Осыған қарағанда, Жоламан тарханның
көтерілісінің географиялық аймағы М.Вяткин айтқандай, тек Жеті руды ғана
қамтыды деген пікірдің жаңсақтығын дәлелдей түседі.
1848 жылы көтеріліс ошақтарын басқан патша үкіметі Орта жүзде салық
мөлшерін өсіруге қорықты. 1848 жылы берілген үкімет бұйрығында:«...Орта жүз
қазақтарының мал басына төлейтін жасақ салығының мөлшері 1849 жылдан 1855
жылға дейін көтерілмесін» деген арнайы үкімет бұйрығын түсірді [27 с.119].
Мұнан біріншіден, ұлт азатығы көтерілісінің қайта жандануынан қорықан
патша үкіметінің әрекетін көреміз. Екіншіден, патша үкіметінің қазақ даласындағы
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілістің қайта жандануынан
қорыққан патша үкіметі салық саясатын қайта қарап жеңілдіктер жасауға мәжбүр
болды.
Қорыта келе айтпағымыз, Бөкенбай батыр немересі Жоламан тархан
бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1823-1848 жж.), Ресей патша өкіметінің
отаршылдық саясатына қарсы ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарындағы Тама Есет
тарханның
башқұрт
бауырлармен
бірге
бастаған
(1755-1756
жж.)
[28]
отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттығы күресінің және Сырым тархан Датұлы мен әкесі
Тіленші
тархан
Бөкенбайұлы
бастаған
(1783-1797
жж.)
ұлт
азаттық
қозғалыстарының жалғасы болды [29]. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы
батырбасы Бөкенбай Қарабатырұлының ұрпақтары әкелі балалы батыр тархандар
әке жолын өнеге тұтып, ұлт азаттығы жолындағы соғыста құрбан болды. ХVIII-ХIX
ғғ. батырлық дәстүрді атадан балаға жалғаған Бөкенбай батыр және одан тараған
батырлар әулетінің қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі ұрпақ үшін, жерін халқын сүюде
елжандылық пен ұлтжандылық сананы қалыптастыруда өнеге боларлық тағылымы
бар тарих [30].
Әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н.Ә. Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік күніне арналған
салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 1998. 16 желтоқсан.
2 Жақсат Қарылғашов. Бөкенбай баһадур: ескерусіз ерлігімен отты рухы. //Ана тілі,
– 27 қыркүйек, 2007. (7 б.); Қалдыбай Бектібайұлы Құттымұрат. Тарақты табын
шежіресі. – Ақтөбе, 2009. – 150 б.(30 б.)
3 История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Первые историко-
этнографические описания казахских земель. Первая полавина ХІХ века / Сост.
И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев – Алматы: Дайк-Пресс, 2007.– Т. 5.– 620 с.
4 Маданов Х. Кіші жүз шежіресі, – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1993, – 168 б.
5 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и
материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.
6 Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков
Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства //
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
87
~
Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 14. ч – 2-3, –СПб., 1848. –
119 с.
7 Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Ташкент, 1925.
8 Восторгов В.В, Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов
(конец XIX – начало XX в). – Изд-во Наука Казахской ССР Алма-Ата 1968. –
256 с.
9 ҚР ОММ. 4 – қор, 1–тізбе, 4901– іс.
10 Қалдыбай Бектібайұлы Құттымұрат. Тарақты табын шежіресі. – Ақтөбе, 2009. –
150 б.
11 Мұқтар Ә.Қ. Бөкенбай батыр туралы не білеміз //Ана тілі, – 14 наурыз, 2008
12 Қарылғашов. Ж. Бөкенбай баһадур:ескерусіз ерлігімен отты рухы. // Ана тілі, – 27
қыркүйек, 2007. Мұқтар Ә.Қ. Бөкенбай батыр туралы не білеміз // Ана тілі, – 14
наурыз, 2008; Соныкі, Бөкенбай батыр. //Алтын Орда, – 1-7 мамыр, 2008.
13 Бекмаханова Н. Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под
руководством Пугачева в 1773-1775 годах ). – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 190 с.
14 Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана (Избранные труды). –Алма-Ата:
Наука, 1989. – 344 с.
15 Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). – Алматы: Арыс,
2004. – 292 б.
16 Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІV. (1785-1828 гг.) – М.-Л.
:
: Изд-во АН
СССР, 1940. – 543 с.
17 Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.
18 Мұқтар Ә. Жоламан батыр: «Мен қарақшы емеспін, Ресеймен соғысып жүрмін» //
Егемен Қазақстан – 2008. 19 наурыз.
19 Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков
Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства //
Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 16. ч – 1,–СПб., 1848.–322 с.
20 Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIII-XIX ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. –
Алматы: Арыс баспасы, 2008. – 240 б.
21 Историко-културный энциклопедическиий атлас Республики Башкортостан. –
М.:ИПЦ «Дизайн. Информация. Картография», 2007. – 696 с.:ил.,карт.
22 Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского
народа(1797-1838 гг.) Очерки по истории. В 2-х частях. – Кзыл-Орда, –1926, –298 с.
23 Қасымбаев Ж.Кенесары хан. – Алматы: Қазақстан, – 1993, – 112 б.
24 Әбдікәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін) оқу құралы . –
Алматы республикалық баспа кабинеті. – 1997. – 403 б.
25 Вяткин М.Очерки по истории Казахской ССР. том первый с древнейших времен по
1870 г. – ОГИЗ Госполитиздат –1941. – 368 с.
26 Шонанұлы Т. Жер тағдыры ел тағдыры 2 басылуы (көмекші оқу құралы). –
Алматы Санат 1995. – 224 б.
27 Отепова Г.Е.Законодательные акты Российской империи осистеме налого
облажения в казахстане в XVIII-XIX веках// Отан тарихы 2008, №2 (42) – 112-125 б.
28 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). –
Алматы: Санат, 1994. – 416 б.; Исенов Ө.И. Тама Есет батыр (Опат болған жылы мен
жұмбақ өлімі хақында) // Қазақ тарихы республикалық ғылыми-әдістемелік журнал –
№ 5-6.2008. – 27-29 бб.; Исенов Ө.Тама Есет тархан ұлт-азаттығы жолындағы
күрескер. // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Халық
батыры Исатай Тайманұлы ның туғанына 220 жыл толуына арналған «Батырлар
институты:қалыптасуы тарихи маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
88
~
конференцияның материалдары. 6 мамыр, 2011 жыл. Орал-2011. 90-104 бб.; Исенов
Ө.И. Марал ишан – ұлт-азаттық жолындағы күрескер. // Сыр еліндегі діни-
ағартушылық ой-сана Марал Ишан Құрманұлының 230 жылдық мерей тойына
арналған республикалық ғылыми – теориялық конференция материалдары. Ғылыми
басылым. Алматы, 2010. 29 қазан. Орхан Баспа үйі. – 385-391 бб.
29 Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М. Л.: Изд-во АН СССР, 1947 – 390 с.; Соныкі,
Очерки по истории Казахской ССР. Том первый с древнейших времен по 1870 –
ОГИЗ Госполитиздат 1941. – 368 с.; Исенов Ө.И. Табын Бөкенбай батыр және одан
тараған тархандар әулеті». // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті. Хабаршы №4 (40) – 2010. Қазан - қараша – желтоқсан, 2010 ж. 154-
166 бб.
30 Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.):
Тарих ғылым. канд. ... диссер. – Қостанай. 2009, – 161 б. Исенов Ө.И. Қазақ
қоғамындағы ортағасырлық батырлар институты. // «Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктері, проблемалары және перспективасы»
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Қостанай,
2011. – 394 б. –180-188.
Н.Н. Сармурзина
1
, Г.Ж. Айдосынова
2
1
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы
2
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ
Бұл мақалада Атырау облысының этникалық даму ерекшеліктері мен
динамикасы баяндалады.
Статья раскрывает важные аспекты этнического развития Атырауской
области.
Article reveals important aspects of ethnic development of Atyrau region.
Халықтың көшіп-қонуы – адамдардың өзге өңірлерге, аймақ немесе қала
өзге мемлекетке қоныс аударуы, тұрғылықты мекенін ауыстыру құбылысы болып
табылады.
Көші-қон
үрдісі
халықтың
қоныстану
мен
орналасуында,
этнодемографиялық үрдістредің дамуында маңызды орын алады. Өзінің көлемі мен
қуатына байланысты әр мемлекет пен халықтың тарихына сіңетін оқиға болып
есептеледі. Бүгінде көші-қон үрдісі қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси
қалыптасуын жүзеге асыратын құбылысқа айналып отыр.
Бұрынғы кеңестік кеңістікте көші-қон үрдісі көптеген өзгерістер туғызды.
Соның нәтижесінде еңбек қорларының қайта бөлінісі, әлеуметтік-экономикалық
және құқықтыр мәселелер сияқты бірқатар мәселелер туындады. Посткеңістік
мемлекеттер арасында Қазақстан Республикасы ғана көші-қон қуатының күшті
ағымына тап болған ел болатын.
Халықтың көші-қоны Қазақстан тарихында маңызды мәнге ие болды. Соның
барысында көп ұлтты халық құрылымы қалыптасты.
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
89
~
Қазақстандағы көші-қон үрдісі қашанда ұйымдасқан сипат алды. Әсіресе, ХХ
ғасырдың көлеміндегі жекелеген халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру,
тың игеру барысындағы мемлекеттің жүз мыңдаған халықты Қазақстанға жоспарлы
қоныс аудартуы, өнеркәсіптік және қорғаныстық бағыттағы нысандар құрылысының
салынуы сияқты саясат болды. Қазақстан жері ұзақ тарихи уақыт бойында әртүрлі
саяси жәе экономикалық мақсатпен қоныстандырылған миллиондаған адамдардың
мекеніне айналып шыға келді. Нәтижесінде, көші-қон құбылысы халықтың сұранысы
мен талап-тілегінің барысында туындамай, керісінше, мемлекеттің саясаты есебінен
жүзеге асқан оқиғаға айналды. Осы оқиғалардың барысында Қазақстандағы
халықтың жаңа құрамы мен құрылымы қалыптасып, жергілікті тұрғындар қазақ
халқының саны мен үлес салмағы азая түсті.
ХХ ғасырдың көлемінде ұйымдасқан көші-қонның нәтижесінде Қазақстанға 5
миллионнан астам халық келген болатын. Оның ішінде 1,3 миллион адам Столыпин
реформаларының жылдарында, 1,5 миллион халық тың және тыңайған жерлерді
игеру барысында келген болатын. Соғыс алды жылдары, соғыстан кейінгі жылдарда
Қазақстанға 2 миллионнан астам кәріс, неміс, шешен және басқа да ұлт өкілдерінің
қатары көшірілді.
Сонымен бірге, ХХ ғасырдың 60-80 жылдары Қазақстанға жаңа қалалар мен
жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылысына мыңдаған адамдар келді. Осындай
халықтың ауқымды келімі, кейінгі демографиялық ахуалдарға да ықпалын тигізбей
қоймады. Қарастырылып отырған Атырау облысындағы көші-қонның аумағына
тоқталамыз.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, соғыс жылдары толассыз ағылған
халықтың кері кетуі жаппай сипат алып, халық саны азайды. Халықтың табиғи
өсімінің төмендеп, ауыл халқының санының азаюы, майдан қатарына ер-
азаматтардың алынуы, еңбек майданына алу барысында азайған халық көші-қон
үрдісінің ағымына сай толыққан болатын. Республикаға уақыташа көшірілгендер мен
арнайы қоныстанғандар есебінен қала халқының саны артты. Мысалы, Гурьев
қаласының халқы 34,7 пайызға артқан. Осылай, Республиканың этнодемографиялық
келбетіне көптеген өзгерістер енді.
1948-1952
жылдар
аралығына
Кеңестің
Балтық
жағалауы
республикаларының халқы кері қайтты. Гурьев қаласынан Карелофин АКСР-інен
көшірілген халықтардың көбі Отандарына оралды [1, 1п.]. Қазақстандағы
1950
жылға дейінгі демографиялық үрдістің басты бағыты қазақ халқының үлес
салмағының азайып, республиканың көп ұлттылығының көбеюіне әкелді. Қазақ
халқының
санының
азаюына
ашаршылық
жылдарындағы
аласапыран,
индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру, 30-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін
себеп болды. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында 130 мыңнан астам
қазақтар қалса, жалпы Батыс Қазақстан аймағы бойынша бұл көрсеткіш 22105
адамды құрады. Сонымен бірге, республикадағы индустрияландыру үрдісі, тың және
тыңайған жерлерді игеру орыс, украин халықтары сынды өзге ұлт өкілдерінің
Қазақстанға орнығуына себеп болды.
50 жылдардың ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде халықты
көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты
республикаға аса ірі көші-қон тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі
өнеркәсіптік құрылытсар жүруімен тұспа-тұс келеді. 1954-1962 жылдары тың және
тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 миллионға жуық адам келді. Олар
негізінен елдің еуропалық бөлігінен келді. Өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысы
күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы 1954-1965 жылдары 0,5 миллиондай адам
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
90
~
келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавия мен
Литвадан әкелінді. Қазақстанға бағытталған көші-қонның қарқыны мұнан кейінгі
кезде де толастаған жоқ. Бірақ, 70 жылдары республикаға келушілерге қарағанда
кетушілердің үлессі артық болды.
Осындай дүрбелең нәтижесінде Қазақстанда өзіндік ерекше демографиялық
көрініс қалыптасты. Ол халық құрылымында келімсек халықтар санының басым
болуы және ауыл халқына қарағанда қала халқының санының артуымен
өрнектеледі.
1939-1959 жылдар ішіндегі санақтар аралығында Қазақстанның бар халқы
механикалық өсімде он төрт пайызды құраған ауыл тұрғындары есебінен емес, өзге
республикадан келген көші-қоншылар есебінен көбейді. Халықтың жалпы саны
1959-1970 жылдары Гурьев облысында екі еседен аса көбейді [2, 42 б.].
Қазақстандағы бай табиғи қорлары, экономикалық дамудың жоғары қарқыны еңбек
көзі мен тұрғындардың қалыптасуына әсер ететін көші-қон үрдістерінің жедел
дамуымен ерекшеленеді. Халық санының артуы Кеңестер Одағының өзге
аудандарынан, оның ішінде Ресей мен Украинадан келген халық ағымынан көбейді.
Атырау облысында көп салал өнеркәсіптің қалыптасуы, оның ішінде, әсіресе,
мұнай, газ, химия, металл өңдеу, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің,
ауыл шаруашылығының қарқын алып дамуы қалалар мен қала үлгісіндегі
ауылдардың пайда болуына ықпал етті. Әсіресе, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы
қала халқы санының өсіміне көші-қон ағымы көп әсер етті. ХХ
ғасырдың
екінші
жартысынан бастап, анағұрлым интенсивті қимыл Гурьев облысында байқалды.
Аталмыш өңірде ірі өнеркәсіптер құрылысы жүріп, жоғары қарқынмен дамуына
байланысты, көші-қон үрдістерінің қимылы артты.
Батыс Қазақстанда қала халқының басымдылығымен ерекшеленетін екінші
аудан – Гурьев облысы болатын. 1979 жылғы санақ бойынша қала халқының саны
бойынша 59,0 пайызды құрап, Маңғыстау облысынан кейінгі екінші орынды иеленді.
Осындай
көшіп-келушілердің
ағымы
республика
халқының
әлеуметтік-
демографиялық құрылымына әсер етпей қоймайды. Демек қарастырылып отырған
кезең соңына дейін, қала халқының механикалық өсімінің бағыты өзге
республикалардан келген көші-қоншылардың ағымы есебінен көбейгенін көруге
болады (1-кесте) [2, 43 б.].
Кесте 1 – 1989 жылғы Атырау қаласына келген халық саны (мың адам)
1989 жылғы қала
халқы
1989 жылы қалаға
келген
халық
саны
Оның ішінде өзге
республика,
шет
елден
келгендер
саны
Гурьев облысы
(Маңғыстау
облысымен қоса)
512,9
28592
4034
1980 жылдардан бастап, республика территориясында қазақ халқының
оңтүстіктен-солтүстікке, батыстан-шығысқа қарай қоныс аударуы сипат ала бастады.
Сонымен бірге, осы уақытта Қазақстанға Ресейден, Орта Азиядан, Моңғолия жерінен
қазақ халқының бір тобы қайта бастады. Атырау халқының біз қарастырып отырған
кезең аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы кеңестік демографиялық және
көші-қондық отарлауымен сипатталды. Осы оқиға қазақ халқы үлесінің күрт
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
91
~
төмендеуіне әкелді. Сонымен бірге, жергілікті емес, өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе,
орыс тұрғындардың үлесінің бірнеше есеге өсуіне ықпал етті. Қазақстандағы
әлеуметтік-демографиялық
жағадай
кеңестік
кезең
жағдайында
екі
этнодемографиялық халық тобымен ерекшеленді. Оның бірі, шығыс славян
этностары. Оның негізгі бөлімін орыс халқы құрайды. Олар республиканың
қалаланған қоғамының жоғары әлеуметтік тұғырындағы православ тұрғындар
болды. Ал, екінші топ – орталық азиялық этностар өкілдері болып табылады. Оның
негізін қазақ халқы, мұсылман халықтары құрады. Орталық азиялық этнос аграрлық
кәсіппен айналысып, отарлаушы елдің саясатының шеңберінде өмір сүрді. Осылай,
екі әртүрлі әлеуметтік-демографиялық түр қалыптасты.
Қазақстандағы қазақ халқының тарихи-демографиялық үрдістері ХХ
ғасырдың бірінші жартысында үш демографиялық апатпен сипатталды. Олар, 1907-
1921, 1928-1934 жылдар, 1941-1945 жылдар болып есептеледі. Әрбір апаттан
кейінгі қазақ халқы санының күрт төмендеуі орталық үкіметтің күшті көші-қондық
отарлауымен қатар жүргізілді.
Атырау облысы қала-қоныстарындағы басты екі халық тобының әлеуметтік-
демографиялық даму бағыты, біртіндеп, орыс тұрғындардың үлесінің азаюына
ықпал етті. 60-жылдардан бастап, Қазақстан халқының арасында қазақ халқы үлес
салмағының төмендеуі тежелді. Қазақстанның қалаларындағы этнодемографиялық
жағдайы өзгере бастады. 70 жылдардан бастап, шығыс славян этностарында көші-
қон өсімі байқалады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары бұл үрдіс барынша қарқынды
жүрді. Сөйтіп, 1988 жылы Атырау облысында қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне
қарағанда басым үлестік көрсеткішке ие болды. Демек, Атырау облысындағы көші-
қонның қарқыны қарастырылып отырған уақыт барысында қуатты болды. Бұл
қарқынды ағым халықтың саны мен құрылымына өзіндік ықпал етті. Бұл өзгеріс
халық құрамының көп ұлттылығымен ерекшеленуіне байланысты.
Соғыс жылдары Гурьев өңірі күрделі көші-қон үрдісі жүрген өңір ретінде
белгілі болды. Оның соңы қазақ халқының қайтымсыз көп шығынына әкелді. Оның
соңы қазақ халқының қайтымсыз көп шығынына әкелді. Табиғи өсімнің төмендеуі,
өзге ұлт өкілдерінің тынымсыз қоныстандырылуы салдарынан халықтың жалпы
санындағы қазақ халқының үлесі азайды. Гурьев өңірі халқының этникалық құрамы
көп ұлтты құрамға айналды, жаңа ұлт топтары пайда бола бастады. Өзге ұлт
өкілдерінің салмағы арта түсті. Соғыстан кейінгі жылдар халық саны мен
құрылымының қалыпқа келу уақыты болып есептеледі. Алайда бұл құбылыс баяу
жүріп, тек 60 жылдарға таман соғыс жылдарының алдындағы халық санының даму
деңгейі қалыпқа келді. Жалпы ұлттардың этнодемографиялық дамуының басты
сипаты саны болып табылады. 1959-1989 жылдардың аралығында халық саны екі
есеге көбейді. Көші-қонның ағымы Гурьев облысы халқының жаңа ұлттық
құрылымының қалыптасуына ықпал етті. Кестеден осы кезеңдегі халық санының
тұрақты өскендігін байқауға болады (2-кесте) [2, 77 б.].
Гурьев облысында халықтың этникалық құрамында көп өзгеріс болмады.
Қазақ халқының үлесі 1959-1989 жылдары арта түсіп, жалпы халықтың 79,6
пайызын құрады. Бұл жылдарда қазақ халқының саны 192,5 мыңнан 338,9 мыңға
артты. Бірақ, өсім қарқыны төмен болып, жылына 4883 адамды құрады. Оның
себебі, қазақтардың көпшілігінің көршілес Маңғыстау облысына қоныс аударуымен
байланысты болды. Халықтың кері кетімі барлық ұлттардың өкілдеріне тән болды.
Облыстың қалаларында да қазақ тұрғындарының саны жылма-жыл артып, қалған
ұлт өкілдерінің қатары 1970-1979 жылдары едәуір азайды. Тұтас Батыс Қазақстан
бойынша Гурьев облысы ғана қазақ халқының жоғары қалалану деңгейімен
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
92
~
ерекшеленді. Өйткені, 1959 жылы Батыс Қазақстанның қала халқының 60 пайыздан
астамы осы облыстың қалаларында өмір сүрді [2, 76 б.].
Кесте 2 – Гурьев облысы халқының ұлттық құрылымындағы өзгерістер (адам)
Жылдар
Қазақ-
тар
Орыс-
Тар
Украин-
дықтар
Татар-
лар
Неміс
-тер
Барлық
халықтар
Гурьев
облысы
1959
90623
43274
1240
4198
1639
146486
1970
111210
66030
5441
4726
1714
198491
1979
140743
61459
3668
4610
1534
221049
1989
178180
87391
3466
4573
1238
256011
Өзінің өсімі бойынша қазақ халқы өзге ұлт өкілдерінен басым тұрды. Қазақ
халқының санындағы өсім 1970-1979 жылдары айрықша байқалды. Осымен бір
уақытта өзге ұлт өкілдері орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлт
өкілдерінің үлестері азайды. Тұтас алғанда, 1959-1989 жылдардың аралығы қазақ
халқының санындағы өсіммен ерекшеленді.
Қазақстан Республикасының негізгі халқын қазақ халқы құрайтыны белгілі.
Республиканың батыс бөлшегі болып саналатын Атырау облысында да солай. Қолда
бар нақты мәліметтерге көз тіксек, 1970 жылғы көрсеткіш – 239 972, 1979 жылы
281 492-ге, 1989 жылы – 338 998-ге [3], 1992 жылы – 395 мыңға [4, 8 б.], 1999
жылы – 391 672-ге жеткен [3], облыс халқының 89 %-нан астамын (391,5 мыңы,
1999) және Атырау қаласы тұрғындарының 78,3 %-ға жуығын қазақтар құраған [5,
38 б.], ал 2008 жылдың қаңтарында 460 369-ға жеткен. Бұлайша айтқанда, бұл
барлық тұрғындардың 91,1 %-ын құрайды [3].
Қарастырылып отырған кезең барысында Атырау облысы халқының
құрылымында басқа да, әртүрлі ұлттардың өкілдері қалыптасты. Олардың бірі айқын
даму бағытын иеленсе, кейбіреулері көші-қон құбылысының қорытындысына сай
жаңадан пайда болып жатты [1-147 бб.].
Қорыта келе, қарастырылып отырған жылдардың аралығында Атырау
облысының
этникалық
құрамындағы
қалыптасқан
оқиға
аймақтың
этнодемографиялық әлеуетін айқындайды.
1989 жылы Атырау облысы халық құрамындағы қазақ халқының үлесі 33,0
пайызға теңелді. Бұл құбылыс өнеркәсіп орындары мен өндіріске қазақ халқының
тартылуымен түсіндіріледі.
Дегенмен, қазақ халқының өсімі қарастырылып отырған жылдары артса да,
орыс халқының санындағы өсім де қалыс қалмады. Орыс тұрғындарының саны
артқанмен, үлес салмақтары мен өсім қарқындары 1989 жылдары біршама
баяулайды.
Сонымен бірге, Атырау облысы халқының саны мен үлес салмағы, өсім
деңгейі бойынша алдыңғы орындардан табылған ұлттың өкілдері – украиндықтар
болды.
Тұтас қазақстандық көрсеткішпен салыстырғанда Атырау облысындағы қазақ
халқының өсімінің арасында көп айырмашылық жоқ. Алайда, облыста орыстар мен
украиндықтардың өсімі жоғары болды. Оның себебі, аймақтағы осы этностар
үлесінің әуел бастан жоғары болуымен байланысты.
1989 жылға таман қазақ халқы басымдыққа ие болып, орыс тұрғындарының
үлесі төмендеді. Орыс тұрғындардың 70-жылдардан бастап үлесі төмендеп, екінші
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
93
~
этнос ретінде халық құрылымындағы орнын өзгертті. 1989 жылы Гурьев облысында
қазақ және орыс тұрғындарының халық құрылымындағы үлесі 52,8 және 22,5
пайыздық үлеске ие болды[6 -68 б.].
Сонымен, қазақ халқы санының өсіп, үлесінің артуына байланысты өзге ұлт
өкілдерінің ұлесі төмендеді.
Халықтың этникалық құрамында қазақ халқы негізі басты халықтың
мәртебесін иеленді. Гурьев облысында қазақ халқының үлесі 50,0 пайыздық
межеден асты.
Достарыңызбен бөлісу: |