Тбк сессия жауаптары. Тіл біліміне кіріспе пәні туралы түсінік?


Сөзжасам жүйесі мен тәсілдері



бет4/16
Дата29.12.2023
өлшемі72,52 Kb.
#144606
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ТБК сессия жауаптары

13.Сөзжасам жүйесі мен тәсілдері.
Төрт тәсілі бар:
1. Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
2. Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
3. Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
4. Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
14.Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
М. Томановтың тіл тарихына арналған зерттеулерінің ішінде шоқтығы биігі қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу заңдылықтарын анықтап, оларды қазіргі қазақ тілімен салыстыруы дер едік. Ғалым қазақ тіл білімінде алғаш рет тарихи фонетиканы жүйелеп, оның негізгі нысаны мен зерттеу әдістерін анықтады. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктерін ашып көрсетті. Дауысты дыбыстар жүйесі мен дауыссыз дыбыстар жүйесін бөлек саралай келе, олардың даму ерекшеліктерін ғылыми сипатта дәлелдеді.
Тегі мен түп тамыры бір болғандықтан да, түркі тілдерінің жалпы сипаты, негізгі қалыптасу жолы ортақ. Сондықтан жалпы дыбыстық жүйелердің ерекшелігін зерттегенде, өзге түркі тілдеріндегі деректерді келтірмеу, айқындамау мүмкін де емес. Қазіргі жеке түркілік тілдердегі тілдік ерекшеліктер мол болғанымен, тарихтың терең қойнауына қарай барған сайын, ортақ бірліктер көбейе бастайтынын айтуға болар еді
Фонетикалық заңдылықтар, дыбыс заңдылықтары — дыбыстардың өз қалпын сақтауы мен үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркеотерін зерттеп отыратын дыбыстардың даму заңдылықтары.
15.Үнді Европа тілдер семьясы жайлы.
Тірі үндіеуропалық тілдердің ең үлкен тобы үнді тілдері болып табылады - оларда 770 миллионнан астам адам сөйлейді. Оларға хинди және урду тілдері (Үндістан мен Пәкістандағы бір әдеби тілдің 2 түрі), бенгал, пенджаби, маратхи, гуджарати, ория, ассами, синди, сыған және т.б., сондай-ақ өлі тілдер жатады. - Көптеген жазбаша жазбаларды сақтаған веда және санскрит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет