Қаратал  алабындағы  өзен.  Алматы 
обл.  Ескелді  би  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  69  км, 
су  жиналатын  алабы  484  км
2
,  жалпы  ұз.  240  км 
болатын  220-дан  астам  саласы  бар.  Бастауын 
Жетісу  Алатауының  мұздықтарынан  алып, 
Мыңшұңқыр  жотасының  оңт.  баурайымен  ағып 
өтіп, текелі қ-нда Қаратал өз-не оң жағынан құя- 
ды.  Жағалауында  қарағайаралас  қайың,  көк  те-
рек,  т.б.  өскен.  Арнасы  тік,  тар  шатқалды.  Қар, 
мұздық суларымен толығады. Бұрқан саласы бо-
йындағы  құламасу  (сарқырама)  түбінде  жатқан 
«әулиетасты» жергілікті халық қасиетті санайды. 
өзенде ұсақ балықтар бар.
ҚОРАҒАТЫ, Қ ұ р а ғ а т ы – Шу алабындағы өзен. 
Жамбыл обл. т.рысқұлов, Меркі, Шу аудандары жері-
мен ағады. Ұз. 172 км, су жиналатын алабы 5840 км
2

Ірі  салалары:  Мөңке,  Ащыбұлақ,  Үлкен  Қайнар, 
Қызтоғансай,  Мақанды,  Егермен,  Қайыңдысай, 
Ойранды,  т.б.  Бастауын  Қырғыз  Алатауының 
солт. беткейінен алып, Кеңес а. тұсында Шу өз-не 
сол жағынан құяды. Аңғары Құрағаш а-на дейін 
жарқабақты, жарлы келген. Орта және төм. арна-
сы жазық өңірмен өтеді. Мұнда жағалауы жазық, 
аңғары кең. Жауын-шашын, қар суларымен толы-
ғады. Жылдық орташа су ағымы Кеңес а. тұсында 
3,63 м
3
/с. суы егін ш-на пайдаланылады.
ҚОРАМ  КАНАЛЫ,  Алматы  обл.  Еңбекшіқазақ 
ауд-нда орналасқан. Арнасының ұз. 70 км, тереңд. 
0,9–1,5 м, ені беткі жағында 8–14 м, табанында 6 – 
11 м. Бастауын Қайрат а-нан төменде Шілік өз-нен 
алып, Қазақстан а-нан төменде Жарсу өз-нің сала-
сы – Қарасу өз-не құяды. су ағымы жоғ. ағысында 18 
м
3
/с болған. суы егістік жерлерді және мал суаруға 
пайдаланылған. Кейін Үлкен Алматы каналының 
салынуына байланысты (1979–84) Қ. к-мен су жүру 
тоқтатылды. 
ҚОРАМ  МИНЕРАЛДЫ  СУ  БҰЛАҚТАРЫ,  Іле 
Алатауының солт. беткейінде, Алматы қ-ның шы-
ғысында 110 км жерде Еңбекшіқазақ ауд. Қорам а. 
тұсында. Бұлақтардың тәул. өнімд. 470 м
3
. суының 
темп-расы 17–20°с, минералд. 2,9–3,4 г/л, хим. құ-
рамы  хлорлы-натрийлі  (70%  экв),  сульфатты-каль-
цийлі (30% экв), сілтілі (pH 7,3–8,4) келеді. Ең өнімді 
бұлақ  көзінен  (тәул.  өнімд.  300  м
3
)  қазылған  ұң-
ғымадан су 2 м биіктікке шапшып шығады. Қорам 
суының 1 л-інде 5 мкг күшәла (мышьяк) мен мо-
либден, 2 мкг мыс, 75 мкг титан, 2,5–5 мг фтор мен 
бром, 0,5–2 мг стронций бар. Қ. м. с. б. ішек-қарын, 
бауыр, өт жолдарына, орт. қозғалыс жүйелерінің 
ауруларына шипалы.
ҚОРҒАЛЖЫН  –  нұра  алабындағы  көл.  Ақмола 
обл-ның  Қорғалжын  ауд-нда.  теңіз  деңгейінен 
307,5 м биіктікте орналасқан. Аум. 330 км
2
, ұз. 33 
км, енді жері 21 км, орташа тереңд. 1,6 м, ең терең 
жері 3 м, суының мөлш. 0,5 км
3
-ге жуық. су жи-
налатын алабы 55 мың км
2
. солт. және шығыс жа-
ғасы  жарқабақты,  батыс  және  оңт.  бөлігі  жайпақ. 
Алабының басым бөлігі егістік, қалған жері жайы-
лым. нұра өзені және көктемгі қар, жауын-шашын 
суларымен толысады. суының минералд. 0,7–3,5 г/
л. Балық (тұқы, мөңке, алабұға, шортан, аққайран, 
т.б.) көп. Жағалауында аққу, бірқазан, барылдауық 
үйрек, балшықшы, т.б. құстар, қамыс арасында жа-
байы  шошқа  кездеседі.  Қ.  және  теңіз  көлдерінде 
Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған.
ҚОРҒАЛЖЫН  АУДАНЫ  –  Ақмола  обл-ндағы 
әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. солт-нде Егін- 
дікөл, Астрахан аудандарымен, оңт-нде Қарағанды 
обл-ның  нұра  ауд-мен  шектеседі.  Жер  аум.  9,3 
мың км
2
. тұрғыны 9,8 мың адам, орташа тығызд. 
1 км
2
-ге шаққанда 1 адамнан келеді (2010). Аудан 
аумағындағы  26  елді  мекен  8  ауылдық  әкімш. 
округке  біріктірілген.  Аудан  негізінен  теңіз-
Қорғалжын  ойысында  орналасқан.  Жер  бедері 
белесті жазық. Климаты тым континенттік. Қысы 
ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңд. 20 см-дей), 
боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айының орта-
ша  темп-расы  –17–18°с.  Жазы  қоңыржай  ыстық, 
қуаң  (50  күндей).  Шілде  айының  орташа  темп-
расы  20–21°с.  Жауын-шашынның  жылдық  орта-
ша мөлш. 250–300 мм. Аудан жері арқылы нұра, 
Құланөтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп. 
Қора өзенінің жоғарғы ағысы
Қорғалжын көлінің қамысты жағалауы

399
Қорған
негізгілері: Қорғалжын, теңіз, Қоқай, Асаубалық, 
сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, 
Шишалқар,  Қарасор,  Құмкөл,  Алакөл,  т.б.  топы- 
рағы  қоңыр,  күңгірт  қоңыр,  нұра  өз-нің  аңғары 
қара  топырақты.  Аудан  жерінде  жабайы  шошқа, 
қасқыр, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, 
ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатр; құстар-
дан  қоқиқаз,  қаз,  үйрек,  аққу,  аққұтан,  қызғыш, 
т.б.  көптеген  су  құстары  мекендейді.  Көлдерінде 
мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққай-
ран кездеседі. Аудан аумағында мемл. Қорғалжын 
қорығы орналасқан. Ірі елді мекендері: Қорғалжын, 
Арықты,  Кеңбидайық,  Жантеке,  сабынды  ауыл-
дары.  ш-на  жарамды  жері  656,5  мың  га,  егістік 
131,9 мың га, шабындық 32,306 мың га, жайылым 
382,8  мың  га,  тыңайған  жер  199,5  мың  га  (2010). 
Аудан  аумағынан  Астана–Қорғалжын–Баршын 
және  Астана–Қорғалжын–Абай–Егіндікөл  авто-
моб. жолдары өтеді.
ҚОРҒАЛЖЫН  ҚОРЫҒЫ  –  Ақмола  обл.  Қор- 
ғалжын  ауд-нда  орналасқан  мемл.қорық.  1958  ж. 
ұйымдастырылған.  Оған  теңіз-Қорғалжын  көл-
дер  жүйесінің  біразы  енеді.  Жер  аум.  258,9  мың 
га. Мұнда жер бедері тегіс, теңіз көлінен батысқа 
және  оңт-ке  қарай  шамалы  адырлы.  Қорық  ор-
наласқан  аумақтың  ауа  райы  тым  континенттік, 
қысы суық әрі ұзақ, жазы ыстық әрі құрғақ. Қыста 
ауа  темп-расы  –41–42°с-қа  төмендесе,  шілдеде 
38–39°с-қа дейін көтеріледі. 125–130 күндей аяз-
сыз  жайма-шуақ  болады.  Жылына  200–350  мм 
шамасында  жауын-шашын  жауады.  Олар  негі-
зінен  ақпан–наурыз  (қар)  және  мамыр  (жаңбыр) 
айларында жауады. Мамыр айының соңында, жаз 
басында  шөптердің  басым  бөлігі  қурап  қалады. 
Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 350 түрі 
кездеседі;  атап  айтқанда,  жусан,  көкпек,  боз  се-
леу,  қызғылт,  селеу,  тобылғы,  бидайық,  бозшөп, 
т.б. өседі. Шөптесін өсімдіктер өте аз. Мұнда бұ- 
талардың 15 түрі ғана бар, олар негізінен өзен жа-
йылмасындағы тоғайларда кездеседі. Көлдер мен 
сор  жерлерді  жағалай  тұзды  топыраққа  бейім-
делген түрлі сораң шөптер, кермек, ақсорлар өсе- 
ді. әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұн- 
дағы  көлдерге  ерекше  әсемдік  береді.  су  жаға-
сында қамыс пен қоға өссе, су бетінде, өзен арна-
ларында әдемі ақтұңғиықтар мен сарытұңғиықтар 
гүлдейді.  даласында  негізінен  шөптесіндер,  қау,  
бетеге,  бұйырғын,  сасыр,  жусан  өскен.  Қорықта 
қорғауды  қажет  ететін  эндемиктердің  45  түрі 
белгілі.  Олар  Қазақстан  таспасы,  қалдық  сары- 
тұңғиық, ақбоз тұңғиық, Шобер ақтікені, т.б. Қо- 
рық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқо-
ректілердің  37  түрі,  құстардың  294,  бауырымен 
жорғалаушылардың  3,  қосмекенділердің  2,  ба-
лықтардың  10-нан  астам  түрлері  тіршілік  етеді. 
сондай-ақ  дала  суыры,  қоян,  күзен,  борсық,  ақ 
бөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжын көліне 32 мың-
дай қасқалдақ, 10–12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. 
құс  түрлері  ұясалады.  Қорықтан  ақ  құтан,  қы-
зыл  жемсаулы  қарашақаз,  тұрпан,  қара  дегелек, 
бірқазан сияқты саны жылдан-жылға азайып бара 
жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя  
салатын  қанаттылардан  гөрі  мамырлауға  кел-
ген  құстар  саны  бірнеше  есе  көп  болғандықтан 
қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дү-
ние жүзінде өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз 
бар.  Ол  Қазақстан  жерінде  тек  теңіз  көлінде  ұя 
салып, жұмыртқа басады. 1960 жылдарықорықта 
қоқиқаздың  саны  45–60  мыңдай  болса,  2000  ж. 
10–15 мыңға жуық қалды. Қазақстанның «Қызыл 
кітабына»  енгізілген  қорықтағы  өсімдіктерден 
Шренк  қызғалдағы,  жатаған  қызғалдақ,  ашық 
және  сарғылт  құндызшөп;  жәндіктерден  дала 
сколиясы,  әмірші  ине-лік,  қысқақанатты  боли-
вария дәуіті, дала шегірткесі, құстардың 37 түрі, 
ал Халықар. «Қызыл кітапқа» енгізілген құстар-
дың  20  түрі  белгілі.  Халықар.  маңызы  бар,  қор-
ғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне 
Қорғалжын, теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы 
фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жыл-
дан бері «табиғат шежіресі» күнделігі жазылады. 
Қазір қорықта экол. туризм саласы дамып келеді. 
ҚОРҒАН  ЖОТАСЫ  –  Алтай  тау  жүйелерінің 
батысында. ресей Федерациясы құрамындағы Ал- 
тай  республикасы  мен  Шығыс  Қазақстан  обл. 
Глубоков  ауд.  шекарасында  орналасқан.  Шарыш 
және  Ертіс  өзендерінің  суайрығы  саналады.  Абс. 
биікт. 2232 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 
шамамен  45  км-ге  созылған.  Орта  девон  кезеңінің 
эффузивтік жыныстарынан, саздақты тақтатас, гра- 
ниттен түзілген. Батысында Калмыцкий Белок, Шу- 
менский Белок, Коровинский Белок таулары, оңт.-
шығысында Көксу жотасы бар. Биіктік белдеуінде 
Аудандағы теңіз көлінің батыс жағалауы
Қорық аумағындағы нұра өзені

400
Қорғанқұм
сы кеңейеді. Көп жылдық орташа су ағымы Алмалы 
өз. сағасынан төменде 16,5 м
3
/с. Басқыншы, Алмалы 
а-дары  тұсынан  бірнеше  каналдар  (Бозарық,  т.б.) 
тартылған.  20-ға  жуық  шағын  салалары  бар.  Жа- 
ғалауы мал жайылымы. 
ҚОРҒАС  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Алматы  обл. 
Панфилов ауд. Жаркент ойысында орналасқан. су- 
лы  қабат  арасында  құмдақ,  саздақ,  саз  қабаттары 
кезектесіп  отыратын  қойтастар  және  кесектасты-
малтатастан,  орта  және  төм.  төрттік  кезеңінің  ал-
лювийлі,  аллювийлі-пролювийлі  шөгінділерінде 
шоғырланған.  Қабаттың  жалпы  қалыңд.  400– 
450 м, тиімді қалыңд. 200–250 м. Жоғ. сулы қабат 
(80 м тереңдікке дейін) сәл арынды. тау жыныс-
тарының  су  молдылығы  жоғары,  ұңғымалардың 
дебиті  40–63  л/с-тан  (аллювийлі  шөгінділерінде) 
94–156  л/с-қа  дейін  (аллювийлі-пролювийлі  шө-
гінділерінде).  Жер    асты  суы  тұщы,  минералд. 
0,1–0,2  г/л,  құрамы  гидрокарбонатты  кальцийлі. 
Ұңғымалардың  жалпы  саны  113,  тереңд.  170– 
430  м,  ұңғымалар  арасындағы  қашықтық  700–
1250 м. Кен орны 1977 жылдан игерілуде.
ҚОРҒАС ЫСТЫҚ БҰЛАҚТАРЫ, Жетісу (Жоң- 
ғар) Алатауының оңт. беткейіндегі Қорғас өз-нің 
оң саласы – Арасан өз. шатқалында 1750 м биік-
тікте орналасқан. Алматы обл. Панфилов ауд-нда. 
Мұнда 10-нан астам қайнар, бұлақ бар. Олардың 
жалпы су ағымы 4–5 л/с.суы хлорлы-сульфатты-
натрийлі, радиоактивті (радон 150–180 эман), сіл-
тілі (рн – 9). темп-расы 37–52°с, жалпы минералд. 
0,27–0,29 г/л. суда 60–70 мг/лкремний қышқылы, 
күкіртсутек, қорғасын, күміс, молибден қоспалары 
бар.Қ.  ы.  б-н  хим.  құрамына  байланысты  Алтай 
респ-ндағы (ресей Федерациясы) Белокуриха ку-
рорт суымен теңестіруге болады. 
ҚОРДАЙ – Шу-Іле тауларының оңт.-шығысы, Кін- 
діктас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу. 
Жамбыл обл. Қордай ауд. Мұзбел а-нан солт-ке қа-
рай 12 км жерде. Абс. биікт. 1233 м. Мұнда қыста 
солт.-шығыстан  соғатын  суық  желдің  әсерінен 
желді бұрқасын борап, асудан автокөліктің өтуіне 
қолайсыз жағдай туындайды; қ. Қордай желі
ҚОРДАЙ АУДАНЫ – Жамбыл обл-ның оңт.-шы- 
ғысындағы әкімш. бөлініс. Алғашында (1928) Ал- 
маты округінің құрамында, кейіннен (1939) Жам- 
был  обл-на  қосылды.  Аум.  9  мың  км
2
.  тұрғыны 
115,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда 
көптеген шағын көлдер шоғырланған. Беткейлерінде 
самырсын, шырша, майқарағай, өзен аңғарларында 
көк  терек,  қайың,  ал  2000  м-ден  жоғары  биіктікте 
альпілік шалғын өседі.
ҚОРҒАНҚҰМ – тауқұм құмды алқабының оңт-
ндегі құм. Алматы обл. Балқаш ауд. жерінде ор-
наласқан. Енсіз келген Қ-ның ұз. шамамен 65–70 
км.  теңіз  деңгейінен  абс.  биікт.  394  м  (Жуанқұм 
төбесі), аум. 140 км

шамасында. Құм төбелер ара-
сында суы тұщы (Келімбай) және тұзды (Қосащы) 
құдықтар кездеседі. Алқаптың солт. бөлігінде ар-
тезиан  құдығы  орналасқан.  Жусандала  даласына 
ұласатын оңт. шетінде тереңд. 13 м, су шығымы 
сағатына  200  л  болатын  тұщы  құдық  бар.  Құм 
арасында шағын тұзды көлдер кездеседі. Көктем 
айларында Қ-ның батысында сор батпақты алқап 
пайда  болады.  Беткейлері  мен  құмаралық  ойпа-
уыттарда  ебелек,  жүзгін,  қаңбақ,  баялыш,  теріс-
кен, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. Алқап арқылы 
оңды-солды дала жолдары кесіп өтеді.
ҚОРҒАНТҰЗ  –  Үлкен  Борсық  құмының  батыс 
бөлігіндегі  сор  алқабы.  Ақтөбе  обл.  Шалқар  ауд. 
Аққайтым  а-ның  оңт.-батысында  8  км  жерде  ор-
наласқан.  теңіз  деңгейінен  170  м  биіктікте  жатыр. 
Батыстан шығысқа қарай ендік бағыт 11 км-ге со-
зылған, енді жері 4,5 км. солт-нде Лақалы, батысын-
да  Шамсор  көлдері,  оңт-нде  Шолақжидесор  соры, 
шығысында  төлебай,  Аққора,  әбубаз  қыстаулары 
бар. сор етегінде артезиан құдықтары орналасқан.
ҚОРҒАС – Іле алабындағы өзен. Қазақстан мен Қы- 
тай арасындағы мемл. шекарасы бойында, Алматы 
обл. Панфилов ауд. жерімен ағады. Ұз. 176 км, су жи-
налатын алабы 1310 км
2
. Жалпы ұз. 270 км-ден аса-
тын 170-тен астам салалары бар. Қазақстандағы ірі 
салалары: Күзембайсай, нанзышоқы (Қарасу), Шұ- 
қырбұлақ,  Желдісай,  т.б.  Бастауын  Жетісу  (Жоң- 
ғар)  Алатауының  сілемі  –  тышқантау  тауының 
солт.-шығыс беткейіндегі мұздықтардан алып, Мо- 
йынқұм, Қарақұм құмды алқаптар-дың шығысын 
құлдилай ағып Іле өз-не оң жағынан құяды. Жоғ. 
ағысы тар шатқалмен ағып, Басқыншы а. тұсында 
таудан шығып, ағысы баяулайды, аңғары мен арна-
Қорған жотасы
Қордай асуындағы Алматы–тараз тас жолы

401
Қоржын
сондай-ақ тараз–Алматы–талдықорған–өскемен 
т. ж. өтеді.
ҚОРДАЙ ЖЕЛІ, Жетіжол мен Кіндіктас жотала-
ры аралығындағы Қордай асуынан соғады. солт-
тен  суық  ауа  массасының  тау  аңғарына  енуінен 
пайда болады. Асудың орналасуына байланысты 
күшті желдің 93%-ы солт.-шығыстан соғады. әр 
айда 2–4 күн, кей жылдары 10–15 күнге созыла-
тын  желді  бұрқасын  борайды.  Мұзбел  а-ндағы 
(бұрынғы  Қордай  кенті)  метеостанса  маңында 
ақпандағы желдің орташа жылд. 7 м/с қа жетеді. 
Бұл айда орта есеппен 8 күн күшті (15 м/с, одан 
да  артық)  жел  соғады.  Көктемдегі  және  жаздағы 
желдің жылд. 5–7 м/с. Кейбір деректер бойынша 
Қ. ж-нің ең жоғ. жылдамдығы жазда 28 м/с-қа, көк-
тем және күзде 34, қыста 40 м/с-қа жетеді. Бір жыл 
ішінде орта есеппен 55 күн күшті жел соғатыны 
анықталған. 
ҚОРДАЙ  ҚЫЗЫЛ  ГРАНИТ  КЕНІ,  Жамбыл 
обл.  Қордай  ауд.  Кіндіктас  тауы  баурайындағы 
Бетқайнар а-ның солт.-шығысына қарай 17 км жер-
де орналасқан. Ол 1956 ж. барланып, 1962 жылдан 
бастап пайдаланылады. Кен орнының жалпы ауд. 
6,5  км
2
.  Граниттің  түсі  қызыл,  құрамында  пла-
гиоклаз,  кварц,  калийлі  дала  шпаты  (25%-ға  де-
йін) және биотит (3–5%) бар. Граниттің қысымға 
төзімд. 1060–1950 кг/см
2
, су сіңіру қабілеті 0,05–
0,3%.  Жұмсару  коэфф.  0,56–0,99,  тығызд.  2500–
2740 кг/м
3
. Гранит массасын тіліп, қалыңд. 25–80 
мм плиталар алынады. түсіне  және блоктардың 
ірілігіне (1×2×3 м) байланысты Қ. қ. г. к. үйлердің, 
ғимараттардың сыртын безендіруге, мүсін жасау 
материалы ретінде қолданылады.
ҚОРЖЫНДЫ – Арал т-нің солт. жағалауындағы 
түбек. Абс. биікт. 108 м. Ақтөбе обл. жерінде құ-
дық,  ал  Қызылорда  обл-на  қарасты  шығыс  жа-
ғында қорым (мола) бар. теңізге қараған жағалауы 
жарқабақты. Биікт. 32 м-ге де-йін жетеді. түбектің 
батысында  Құмсуат,  шығысында  Безымянный 
мүйістері  орналасқан.  табиғаты  өте  қатаң,  жазы 
ыстық,  қысы  суық,  сусыз  шөл  дала.  өсімдік 
жамылғысын жусан, еркек шөп, әр түрлі бұталар 
мен  эфемерлер  құрады.  Жер  қыртысы  олигоцен-
дік саз,құмдақ мергельден тұрады. Қ. түбегін жаз 
айларында жайлауға ғана пайдаланған.
ҚОРЖЫН  (ХОЛЗУН)  ЖОТАСЫ  –  Үлбі  жота- 
сының  солт.-шығыс  бөлігіндегі  жота.  Шығыс  Қа- 
зақстан обл. Зырян ауд. столбуха а-ның солт-нде 
ресей  шекарасы  бойында  орналасқан.  Ең  биік 
12 адамнан келеді (2010). Аудандағы 41 елді мекен 
18  ауылдық  әкімш.  округке  біріктірілген.  Орт.  –  
Қордай  а.  Қ.  а-ның  жері  негізінен  таулы.  солт. 
және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр. 
Кіндіктас,  Жетіжол,  т.б.  тау  жоталары  ауданның 
орт. және оңт.-шығыс бөлігін қамтиды. Аудан же-
рінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м
3
), әк-
тас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 
млн. м
3
), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас 
(0,305млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс 
тастары  кені  (8,05  млн.  м
3
)  барланған.  Климаты 
континенттік,  қысы-жазы  жиі-жиі  Қордай  желі 
соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа темп-
расы  –8–10°с,  шілдеде  22–24°с.  Жауын-шашын-
ның жылдық орташа мөлш. 300–350 мм, олардың 
басым  бөлігі  күз  және  қыс  айларында  жауады. 
Аудан  жерімен  Шу  өз-нің  оң  саласы  –  ырғайты, 
Қалғұты,  Қарақоңыз,  Қақпатас  (Қақпақтас),  Кін- 
діктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кі-
шігірім өзендер ағады. Ауданның орт. және оңт.- 
шығысынан Іле өз. алабына жататын, жазда құр-
ғап қалатын Жаманты, иірсу, Ұзынсу, т.б. өзендер 
ағып  өтеді.  Қақпатас,  Қарақоңыз  өзендері  ала-
бында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер 
салынған.  Олардағы  судың  жалпы  сыйымд.  18,7 
млн. м
3
. Олар аудан ш-тарының 4,5 мың га жерін 
суғарады  және  суландырады.  Одан  басқа  аудан 
аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты 
тоғандары  бар.  Шу  өз-нен  бірнеше  каналдар 
тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы. 
Аудан  жерінде  қоңыр,  шалғынды  қоңыр,  шал-
ғынды сұр, қызғылт қоңыр, солт-нде (Қопа және 
Қараой  жазығында)  сұр,  сортаңды  сұр  топырақ 
қалыптасқан.  Онда  жусан,  бетеге,  боз,  сұлыбас, 
сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Аудан 
жерінде  таутеке,  елік,  қасқыр,  түлкі,  борсық, 
қоян; құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлды-
рық, қырғауыл, т.б. тіршілік етеді. Ірі елді мекен-
дері: Қордай, сортөбе, Масаншы, Отар, Ауқатты, 
Бетқайнар,  Қаракемер,  Қарасу,  Қасық,  т.б.  А.  ш-
на пайдаланылатын жер аум. 234,0 мың га, оның 
ішінде  егістік  52,6  мың  га,  шабындық  4,8  мың 
га, жайылым 180 мың га. Аудан аумағымен респ. 
маңызы  бар  Алматы–Бішкек,  Алматы–тараз–
Шымкент–ташкент  автомоб.  магистралі  өтеді. 
Жетіжол жотасы
Қоржын жотасы

402

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет