9.Австралия индоненизия тілдері жайлы. Индонезия- ресми атауы Индонезия Республикасы-Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Ресми тілі: индонезия тілі, сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Дегенмен, архипелагтарда белсенді қолданыста 700-ден астам басқа тілдер бар, ал аздаған индонезиялықтар ана тілінде мемлекеттік тілде сөйлейді.
Яван тілінде 84 миллион сөйлеуші бар ең танымал тіл. Бұдан кейін 34 және 14 миллион сөйлейтін Сундан және Мадуре тілдері.
Австралия тілдері - Австралия ежелгі тұрғындары мен кейіннен Европадан барған қонысшылардың тілдері. Ресми тілі - ағылшын тілінің австралиялық түрі. Бұл тілде 15,5 млн. адам сөйлейді.
10.Тілдің табиғаты қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады.Ол –қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.Тілдің табиғатын танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша . Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды.
•Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес
•Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ.
11.Тілдің басқа салалармен байланысы. ҚАЙТАЛАНҒАН СҰРАҚ‼Жауабы 2сұрақта тұр‼
12.Герман және ромон тілдері жайлы. Герман тілдері -Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ «ата-тілі» - б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың орта бөлігінде солтүстік Еуропада қолданыста болған протогерман тілі.
Роман тілдері - халықтық латын тілінен тараған тілдер. Роман тілдеріне француз, испан, каталан, окситан, итальян, португал, румын тілдері кіреді.