Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

ҚОЙБАҒАР  –  Обаған  алабындағы  көл.  Қостанай 
обл.  Қарасу  ауд-ның  оңт.-шығыс  бөлігінде  Қарасу 
а-нан  шығысқа  қарай  3  км  жерде,  теңіз  деңгейінен 
20,2  м  биіктікте  орналасқан.  Аум.  96  км
2
,  ұз.  17,8 
км, енді жері 9,1 км, жағалау бойының ұз. 49 км, ең 
терең жері 1,6 м, суының мөлш. 20 млн. м
3
-ге жуық. 
Жағалауының басым бөлігі жайпақ. Жазық солт. жа-
ғалауында  қалың  қамыс  өскен.  Мұнда  батпақты 
жерлер қалыптасқан. Көл алабының 70%-ға жуығы 
егістік, қалған тың бөлігі бозды-бетегелі жусанды 
жазық. Көлге Шолақ және Қарасу өзендері құяды. 
Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. 
суы ашқылтым. Көлде шортан, алабұға, т.б. балық-
тар бар.
ҚОЙБҮЛДІРГЕН  (Rubus  saxatilis)  –  раушангүл-
ділер  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  өсімдік. 
Қазақстанда  тобыл–Есіл  жазығында,  Көкшетау, 
Ақтөбе,  торғай  өңірлерінде,  сарыарқаның  ба-
тысында,  Ұлытау,  Алтай,  тарбағатай  тауларында, 
Жетісу,  Іле,  Күнгей  және  теріскей  Алатауларында, 
Кетпен  (Ұзынқара)  жотасында  кездеседі.  Биікт. 
30  см-ге  дейін.  Ұз.  1,5  м-ге  жететін  жер  бойлай 
жайылған  төсемелі  ұзын  өскіндері  күзде  тамыр-
ланады.  сабағы  тік,  сыртын  қатты  тікенек  басқан. 
Жапырағы  ұзын  сағақты,  түкті,  жиегі  иректелген. 
Бөбешік жапырақтары жұмыртқа тәрізді. Қос жыныс-
ты гүлдері ақ түсті, аса ірі емес, 3–10 гүлі сабақтың 
жоғ. жағында қалқан немесе шатырша тәрізді гүл-
шоғырына  топтасқан.  тостаған  жапырақшалары 
қандауыр  тәрізді,  сыртына  қарай  қайырылған. 
Күлтесі  тік,  ұшына  қарай  сүйір,  ұзынша  эллипсті 
немесе ұзынша келген, ұз. 6–7 мм, ені 1,5–2,5 мм. 
Қойбағар көлі
Жетісу Алатауындағы Қойтас жотасы

393
Қоқиқаз
ңаштанған. тас көмір, девон кезеңдерінің жыныста-
рынан түзілген. таудың қызғылт қоңыр және қара 
топырағында  боз,  бетегелі-жусанды  дала  өсімдік-
терімен бірге, биіктік белдеулерде зерек, итмұрын, 
қараған, тал, көк терек, т.б. өседі.
ҚОЙТАС  –  Ақмола  обл.  Ерейментау  ауд-ның  шы-
ғысындағы  ұсақ  шоқылық  тау.  Абс.  биікт.  291  м. 
сілеті  мен  өлеңті  өзендерінің  аралығында  жатқан 
тау  солт.-шығыстан  оңт.-батысқа  қарай  17–20  км-
ге  созылған,  ені  5  км-ге  жетеді.  сай,  өзектермен 
тілімденген беткейлері көлбеу келген. Батысы мен 
солт-нде  көлдер  жиі  кездеседі.  Олардың  басым 
бөлігінде  қамыс,  құрақ  өскен.  Кейбір  телімдерде 
батпақты  сор  жерлер  кездеседі.  Оңт-мен  Қатпа, 
Ұзыншілік  өзендері  ағып  өтеді.  таудың  солт.  бет-
кейіндегі биікт. 3 және 8 м-лік жартастар мен құздар 
бар. Оларды жыралар мен шайылмалар тілімдеген. 
Жер қыртысы орта девон кезеңінің тау жыныстары-
нан түзілген. Оның бетін қиыршықтасты-кесектас-
ты элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан. нашар 
дамыған  қызғылт  қоңыр  топырағында  сұлыбасты-
қылқан бозды дала өсімдіктері, сай мен өзектерде 
қараған шоғырлары өскен. 
ҚОҚАЙ – нұра алабындағы ағынды көл. Ақмола 
обл.  Қорғалжын  ауд.  жерінде,  теңіз  көлінің  шы-
ғысында,  Асаубалық  пен  сұлтанкелді  көлдерінің 
аралығында. теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте ор-
наласқан. Аум. 24 км
2
, ұз. 8,1 км, енді жері 4,5 км, 
жағалау бойының ұз. 22,6 км. Көлді нұра өз. қиып 
өтеді. суы тұщы. Жағасы – жайылым, шабындық.
ҚОҚАНАЙ – Аяққұм құмының солт.-батыс бөлігін-
дегі аласа тау. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Ебейті а-нан 
солт.-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Абс. 
биікт. 245 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 11 
км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу кел-
ген. солт-нде Мұнайлы, оңт-нде Ақсай құдықтары, 
шығысында Аққұмсағыз құмы, батысында тіксай, 
Қопа қыстаулары орналасқан. сортаңды қоңыр то-
пырақ жамылғысында жусан, өлеңшөп, бетеге, т.б. 
өсімдіктер өседі.
ҚОҚАН  ҚОРЫҚШАСЫ  –  респ.  маңызы  бар  та-
биғи-ботаник. қорықша. Аум. 49,1 мың га. Қорықша 
Ақсу  және  Лепсі  өзендері  атырауының  батпақты 
атыраулық ландшафтысын қамтиды. Балқаш өз-нің 
сортаңды  жағалауы  мен  аласа  құм  төбешіктер  қо-
рықшада маңызды орын алады. сексеуіл мен жүз-
гін бұталары өскен құмды массивтер, өзен жағасын 
бойлай  өскен  терек  пен  тал  тоғайлары  –  жануар-
лардың  мекені.  Қорықшада  тұяқтылар  мен  терісі 
бағалы аңдар қорғалады.
ҚОҚАН  САЛПЫСЫ  (Morina  kokanica)  –  сал-
пыстар  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөп-
тесін өсімдік. талас Алатауында, Қаратау жотасы-
ның  оңт.-шығыс  бөлігінде  көбіне  жеке  топ  болып 
кездеседі. Биікт. 80 см-ге дейін жетеді, қарапайым 
тамыры жуандау келген. сырты тегіс, бір ғана са-
бағы  болады.  Қандауыр  тәрізді  тамыр  жапырағы-
ның  ұз.  30  см-ге  дейін  жетеді,  жиегі  тегіс  немесе 
ирек тісшелі, сабаққа қанат тәрізді созыла бекіген. 
сабақ жапырақтары төртеуден шоғырлана орналас-
қан. Орама жапырағы түтікті қоңырау тәрізді, жиегі 
тікенекті,  тостағаншасының  төм.  жағы  кеңейген, 
қоңырау  тәрізді,  жоғ.  жағында  жапырақ  тәрізді 
2  қалақшасы  болады.  Қос  ерінді  гүлдері  ақшыл 
қызғылт  түсті,  ұз.  4  см-дей,  қошқыл  қызыл  дағы 
болады.  тұқымы  дөңестеу,  ұз.  7  мм.  тұқымынан 
көбейеді. Маусым–шілдеде гүлдеп, тамыз айында же-
міс  береді.  Қазақстанда  етегінің  тасты-қиыршық-
тасты топырағынан тау субальпі белдеуіне дейінгі 
аршалы  ормандар  арасындағы  алаңқайларда  әр 
түрлі шөптердің арасында өседі. сирек кездесетін 
қалдық түр.  Алматыдағы ботан.  бақта  қолдан  өсі-
ріледі. таралу аймағының тарылуына байланысты 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
ҚОҚИҚАЗ  (Phoenicopterus)  –  қоқиқазтәрізділер 
отрядына  жататын  құс.  Қазақстанда  теңіз,  Шал- 
қартеңіз,  т.б.  көлдерінде  және  Каспийдің  шығыс 
жағалауында қ ы з ғ ы л т  Қ. (р.roseus) кездеседі. 
дене бітімі ірі, қанатының ұз. 35–49 см, салм. 1,9–
4,4 кг. Мойны мен аяқтары өте ұзын, мойнын созып 
тұрған кезіндегі биікт. 1,5 м-дей болады. Аяқтары, 
тұмсығының түбі және көзінің айналасындағы түк-
сіз  жері  қызғылт,  тұмсығының  ұшы  қара.  Жақсы 
ұшады, жақсы жүзеді. топталып ұя салады, ұясын 
таяз суға биіктігін 60 см-дей етіп лайдан, балшықтан 
жасайды. 1–2 жұмыртқа салып, мекиені мен қоразы 
кезектесіп басады. Балапаны сұр, қызғылт түсі өсе 
келе пайда болады. Қауырсындары қызғылт түсті, 
ал қанатын жайғанда ұштары қара және қызыл жа-
Қоқай көлі
Қоқиқаз

394
Қолдар
бойлық бағытта 22 км-ге созылған, енді жері 7 км. 
Қоныс бойында құрғақ арна өтеді. солт. бөлігінің 
топырағы тақыр келген. сұр, бозғылт қоңыр топы-
рақ  жамылғысында  жусан,  бұйырғын,  сораң,  т.б. 
өсімдіктер өседі.
ҚОНЫС – 1) табиғат ерекшеліктерімен шектелген 
ландшафтың  морфол.  бөлігінің  (бірлігінің)  телімі, 
ландшафттану  ғылымындағы  төм.  таксоном.  бір-
лік  түрінде  (фация)  қарастырылады.  Физ.-геогр. 
тұрғысынан  генетик.,  динамик.  және  аумақтық  тү-
рінде байланысқан біртұтас фация. Қ-тарды д о м и- 
н а н т т ы қ (басымдық), – ландшафтта жиі кездесе-
тін және т ә у е л д і – аумағы бойынша 2-дәрежедегі 
деп ажыратады. Жалпы, Қ. жергілікті телімнің қор-
шаған  ортасына  қарағанда  табиғи  ерекшеліктері-
мен (орман ішіндегі батпақ немесе алаңқай, далада 
топырағы, өсімдігі, шектеулі жер бедері, антропол. 
шектеулі, т.б. телімдер) айқындалған телімдер. «Қ.» 
терминін кеңес ғалымы Л.роменский 1938 ж. енгіз-
ген; 2) көшпелілер дүниетанымындағы киелі мекен. 
уақыт пен кеңістіктегі Қ. ұғымы көшпелі жұрттың 
өсіп-өркендеуіне  қолайлы  жер-сумен,  жайылым-
дармен,  шұрайлы  елді  мекендермен  үндестік  та-
уып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін 
айқындады.  Ғасырлар  бойы  көшпелілерді  қорша-
ған  орта  киелі  таулардан,  өзендер  мен  көлдерден, 
аңғарлардан, көне зираттардан құралып, атажұртын 
белгілеген. Атадан балаға мұраға қалған жерлермен 
халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті 
байланысты болды.
ҚОНЫСБАЙҚҰМ  –  Арал  Қарақұмының  солт.-
шығыс  бөлігіндегі  құмды  алқап.  Қызылорда  обл. 
Қазалы ауд. Құмжиек а-ның солт.-шығысында 145 
км жерде орналасқан. Биікт. 100 м-ден асады. Құм 
алқабы  бор  және  палеоген  жыныстарының  үгілуі 
нәтижесінде түзілген. Батыстан шығысқа қарай ен-
дік бағытта 20 км-ге созылған, енді жері 6 км. Ауд. 
80 км
2
. Белесті құмды жазықта еркек шөп, жусан, 
жүзгін,  құм  сұлысы,  қияқ,  т.б.  өсімдіктер  өседі. 
Етегінде әлдибай құдығы бар.
ҚОҢДЫКӨЛ,  Қ  ұ  н  д  ы  з  к  ө  л  –  Есіл  ала-
бындағы  тұщы  көл.  Ақмола  обл.  сандықтау  ауд. 
новоникольское а. маңында, теңіз деңгейінен 429 м 
биіктікте жатыр. Аум. 8,3 км
2
, ұз. 4,4 км, енді жері 
3  км,  жағалау  бойының  ұз.  13,4  км.  Көктем  айла-
рында көл аумағы ұлғайып 8,6 км
2
-ге жетеді. солт.-
батысынан шағын өзен құяды. Қ-дің шығыс жағала-
уында қамыс шоғырлары өседі. Басқа жағалауларын 
қайың,  қарағай,  терек,  т.б.  ағаштардан  тұратын 
орман  алқабы  көмкерген.  сондай-ақ  жағалауында 
Құмдыкөл, Мысок, новоникольское елді мекендері 
орналасқан. негізінен жауын-шашын және жер асты 
суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су бо-
лады.  суы  қараша  айының  2-жартысында  қатып, 
сәуір  айының  2-жартысында  ериді.  Жағалауының 
біршама  жері  егістікке  жыртылған.  Қалған  бөлігі 
мал  жайылымына,  омарта  шаруашылығына  және 
шабындыққа пайдаланылады.
ҚОҢҚАШБАЙ, Қ о ң қ а ш п а й қ о р а – Павлодар 
обл. Баянауыл ауд-ндағы қыстау. Балақоянды тауы-
ның  солт-нде,  Айдарлы  қонысының  шығысында 
орналасқан. Қыстауды бірнеше шағын көлдер (Ақ- 
сор,  сұлусор,  Шақабайсор,  т.б.)  қоршап  жатыр. 
Құрғақ  даланың  қиыршықтасты  бозғылт  қоңыр 
бындары  көрінеді.  Қазақстанға  сәуірде  ұшып  ке-
ліп,  қазанда  жылы  жаққа  ұшып  кетеді.  Каспийдің 
оңт.  жағалауында  қыстайды.  түрлі  омыртқасыз 
жануарлар,  шаянтәрізділер,  былқылдақ  денелілер, 
тұзды суаттың өсімдіктері және олардың дернәсіл-
дерімен  қоректенеді.  саны  жылдан-жылға  азайып 
барады.  Қазақстанда  15–18  мыңнан  астам  Қ.  ұя 
салады  деп  есептелінеді.  Қ-ды  қорғау  мақсатында 
Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған. АҚШ-тың, 
Ұлыбританияның,  Швейцарияның,  Германияның 
зоол.  бақтарында  қолдан  өсіріліп,  көбейтілуде.  Қ-
ды атуға тыйым салынған. Халықар. табиғат қорғау 
одағының  және  Қазақстанның  «Қызыл  кітабына» 
енгізілген. 
ҚОЛДАР  –  сасықкөл  көлінің  солт.-батысындағы 
көл. Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд. Ақтоғай т. ж.  
ст-ның солт.-шығысында 30 км жерде орналасқан. 
теңіз  деңгейінен  369  м  биіктікте  жатыр.  Аум.  6,5 
км
2
, су жиналатын алабы 1787 км
2
. Ұз. 6 км, енді 
жері 1,6 км, жағалау бойының ұз. 19,2 км, ең терең 
жері 4,1 м, су көлемінің массасы 17,9 млн. м
3
. Көлге 
батысынан  таңсық  өз.  құяды.  Шығыс,  оңт.-шығыс 
жағалауы  жарлауытты.  солт-нде  Қызылқайнар, 
оңт-нде  Қошқар,  батысында  Ешіге  және  оңт.-ба-
тысында өзімен аттас таулар орналасқан. Оңт.-шы-
ғысында  Ойсексеуіл  көлі  жатыр.  суы  қарашаның 
аяғында қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауы 
мал жайылымына қолайлы. Оңт.-батысында шағын 
сор жатыр.
ҚОЛДАР, қ. Қалдар.
ҚОЛДАР  –  Балқаш  көлінің  солт.-шығысындағы 
аласа тау. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз және Үржар 
аудандарының шекарасында, Ақтоғай т. ж. ст-ның 
шығысында  16  км  жерде  орналасқан.  Абс.  биікт. 
475  м.  солт.-шығыстан  оңт.-батысқа  қарай  13  км-
ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі сай, жыралар-
мен  тілімденген.  солт-нде  Байтілеу  тауы,  оңт-нде 
Айдарлы құдығы, шығысында Қошқар көлі жатыр. 
тауалдының  қоңыр  топырағында  жусан,  теріскен, 
еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚОЛНИЯЗҚОПА, Қ о л ы н и я з қ о п а – Батыс 
Үстірт  кемерінің  оңт.-шығысындағы  қоныс.  Маң- 
ғыстау обл. Қарақия ауд. төлеп а-ның оңт.-батысын-
да 72 км жерде орналасқан. солт-тен оңт-ке қарай 
Қолдар тауының көлбеу беткейі

395
Қоңырбайғұл
топырағында  тобылғы,  қараған  аралас  Лессинг 
жусаны,  қылқан  боз,  сұлыбас,  бетеге,  т.б.  астық 
тұқымдас шөптесіндер өскен.Қыстаудың шығысын-
дағы Қойтас тауларының етегінде бірнеше жайлау 
орналасқан. 
ҚОҢЫР  –  Аршалы  өз-нің  оң  саласы.  Ақмола 
обл. сандықтау және Бұланды аудандары жерімен 
ағады.  Ұз.  70  км,  су  жиналатын  алабы  845  км
2

Жақсытүкті  тауының  сілемдерінен  бастау  алады. 
Қ-дың 11 саласы бар. Бастысы – сухая речка (18 км). 
өзеннің  су  жиналатын  жоғ.  бөлігі  негізі  қатпарлы 
келген  жазық,  төм.  ағысы  делювийлі-пролювийлі 
жазық. Карбонатты қара топырақтан тұратын ала-
бы  жыртылған.  Жыртылмаған  телімдерінде  қызыл 
қаулы-бетегелі әр түрлі шөптесіндер өскен, жайыл-
маларда шалғын қалыптасқан. Қар және грунт су-
ларымен толығады. суы жайылымдарды суланды-
руға, жайылмалық шалғындар мен бау-бақшаларды 
суғаруға пайдаланылады.
ҚОҢЫРАДЫР – Балқаш көлінің солт.-батыс бөлі-
гіндегі аласа тау. Қарағанды обл. Шет ауд. Мойын- 
ты  т.  ж.  ст-ның  оңт-нде  63  км  жерде  орналасқан. 
Абс. биікт. 475 м. салыстырмалы биікт. 25 м. солт-
тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, 
енді  жері  1  км.  Беткейі  көлбеу  келген.  солт-нде 
Қамысқұдық, оңт-нде тұздықұдық құдықтары, баты-
сында Кеңаңғар қонысы, шығысында науалы аңғары 
бар. Бозғылт сұр, сортаң топырақ жамылғысында се-
леу, жусан, кермек, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚОҢЫРАТ  МЫС  КЕНІ,  Қарағанды  обл.  Балқаш 
қ-нан  солт-ке  қарай  15  км  жерде.  Алғаш  1927  ж. 
М.П.русаков ашқан. Геол. барлау жұмыстары 1928 
жылдан  жүргізіле  бастады.  1934  жылдан  Балқаш 
кен  металлургия  комб-ның  шикізат  қорын  беретін 
негізгі  кеніші.  Кен  орнының  геол.  құрылысына 
девон  жүйесі  фамен  жікқабатының  құрамында 
қышқыл  туфтың  сирек  қабатшалары  бар  құмтас-
құмайттастар  кіреді.  Олардың  үстін  төм.  тас  көмір 
жүйесіндегі  қарқаралы  шоғырының  андезит-ба-
зальт,  андезит-дациттері  жапқан.  Құрамында  ме-
талл  минералдануы  (вольфрам,  молибден,  т.б.) 
сирек кездесетін ақшатау кешенінің аляскиттік гра-
ниттерінен  тұратын  интрузивтік  тау  жыныстары, 
сонымен қатар төм. тас көмірдің балқаш кешеніне 
жататын  және  үш  фазалық  құрылымды  тоқырау 
плутонының  гранитоидтары  кең  дамыған.  Кен  де- 
несінің  пішіні  төңкерілген  табақ  тәрізді,  оның  үс-
тіңгі жағы толық игерілген. тотығу белдемінің ми-
нералдары  –  гематит,  лимонит,  куприт,  мелаконит, 
сомтума  мыс,  ярозит,  малахит,  азурит,  брошантит, 
халькантит,  атакамит,  хриозоколла.  Кентасы  200 м  
тереңдікке  дейін  таралған.  Кентастанудың  сипаты  
сеппе  және  желілі  сеппе  түрінде.  сондай-ақ  тік 
бағыттағылармен  қатар  көлбеу  кентастану  белдем- 
ділігі  де  білінеді.  Кентастарда  мыс  пен  молибден-
нен  (олардың  қатынасы  115:1)  басқа  күшәла,  қор-
ғасын, мырыш, рений, таллий, галлий, селен, күміс, 
алтын,  сүрме,  теллур,  индий,  висмут,  кобальт,  ни-
кель, қалайы кездеседі. Ілеспе элементтердің негізгі 
мөлшері  изоморфтық  қоспалар  түрінде  де  ұшыра-
сады,  кейде  олар  өздерінің  дербес  минералдарын 
түзеді. Мыс пен молибденнің мөлшері кең ауқымда 
өзгереді.  Қазіргі  кезде  өндіретін  кентастың  құра-
мындағы мыстың мөлш. 0,35–0,45%. Кен орнының 
тотығу және сульфидке қайта баю белдемдеріндегі 
кентас сарқылған. Металдардың қоры бойынша Қ. 
м. к. ірі кен орындары қатарына жатады, қазір мұнда 
аз көлемде ашық әдіспен кен өндірілуде.
ҚОҢЫР АЮ, қ. Аю.
ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ, Шығыс Қазақстан обл. 
Абай ауд. Шаған өз-нің оң жағалауында. Үңгірдің 
тар  аузы  Шаған  өз-нің  жарқабақты  жиегінен  80  – 
100 м жоғары орналасқан. Ұз. 65–70 м, ені 10–22 м, 
биікт. 2–14 м. негізгі үңгірдің оң жағында 15 м жер-
де ені 50 см, биікт. 110 см тар қуыс бар, қуыс кеңейе 
келе ұз. 12 м, ені 10 м, биікт. 5 м-дей үлкен бөлмеге 
ұласады. Бұдан 12 м солт. бағытта үңгір төбесінің 
биікт.  20  м,  диам.  5–7  м  2  күмбезді  болып  келеді 
де,  көлге  жалғасып  аяқталады.  негізгі  бөлменің 
төрінен  көлге  қарай  шығар  жолда,  биікт.  12–15  м 
бөлме бар. Үңгір ауасының темп-расы 10°с-тан ас-
пайды. Қ. ә. ү-нде атақты адамдар (Абай Құнанбаев, 
Мұхтар әуезов, т.б.) болып, тамашалаған.
ҚОҢЫРБАЙҒҰЛ – Байғұл тауының оңт.-батысын-
дағы тау. Қарағанды обл. Жаңаарқа  ауд.  Қаражал 
қ-ның  солт-нде  25  км  жерде  орналасқан.  сарысу 
өз-нің аңғарында. Абс. биікт. 618 м. солт-тен оңт-
ке  қарай  бойлық  бағытта  шамамен  10  км-ге  созы-
лып жатыр, енді жері 1 км-ден астам. солт. беткейі 
тіктеу,  оңт.  бөлігі  көлбеуленіп  жазыққа  ұласады. 
Батысындағы Шашты тауы бірге қосарлана орналас-
қан. сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта 
аралас бетеге, боз, жусан, т.б. өседі.
Қоңыр өзені
Қоңырбайғұл тауының баурайы

396
Қоңыржал
ҚОҢЫРЖАЛ  –  Басқағыл  тауларының  шығысын-
дағы жота. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. сәтбаев қ-
ның солт.-шығысында 42 км жерде орналасқан. Абс. 
биікт.  517  м.  Батыстан  солт.-шығысқа  қарай  доға 
тәріздес  созылған  бірнеше  шоқылардан  тұрады. 
Ұзындығы  шамамен  30  км  шамасында,  енді  жері 
2–3 км. тізбектелген жонды-қырқалы шоқылардың 
аңғарлары  құрғақ  өзен  арналарымен  тілімденген. 
Баурайындағы бұлақтардан сарыкеңгір, Қаракеңгір 
өзендерінің салалары бастау алады. Жер қыртысы 
девон, силур кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. 
Карбонатты  қоңыр  топырақ  жамылғысында  бұта 
аралас жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт өседі. 
Қ-дың оңт-нде 21 км жерде өзімен аттас тау орна-
ласқан.
ҚОҢЫР  ЖҮЗГІН  (Calligonum  triste)  –  қарақұ- 
мықтар  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  бұта. 
Биікт.  70  см,  бұтақтарының  қабығы  сарғыш  сұр 
түсті.  Жапырақтары  қандауыр  тәрізді.  Гүлі  ұсақ, 
ұз.  4  мм-дей,  гүл  сағағы  қысқа  әрі  жалаң.  Жемісі 
–  ұз.  15  мм-дей,  ені  10  мм-дей  болатын  сопақша 
жаңғақша,  қылтанағы  қатты,  ортасынан  жоғары 
қарай 2–3 бұтаққа тарамдалған. тұқымынан көбе-
йеді.  Мамырда  гүлдеп,  маусым  айында  жеміс  бе-
реді. Қазақстанда Арал маңындағы Мойынқұмның 
құмды жерлерінде өседі. өте сирек кездесетін эн-
демик.  Мал  жайылымы  және  отынға  пайдалану 
салдарынан  таралу  аймағы  азаюда.  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚОҢЫРОБА  –  тоқсанбай  жотасының  солт.-шы-
ғысындағы тау массиві. Алматы обл. Кербұлақ ауд-
ның шығысы және Қытай шекарасы бойында орна-
ласқан. Абс. биікт. 3497 м. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа  қарай  шамамен  23–24  км-ге  созылған,  енді 
жері  6–7  км.  Қиыр  оңт.  бөлігінің  беткейлері  мен 
аңғарларында  цирктер,  терең  шатқалды  аңғарлар 
кездеседі.  Қ-ның  батыс  беткейлерінен  Көксу  өз-
нің  салалары  бастау  алады.  Жер  қыртысы  герцин 
қатпарлығының  тау  жыныстарынан  түзілген.  тау 
бөктерінде қылқанды және жалпақ жапырақты ор-
мандар өседі. 
ҚОҢЫР  САНДЫҚТАС  –  Ақшатау  жотасының 
оңт.-шығысындағы  аласа  тау.  Шығыс  Қазақстан 
обл. Аягөз ауд. дөненбай а-ның оңт.-батысында 12 
км жерде орналасқан. Абс. биікт. 1102 м. солт.-ба-
тыстан оңт.-шығысқа қарай 13 км-ге созылған, енді 
жері  5  км.  Беткейі  тіктеу  келген,  сай-жыралармен 
тілімденген.  солт-нен  Батпақ,  Үлкен  Батпақ  өзен-
дері  бастау  алады.  солт.-шығысында  Қоңдыбай, 
оңт-нде  Қарапішен  таулары  бар.  тауалдының  қо-
ңыр топырағында қараған, тобылғы, бұталары және 
шоқ қайың, көк терек, тал, т.б. өсімдіктер өседі.
ҚОҢЫРТАУ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт-
ндегі  Қызылағаш  және  Бүйен  өзендері  аралығын-
дағы тау. Абс. биікт. 1554 м (Көкқия асуы маңында). 
Батыстан  шығысқа  қарай  44–45  км-ге  созылып 
жатыр,  енді  жері  9  км.  тектоник.  опырылыстар 
нәтижесінде пайда болған. девон жүйесінің әктас, 
тақтатас, құмтастарынан түзілген. солт. беткейі тік 
құлама.  Ол  Балқаш  ойысына  ұласады.  Жайпақ  тау 
басында жусан аралас астық тұқымдас шөптесіндер 
өседі.  Қоңыр  топырақты  баурайында  егін  алқап-
тары бар.
ҚОҢЫРТАУ – торғай үстіртіндегі аласа тау. Қос- 
танай обл. Қамысты ауд-ндағы Жайылма а-нан шы-
ғысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 296 м,  
салыстырмалы биікт. 21 м. тау солт-тен оңт-ке қа-
рай  17  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  10  км-ге 
жуық.  Қатпарлы  іргетастың  бетін  жапқан  мезо-
кайнозой  шөгінді  жыныстары  қабатының  қалыңд. 
200 м-ге жетеді. Көлбеу келген беткейлеріндегі кар- 
бонатты  қызғылт  қоңыр  топырағында  төскейшөп, 
жусан аралас бетегелі-сұлыбасты шөптесіндер өс- 
кен. Геол. құрылымы жөнінен тұран тақтасына жата- 
тын эпигерциндік тау. Қ. тауында 1965 ж. н.с.скря- 
биннің  геол.  экспед.  аэрофототүсірім  және  гео-
физик.  деректер  кезінде  25  млн.  жыл  бұрын 
метеориттің құлағаны анықталды. диам. 1000 м, те-
реңд. 200 м-ге жуық дөңгелек кратердің беткейлері 
жартасты  келген.  Шұңқыры  төм.  олигоцен  –  жоғ. 
миоцен дәуіріндегі өсімдіктер мен балықтардың бі-
регей және жақсы сақталған қалдықтарын саз және 
алевролитті  шөгінділер  жауып  жатыр.  Одан  тыс 
жерлерінде  палеозойдың  тау  жыныстары  шөгінді 
қабаттарда  кездеседі.  Қазіргі  жер  бедерінің  орта 
тоқсанбай жотасындағы Қоңыроба тау массиві
Жетісу Алатауындағы Қоңыртау тауы

397
Қопалысай
ҚОПА  –  Іле  алабындағы  өзен.  Алматы  обл. 
Жамбыл  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  163  км,  су  жи-
налатын  алабы  6940  км
2
.  Бастауын  Жетіжол, 
Кіндіктас  тауларының  солт.  беткейінен  алып, 
Жиренайғыр  т.  ж.  ст-ның  солт-нде  7  км  жерде 
Күрті өз-не құяды. Арнасы кең, жағасы тік жарлы. 
Жер  асты,  жауын-шашын  суларымен  толығады. 
Жылдық  орташа  су  ағымы  сағасында  1,01  м
3
/с. 
Жағалауы – шабындық, мал жайылымы. Егістік, 
бау-бақша суғару үшін пайдаланылады. Қ-дан бір-
неше шағын канал тартылған.
ҚОПА ЖАЗЫҒЫ, Қ о п с а н  ж а з ы ғ ы – Шу-
Іле тауларының шығыс сілемі – Кіндіктас тауының 
солт.-шығысында  орналасқан  тауаралық  жазық. 
Батысы  Жамбыл  обл-ның  Қордай,  қиыр  шығысы 
Алматы  обл-ның  Жамбыл  ауд-на  еніп  жатыр.  Ұз. 
35–40 км, енді жері 15 км шамасында. Биікт. солт.-
батыстан оңт.-шығысқа қарай 1000 м-ден 700 м-ге 
дейін  төмендейді.  төрттік  кезеңінің  аллювийлі 
малтатастарынан түзілген. Қ. ж-н Қопа өз. жарып 
ағады.  солт-нде  Құлжабасы  тауы  Қ.  ж-н  Қараой 
жазығынан  бөліп  жатыр.  Жазықтың  солт-ндегі 
шөлейт  өсімдіктер  жамылғысы  оңт-нде  тауалды 
дала өсімдігіне ұласады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет