Тбк сессия жауаптары. Тіл біліміне кіріспе пәні туралы түсінік?



бет7/16
Дата29.12.2023
өлшемі72,52 Kb.
#144606
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
27.Түбір тілдер жайлы
Түбір тілдер-сөздері қосымшалар арқылы түрлене бермейтін,сөз таптары формалық жақтан ашық ажырамаған тілдер.Түбір тілдер кейде даралаушы тілдер деп те аталады.Оларда бір буынды омонимдес сөздер жиі ұшырасады,бір-бірінен муз.екпін арқылы ажыратылады.Сөздер бір-бірімен қиысу кездеспейді.Түбір тілдерде синтаксистік қатынастар,граммат.мағыналар сөздердің орын тәртібі,көмекші сөздер және интонация тәсілдері арқылы беріледі.Түбір тілдер қатарына вьетнам,бирма,қытай,малайя-полинезей,тай,тибет және Батыс Африка елдерінің кейбір тілдері жатады.
28.Лексологияның негізгі объектісі
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі-сөз дедік.Сөз грамматикада да қарастырылып зерттеледі.Бірақ лексикология мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан алып қарастырады,түрліше талдау жасайды
29.Аффикстер және олардың түрлері
Аффикс-латынның affixus (қосылған) деген сөзі.Аффикс-грамматикалық құралдар ішіндегі ең негізгісінің бірі.Бірақ аффикс-сөз түбірі немесе негізінен тыс,жеке тұрып қолданыла алмайтын морфема.Аффикс сөзге лексикалық та,грамматикалық та мағына туғызады.
Олай болса,аффикс-сөздің лексикалық та, грамматикалық та мағынасын өзгертуші тәсіл. Мәселен,бала-десек,бұл сөз өзінің лексикалық тура мағынасында тұр:балалық десек,сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп тұрған-лық аффиксі.
Тіл-тілдегі аффикс түрлері мыналар: префикс,постфикс,инфикс,интерфикс,трансфикс,конфикс.
Префикс.Префиксті көбінесе приставка деп атайды.Приставка мен префикс—бір-бірімен синонимдес терминдер.Префикс-сөз түбірінен бұрын,түбірдің алдынан қолданылатын аффикс;көмекші морфеманың бір түрі.Префикс орыс тілінде сөз жасаушы да,сөз түрлендіруші де аффикс қатарына жатады.
Постфикс-сөз түбірі немесе сөз негізінен кейін жалғанатын аффикс.Постфикстің өзі екі түрлі болады: жұрнақ және жалғау.Лингвистикада жалғауды флексия деп атайды.Мектеп граматикасында флексияны,яғни жалғауды, окончание деп атайды.
Аффикстердің енді бір түрі-инфикс (латынның «қосылған» деген сөзінен алынган).Инфикс-сөз түбірін немесе сөз негізін бөліп-жарып кірігіп,түбір немесе негіз орасына қосылатын аффикс.Әдетте,екі түбір немесе екі негіздің басын қосып,жалғастырушы аффиксті интерфикс деп атайды.
Трансфикс-семит-хамит тілдеріне тән аффиксацияның негізгі түрінің бірі.Трансфикс-сөз ішінде дауысты дыбыстың кірігуі.Дәлірек айтсақ,трансфикс-біріңғай дауыссыз дыбыстардан құралған сөз түбірін жарып жіберіп қосылатын дауысты дыбыс.
Конфикс-аффикстің ерекше бір түрі. А.А. Реформатскийдің айтуынша,конфикс екі аффикстен-префикс пен постфикстен құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет