Техналогиалық бөлім



бет15/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ахмет

4.2 Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздік туралы түсінік – ол өрт болуы мүмкін емес немесе болған жағдайдаадам өмірін және материалдық құндылықтарды қорғай алатын объектінің жағдай. Адамдарға өрттің қауіпті факторлары болып: ашық от, ұшқын, заттардың және ауаның жоғарғы температурасы, түтін, улы заттардың жануы, ғимараттардың немесе құрылыстың зақымдануы және жарылыс. Өрттің алдын – алу үшін келесі шаралар қолдану керек.


а) Жанғыш ортаның болуын жою.
б) Жанғыш ортада тұтану көздерін болдырмау.
в) Жанғыш ортада температура мен қысымның берілген максимал артық болмау керек.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымдастыру шаралары дегеніміз – жұмыскерлермен қызметкерлерді өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өрт қауіпсіздік ережелерінің және нормаларының таратылуы және өнделуі, өртке қауіпті заттар мен материалдармен жұмыс істеу тәртібі. Басты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы болып объектінің өртке қарсы ұйымы болып саналады.
Олар қорғау объектісіне профилактикалық және өнеркәсіптік қызмет етеді. Кәсіпорын аймағындағы ғимараттар бір – бірінен алшақ орналасуы керек. Олардың арасын жол немесе жасыл егілген жерлер бөліп тұрады. Ашық ауа қосқыштары бар үлестіруші құрылғылар қондырғыларын орналастыру ережелеріне сәйкес (ПУЭ) қашықтықта орналастыру керек. Өнеркәсіп аймағы тегіс жерде болуы қажет және жақсы жарықтандырылған, жолдар мен өту жолдары кең болуы керек. Электр станциялары мен подстанцияларын жасау кезінде (ПТЭ) сәйкес келесі жұмыстар орындалу қажет: аймақтың арнайы бөлімдері қоршалуы және өнделуі, темір жолдар, автотранспорт жолдары, өрт жолдары, су проводтарының желілері, канализация және жылу беру құрылғылары, сыртын жарықтандыру желілері, электр станциядағы бақылау скваниналары орындалу қажет, ол грунттық желіні қадағалайды.
4.3 Өрттен қорғану шаралары

Бұл жабындар жанбайтын құрама не тұтас темір бетон түрінде болады. Олардын от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем болмау керек.


Өрт бір үйден екінші үйге ауыспау үшін олар бір-бірінен тиісті аралықта болу керек. Бұл аралықтын шамасын аныңтауда көрші үйдін жану мүмкіншілігінің басты себебі өрт жалынынан шығатын жылу сәулелері екендігі есепке алынады.
Өрттен сақтық аралықтын мөлшері үйлердін өрт қауіптіпік категориясы мен от төзімділік дәрежесі бойынша белгіленеді, ол нормаға сәйкес 9-18 м тең болады.
От сөндіргіш заттар арзан, қолдануда қауіпсіз, материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығынмен жоғары сөндіргіш нәтиже беретін болу керек. Олар қолдану кезінде газ, бу, сұйық және қатты түрде болуы мүмкін. Негізгі от сөндіргіш заттар мыналар болады: су, су буы, тұздардын су ерітінділері, көбік, инертті газдар, минералдық ұнтақтар, құм, топырақ, әр түрлі жапқыштар т.б.
І. Өртті сумен сөндіру. Су ен қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын от сөндіргіш зат болып есептеледі. Онын от сөндіргіш қасиеттері - жылу сыймдылығы мен булану жылылығы жоғары болғандықтан ол өрт ошағын салқындатып, жанған заттын температурасын оның жану температурасынан төмен азайтады (1 л су қайнап, буға айналу үшін шамамен 2680 кДж жылылық керек болады); пайда болған су буы өрт ошағында ауа оттегісінін концентрациясын жану процесі жүрмейтін концентрациядан төмен кішірейтеді (1 л судан І70О л бу шығада); судын қатты ағыны механикалық әсерін тигізіп, от жалынын ығыстырып, басып өшіреді.
Суды өрт ошағына тұтас ағын не ұсақ ыдыраған (тозаңданған) түрінде беруге болады. Суға әртүрлі бет-активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш әсері жоғарлайды, шығыны және сөндіру уақыты азаяды.
Сумен ірі де, ұсақ та өрттерді сөндіруге болады. Бірақ суды өрт сөндіруге барлық жағдайда қолдануға болмайды. Мәселен, сумен сөндіруге болмайды: онымен химиялық реакцияға түсетін заттарды (сілті металлдар, кальций карбиді, сөнбеген ізбес т.б.), бағалы материалдар мен бұйымдарды (су әсерінен олар бүлінуі мүмкін), электр тоғы бар қондырғыларды (су жақсы тоқ өткізгіш), тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды (олар судан женіл болғандықтан, әрқашан жоғары шығып, жана береді). Ал электр қондырғыларын және сұйық заттарды ұсақ тозаңданған су ағынымен сөндіруге болады.
2. Өртті су буымен сөндіру. Су буынын ресурсы мол кәсіпорындарда өрт сөндіру үшін көп жағдайларда су буын. пайдалану қолайлы болады, әсіресе көлемі шамалы (500 м3 дейін) бөлмелерде және ашық алаңда ұсақ өрттерді сөндіруге.
Су буынын от сөндіргіш қасиеті - ол бөлмеден ауаны ығыстырып шығарып, оттегінін концентрациясын азайтады. Өрт сөндіру үшін ауада су буының концентрациясы көлем бойынша 35% болу керек.
3. Өртті көбікпен сөндіру. Көбік өрт сөндіргіш зат ретінде көп қолданылады. Онын екі тұрі болады: химиялық көбік және ауа-механикалық көбік. Химиялық көбік сілті (натрий бикарбонаты NaHCO3 - сода) ертіндісі (бұған көбік шығару үшін солодтық экстракт ұңтағын қосады) және қышқыл (күкірт қышқылы H2SO4 мен темірдін күкірт қышқыл, тотығынын Fe2(SO4)3 қоспасы) ертін дісінің арасындағы химиялық реакциядан туады. Химиялық көбіктік көпіршіктерінін ішінде көмір қышқыл газы болады._Ауа механикалық көбік ауа(90%) және көбік шығаратын заттын (10 %) су ертіндісін араластырғанда пайда болады.
Көбіктің от сөндіргіш қасиеті-оның меншікті салмағы аз болғандықтан жанған (әсіресе сұйық) заттардың бетін жауып, оларға ауанын оттегін өткізбей жану процесін тоқтатады және заттарды біршама салқындатып, температурасын төмендетеді.
Көбіктін сапасын сипаттайтын басты көрсеткіштер: көбіктін еселігі және тұрақтылығы. Көбіктін еселігі деп шыққан көбіктің көлемінін алғашқы заттын көлеміне еселік қатысын айтады. Еселіктін шамасына қарай көбіктер төмен әселікті (<30), орта еселікті (30-200), жоғары еселікті (>200) болып бөлінеді. Көбіктін тұрақтылығы деп онын сақталу уақытын айтады. Химиялық көбік I сағат, ал ауа механикалық көбік 30-45 мин уақыт бойы сақталынады.
Көбік қатты және тез тұтанғыш, жанғыш сүйық заттарды сөндіруге қолданылады. Химиялық көбік элентр тоқ өткізгіш болғандықтан онымен электр қондырғыларын сөндіруге болмайды. Сонымен қатар химиялық көбік қымбат бағалы; адамға, дүние-мүлікке зиян келтіретін зат болғандықтан көп пайдаланылмайды. Өрт сөндіру үшін көбіне ауа-механикалық көбікті пайдаланады. Онын себебі - ол өте арзан, адам үшін зиянсыз, заттарды бүлдірмейді, электр өткізгіштігі аз.
4. Өртті инертті газдармен сөндіру. Өрт сендіргіш газдарға жатады: көмір қышқыл газы, азот, аргон, гелий, түтін және пайдаланған газдар. Бұл газдар жабық бөлмеде шағын өрттерді сөндіруге қолданылады, олардын от сөндіру концентрациясы көлем бойынша 30-36 %. Өрт сөндіру үшін ен қолайлы көмір қышқыл газы болады, бірақ бұл газ қымбатқа түсетін зат болғандықтан оны көп мөлшерде пайдалануға мүмкіншілік болмайды. Бұл газдардын от сәндіргіш қасиеттері: өрт зонасында ауа оттегісінін концентрациясын азайтады; температурасын төмендетіп, жану процесін тоқтатады. Бұл газдар электр тоғын өткізбейді. Сондықтан оларды электр қондырғыларын және бағалы дүниелерді сөндіруге қолдануға болады.
Бұл газдардан басқа қазіргі кезде өрт сөндіруге әртүрлі галоидті көмірсутегілер пайдаланылып жүр (бромды метил, хлахдон (Фреон), иодты метилен, тетрафтордибромэтан т. б.). Бұл заттардын от сөндіру қасиеті - өрт зонасында олардын буларынын жану реакциясын химиялық төжеуіне негізделген. Олардын от сөндіру концентрациясы көлем бойынша, өте аз (3-7 %); көбіне электр қондырғыларын, двигателдерді, тез түтанғыш және жанғыш сұйықтарды сөндіруге қолданылады. Бірак бұл заттар улағыш заттар болып есептеледі, сондықтан қауіпсіздік мәселесін ескеру керек.
5. Өртті минералды ұнтақтармен сөндіру. Ұнтақты составтар сілті металлдардын органикалық емес тұздарына негізделген (натрий және калий карбонаттары, бикарбонаттары және хлоридтары, фосфорлы-аммонийлық тұздар т.б.). Бұл ұтақтардын құндылығы – олардын өте жоғары от сөндіргіш қабылеттілігі және жан-жақтылығы (универсалдылығы), яғни барлық материалдарды сөндіру мүмкіншілігі (тіпті басқа от сөндіргіш заттармен сөндіре алмайтын материалдарды да).
Олардың от сөндіру әсері өрт ошағын ауадан оқшаулауға және қызғанда көмір қышқыл газын шығаруға негізделген. Ұнтақтар электр тоғын өткізбейді, адамдарға және металлдарға зиянды әсер тигізбейді.
6. Өртті құм не жапқыштармен сөндіру. Бұл заттар шағын (ұсақ) өрттерді (жана бастаған нәрселерді) сөндіруге қолданылады. Құмды жанған жерге сеуіп немесе оны жапқышпен жабу керек. Бұл жағдайда жану зонасы ауадан оқшауланып, жалын басылып, жану процессі тоқталады. Жапқыштар киіз, асбест, брезент тағы басқа материал түрінде болады.
Жоғарыда көрсетілген от сендіргіш заттардын ішінде су мен көбік ең бастысы болып есептеледі. Сондықтан олар өрт сөндіру тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
4.3.1 Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын құралдарды үш түрге бөлуге болады: бірінші қолданылатын, стационарлык, жылжыналы құралдар.
Бірінші қолданылатын өрт сөндіргіш құралдарына жататын жабдықтар: өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, қажетті сайман ілінген өрт тақталары (щит), су құйылған ыдыстар, әртүрлі жапқыштар т.б.
Бұл құралдарды бірінші деп атайтыны, олар өрт шыққан жағдайда стационарлық өрт сөндіргіш құралдары іске қосылғанша және өрт сөндірушілер командасы келгенше ен алдымен қолданылатын құралдар болып саналады. Олардың ішінде ең көп тарап, кен түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбікті, ауа көбікті, көмір қышқылды, көмір қышқыл-бромэтилді, ұнтақты, тағы басқа түрлі от сөндіргіштер болып бөлінеді.
Химиялық көбікті от сөндіргіштер ОХП-10 (ОХВП-10) және ауа көбікті от сөндіргіштер ОВП-10 жана бастаған қатты материалдар мен сұйық заттарды сөндіруге қолданылады. Олармен тоғы бар электр қондырғыларын, сілті металлдарды, қымбат бұйымдарды сөндіруге болмайды.
Көмір қышқыл от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын жанған барлық материалдарды (олардын ішінде тоғы бар электр қондырғыларын, қымбат бұйымдарды т.б.) сөндіруге арналған.
Көмір қышқыл-бромэтилді от сөндіргіштер ОУБ-3А, ОУБ-7А талшық заттарды, қатты материалдарды, электр қондырғыларын сөндіруге қолданылады. Бірақ олармен сілті металлдарды, ауасыз жанатын заттарды сөндіруте болмайды.
Ұнтақты от сөндіргіштерді ОПС-6, ОПС-10, ОП-8УІ тоғы бар электр қондырғыларын, двигателдерді, сілті металлдарды, сұйық заттарды сөндіруге пайдалануға болады.
Тез тұтанғыш және жанғыш заттар көп мөлшерде тұратын жерлерде жылжымалы от сөндіргіштер болуы керек: ОВП-100, ОВП-250, ОУ-25, ОУ-60, 0У-400, ОППС-100, ОП-250.
Қызыл сырмен боялған, көлемі 0,5-1 м3, темір жәшіктер ұсақ құрғақ қуммен толтырылу керек. Өрт крандары шланг және стволмен жабдықтанады. Өрт тақталарында керекті сайман-құралдар болуға тиіс: күрек, балта, лом, шелек тағы басқалар. Әр өндіріс бөлмесі үшін өрт нормативтеріне сәйкес бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарынын түрлері және мөлшері белгіленген.
Кәсіпорындарында үлкен өрттерді сөндіру үшін стационарлы өрт сөндіргіш қондырғылары пайдаланылады. Олар іске қолмен ненесе автоматтық әдіспен енгізіледі. От сөндіргіш заттын түріне қарай олар сулы, су булы, көбікті, газды, ұнтақты болып келеді.
Жылжымалы өрт сөндіргіш құралдары негізгі және арнайы болып бөлінеді. Негізгі құралдарға жатады: өрт автомобилдері, автоцистерналар, автонасостар, мотопомпалар, танклер, теплоходтар, самолеттер т.б.
Арнайы құралдарға жатады: байланыс және жарық автомобилдері, автобасқыштар, өздігінен жүретін лафет стволдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет