Техника, технология и физико-математические науки



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#11032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

 
 
Л.Б. Бердіғожин 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы 
 
ТОТАЛИТАРИЗМ ЖӘНЕ МҰНАЙШЫ КАДРЛАРЫ 
 
  Данная  статья  посвящена  вопросу    преступления  тоталитаризма  в 
отношении кадров нефтегазовой промышленности. 
 
This article is devoted to a question of a crime of totalitarianism concerning shots 
of the oil and gas industry. 
 
 
Биыл  1937-жылғы  сталиндік  зобалаңға  тура  75-жыл  уақыт  толады. 
Қазақстандық тарихнамада Кеңестік жүйе тұсында орныққан тоталитарлық басқару 
тәртібінің  республика  дамуына  кері  әсері  туралы  іргелі  зерттеулер  жариялана 
бастады. 
 
Зерттеуші  Б.Әбжаппарова  өзінің  инженер-техникалық  интеллигенция 
тарихнамасы  туралы  диссертациясында  тоталитарлық  жүйенің  репрессиялық 
әрекетін төртке бөледі [1]. 
Алғашқы  кезеңі  1928–1930-шы  жылдардың  басында  «Донбасстағы  шахта 
ісіне»  байланысты  буржуазиялық  мамандарды  қудалаушылық,  айыптау  көрініс 
тауып, оның ықпалы Қазақстанға да әсер етті.  
Екінші  кезең  1937-1938-ші  жылдарды  қамтыды.  Ұлттық    интеллигенция 
өкілдері халық жаулары ретінде айыпталып, саяси қуғын-қуғын сүргінге ұшырады.  
Үшінші  кезең  1940-шы  жылдардың  ортасы  мен  1950-ші  жылдардың  басы  – 
буржуазиялық ұлтшылдықпен күрес. 
Төртінші  кезең  1960–1980-ші  жылдардың  ортасына  дейін.  Тоталитарлық 
жүйенің  қазақ  ұлтшылдарын  айыптауы.  1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасымен 
байланысты. 
1930-шы  жылдары  еліміздің  ең  таңдаулы  интеллектуалдық  күштерін  жою 
интеллигенцияның қалған бөлігін КОКП ыңғайына көндірді.  
1940-шы  жылдардың  екінші  жартысы  мен  1950-ші  жылдардың  басындағы 
«идеологиялық  шабуыл»  алдын-ала  нақты  ойластырылып,  жоспарланған  саяси 
науқандар жүйесін құрды. Сталин қайтыс болған соң тоталитарлық-деспоттық жүйе 
тоталитарлық-бюрократиялыққа ұласты.  
1996,  1998  жылдары  Қазақстан  аумағында  1930-50-ші  жылдары  саяси 
айыппен атылғандардың тізімі енген «Азалы кітап» шықты. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

74
 ~ 
 
 1998  жылы  жарық  көрген  «Азалы  кітаптың»  алғы  сөзінде  академиктер  М.Қ 
Қозыбаев,  М.  Баймаханов  пен  тарихшы-  ғалым.  Қ.  Алдажұманов  «30-шы  жылдары 
кінәсіз  миллиондаған  адам  өмірін  жалмаған  жаппай  саяси  репрессиялар  халықтың 
жадында  сақталып,  жазылмастай  жара  салды.  Осы  қылмыстардың  кең  көлемде 
қанат  жаюына  тарихи  бастау  болған  Кеңестер  Одағындағы  Қазан  төңкерісі  мен 
азамат соғыстары» деп есептейді [2, 5 б.].  
Саяси  репрессия  құрбандарын  ақтау  ондаған  жылдарға  созылды.  Бұл 
бағыттағы  белсенді  жұмыс  «хрущевтік  жылымықта»  басталғанымен,  толық  жүзеге 
аспай, тек 1980-ші жылдардың соңында ғана қайта қолға алынды. 
Мәдениет  тарихын  зерттеуші  ғалым  А.Т.  Қапаева  2004  жылы  жарық  көрген 
«Мәдениет  және  саясат»атты  монографиясында  ұлттық  мәдениетке  коммунистік 
идеологияның  үстемдігі  орнағандығын  қарастырады.  Нақты  тарихи  фактілер 
негізінде  автор  мәдениет,  өнер  саласы  мен  ғылымның  дамуы  барысындағы 
партиялық  қысым  көрсету,  бақылаудың  қатаң  механизмін  ашып  көрсетеді.  Автор 
отандық тарихнамада тұңғыш рет жаңа концептуальды-методологиялық зерттеулер 
негізінде  Қазақстан  мәдениетінің  дамуының  түйінді  тенденцияларының  дамуын 
зерттей  отырып,  келеңсіз  құбылыстарды  анықтайды.  А.Т.  Қапаева  әсіресе  
методологиялық  жағынан  «мәдениет  саясаты»  кеңестік  кезеңнің  1950-60-шы 
жылдарында  оның  орнына  «әдебиет  пен  өнердегі  партиялық  саясат»  деген 
синонимнің  пайдаланғанына  ерекше  мән  береді.  Кеңестік  тарихшылар  көбінесе 
«мәдениет құрылысы» терминін қолданғанын айқындайды. Шығармашылық ортаны 
буржуазиялық  ықпалдан,  формализм  мен  космополитизмнен  тазарту  мақсатында 
республиканың  көптеген  ғалымдары  қатаң  сынға  алынғандығын  жазады. 
Шығармашылық  интеллигенция  мен  идеология  қызметкерлерінің  кеңесінде 
ғалымдарға «саяси теріс кітап» «саяси қате сөз сөйлеу» деген тәрізді саяси айыптар 
тағылғандығына зер салады.  
Д.А.  Махаттың  тарихнамада  соңғы  жылдары  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 
шынайы бағасын ала бастаған Қазақстанның 1920-1930-шы жылдардағы қоғамдық-
саяси  өміріндегі  себептерін  ашуға,  талдауға  және  объективті  саяси  баға  беруге 
арналған еңбектерінде репрессияның мәні мен шындығы жан-жақты ашылған [3].  
Д.А.  Махат  «1920  жылдардың  екінші  жартысынан  И.В.  Сталин  «Ленинизмді 
қорғау»,  «партияның  бірлігі  үшін»,  «фракцияға  қарсы  күрес»  деген  ұрандарды 
жамылып  шыққан  кезде,  оған  партияның  басым  бөлігі,  еңбекші  бұқара  қолдау 
жасады.  
И.В.  Сталинге  халықтың  қолдау  көрсетуіне,  біріншіден,  бастапқыда  жалған 
ұрандардың астарында жатқан құйтыртқы саясатты сезбеуі себеп болса, екіншіден, 
1928  жылдарда  «Шахта  ісінен»  басталған  қуғын-сүргін  еріксіз  тізе  бүктіруге  алып 
келді», – деп жазады [3, 140-141 б.]. 
Автор:  «партия  ішінде  үлкен  саяси  толқу  туғызған  процесс  «Шахта  ісі»  деп 
аталған  еді.  Шахтадағы  жарылысқа,  қажет  емес  шетелдік  құрал-жабдық  алуға, 
техника  қауіпсіздігінің  сақталмауына,  еңбек  заңының  бұзылуына,  жаңа  шахта 
құрылысының  дұрыс  басталмауына  жауапты  Донецк  көмір  бассейнінің  инженер-
техниктері әдейі зиянкестік іс-әрекет жасады деп айыпталды», - деп атап көрсетеді. 
 Д.А.  Махат  «Шахталықтар»  деген  сөз  «зиянкестер»  деген  сөздің  синонимі 
ретінде қолданылғанына назар аударады. Автор ақиқатына келгенде, шаруашылық 
жұмыстарында  жіберілген  кемшіліктерге,  біріншіден,  машина,  құрал-жабдықтардың 
ескі  болуы,  екіншіден,  адамдардың  біліктілігінің  төмендігі,  үшіншіден,  жоспардың 
мүмкіндіктен  жоғары  болуы,  төртіншіден,  қуып  жетіп,  басып  озу  саясатының  кесірі 
себеп болғандығын атап көрсетеді [3, 141 б.]. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

75
 ~ 
 
Тарихшы-ғалым  Г.М.  Какенова  1930-шы  жылдардағы  тоталитарлық  жүйе 
саясатын  халықтың  ең  таңдаулы  өкілдерін  жою  саясаты  деп  бағалады.  Осы 
жылдары  Кеңес  өкіметі  интеллигенцияның  шығармашылығына  шектеу  қойып, 
физикалық жағынан жоюға дейін барды деп пайымдайды [4, 359 б.]. 
Осы мәселе туралы тарихшы-ғалым Т. Омарбеков 1930-шы жылдардағы ОГПУ 
құжаттарының мазмұнына қарай отырып, халық арасындағы беделді мемлекет және 
қоғам  қайраткерлері  билік  тарапынан  осы  жылдары  қуғын-сүргінге  ұшырағанына 
айғақ бола алатындығын жазады. Олардың ұлт-азаттық қозғалысында жетекші рөл 
атқарып,  кеңес  өкіметін  орнатуға  үлес  қосқанын  айтады.  Осындай  тұлғалар 
«ұлтшыл»,  «түркішіл»,  «исламдық»  бағыт  ұстанды  деп  айыпталып,  «шпиондар» 
«конрреволюционерлер» деген атақ берілгендігін ашып көрсетеді [5, 119 б.]. 
Атыраулық тарихшы-ғалымдар тарапынан да репрессия мәселесі сырт қалған 
жоқ.Олардың  арасында  Ғ.Нығмет  пен  Х.Табылдиевтің  [6],Ш.Нағымұлының  [7] 
еңбектерін атап өтуге болады. 
Ғ.Нығмет  пен  Х.Табылдиев  аталған  еңбектерінде  Атырау  өңіріне  белгілі 
тұлғалар  Нұғман  Залиев,Қазмұқаш  Ыбырашев,Коморовский  және  қуғын-сүргін 
көрген дін қызметкерлері туралы зерттеулер жүргізсе, 
ал  Ш.Нағымұлы  Атырау  жерінде  халық  ағарту  саласында  ерекше  еңбек 
еткен,педагог  қызметкерлердің  1930-жылдары  нәубетте  10-ы  атылып,30-ы  әртүрлі 
мерзімге сотталғанын деректер арқылы баяндайды. 
Қазақстан  мұнай-газ  өнеркәсібінің  бастауы  болған  Атырау  өңірінде,мұнай-газ 
өндірісі саласында да сталиндік нәубет салған жара өте ауыр болды. 
1930  жылдардағы  мұнай  өндірісінің  дамып  жаңа  кен  орындарының  көптеп 
ашуларымен  және  маман  кадрлар  дайындауындағы  жетістіктерге  қарамастан  1937 
жылдардағы нәубет білікті мамандарды жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыратты.  
«Халық  жауы»айдарымен  мыңдаған  адамдардың  тағдырын  тәлкек  еткен 
қуғын-сүргін  тауқыметі  мұнайлы  өңірді  де  қатты  күйзелтті.  Саяси  репрессиялар 
апаттарына  ұшырағандардың  Қазақстандық  қауымдастығы  Атырау  облыстық 
филиалының  мәліметі  бойынша  11134  адам  Сталиндік  зұламаттың  құрбандары 
болған.  Олардың  730-і  атылған,  2665-і  бас  бостандығынан  айрылып,  246-сы  жер 
аударылған,  6993  адам  еріксіз  көшіріліп,  Қазақстанға  келтірілген,  500-і  «халық 
жауларының»  балалары  мен  әйелдері  болған.  Кінәсіз  күнәлілердің  арасында  421 
мұнайшы бар . 
Қазіргі  Доссор,  Мақат  мұнай-газ  өндіру  басқармалары,  «Доссор  мұнаймаш» 
ЖШС-і,  сол  жылдарда  солтүстік  аудан  (Ақтөбе  облысы  мұнайшылары)  аумағында 
болған  бұрғылау,  транспорт,  жабдықтау  кәсіпорындары  мен  мекемелерінде  жұмыс 
жасаған 171 адам қуғын-сүргінге ұшыраған. 
Бұлардың  қатарында  Қазақ  АКСР-інің  тұңғыш  әділет  министрі  Боран 
Айтмағанбетов  ,алғашқы  қазақ  мұнайшы  инженерлерінің  бірі  Әлғазы  Ілиясов, 
Доссорда алғаш комсомол ұйымын ұйымдастырушылардың бірі Ленин, Еңбек Қызыл 
Ту ордендерінің иегері Василий Петрович Урясов, Доссор компрессор станциясының 
машинисі 
Сәбит 
Аманқұлов, 
алғашқы 
қазақ 
мұнайшылары 
Аққали 
Аустниязов,Баймолда  Шырдабаев,  Мақат  кәсіпшілігінің  аға  есепшісі  болып  жасаған 
Молдаш  Бейсенғалиев,  атақты  жер  асты  жабдықтарын  жөндеудің  шебері  Атшыбай 
Нұрсейітов  сияқты  арыстар  бар.Олардың  бәрі  бірдей  атылмағанмен,сенімсіз 
мамандар есебінде болғанына тарих куә.  
Мұрағат деректері арасында Ембі мұнай тресті басшысы С.А.Гутин, транспорт 
кеңсесі  басшысы  Д.Хангереев,  мұнай  рабфагі  директоры  И.Адаев  туралы  тарихи 
мәліметтер бар. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

76
 ~ 
 
Ембімұнай  тресті  1920-жылы  ұйымдастырылып,оның  басшысы  болып  РСФСР 
халық комиссарлар кеңесі уәкілетті өкілі Р.Н.Фридман тағайындалды.1924 жылы 31 
мамырда  «Ембімұнай»  басшысы  Р.Н.Фридман  қызметінен  босап,  оның  орнына 
В.М..Коробовкин  сайланды.1929-37  жылдары  тресті  Я.Лаврентьев  басқарды. 
Я.Лаврентьевтен  кейін  «Ембімұнайға»  басшы  болған  С.А.Гутинде  білгір  маман 
болатын.  
1937  жылдың  маусымына  дейін  Чечен-Ингуш  автономиялы  Республикасының 
Малгобек  трестінде  басшы  болған.  1937  жылы  «Грозненский  нефть»  журналының 
№9 санында «Грозмұнай комбинатындағы жау қызметі» деген мақалада С.А.Гутинде 
«Жау»  есебінде  көрсетіледі.  Себебі,  Орталық  мұнай  өнеркәсібі  басшысы  «Жау» 
ретінде жазаланған М.В.Баринов оның досы болып шығады. Кеңестік саяси жүйенің 
қуғынына шыдамаған С.А.Гутин өзін-өзі өлтіреді.  
Семен  Абилевич  Гутин туралы  Сафи Өтебаев  «Орта  бойлы, толықша  келген, 
шекесі торсықтай, көзіне пенсіне киетін, өте ибалы, кішіпейіл адам» деп баға берген 
. 
С.А.Гутин  дос  болған,  мұнай  өнеркәсібін  басқарған  М.В.Баринов  кім  еді?  Көп 
жылдар КСРО мұнай өнеркәсібін басқарған Н.К.Байбаков өзінің жазбаларында 1920 
жылдары 
Азербайжан 
мұнай 
трестінен 
атақты 
мұнайшы-мамандар 
А.П.Серебровский, М.В.Баринов, Я.В.Лаврентьев өсіп шықты деп көрсетті. 
Михайл  Васильевич  Баринов  (1888-1937)  Баку  техникалық  училещесі 
механикалық факультетін, 1920 жылы Тау-кен академиясының өндіріс-механикалық 
факультетін бітірген.  
1922-1926 
жылдары 
Азербайжан 
мұнай 
бірлестігі 
басшысы 
А.П.Серебровскийдің  орынбасары  болған.  1926-1933  жылдары  Азербайжан  мұнай 
бірлестігі  басшысы,  1933-1937  жылдары  Бас  мұнай  басқармасын  басқарды.  1928-
1930жылдары Баку тау-кен академиясы ректоры міндетін қоса атқарды.  
Серго  Орджоникидзе,  Валериан  Куйбышев  ақыл-кеңестерімен  екі  рет  1929, 
1936 жылдары АҚШ мұнай өнеркәсібінде тәжірибеден өтті . 
1937  жылы  қыркүйек,  қазан  айларында  мұнайлы  Ембі  ауданына  келіп,  жаңа 
кеніштер  жұмысымен  танысады.  Сафи  Өтебаев  М.В.Баринов  туралы:  «Тұлғалы, 
қызыл  шырайлы,  қырмасақал,  ұзын  мұртты»  деп  сипаттап,  1937  жылы  Мақат 
кәсіпшілігінде болғанын көрсетеді. 
      Атырау  облыстық  ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  мұрағаттық  анықтамаларында 
Хангереев  Дәрібай  Бижанұлының  1890  жылы  Батыс  Қазақстан  облысы  Шыңғырлау 
ауданының екінші ауылында туғандығы, әкесінің бай адам болғандығы жазылған. Ол 
1922-1923  жылдары  Қырғыз  милициясы  бөлімшесі  бастығы,  1923-1925  жылдары 
Ақтөбе  губерниясы  атқару  комитеті  төрағасы,  1925-1932  жылдары  Қазақ  КСР 
әлеуметтік  қамсыздандыру  халық  комиссары,  1932-1933  жылдары  жеңіл  өнеркәсіп 
халық  комиссары,  1933-1936  жылдары  Гурьев  облысы  Маңғыстау  ауданы  партия 
комитетінің  хатшысы,  1936-1937  жылдары  Ембімұнай  тресі  транспорт  кеңсесі 
директоры қызметтерін атқарған. 
1937  жылы  23  қыркүйекте  контреволюциялық  қызметі  үшін,  яғни  «...Қазақ 
КСР-дегі  кеңес  өкіметі  билігін  құлату  және  Қазақстандағы  СССР-дегі  қарулы 
бөлектеумен 
қазақ 
буржуазды 
мемлекет 
құруға 
мақсатын 
қойған 
контрреволюциялық буржуазды-ұлтшылдық бүлікшіл-террористік және диверсиялы-
зиянкестік ұйымының құрамына еніп, ВКП(б) Маңғыстау аудан комитетінің хатшысы 
қызметін  атқарып  жүріп,  жаңадан  мүшелікке  адамдарды  тартып,  оларды  соғыс 
кезінде  бүлікші  жұмыстарға  дайындаған,  олармен  Кеңес  Үкіметіне  және  ВКП(б) 
басшыларына  қатысты  күрес  ұйымдастыру    террористік  әдістерін  ұйымдастырумен 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

77
 ~ 
 
ортақтасқан,  ауданда  мал  басын  жою  және  колхоздардың  экономикасын  бәсеңсіту 
зиянкестік  жүргізді»  деп  айып  тағылып  қамауға    алынған.  1938  жылы  2  наурызда 
Алматы қаласында Д.Хангереев атылған. 
1935  жылы  қарашада  өткен  КСРО  Ғылым  академиясы  жалпы  жиынында 
«Үлкен  Ембі»  перспективті  даму  жоспары  жарияланып,  маман  кадрларға  деген 
сұраныс өскен соң Гурьевте арнайы тау-кен академиясын ашу жоспарланды.  
Осы  бағытта  1934  жылы  1  тамызда  Ембі  мұнай  тресті  жанынан  Құрамысов 
атындағы мұнай  рабфагі ашылып  оны  басқару  педагог  Адаев  Иманғали  Адайұлына 
(1901-1938) міндеттелді.  
Рабфак жеті жылдан соң 1941-жылы жабылды. 
Атырау    облыстық  ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  департаменті  мұрағаты 
анықтамасында  Адаев  Иманғали  Адайұлы  1901  жылы  Гурьев  уезі  Қарабау 
болысында туған.  
1920  жылдары  Миялыдағы  бастауыш  мектепті  бітіріп,  өлкедегі  басқару  ісіне 
араласқан. 1923 жылы Әліби Жангелдин ұйымдастыруымен Қопада (Ақтөбе облысы, 
Байғанин  ауданы)  өткен  қазақ  болыс  өкілдерінің  жиынына  қатысып,  Дәрібай 
Хангереевпен кездескен.  
Д.Хангереев кеңесімен 1925 жылы Орынбор  қаласындағы қазақ халықағарту 
институтына  оқуға  түскен.Оқуға  түсерде  белгілі  мемлекет  қайраткері  Сейітқали 
Мендешов көп көмек көрсеткен. 
Оқу  орнының  Қызылорда  қаласына  көшірілуіне  байланысты  1928  жылы 
институтты 
Қызылордада 
аяқтаған. 
1928-1933 
жылдары 
Доссор, 
Гурьев 
қалаларында  орта  мектеп  директоры,коператив  мектебі  директоры,  кеңес  партия 
мектебі басшысы, 1933-1936 жылдары Маңғыстау аудандық білім бөлімі меңгерушісі 
1936-1937 жылдары Гурьев мұнай жұмысшылар факультеті директоры.  
1937 жылы 17 қарашада Д.Хангереев, С.Мендешовтарды студенттер алдында 
жақтап сөйлегені үшін қамалып, 1938 жылы 24 ақпанда Гурьев қаласында атылған. 
  
                                            Әдебиеттер тізімі  
 
1.  Әбжаппарова  Б.Ж.Қазақстан  өндірістік-техникалық  интеллигенциясы 
тарихнамасы (1917-1991жж).Тар.ғыл.докторы.дисс.авторефераты...Алматы-2010ж. 
        2.  Книга  скорби  –  Азалы  кітап:  Расстрельные  списки.  Вып.  2:  Алматы, 
Алматинская  (включая  Талдыкурганскую)  и  Жамбылская  области.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1998. – 496 с. 
3. Махат Д.А. Қазақ зиялыларының қасіреті. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. – 
304  б.;  Махат  Д.А.  Қазақстандағы  тоталитаризм  және  саяси  қуғын-сүргін  тарихы 
(Оқу құралы). – Астана: Елорда, 2006. – 208 б. 
4.  Какенова  Г.  Судьбы  казахской  интеллигенции.  Историография  вопроса: 
Научное издание. – Астана: ЦНТИ, 2006. – 459 с. 
5.  Омарбеков  Т.  ХХ  ғасырдағы  Қазақстан  тарихының  өзекті  мәселелері. 
Көмекші оқу құралы. – Алматы: КАЗақпарат, 2001. – 404 б. 
6.Нығмет Ғ.Табылдиев Х.Ақтаңдақтар ақиқаты.Атырау-1998ж. 
7.Нағымұлы Ш.Атырау :білімге бастаған жолдар.Алматы-2000ж. 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

78
 ~ 
 
Ө. Исенов 
 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қаласы 
 
БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ: БАТЫРБАСЫ ТАБЫН БӨКЕНБАЙ  
 
Автор,  ссылаясь  на  исторические  источники,  рассматривает  жизнь  Табын 
Букенбай-батыра  и  его  потомков  –  поколения  тарханов.  Помимо  этого  автор 
раскрывает  ранее  не  известные  широкой  публике  данные  об  народно-
освободительном  движении  казахского  народа  под  руководством  потомственных 
батыров,  Тленши  Бокенбайулы,  Жоламана  Тленшиулы,  которые  являются 
руководителями  народно-освободительного  движения  в  Казахстане  в  XVIII  –  в 
первой половине XIX в.   
 
 
 
The author, referring to historical sources, examines the life of Tabyn Bukenbay 
batir-and  his  descendants  -  generation  tarkhans.  In  addition,  the  author  reveals 
previously  unknown  to  the  general  public  information  about  the  People's  Liberation 
Movement  of  the  Kazakh  people  under  the  leadership  of  hereditary  warriors,  Tlenshi 
Bokenbayuly, Zholaman Tlenshiuly who are heads of the national liberation movement in 
Kazakhstan in the XVIII - the first half of the XIX century. 
 
     «Бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болған да, 
батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы 
әңгіме – халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай 
болса, халықтың рухы да сондай».                                 
Ахмет Байтұрсынұлы. 
 
Дала демократиясына негізделген қазақ қоғамының саяси өмірінде көрнекті 
рөл  атқарған  әлеуметтік  категорияның  бірі  –  батырлар.  Әлеуметтік  категория 
ретінде  батырлар  институтының  қалыптасуы  әскери-дала  шонжарларының  пайда 
болуымен тығыз байланысты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының 
қалыптасуы,  генезисі  сонау  ежелгі  замандардан  бастау  алады. Қазақ қоғамындағы 
батырлар  институты  көне  түркі  заманында  қалыптасқандығы  туралы  ойымызды 
Білге,  Күлтегін,  Тоныкөктің  өз  заманындағы  қызметтерімен  нақтылауға  болады. 
Мысалы,  Білге  –  мемлекет  басшысы,  қолбасшы,  Күлтегін  –  батыр,  Тоныкөк  –  әрі 
батыр,  әрі  шешен,  әрі  данагөй.  Бұлар  қазақ  хандары,  билері,  батырларының 
бойынан табылған қасиет. 
Қазақ  мемлекеттігі  сынға  түскен  ХVІІІ  ғасырдағы  жаугершілік  заманның 
жағдайында  белгілі  батыр  тұлғалар  ерен  ерлігімен  тарих  сахынасына  шығып, 
батырлар  институтын  құрады.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы  тұлғаларды 
білмейінше,  бірде-бір  дәуірді  дұрыстап  тану  мүмкін  емес.  Адам  тарихының 
айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын 
сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын 
айқын  да  анық  түсінген,  қандай  қиын-қыстау  жағдайда  оны  адал  орындаудан 
жалтармаған  адамдар  қай  дәуірде  өмір  сүрсе  де,  дәйім  жұртының  нағыз  азаматы 
болып  қала  бермек. Тарихтың  қай  кезеңінде  болсын  олар өз  ұлтының  бетке  ұстар 
мақтанышы болып келген» [1] дегені ұлт қайраткерлерінің еліне қорған бола білген 
азаматтық  жауапкершілігінің  үлгісін  атадан  балаға  жалғастырған  ұрпақтар 
сабақтастығының  озық  өнегесін  сақтауды  сезіндіргені.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

79
 ~ 
 
әскери  міндет  халыққа  қиын  тиді.  Негізінде  әрбір  ер  сарбаз  болып  есептелді.  Хан 
мен  сұлтан  керек  қылған  уақытта  әрқайсысы  атымен  және  қару-жарағымен  келіп, 
жорыққа  шығуға  немесе  жау  бетін  қайтаруға  дайын  тұруыға  міндетті  болды. 
Ерлігімен  көзге  түскен  қатардағы  жауынгер  әлеуметтік  сатыда  бір  табан  жоғары 
көтеріліп, қазақ қоғамында маңызды рөл атқарған батырлар
 сословиесінің қатарына 
қосылып отырды. 
Олай болса, қай заманда да елін, жерін жаудан қорғаған батырлар қоғамда 
шешуші  рөл  атқарды.  Солардың  бірі  –  табын  Бөкенбай  Қарабатырұлы.  Шежірені 
сөйлетсек: Бөкенбай Қарабатырұлы (кейбір деректерде Қараұлы – деп жазылған) – 
Кіші  жүздің  табын  руынан  оның  ішінде  тарақты  бөлімінің  Жиенбет  атасынан 
тараған.  Шежірешілердің  айтуынша  Бөкенбайдың  әкесінің  шын  есімі  Алдасүгір. 
Қарабатыр  лақап  аты  [2].  Жазбаша  деректерде Бөкенбай  Қараұлы  деп беріледі  [3 
с.515;516  ].  Шежіреде  Бөкенбай  Қарабатырұлы  деп  [4,108  б.],  жазылған.  Қазақ 
шежірелеріндегі  Табын  Бөкенбайдың  әкесінің  есімі  Қарабатыр  дегені  дұрыс.  Ата 
бабадан  жалғасып  келе  жатқан  рулық  шежіре  нұсқасында  ата  бабалар  есімінің 
дұрыс айтылып жетуі күмән туғызбайды. Ал, орыс жазба деректеріне түскен есімінің 
мұрағатқа қате түсуі де және мұрағаттық жазбаның жыртылуы немесе әбден ескіріп 
тозуына байланысты Қараұлы болып жетуі де мүмкін.  
Кіші  жүз  руларының  құрамы  туралы  шежірені  1748  жылы  орыс  жазбасына 
түсірген  М.Тевкелевтің  мәліметінен  кездестіреміз  [5,  с.406].  Келесі  Кіші  жүз 
руларының құрамы туралы орыс жазбасына түскен дерек тура бір ғасыр өткен соң, 
патша 
үкіметінің 
әскери 
шенуігі 
полковник 
И.Ф.Бларамбергтің 
жинаған 
материалдары  бойынша  1848  жылы  баспадан  жарық  көрген  еңбекте  табын  руы 
туралы 
мәліметтер 
сақталған. 
Онда: 
«Семиродский 
род. 
Древнейший 
родоначальник Каракатыш Семиродцами названи же названи потому, что он имел 7 
сыновей,  из  которых  каждый  по  умножении  народа  сделался  началником  особого 
племени. 
Преимущественное  их  отличие  пред  прочими  в  том,  что  они  в  старину 
занимались  более  военными  действиями  против  не  приятелей  своей  орды  и 
отличались в сражениях примерною храбростю и мужеством; по этому между ними 
и по ныне есть много батырей или военных храбрых людей. 
Они  также  занимаются  перепровожденим  караванов  в  Бухарию  и  Хиву. 
Табынское  племя  и  таминское  вючать  караваны  вместе  с  Багалинцами  Средней 
орды. Джагалбайлинское  и  Кирейское племена также перепроваждають  краваны в 
Бухарию, другие же три мало этим занимаются» делінген.  
И.Ф.Бларамберг  Жеті  ағайындылардың  да  басқалар  сияқты  таңбалары  мен 
ұраны бар жазады. Автордың мәліметі бойынша:  
1. Табын руының ұраны Тостаған. 
2 Жағалбайлы ұраны Манатау батыр.3 
3.Кирейт ұраны Ақсақал. 
4.Тама ұраны Қарабура. 
5.  Рамадан  ұраны  орыс  жазба  дерегіндегі  жазылуы  бойынша  Эсбуганамда 
Кая Кулим деп берілген. Ал, М.Тынышбаев шежіресінің нұсқасында Дулат Кайгулым 
деп жазған [7,с.28-29].  
6. Кердері ұраны Қожа Ахмет батыр. 
7.Телеу ұраны Арғымақ, – деп [6, с.86] жазады. Табын Бөкенбай батырдың 
рулық  шежіресіне  қатысты  И.Ф.Бларамбергтің  дерегі  бойынша  табын  руының 
шежірісіне  жүгінер  болсақ.  .Автордың  жазбасы  бойынша  Табын  руының  шежірелік 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

80
 ~ 
 
тарихы  мынада:  Табын  руы  –  Табынның  үш  ұлы  болған.  Олар:  1)  Шөмішті.  2) 
Тарақты. 3) Көсеу (Орыс жазба дерегіндегі жазылуы – Кусевь,. – Ө.И.). 
         Шөміштінің 12 (он екі) ұлы болған. Олар: 1) Лабақ 2) Қарақүйлі 3) Қулгур, 4) 
Джулый (Жаулы болса керек. – Ө.И.), 5) Икабаш, 6) Кутяк, (орыс жазба дерегіндегі 
жазылуы бойынша беріліп отыр.– Ө.И.) 7) Жалпақтіл 8) Нұркен, 9) Ажым, 10) Сагур 
орыс  жазба  дерегіндегі  жазылуы  бойынша  беріліп  отыр.–  Ө.И.)  11)  Тұқымбет  12) 
Қаражон. 
         Қысқы  қыстауы:  Үстірттегі  Сам  құмында  Маңғыстау  мен  Хиуа  иеліктерінің 
аралығында. Жаз жайлауы Ембі өзенінің бойы. [6,с.86 ] 
Тарақтыдан 3 (үш) ұл тарайды 1) Жаманкерей 2) Жылқышы. 3) Көсеу. 
Жаманкерейден жеті ұл: 1) Атшыбек, 2) Жанбет, 3) Қожамберлі, 4) Абыз, 5) 
Бурлу, 6) Қадырбек, 7) Дауылтай. 
Жылқышыдан  8  (сегіз)  ұл  тарайды:1)  Сармантақ,  2)  Кедейқұл,  3)  Малқара, 
4)  Ебес,  5)  Қашмақлы,  6)  Орыс,  7)  Тоқтамыс,  8)  Майасар.  Бұлардың  бәрі  Елецкой 
защиты маңында көшіп жүрген. [6, с.87 ] 
Үшінші  ұлы  Көсеуден  5  (бес)  ұл:  1)  Қарамұншы,  2)  Дандақ,  3)  Таужан  4) 
Қожантай,  5)  Айдартеке.  Қыстауы:  Борсықты  құмы  Сырдария  өзеніне  дейінгі 
жерлер. Жазғы жайлауы: Тобыл және Торғай өзендері бойы [6, с.87].  
Алаш  ардақтысы  М.Тынышбаевтың  шежіресі  бойынша  табын  руы:  жаман  – 
керей,  бозым,  бегім,  қайыр  –  қожа  болып  өз  ішінен  төрт  руға  бөлінеді  [7,с.28-29]. 
Табындардың  таңбалық  белгілері  әртүрлі  болған.  Жалпы  рулық  таңбасы  О  – 
тостаған, сонымен бірге шөмішті руының таңбасы да – 

 тостаған, ал тарақты 
табын руының таңбасы – 
, тарақ. 
Н.И.Гродековтың  жинаған  мәліметі  бойынша,  Сырдариялық  табындардың 
ұраны  –  Серке,  Тостаған,  ал  табылған  дала  материалдарына  қарағанда  батыс 
табындарының ұраны – Алаш болған [8.с.97 ]. 
Бөкенбай Қарабатырұлы – Алаш ұранды, тарақты табын оның ішінде Жиенбет 
аталығынан  тарайды.  Жиенбет  аталығынан  тарайтындығы  туралы  дерек  мұрағат 
жазбасына да түскен [9,13 п. ].  
Бөкенбай  батыр  Қарабатырұлының  туған  жылына  келсек,  шежіреде  1681 
жылы  туылған  [10,  29  б.],  –  деп  көрсетеді.  Ал  енді,  белгілі  тарихшы  Ә.Мұқтар 
Бөкенбай  Қараұлының  туған  жылына  қатысты  зерттеулер  бойынша  Тама  Есеттің 
1667  жылы  туғандығы  анықталғандығын  ескеріп,  Бөкенбай  Қараұлының  Есет 
Көкіұлына  ағалығын  және  қайын  ағалығын  есепке  алсақ,  батырдың  1667  жылға 
дейін  дүниеге  келгендігін  аңғаруға  болады  дейді  [11].  Логикалық  қисынға  келетін 
профессор Ә.Мұқтардың пікірімен келісуге болады.  
Орыс  жазба  деректері  Бөкенбай  батырдың  туған  жылын  шамамен  ХVІІІ 
ғасырдың  үшінші  ширегі  деп  [3  с.  515],  топшылап  көрсетеді.  Олай  болса,  Табын 
Бөкенбай батырдың туған жылы туралы пікір алуандығы нақтылауды қажет етеді. 
Айтыстан  ақиқат  туады  демекші,  зерттеушілердің  Бөкенбай  батырдың 
тарихына қызығушылық танытып, назар аударғандықтарын ескерсек [12], батырдың 
ғұмырнамасының  тарихына  қатысты  пікірлер  бір  жүйеге  келтіріліп,  өмірі  мен 
қоғамдық  қызметіне  арналған  тарихи  монографиялық  зерттеу  еңбек  жарық  көреді 
деген ойдамыз. 
Бөкенбай Қарабатырұлынан тараған ұрпақтарынан батырлық дәстүрді атадан 
балаға жалғаған батырлық даңқымен қатар, тархандық атақты ұрпақтарына мұраға 
жалғаған  атақты  батыр  Тіленші  тархан  балалары  –  Жоламан  Тіленшіұлы  мен 
Бостыбай Тіленшіұлдарының есімдері мұрағат құжаттарына да түскен [9]. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

81
 ~ 
 
Сырым  батыр  Датұлының  замандасы  әрі  азаттық  үшін  күрестегі  жорықтас 
жолдасы  Тіленші  батыр  Бөкенбайұлының  да  туған  жылы  белгісіз.  Белгілі  ғалым 
Н.Бекмаханованың:«Патша  үкіметінің  шенеуніктері  Нұралы  ханды  биліктен  алып 
тастауға  қорықты,  тәуекел  ете  алмады,  сондықтан  XVIII  ғасырдың  80  жылдарына 
дейін  хандықты  қолдады.  Сырым  батыр  бастаған  қозғалыстан кейін  ғана хандықты 
жоюға шешім қабылдады. Кіші жүзде 1783 жылы губернатор О.Игельстром ұсынған 
дистаночнойлық  реформасы  Қазақстандағы  патша  үкіметінің  заңдарын  қазақ 
қоғамына  енгізу  шараларының  ең  алғашқы  бастамасы  болды»  [13,  с.185],  деген 
пікірі  патша  үкіметінің  дәстүрлі  хандық  билікті  жоюдағы  әрекеттерін  жүзеге  асыра 
алмауларына  басты  кедергі халық  рухы  дәстүрлі  батырлар институты  болғандығын 
көрсетеді.  
Мұнан  біз  Сырым,  Тіленші  т.б.  қазақ  батырларының  патша  үкіметінің 
отаршылдық саясатын жүзеге асыруда тегеурінді күш болып, отаршылдардың қазақ 
даласына ішкерілеп  енулеріне мықты кедергі күш болғандығын көреміз. 
Батырлар  институтының  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  саяси  құрылым 
жүйесіндегі  бұқара  халықтың  өкілін  білдіретін  күш  екендіктерін  таныған  патша 
үкіметі батырлар институтының өкілдерінің күшін дәстүрлі мемлекеттік билік хандық 
институтты жоюға пайдаланудың түрлі жолдарын өздерінше іздестіре бастаған.  
Орал  әскери  кеңесінің  есебі  бойынша,  1785  жылдың  басында  Барақ  батыр 
2000  сарбазымен,  Тіленші  батыр  1500  адамымен  Сырым  батыр  жасағына  қосылып, 
патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  қарулы  күресте  күш  біріктіреді  [14, 
с.28]. 
Мұрағаттанушы  Р.Сариеваның  еңбегінде:  «1786  жылы  О.А.Игельстром  Кіші 
жүзге қараған Кіші орда көлемінде билер шешімін жойып, Ресейлік жазалау органын 
құрады.  Бұл  зұлымдық  саясаттың  бетін  бүркеу  үшін  Байұлы,  Әлімұлы,  мен 
Жетірудың  әрқайсысынан  бір-бір  өкіл  енгізді.  Бірақ  бұл  саясат  үлкен  қарсылыққа 
ұшырады.  Соған  қарамастан  1789  жылы  О.А.Игельстром  Кіші  орданы  6  бөлікке 
бөлді. Ондағы ойын губернатор ІІ Екатеринаға 27 қараша 1785 жылы: «Кіші орданы 
бұлай  бөлшектеу,  әрине,  Сіздің  императорлық  мәртебеңізге  өте  пайдалы»,  –  деп 
мәлімдегендігі айтылады [15, 206 б.]. Бұл деректер патша әкімшіліктерінің «бөліп ал 
да,  билей  бер»  саясатына  қол  жеткізуге жоспарлы  кіріскендерін  дәлелдейді.  Бұл  – 
бір.  Екіншіден,  дәстүрлі  қазақ  мемлекеттігін  жоюдың  түрлі  жолдарын  қарастырып 
әкімшілік реформалар енгізді.  
Ізденістер  нәтижесінде  патша  үкіметі  хандықты  жоюдың  өздеріне  сөз 
келмейтін  құйтырқы  саяси  амалдарына  көшкен.  Мәселен,  1786  жылдың  3 
маусымында патшайым II Екатеринаға хат жолдап, Нұралы ханды биліктен алыстату 
үшін, Ресейге шақыртып алып, сонда оны мәңгіге жібермей ұстап қалу жоспарларын 
іске  асыруларына  рұқсат  сұрайды.  Патшайым  келісімін  алған  олар,  Нұралы  ханға 
Орынборға  нөкерлерімен  келуіне  арнайы  шақырту  жібереді.  Орынборға  келген 
Нұралы  хан  Әбілқайырұлын  нөкерлерімен  Уфаға  аттандырады.  Нұралы  ханның 
Уфада  қалдырылуының  себебін,  патша  үкіметінің  шенеуніктері  хан  өмірінің 
қауіпсіздігі  үшін  жасалып  жатқандығын  тілге  тиек  еткен.  Мұнан  кейін 
О.А.Игельстром  халықтың  еркін  білдіретін  Сырым  батырмен  ғана  байланыс  жасап, 
сұлтандарды биліктен ығыстыру арқылы сұлтандар мен ру басылары би-батырларды 
бір-біріне наразы етіп айдап салу саясатын ұстанады. 
Патша  үкіметі  отаршылдық  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін,  Кіші  жүзде  1787 
жылдың  19  қарашасында  бас  старшындық  қызметке  жеті  адамды  бекітеді.  Олар  – 
Әлімұлы  руынан:  Сарытай  би,  Қаракөбек  би  Құшайбиұлы  (Қосбайұлы),  Мұратбек 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

82
 ~ 
 
Айбашұлы. Байұлы руынан: Сырым Датұлы, Қаратау би Ғұмырыұзақұлы. Жеті рудан: 
батырлар – Тіленші Бөкенбайұлы, Жанболат Қарабанұлы [16, с.100].   
Бас  старшындыққа  тағайындалғандардың  әрқайсысына  жылына  100  рубль 
күміс  ақша  мен  жалақы  және  үш  шертпек  нандық  астық  беруге  және  Кіші  жүздің 
старшындары  мен  сұлтандарын  бас  старшындарға  бағынуы  туралы  жоғарыдан 
үкімет бұйрығын түсірді [16, с. 100].  
Патша  үкіметі  1787  жылдың  19  қарашасында,  Сырым  Датұлы  мен  Бөкенбай 
Тіленшіұлына  бас  старшындық  атағымен  бірге  ұрпақтарына  мұраға  кететін  тархан 
атағын беріп, ресей патшайымының қолы қойылып патша сарайының мөрі соғылған 
тархандық грамотаны қоса тапсырады [17, с.230].  
Патша  үкіметі  біріншіден,  қара  халықтың  өкілінен  шыққан  бас  старшындар 
арқылы  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  билігіне  патша  әкімшілігінің  тікелей  араласуын 
көздеді.  Екіншіден,  билікті  бас  старшындар  қолына  беру  арқылы  «ақсүйек»  хан-
сұлтандар билігін шектеу болатын. 
Бас  старшындар  міндеті  біріншіден,  Ордада  тәртіп  пен  тыныштықтың 
сақталуына  жауапты  болды.  Екіншіден,  бас  старшындар  генерал-губернатордың, 
шекаралық 
экспедицияның 
және 
расправаның 
жіберген 
барлық 
жарлық 
нұсқауларын  орындап  отыру.  Үшіншіден,  қарапайым  старшындардың  қызметтеріне 
бақылау  жасау  мен  расправалардың  жұмысын  қадағалап,  бақылау  [17,  с.230].  Бас 
старшындар  міндетінен  байқайтынымыз:  біріншіден,  рубасы  билерімен  белгілі 
батырларына  бас  старшын  атағын  беру  арқылы  қазақ  қоғамының  дәстүрлі  билік 
өкілдерін патша үкіметіне қызмет етуге тартуды, жергілікті жердегі патша үкіметінің 
сенімді шенеуніктеріне айналдыруды көздеген. Екіншіден, Кіші жүздегі тыныштықты 
бас  сатршындардың  бақылауы  арқылы  жүзеге  асыру  болатын.  Үшіншіден,  патша 
үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы наразылық білдіретін белгілі батыр-билерге 
бас  старшын  атағын  беру  арқылы  оларды  өз  жақтарына  тарту  үшін  мансап  атақ 
дәреже  беріп,  олардың  қарсылығын  болдырмаудың  алдын  алумен  отарлық  сананы 
сіңіру болатын.  
Осы кезде патша үкіметінің бас старшындық лауазымнан басқа Сырым Датұлы 
мен  Тіленші  Бөкенбайұлына  ұрпағына  кететін  тархандық  атағын  берулерінің 
саясатына келсек: қазақ қоғамындағы сұлтандар институтының дағдарысын қолдан 
жасау  мақсатында,  өздері  ХҮІІІ  ғ.  40 жылдарынан бастап  дәстүрлі  қазақ қоғамына 
енгізген  тархандар  институтын  одан  әрі  дамыта  түсті.  Бұл  –  бір.  Екінші, 
тархандардың  әлеуметтік  статусын  көтеру  арқылы  ақ  сүйек  өкілдері  сұлтандардың 
дәрежесін  қара  сүйек  өкілдері  тархандармен  теңестіру  еді.  Үшінші,  қазақ 
қоғамындағы  дәстүрлі  хандық  биліктің  мұрагерлерінің  өкілдері  сұлтандарға 
тархандардың  дәрежесін  теңестіруді  қолдан  жасап,  сұлтандар  дәуренінің  тағдыры 
патша  үкіметінің  қолында  екендігін  сездіру  болатын.  Белгілі  би-батырларға  бас 
старшындық  мансап  және  тархандық  грамота  беріп,  жалақы  тағайындап  патша 
үкіметіне  қызметке  тарта  бастады.  Патша  үкіметінің  қазақ  қоғамының  дәстүрлі 
әлеметтік  институттар  жүйесіне  енгізген  старшындық  және  тархандық  институттар 
дәстүрлі  қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік  институттарының  құрылым  жүйесіне 
ресей  патша үкіметі тарапынан  енгізілген  әлеуметтік  институттарының  бірінші үзбе 
жүйесі болды. 
 
 
       Қазақ  қоғамында  старшындар  институты  өкілдерінің  қолдарында  рулық  ішкі 
билік  басшылығы  болды.  Олар  ауылдың  көшпелі  ұжымына  басшылық  жасады. 
Себебі,  ауыл  адамдарына  старшындар  жақын  болды.  Патша  үкіметі  тархан 
старшындар қолдауына хан-сұлтандардың да сүйенуіне мәжбүр болатын саяси билік 
құрылымын жоспарлы түрде қолдан жасады. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

83
 ~ 
 
Мәселен,  О.А.Игельстром  өзінің  ІІ  Екатеринаға  берген  хабарламасында: 
Ордада бодандық міндеттерін адал атқаратын күшті адамдарды өз жақтарына тарту 
үшін,  қаражат  беру  қажеттігін,  сондай-ақ,  бұл  қойылған  бас  старшындар  өздері 
күткен 
қызметтерін 
көрсетіп 
болғанша, 
жалования 
берілетінін, 
ал 
бас 
старшындардың  қызметі  қажет  болмай  қалған  күнде  олардың    қызметінен  бас 
тартып, қаржыландыруды тоқтататын жоспарын күні бұрын жеткізді [16, с.98-99].  
Губернатор  Игельстромның  бұл  жоспарында  тархандар  туралы  ештеңе 
айтылмайды.  Осыған  қарағанда,  патша  үкіметі  Тіленші  Бөкенбайұлы  мен  Сырым 
Датұлына  тархандық  атақты  бас  сатаршындық  атақпен  қоса  берулерінің  өзіндік 
саяси  себебі  барын  аңғарамыз.  Сырым  тархан  мен  Тіленші  тарханның  тұлғалық 
қабілеті  мен  халық  арасындағы  беделдерімен  патша  үкіметінің  ұзақ  уақытқа  дейін 
санасуларына тура келетіндіктерін білгендіктен тархан атағын қоса бергендігі күмән 
туғызбайды. 
Патша  үкіметі  тархандық  грамотаны  елдің  ең  танымал  тұлғаларына  беру 
арқылы ел ішіндегі олардың беделдерін пайдалануды көздеген. 
Тархандар  тек  өздеріне  қарасты  ауылдарға  ғана  жауапты  болмады.  Мысалы, 
1788  жылы  Сегізбай  тархан  Көлбекұлы,  Сыпыра  Қарабатырұлы,  Көккөз,  Тұрымбет 
билер  бастаған  ақсақалдар  ордадағы  барлық  мәселеде  кеңес  беріп  отыратын 
ақсақалдар билігі кеңесінің алқасын құраған [16, с.117].  
Көзге  түскен  тұлғаларды  патша  үкіметі  өздеріне  тарта  білумен  қатар,  бұқара 
халықты  да  алдарқатуды  назарларында  ұстады.  Мәселен,  1789  жылы  наурыз 
айында  Кіші  жүздегі  Жетірулықтарға  арнайы  патшайым  II  Екатерина  атынан 
Петербордан  алғыс  грамотасын  жіберген.  Грамотада:  «...Жетірулықтар,  бодандық 
адал  қызметтеріңіз  және  тыныштықты  сақтап  отырғандарыңыз  біздің  көңіл  бөліп 
алғысымызды  білдіруімізге  лайықты»,  –  делінген  [5,  с.132].  Мұнда  патша  үкіметі 
біріншіден,  алғыс  грамоталары  арқылы  халықты  алдарқатып,  отаршылдық 
саясаттарына  қарсылықтарын  білдіріп,  бас  көтермеулер  бодырмаудың  алдын 
алудағы  жұмсақ  саясат  айласы  болатын.  Екіншіден,  Нұралы  ханның  елге 
қайтпауының  себебін,  халыққа  елде  түпкілікті  тыныштық  орнағанша  ұстап 
отырғандай  сыңай  танытудағы  астарлы  отаршылдық  саясаттарын  сездірмеудің 
қулығын да байқауға болады. Үшіншіден, Табын Тіленші тарханның патша үкіметінің 
саясатына  наразылығы  туған  жағдайда  жетірудың  жұртына  деген  «ақ  патшаның» 
алғыс  сеніміне  лайықты  болуға  тыныштық  сақтауға  шақырған  үндеуі,  деп  білуге 
болады. Өйткені патша үкіметі Тіленші тархан Бөкенбайұлының басшылығымен 1500 
адамнан  тұратын  халық  жасағының  патша  үкіметі  отаршылдық  саясатына  қарсы 
көтерілгенін ұмытпаған болатын. 
Үкімет  орындарының  тіркеп  отырған  мәліметтік  жазба  деректерінде,  Тіленші 
тарханның  медреседе  оқып  жатқан  екінші  ұлын  қыс  мезгілінде  үйінен  оқытуға 
келіскен молда екеуін Орынбордан келе жатқан беттерінде Орал атаманы полковник 
Д.Донсков себепсіз, үш ай ұстап барып жіберген. Ауыр науқастанған Тіленшінің ұлы 
үйіне жетіп қайтыс  болған.  Мұнымен  қоймай,  атаман  Д.Донсков  жіберген  әскерлер 
диқаншы қазақтардың ауылын тонап, ерлері мен әйелдері аралас 18 адамды өлтіріп, 
екі  адамды  өздерімен  бірге  алып  кеткен.  Мүліктері  мен  малдарын  тартып  әкеткен. 
Екі  қазақ  тұтқыны  Уральской  защитеде  қаза  болады  [16,  с.150-151].  Осындай 
келеңсіз оқиғалардың арты кісі өліміне апарып соқтырған. Ашынған Тіленші тархан 
Шерғазы сұлтанға патшайым атына ашық хат жаздырып 1794 жылдың 4 қаңтарында 
шағым түсіреді. Онда орыс-казактар мен башқұрт старшындары тарапынан жасалған 
жүгенсіздік  пен  озбыр  барымталарын  баяндай  отырып,  ұрлық  пен  шекара 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

84
 ~ 
 
барымтасын тоқтатуда патша  әкімшілігі  өзіне  бағынышты халыққа  тәртіп  берулерін 
сұрап, 184 адам қол қойған талаптарын тапсырады [16, с.168].  
Қазақ  тархандары  мен  би-батырлары  елде  тыныштық  сақтауда  бейбіт 
тұрмысты  қалайтындарын  баяндап  жеткізіп,  үкіметтен  әділдік  күтті.  Талаптары 
орындалмаған  соң,  қарулы  көтеріліске  шықты.  Ресей  патша  отаршыларына  қарсы 
соғысқан, Сырым тархан Датұлының жорықтас жолдасы Тіленші Бөкенбайұлы 1800 
жылғы ұлт азаттығы үшін күрестегі қарулы қанды қақтығыста қаза болады [18, 5б].  
Жалпы  XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  қоғамындағы  батырлар  институтын 
тархандар  институтына  ауыстыру  арқылы  батырлар  институтының  рухтық 
құндылықтарын  жойып,  қазақ  батырларының  санасына  отарлық  сананы  енгізуді 
мақсат тұтқан  патша  үкіметінің  үміті  ақталмады.  Батырлық  рух  сақталып,  ұрпақтан 
ұрпақа ұласып сабақтасып отырды.  
Батырлар  ұрпақтарының  ұлт  азаттығы  үшін  күрестерінің  сабақтастығы 
тарихымыздағы  Бөкенбай  батырдың  ұлы  Тіленші  тарханға  оның  ұлы  Жоламан 
тарханның ұлт-азаттығы үшін күрес тарихымен жалғасты  
Жоламан  тархан  туралы  патша  үкіметінің  офицері  әскери  статистик 
И.Ф.Бларанберг  Жоламан  тарханның  туының  астына  3  мыңдай  адам  жиналып, 
өлкені  үрейде  ұстағандығын  мәлімдей  отырып,  одан  әрі:«  Ценой  крови  купили 
казаки обладание плодоносными берегами Илека; старинные владетели его не раз 
под предводительством своих батырей собрались огромными толпами и дрались на 
смерть, желая лутше расстаться с жизнью, нежели с кочевьем предков» деп жазды 
[19,  с.  96].  Шындығында,  бүгіндегі  тарихи  зертеулермен  құжаттық  деректер 
Жоламан  тарханның  өзінің  жасақтарымен  Орта  жүз  жеріндегі  ұлт-азаттық 
қозғалысқа  қатысып,  Хиуа  мен  Бұхар  хандықтарына  барып,  Ресей  патшалығына 
қарсы  күш  біріктіруге  одақтас  болуға  шақыруы  патша  үкіметінің  басқыншылық 
саясатына  қарсы  көршілес  мұсылман  халықтарының  басын  қосуға  талпынғандығын 
дәлелдейді. 
1841  жылдың  қыркүйек  айының  басында  Бұхармен  келіскен  хан 
Кенесарының  Ташкентке  бет  алған  әскері  құрамында  Табын  рулары  да  болды. 
Жоламан  тархан  бастаған  табындар  ауылдарының  Хиуа  бағытына  көш  түзеулеріне 
түрткі  болған  себебін,  тарихшы  Ә.Мұқтар:  «Патша  әскерлері  Кенесарының  соңына 
түсті.  Жағдай  оңалмаса  сұлтан  Кенесары  Бұхарға  кетуге  мәжбүр  болатынын  және 
патша  үкіметі  1000  қазақты  Кавказға  жібермекші  деген  әңгімелердің  тарауы  түрткі 
болғанын  көрсетеді»  [20,  177-178  бб].  Біздің  пікірімізше,  патша  үкіметі  мұндай 
әңгімелерді  әдейі  таратып,  Жоламан  тарханның  ауылымен  Хиуаға  қарай  көшуін 
қалады.  Мұндағы  көздеген  мақсаты  Жоламан  тархан  мен  Кенесары  хандардың 
патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттығы көтерілісінің шынайы мақсатын бұрмалау үшін, 
көтеріліс  басшыларын  қазақтарды  Хиуаға  бағындыру  мақсатында  патша  үкіметімен 
соғысқан  етіп  көрсету  болғандығы  күмәнсіз.  Ойымызды  қазақ  даласына  жіберілген 
патша  үкіметінің  әскери  жорықтарында  болған  Орынбор,  Орал  казактары  мен 
башқұрт,  мишарлардың  Орынбор  арнайы  әскери  корпусының  құрамында  болған 
кезіндегі  жазылған  қолжазба  деректері  ойымызды  қуаттай  түседі.  Онда:  «...XIX 
ғасырдың  30-40  жылдары  қазақ  даласында  қазақтарды  Қоқан  хандығына 
бағындырғысы келген Кенесары Қасымов жасақтарымен нағыз соғыс болып жатты», 
–  деген  кереғар  пікірлер  бүгінге  дейін  айтылуда  [21  с.218].  Патша  үкіметінің  сол 
кездегі  арнайы таратқан  теріс  пікірлерін  бауырласа  башқұрт  тарихшылары  талдап, 
талғамай-ақ дерек көзі ретінде бүгінгі күнге дейін пайдалануда.  
Жоламан  тарханның  500  жылқысы,  2000  мың  ұсақ  жандықтары,  50  –  түйесі, 
көптеген ірі қара малы болған. Ауқатты адам санатына қосқан. Тархан батырдың 10 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

85
 ~ 
 
ұлы болған. 2 бауыры – Есенаман мен Әжібайда 9 ұл, ал Едіге бауырынан қалған 6 
ұл  болған.  Бұлардың  барлығы  Жоламан  тархан  Тіленшіұлымен  бірге  көшіп  қонып 
жүрген  [18,5  б.].  Бұл  деректерге  қарағанда,  Жоламан  тархан  ауқатты,  бай  қуатты 
бола тұра байлыққа алаңдамаған. Жеке меншік, дәулет, байлыққа деген жалтақтық 
психологиясы  болмаған,  тәуелсіздік  пен  халқының  азаттығын  дәулет  пен  жеке 
басының  мүддесінен  жоғары  қойған  отаншыл  елжандылық  қасиетімен  танылған 
тұлға.  Жоламан  тарханды  «Малым  –  жанымның  садағасы,  Жаным  –  арымның 
садағасы», деген принципті ұстанған адам болған деуімізге толықтай негіз бар. 
Жоламан  тархан  бастаған  көтерілісшілерге  қарсы  500  Орынборлық 
казактардан  құралған  жазалаушы  отряд  жорыққа  жіберілді.  1825  жылы  наурызда 
мықты  қаруланған  жазалаушы  отрядтар  Бұлдырты,  Шиелі  және  Талды  өзені 
бойындағы жүздеген қазақ ауылдарын талқандады. Қазақтар қайтпас қайсарлықпен 
қорғанды.  Қанды  қақтығыстан  қазақтардан  195  адам  өлді,  125  тұтқынға  алынды 
оның  ішінде  әйелдер  мен  балалар  да  бар.  Олар  Орал  түрмесіне  әкетілді,  онда  өте 
ауыр  жағдайда  ұсталған  тұтқындардың  көбісі  түрмеде  аурудан  қайтыс  болды.  Ал, 
Жоламан  тарханның  сағын  сындырмақшы  болған  патша  үкіметі  оның  көтеріліске 
қатысқан  алты  бірдей  туыс  бауырын  Орал  түрмесіне  қалдырмай  ит  жеккенге 
айдатып жіберді [22. с.158-159].  
Ғалым  Ж.Қасымбаев  еңбегінде  1846-1847  жылдары  Кенесары  оңтүстік 
аудандарға  шегінгенде  патша  әскерлерінің  қуғынынан  шегінген,  Табын  Байқадам 
бидің  соңынан  ерген  Шөмішті  табындардың  бір  бөлігінің  Қоқан  елінен  пана 
тапқандығы айтылады [23, 34].  
Жоламан  тархан  Тіленшіұлы  царизмге  қарсы  барлық  батырлар  мен  қоқан, 
хиуа  халықтарының  басын  қосу  қамында  жүрген  кезінде  Ташкент  құшбегі  өлтірген 
[24, 131].  
Бұл деректерге қарағанда, ұлт-азаттық көтеріліс көсемі Жоламан Тіленшіұлы 
Қасым  төренің  кебін  киіп,  Ташкент  құшбегінің  қолынан  қаза  табуы  шындыққа 
жанасады.  Ташкент  құшбегінің  Жоламан  Тіленшіұлын  өлтіруінің  себебіне  келсек: 
Бұхарлықтар  мен  Жоламан  тархан  одақтасып  Қоқандықтарға  қарсы  күш  болады,– 
деп  қорқуларынан  туындаған  болуы  мүмкін.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,  Жоламан 
Тіленшіұлының  жұмбақ  жағдайдағы  қазасына  патша  үкіметінің  де  қатысы  болды 
деген  ойға  жетелейді.  Өйткені  1848  жылғы  23  қазанда  әскери  старшын  Арыстан 
Жантөрин  шекаралық  комиссияға  Жоламан  тарханның  қайтыс  болғандығы  туралы 
мәлімет 
береді. 
[18,5б]. 
Осыған 
қарғанда, 
ұлт 
азаттығы 
көтеріліснің 
ұйымдастырушысы,  әрі  басшысы  Жоламан  тарханның  ізіне  көп  жылдар  бойы  шам 
алып  түскен  патша  үкіметінің  батырдың  қазасына  қатысы  болмаса,  үкімет 
басшыларына  берген  арнайы  рапорттары  міндетті  түрде  жазбаға  түсіп  тіркелген 
болар еді.  
Ал,  1848  жылғы  23  қазандағы  Жоламан  Тіленшіұлының  қайтыс  болуының 
себебі  баяндалмай  жай  ғана  хабарлама  түрінде  берілуінің  өзі  батырдың  қазасына 
патша 
үкіметінің 
пұлға  жалдаған  жансыздарының  тапсырмаларын  нақты 
орындағандығы туралы ресми хабарлауы болып көрінетін ой туғызады. 
Кезінде танымал тархшы М.Вяткин ұлт-азаттық қозғалыс туралы  «Жоламан 
тархан қозғалысы кең аймақты қамти алмады, тек Жеті руды ғана қамтыды» деген 
пікір білдірген болатын [25 с. 229].  
Энциклопедист  –  ғалым  Телжан  Шонанұлы:  «1836-1838  жылдары  Исатай 
Тайманұлы мен Жоламан тархан Тіленшіұлдары бастаған үлкен көтеріліс болды. Бұл 
көтерілістер – жер үшін болған көтеріліс, «жер тағдыры – ел тағдыры» [26, 263 б.], 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

86
 ~ 
 
– деген еді. Олай болса, жер үшін, ел үшін болған бұл көтеріліс қазақ мемлекеттігін 
сақтап қалу үшін қан төгілген ұлт азатық көтеріліс дегенге келіп саяды. 
Төрелер  тарихына  ден  қойып  зерттеген  ғалым  Ж.Қасымбаев  Кенесарының 
туының  астында  топтасқан  серіктерінің  арасында  азаттық  соғыстың  мүддесіне 
аяғына  дейін  берілген,  қанды  шайқастарда  ерлігімен  көзге  түскен  үш  жүздің 
батырларынан:  Ағыбай,  Аңғал,  Байсейіт,  Туғанас,  Тобылды,  Таймас,  Жеке,  Табын 
Бұқарбай, Бұғыбай, Жауке, Сұраншы, Иман, Төлебай, Наурызбай т.б. қатар Жоламан 
Тіленшіұлының  да  есімін  атайды  [23,  61].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет