Техналогиалық бөлім



бет16/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
4.4 Өртке қарсы су жабдығы

Әр кәсіпорнында өртке қарсы қолданылатын су жабдықтау жүйесі ұйымдастырылады. Ол шыққан өртті сөндіру үшін сөткенін қай мезгілі болсада қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ететін болу керек.


Өрт сөндіру үшін табиғи (көл, өзен, теңіз т.б.) және жасанды су қоймалары (бассейн, арық, канал т.б.) немесе су құбырлары пайдаланылады. Кәсіпорындарында өртке қарсы су құбырлары көбіне шаруашылық - ішерлік не өндірістік су құбырларымен бірлестіріледі.
Өртті сырттан және іштен сөндіру үшін сыртқы және ішкі су құбырлары орналастырылада. Олар бірімен-бірі кемінде екі жерден қосылуы керек. Сыртқы құбырларда су алу үшін арнама жасалған құдыңтарда өрт гидранттары орнатылады. Олардын бірінен бірінін аралығы 150 м аспау керек және олар үй қабырғасына 5 м жақын, жүретін жолдан 2,3 м алыс болмаған жөн. Гидранттардын орнын тез табу үшін үй қабырғасында арнайы көрсеткіштер болады. Гидрант құдығынын аузы темір қақпақпен жабық болу керек.
Ішкі су қубырларында қолайлы, көрінетін жерлерде өрт крандары орнатылады. Олар жәшік ішінде шланг және өрт стволымен жабдықтанады, және әрқашан іске кірісуге дайын болу керек. Көршілес өрт крандарынын аралығы олардың су ағындарынын бірімен бірінің түйісуін қамтамасыз ететін болу керек.
Сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын судын есептік мөлшері үйдін өрт қауіптілік категориясы, отқа төзімділігі, көлемі және конструкциялық өзгешелігі бойынша анықталады. Сонымен қатар судын мөлшерін айыру үшін бір өртті сөндіруге кететін есептік уақытты және бір мезгілде болатын өрттердін санын есепке алу керек.
Бір өртті сөндіру үшін кететін уақыт 3 сағатқа тең деп есептейді; ал бір мезгілде шығатын өрттердін саны тең: кәсіпорны территориясының ауданы 150 га кем болса - 1 өрт, 150 га артық болса - 2 өрт деп есептеледі.
Сонымен бір өртті сырттан сөндіру үшін жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша СНкП нормаларына сәйкес қажетті судын мөлшері 60-40 л/с болу керек. Ішкі өртті сөндіру үшін су мөлшері әр аранға 2,5 л/с есебімен екі краннын жұмыс істеуі бойынша анықталады.
Судың қысымына қарай су құбырлары төмен және жоғары қысымды болып бөлінеді. Құбырда су қысымы су ағысынын тік биіктігі 10 м кем болмайтындай болу керек:

  1. Төмен қысымды су құбырында жер бетінен есептегенде.

  2. Жоғары қысымды су құбырында үйдің ең биік нүктесінен есептегенде.

Жоғары қысымды су жүйебінде қажетті қысым стационарлық состармен жасалынады, ал төмен қысымды су жүйесінде - автонамыс, матопомпа, тағы басқа қондырғылармен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет