21-сұрақ.Тілдердің классификациясы Тілдердің классификациясы – әр тілдің әлем тілдері арасындағы орнын анықтау; әлем тілдерін зерттеу негізінде жатқан принциптерге сәйкес белгілі бір белгілеріне қарай топтарға бөлу.
22.Граматика және оның объектісі салалары Грамматика тілдегі сөздердің түрлену,өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құрылу ережелерін белгілейді.Грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді.Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала-морфология және синтаксистен құралады.
23.Тілдердің қарым-қатынасы жөнінде. Халықтардың арасындағы қарым-қатынас түрлі салаларда болады Мыс:экономика,сауда ,мәдениет.Халықтардың өз ара бірімен қарым-қатынасқа түсіп,бір тілден екінші тілге екінші тілден үшінші тілге тілдік элементтері де ауысады.
24.Тілдердің типологиялыө классификациясы жайлы. Тілдердің типологиялық классифакациясында мына бір жайды ескермесе болмайды:белгілі бір тілде тілдердің бір емес,бірнеше типіне тән ерекшеліктері мен белгілер,әдетте ұшыраса береді.Осыны ескергенде әрбір тілді политипологиялы деуге болады.Мұның өзі тілдердің жалпы типологиялық классифациясын жасауда нақтылы бір тілді тілдердің белгілі бір типологиялық тобына жатқызу мәселесін шешуді қиындата түседі.Қорытындалап айтқанда,тілдердің белгілі бір типологиялық тобына жатқызуда ол тілдің құрылымдық ерекшеліктерінің барлығы бірдей емес,ең басты белгілері мен ерекшеліктері негізге алынады.
25.Инлауттағы фонетикалық құбылыстар 26.Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік Сөз құрамы-морфологияның негізгі объектісінің бірі.Сөз құрамы деген ұғым морфема деген ұғыммен тығыз байланысты.Өйткені тілдегі кез келген сөз ең кем дегенде бір бөлшектен құралады.Сол бөлшекті морфема деп атайды.
Мәселен, «Білімдіден шыққан сөз,талаптыга болсын кез» (Абай) десек,әр сөз бірнеше бөлшектен құралып келіп,бүтіндей бір сөйлем аяқталған белгілі бір ойды білдіріп тұр.Осындағы білімдіден сөзін талдап қарасақ,төрт бөлшектен құралғанын аңғару қиын емес.Ол бөлшектер-біл,ім,ді,ден элементтері.Сөз ішіндегі осындай элементтер (бөлшектер) морфема деп аталады.
Морфема-гректің morphe (форма) деген сөзіненалынған термин.Лингвистика тілімен айтсақ,морфема дегеніміз-сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі.Морфема сөз құрамы ішінде қолданылады.Сөз құрамындағы әрбір морфеманың өзіндік дербес мағынасы болады.
Мәселен, «білімдіден» сөзіндегі төрт морфеманың негізгі мағыналары мынадай: біл-сөздің түбірі, іс-әрекет мағынасын білдіруші негізгі морфема; ім- сөзден сөз жасаушы, яғни етістікті зат есімге айналдырушы морфема; ді- сөзден сөз жасаушы,яғни зат есімді сын есімге айналдырушы морфема; ден- сөз түрлендіруші,яғни сөз бен сөзді («білімдіден шыққан») байланыстырушы морфема.