Техника, технология и физико-математические науки



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#11032
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

 Атырау облысы – Қазақстанның батыс бөлігін ала Каспий теңізінің солтүстік 
және  солтүстік-шығыс  жағалауы  мен  Жайықтың  сағалық  бойын    қамтиды. 
Сондықтан  да  облыс  атауы  өзінің  географиялық  орнына,  қазақтың  ежелгі  қос  су 
айдындарына  тікелей  байланысты  қалыптасқан,  яғни  Жайық  өзенінің  Каспий 
теңізіне  құятын  атырауынан  туындаған.  Географиялық  тұрғыдан  облыстың 
солтүстік-батыс  жағы  Еуропада,  ал  бүкіл  шығыс  жағы  Азияда,  негізінен  шөлейттік 
аймақта  жатыр.  Жерінің  орналасуына  қарай  батысында  (солтүстік-батысында) 
Ресейдің  Астрахань  облысымен  шектеседі,  солтүстігінде  және  солтүстік-шығысында 
Маңғыстау облыстарына жалғасады.  
Ресейдің,  кейін  Кеңестер  одағының  құрамында  уезд,  округ  болған  бұл  өңір 
Қазақстанның  алғашқы  социалистік  республика  болып  аймақтық-әкімшілік  ішкі 
бөлінуіне байланысты, 1938 жылы облысқа айналып, жеке шаңырақ көтереді. 1868-
1925  жылдары  Орал  облысының  Гурьев  уезі,  1929-1930  жылдары  Гурьев  өңірінің, 
1933-1938  жылдары  қайта  құрылған  Гурьев  өңірінің  орталығы  болды.  Қазіргі  жер 
аумағы  мен  шегі  1973  жылы  Маңғыстау  облысының  жеке  отау  болып  бөлініп 
шығуына  байланысты  қалыптасты.  Гурьев  облысында  1959  жылы  бары  екі  қала 
Гурьев  пен  Форт-Шевченко  болды.  Бұрынғы  ауылдар  Балықшы,  Доссор,  Мақат, 
Индерборға  жаңа  мұнайшылардың  ауылы  Құлсары  қосылды.  Сонау  ХVII  ғасырда 
ежелгі  Атырауға  зорлықпен  таңылған  Гурьев  атауы  еліміздің  егемендікке  қол 
жетуінің  нәтижесінде  1992  жылы  өзгертіліп,  бұрынғы  тарихи  қалыптасқан  атауы 
қайтарылды. 
Облыс  халқы  қалада,  өндіріс  орталықтарында  және  Жайық  өзенінің  екі 
жағалауында  тығыз  орналасқан.  Бұл  аудандарда  ерте  кезден  тұрақты  орналасып, 
табиғат  байлығын  игерумен,  егіншілікпен,  балық  аулаумен  шұғылданған.  Ал 
солтүстік-батыс,  батыс,  солтүстік-шығыстағы  шөл  және  шөлейт  аймақтарда  халық 
негізінен  мал  шаруашылығымен  айналысқан.  Сондықтан  бұл  аймақтарда  халық 
сирек қоныстанған. 
Облыста  халық  санының  өсуі  демографиялық  дамудың  Қазақстан 
Республикасына тән ортақ заңдарымен және үрдістерімен сипатталады. Бұл орайда 
облыста 
өндіргіш 
күштердің 
дамуының, 
қоғамдық 
өмірдің 
алуан 
түрлі 
салаларындағы 
өндірістік 
қарым-қатынастар 
мен 
әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістердің айтарлықтай мәні бар. Халықтың табиғи өсіп-өнуі – еңбек ресурстарын 
толықтыра  түсудің  бірден-бір  қайнар  көзі.  Статистика  деректері  бойынша,  облыста 
бала  туу  деңгейі  мен  халықтың  табиғи  өсуі  соңғы  жылдары  республика  бойынша 
орташа деңгейден анағұрлым артық болып отыр.   
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1 ҚР халқының ұлттық құрамы. Т.1. – Алматы, 2000. – 143 б. 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

94
 ~ 
 

Балыкова 
А.М. 
Батыс 
Қазақстанның 
қала 
халқы: 
әлеуметтік-
демографиялық  аспектісі  (1926-1989  жж.).  Тар.  ғыл.  канд.  ...  диссертация.-  Орал, 
2007. – 146 б. 
3  Тәтімов  М.  Халықнама  немесе  Сан  мен  Сана:  Демографтың  ой 
толғаныстары. – Алматы: Жазушы, 1992. – 152 б 
4 Атырау (история края). – Алматы, 2010. – 65 с. 
5 Атырау: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2000. – 384 б. 
6 Всесоюзная перепись населения 1989 г. – Алма-Ата, 1990. – 178 с. 
 
 
С. Құсниденов  
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНДЕР 
 
     
    В  статье  раскрываются  причины  возникновения  и  распространения 
нетрадиционных религии и пути борьбы с этими негативными явлениями. 
 
         The  article  discusses  the  reasons  of  appearance  and  propagation  the  non-
traditional religion and also to combat this negative scourge. 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  дәстүрлі  діндермен  қатар,  дәстүрлі  емес  діни 
ағымдар,секталар кең тарап келе жатыр. 
      Кеңес  Одағы  тарап,  қоғамның  идеологиясыздануы,  коммунистік  идеологияның 
күйреуі,жаңа діни немесе жалған діни қозғалыстар мен ағымдардың пайда болуына 
әкелді.  Жаңа  діни  қозғалыстар,  әдетте,  әр  түрлі  қоғамдық  бірлестіктердің, 
қауымдастықтардың , қайырымдылық қорларының, университеттердің, ағылшын тілі 
курстарының,  психологиялық  тренингілер  мен  сауықтыру  орталықтарының  атын 
жамылып  әрекет  жасайды.  Олардың  негізінде  жалған  пайғамбарлар  және  жаңа 
шыққан  мессиялардың  діни  білім  беруді  және  оқуды,  жаңа  ақиқат  пен  шындықты 
насихаттайтын,  өзгертетін  немесе  сақтап  қалуға  тырысатын  жалған  ілім  жатыр. 
Олар  өздерінің  іс-әрекетін  бүркемелеп,  алдарына  қойған  шынайы  мақсатын 
жасырады.  Оның  бәрі  айналып  келгенде  еліміздегі  тұрақтылық  пен  бірлікке, 
адамдардың қауіпсіздігіне өздерінің кері әсерін тигізеді. 
       XXI  ғасыр  қоғамның  әлеуметтік  -  экономикалық,  саяси  және  рухани  өмірінде 
үлкен  өзгерістер  енгізді.Бұл  өзгерістер  қоғамның  болашағы  болып  есептелетін 
қоғамнын  ең  белсенді  және  өзгермелі  тобы  жастар  арасында  тез  жүрді.Олар  жаңа 
құндылықтарды,жаңа 
идеалдарды 
игеруге 
тырысты.Бірқатар 
жастар,ондай 
идеалдарды діннен іздеді.Сондықтан  қазіргі кезде дәстүрлі және дәстүрлі емес дінге 
сенушілердің арасында жастардың көптеп кездесуі тегін емес. 
        Сондықтан,қазіргі  дәстүрлі  емес  діндер  әлі  санасы  беркіп  қалыптаспаған, 
өздері  белсенді,сөзге  ергіш,біреудің  айтқанына  тез  сенетін  жастарға  арқа  сүйеуі 
тегін емес. 
        Қазақстанда  тараған  дәстүрлі  емес  діндердің    қатарына:  «Саентология 
Шіркеуі»,  «Иегованың  куәлары»,  «Бахайлар  сенімі»,  «Кришнаиттер»,  «Жетінші 
күннің адвентистері», «Христос шіркеуі», «Бірігу шіркеуі», «Брахма Кумарис», «Алля 
- Аят», «Ахмад жамағаты», «Грейс» т.б. жатады.  

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

95
 ~ 
 
        Құрылғаннан  бері  көп  қудалауға,  сынауға  ұшырап  келе  жатқан,  әлемдік 
деңгейдегі,дәстүрлі  емес  діндердің  бірі  -  «Саентология  Шіркеуі».  Оның  негізін 
салушы –Рон Хаббард. Оның ілімінің дінмен ешқандай байланысы жоқ, шындығында 
дүдәмал  сипаттағы  бизнес  құрылым,  оның  ұйымы  АҚШ-ның  барлау  ұйымымен 
тікелей байланысты, оның негізгі мақсаты-пайда табу. Кезінде бұл шіркеудің  негізін 
құрған Хаббардыны, АҚШ-да көптеген қаржылық шатақтары үшін,сотталып кетуден 
тек  өлім  ғана  құтқарды.  Бұл  ұйым  өзін  «Шіркеу»  деп  атаса  да,дінге  ешқандай 
қатысы  жоқ.  Себебі  олардың  көрсететін  барлық  қызметі  тегін  емес,ақшаға 
негізделген.  Жиі  қудалауға  ұшырап,  заң  органдарының  алдында  жауапталып 
отыратын,бұл  ұйым  атын  да  жиі  өзгертіп  отырады:  «Нарконон»,  «Хаббарданың 
гуманитарлық орталығы», «Дианетика», «Рубикон», «Перфомия» т.б. 
      Мамандардың бағалаулары бойынша «Саентология Шіркеуі» өткен ғасырдың 90-
жылдарынан  бастап  АҚШ-ның  Орталық  Барлау  Басқармасының  бақылауымен  
жұмыс  жасайды.  «Шіркеу»  барлау  ұйымдарына  шпиондық  материал  жинайды, 
екіншілері-олардың  кең,  ашық  жұмыс  жасауына  көмектеседі.  Саентологтар  өз 
жұмыстарын ақылы семинарлар, білім көтеру курстары арқылы жүргізді. 
      Қазақстанда  бұл  ұйым  Алматы,  Қарағанды,  Павлодар,  Семей,  Теміртауда 
жұмыстарын  кең  таратқан.  Әсіресе,  өз  жұмыстарын  бизнес-құрылым  мен  ұлттық 
компаниялардың арасында жолға қоюға ұмтылады. Қазақстанның ірі қалаларындағы 
саентологтардың бизнес-семинарлары оның ұлттық қауіпсіздігіне ірткі салады. Шын 
мәнінде мемлекететтің тағдырына әсер ететін, қаржылы, экономикалық және саяси 
қоғамның  белсенді  тобын,  психикасын  өзгертіп,  өздеріне  тарту  жұмыстарын 
жүргізуде  [1].  Қазақстанда  тараған  дәстүрлі  емес  діни  ағымдар  мен  секталар 
адамдардың  белгілі  бір  тобымен  жұмыс  жасауға  тырысады.  Мысалы,  «Иегованың 
куәлары»-орта,үлкен    жастағыларымен  жұмыс  жасаса,  «Христос  Шіркеуі»-
техникалық    оқу  орындарындағы  оқушылармен,  «Бірлік  Шіркеуі»-гуманитарлық 
бағыттағы  студенттермен,  «Брахма  кумарис»-жалғыз    басты  әйелдермен  жұмыс 
істеуге бағытталған.  
       Дәстүрлі емес діндердің дәстүрлі әлемдік діндерден айырмашылығы бір құдайға 
сиыну қасиеттері жоқ. Олардың незізгі мақсаты- пайда табу. Осы мақсаттырын іске 
асыру  үшін,  олар  адамның  санасын  өзгертуге,  оларды  жанұядан,  мектептен,  оқу 
орнынан,  жұмыстан  айыруға  тырысады.  Көп  жағдайда  осының  бәрі  адамның  
тығырыққа тіреліп, өзін-өзі өлтіруіне дейін  алып келеді.   
       Қазақстандағы  кең  тараған  дәстүрлі  емес  діндердің  бірі-«Грейс»шіркеуі.  Өзінің 
қатарына адамдарды көптеп тарту үшін, бұл ұйыиның әрбір жаңа мүшесіне, өзімен 
бірге оған жаңадан 12 адамды мүше етіп әкелу міндеттелген. 
       Алматыдағы  осы  ұйымның  конференциясында  Греистік  уағыздаушы  У.Экман 
былай  деген  еді:  «Мен  бұл  елге  ояну  әкелемін.  Сенушілер  барлық  территориядан  
қала-қаладан,  село-селодан  көптеп  шұбыра  бастайды.  Бұл  басып  алу  болады,  бұл 
қараңғылық  күштерімен  күрес  болады»  [2].  Шет  елдерден  (АҚШ,  Корея)  келген 
қаржының  көмегімен,  олар  Қазақстан  жерінде,  діни  саутасыз  адамдармен  өз 
қатарларын көбейтуге тырысуда.  
       Қазіргі Қазақстандағы көп тараған дәстүрлі емес діндердің бірі-ваххабизм. Оның 
негізін  салушы-араб  теологы,  ислам  реформаторы  Шейх  Мухаммед  Ибн  Абу-ул-
Ваххаб  (1703-1792).  Оның  негізгі  идеясы-«таза  ислам  үшін»  күрес.  Ваххабистік 
идеялогияның негізі - бір құдайға сену. Алла - дүниенің жаратушысы, тек соған ғана 
сену керек. Пайғамбарларға, періштелерге т.б сену, исламға енгізілген жаңалықтар. 
Ол дұрыс емес. Сондықтан, исламға енгізілген жаңалықтардан арылып, бір құдайға 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

96
 ~ 
 
сенетін, «таза исламды» қалпына келтіру керек,құранның қағидаларына негізделген 
мемлекет құру керек. 
       Бұл  ағымның  негізгі  көздеген  мақсаты-христиан,  буддизм,  индуизм,  иудаизм 
сияқты  әлемдік    және  ұлттық  діндерге  қарсы  күрес  емес,  исламның  өз  ішіндегі, 
ваххабистерден  басқа,  ағымдармен  секталарға  қарсы  күресу,  өздерінен  басқасын, 
мұсылман емес деп жариялау. 
       Ваххаб  ілімі  кейбір  араб  тайпаларының  шейхтарының,  оның  ішінде,  Ас–Сауд 
тайпасында үлкен қолдау тапты. Сөйтіп, бұл ілім, Араб мемлекеттерін  біріктіріп, Ас-
Саудтықтардың билігін орнатуға, кейін оның мемлекеттік идеялогиясына айналуына 
әсер  етті.  Ваххабизмге  діндегі  фанатизм  ғана  тән  емес,  өздерінің  қарсыластарына 
қарсы  іс  жүзіндегі  саяси  экстемизм  де  тән.  Олар  барлық  сүнниттерді  дінсіздер 
(кәпірлер) деп жариялап, оларға қарсы күрес жүргізді. 
       Ваххаб  кезінен  басталған  осы  дін,  Сауд  Арабиясында  кең  тарап,  ол  әлемдік 
ваххабистік қозғалыстың орталығына  айналды. Сауд Арабиясының дүниежүзінің ірі 
банкілеріне  салынған  мұнайдан  түскен    долларлары,  қазіргі  кезде  бұл  қозғалысты 
қаржыландырады. 
       Қазіргі  кезде  ваххабистік  идеялогияның  бір  көрінісі–джихадты  уағыздау,  яғни 
нағыз  исламдық  емес  күштерге    «қасиетті  соғыс»  жариялау.  Діни  джихадтық 
қозғалыстың  негізін  салушылар:  Иорданияның    шейхы  Муххамад  аль  Максиди, 
Иемендік-Анвар  аль  Авлаки,  египеттік  -  «Аль  Каиданың»  басшысы  Айман    Аз-
Завахири т.б болып саналады. 
      Қазіргі кезде осы адамдардың ілімдері негізінде дүниежүзінің бірқатар елдерінде 
джихдтық  террористік  ұйымдар  құрылып,  бандалық  құрылымдар  қалыптасып, 
джихадтық  жарылыстар  жасап,  бейбіт  адамдардың  қандарын  төгуде.  Тек  соңғы 
кездерде  ондай  жағдайлар  Москва  аэровокзалында,  Минск  митрополитенінде, 
Ақтөбенің  ҰҚК  департаментінің  үйінде,  Атырауда,  Таразда  т.б  жерлерде  болды. 
Джихадтың  Қазақстан  территориясына  жетуі,  билік  басындағылар  мен  қауіпсіздік 
қорғау  органдарының  алдында,  үлкен  міндеттер  қояды.  Қазақстанды  ұлтаралық, 
дінаралық  келісім  мен  тұрақтылық  орнаған    ел  деп,  тоқмейілсуге,  қырағылықты 
әлсіретуге  болмайтындығын  көрсетеді.  Ақтөбе  қаласында  осы  жылдың  17 
мамырында  25  жастағы  Рахымжан  Махатов,  ҰҚК  департаментінің  үйінде  өзін-өзі 
жарды.  Бомбаның  жарылысының  нәтижесінде  өзі  өліп,  3  адам  жараланды.  Ресми 
хабарға  қарағанда, ол  өткендегі  жасаған  қылмыстан  жалтару  үшін ол  өзін  жарған. 
Бірақ  джихад  болғаны  шындық,  бұл  қатты  ойландыратын  іс.  Атырауда  сондай 
әрекеттерден 1 адам өліп, 30 адам тұтқындалды.  
     Қазақстанға  джихадтық  Ресей  Федерациясы,негізінен  Солтүстік  Кавказ,арқылы 
таратылуда.  Посткеңестікте,  оның  ішінде  Қазақстанда  да,  джихадизмді  таратушы 
2010  жылы  ресей  арнаулы  органдарының  өлтірген,дін  уағыздаушысы,  Саид 
Буряцкий  болды.  Ол  лекцияларымен  Қазақстанда,  оның  ішінде  Ақтөбеде,  болды. 
Сондықтан, Қазақстандағы алғашқы джихадтықтың Ақтөбеде болуы тегін емес [3]. 
    БАҚ хабарларынан Кавказда  Қазақстан азаматтарының өлімі немесе қылмыстық 
істері  үшін  ұсталғандығы,оның  ішінде  негізінен  Ақтөбе  облысынан  екендігі,жиі 
айтылып  жүр.  Ақтөбедегі  жарылыс,  Шұбаршыдағы  полиция  қызметкерлерін  ату, 
джихадтықтың,  көбінесе,  құқық  қорғау  органдарына  қарсы  бағытталғандығын 
көрсетеді. 
        Қазіргі  дәстүрлі  емес  діндердің  ең  басты  қауіптілігі-олардың  экстремистік, 
террористік сипатында  
        Экстремизм  латынша  «шеттеу»,  яғни  орталықтан  ауытқу,  қандай  да  бір 
белгіленген  шектен  тыс  кету  деген  мағынаны  білдіреді.  Ол  саяси  және  діни 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

97
 ~ 
 
экстремизм  деп  бөлінеді.  Қазіргі  дәстүрлі  емес  діндердегі  экстремизм–діни 
ұрандармен бүркемеленген, саяси мақсаттарды көздеген. 
      Діни  экстремизм–ол  адамдар  арсында  ірткі  салуға,  олардың  арасында 
өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға т.б келеңсіз жағдайларға жол 
ашады. Қазір соның салдарынан зардап шегіп жатқан мемлекеттер жеткілікті. Қазіргі 
діндер өздерінің экстремистік мақсаттарына террористік жолдармен жетуді көздейді. 
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында терроризм адамзатқа қауіп төндіруші 
құбылысқа айналды, оның халықаралық, жаһандық сипаты бар. Ол  қандай әдіспен 
болмасын,  агрессиямен,  қаталдықпен,  күш  көрсетумен,  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарды жоққа шығарумен байланысты.  
       Қазіргі  кезде  әлемнің  әр  түрлі  елдерінде  150 –ден  астам  террористік  ұйымдар 
жұмыс жасайды.[4] 
       Терроризм  проблемасынан  Орталық  –  Азия(оның  ішіне  Қазақстан  да  кіреді) 
аймағы  құр  қалған  жоқ.  Ондай  террористік  ұйымдарға  жататындар:  «Исламское 
движение Узбекистана», «Хизбут – Тахрир аль-Ислами», «Братья – мусульмане», « 
Комитет мусульман Азии», «Центр исламского развития». 
       Бұл  ұйымдардың  террористік  іс-қимылдары  халықаралық  наркобизнеспен 
тікелей  байланысты,  оған  Афганистанмен  территориялық  жақындығы  да  әсерін 
тигізуде. Осы ұйымдардың тікелей қатысымен 1995ж.16ақпанда Ташкент қаласында 
автомобильге  салынған  5  бомбыдан  20  адам  өліп,  120  адам  жараланды.  Сол 
жылдың  тамыз  айында  Тәжікстан  территоиясынан  Қырғызстан  территориясы 
арқылы  400  жуық  содырлар  Өзбекстан  территориясына  өткісі  келді.  1996  ж.28  – 
наурыз  –  1  сәуір  аралығында  Ташкент  қаласы  мен  Өзбекстан  Республикасының 
Бұхар  обылысының  Қаһарман  селосында  бірнеше  жарылыс  болып,  соның 
салдарынан 47 адам өлген.  
        2006 ж. Қазақстаннның ҰҚК органдары біздегі «Хизб – ут –Тахрир» ұйымының 
зиянкестік  жұмыстарын  әшкерелеп,  25000  астам  листовкаларды,  700  жуық  діни  – 
экстемистік әдебиеттерді, компьютерлерді, баспа құралдарын тәркіледі [5]. 
        Қорыта  айтқанда,  қазіргі  кезде  Қазақстанда  кең  тарап  отырған  дәстүрлі  емес  
діндер,  дәстүрлі  діндердің  әртүрлі  ағымдары,  секталарының  жұмыстары  қоғамды 
іштей ыдыратуға, қоғамдағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен тұрақтылықты бұзуға 
бағытталған  әрекет  істейді.  Бұл  әрекеттерінде  олар  Қазақстандағы  діни  сенім 
бостандығы  туралы  заңды  пайдаланады.  Қазақстанда  бұл  заң  бүкіл  посткеңестік 
елдерімен  салыстырғанда  ең  либерльды,  ымырашыл  болып  табылады.  Сондықтан 
«Діни  сенім  бостандығы  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заңға  өзгерістер  енгізіп, 
еліміздің  тұтастығына,  бірлігіне,  қауіпсіздігіне  нұсқан  келтіретін  діни  ұйымдарға 
қарсы  қатаң  күрес  жүргізілуі  керек.  Бұл  жұмыстың  жақсаруына  жақында 
қабылданған  діни  бірлестіктер  туралы  Заңға  енгізілген  өзгерістер  оң  нәтижесін 
береді деп күтеміз.  
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1. Прикаспийская Коммуна, 28 сентября, 2010. 
2. Прикаспийская Коммуна,12 марта, 2011. 
3. Прикаспийская Коммуна,12 мая, 2009. 
4. Ақ Жайық,28 июля, 2011. 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

98
 ~ 
 
 
А.Т. Садықова 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қаласы 
 
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ  
 
 
В  статье  дается  анализ  произведениям  О.Бокей.  Мастер  художественного 
слова  О.Бокей  –  певец  родной  земли.  Его  герои  знакомые  ему  люди  –  земляки, 
односельчане,  родные.  Поэтому  он  искренен  в  своих  чувствах,  его  рассказы  и 
повести – это жизнь простых людей, их проблемы. 
 
The analysis of O.Bokey`s  works is given in the article. Elocutionist O.Bokey – is the 
singer of native land. His characters are familiar to him people – country-men, home-folk, 
relatives. Therefore he is sincere in expressing his feelings, his stories are life of ordinary 
people with their problems. 
 
 
Қазақтың 
көрнекті 
жазушысы 
Оралхан 
Бөкей-әдебиетке 
өзіндік 
қолтаңбасымен,  стиль,  мінезімен  келген  қаламгер.  Ол,  негізінен,  проза  және 
драматургия  жанрларында  еңбектенді,  шығармашылық  ізденістерінің  басты 
арналары осы төңіректен табылады. 
 
О.Бөкей  1970  жылдары  жарық  көрген  «Қамшыгер»  (1971),  «Үркер»  (1973) 
«Қайдасың  қасқа  құлыным»  жинақтарымен  оқырманды  елең  еткізіп,  әдеби  сын 
назарын  аударды.  Шығармалар  өзегіндегі  романтикалық  дүниетаным,  авторлық 
философия мен иедология кесек мінезді характерлердің тосын, тегеурінді де батыл 
әрекеттері  арқылы  бейнеленеді.  Жазушы  кейіпкерлер  психологиясына  терең 
бойлайды.  Талантты  жазылған  шығармалар  қаламгер  талабының  биіктігінен  хабар 
берсе,  өнімді  жазу,  әр  жыл  сайын  жаңа  дүниелер  жариялау  оның  еңбекқорлығын 
көрсетеді.  Алуан  түрлі  сыни  пікірлерге,  мақалаларға  қарамай  өз  ізденістерін 
жалғастыру  қайсарлығы  мен  табандылығын  байқатса,  шеберлігін  үздіксіз  ұштап 
жаңа биіктерге көтерілу таланттылығын көрсетті. 
 
Қаламгер  шығармашылығындағы  негізгі  тақырып  –  табиғат,  адам  мен 
табиғат  арасындағы  жанды  байланысты  сезінуші  –  адам.  Адам  жаратылысы  мен 
табиғатты  аяусыз,  ойсыз  бүлдіріп  жатқан  ойсыздар  мен  қаныпезерлер  тіршілігінің 
сұрқиялығын,  сорлылығын  О.Бөкейдің  әр  шығармасынан  көруге  болады.  Қаламгер 
көбіне  астарлай  жазады,  кейде  оқырманмен  сыр  айтысып,  ағынан  жарылатын 
кездері де аз емес. «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Өз отыңды өшірме», «Үркер 
ауып барады», «Кербұғы», «Өліара», «Атау-кере» т.б. шығармаларында тұспалдай, 
жұмбақтай, астарлай жазудың, суреттеудің түрлі тәсілдері бар. 
 
Қаламгердің  ойға,  философияға  құрылған  романдарында  интеллектуалды 
прозаның  белгілері  мол.  Оның  суреткерлік  ойшылдығы  қаламгер  жан-дүниесінің 
арпалыстарынан да хабар беріп жатады. 
 
Қазақ  романы  дамуының  1960-1980  жылдардағы  үлкен  ерекшелігі  – 
ағымдағы  заман  тақырыбына  шұғыл  ойысқандығы.  Сан  жағынан  да,  сапа  жағынан 
да  өсіп нығайған жетекші  жанрдың негізгі  күштері ат  басын тарихи кешегіден  енді 
өздері өмір сүріп отырған кезеңнің зәрулі проблемаларына қарай бұрды. 
 
Оралхан Бөкей - әлемдік әдебиеттің тың толқынының қатарында «ішкі» және 
«сыртқы»  тақырыптарды  терең  меңгеріп,  адам  санасының  табиғатпен  екі  арадағы 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

99
 ~ 
 
«қос  жарылуын»  қазақ  сөз  өнеріне  алып  келген  жазушы.  Оның  туындыларының 
бойынан реализм, натурализм, символизм бағыттарының ұшқындары байқалады. 
 
Жазушының  алғашқы  шығармаларының  бірі  –  «Мұзтау»  повесінен  (1974) 
бастап соңғы кездері жарық көрген «Атау-кере» повесіне (1989) дейінгі аралықтағы 
шығармаларының  кейіпкерлері  -  «орманда»  адасқан  жандар  немесе  сол  «орман» 
қиындығын  жеңгісі  келіп,  жол  іздеген  пенделер.  Жазушы  адамдар  арасындағы 
теңсіздіктің себебін, олардың бір-бірімен қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы 
тіршілік философиясын өзі де түсініп және өзгеге де түсіндіргісі келеді. 
 
Жазушының  «Құм  мінезі»  повесінде  осы  айтылған  жіктің  бірінші  тобына 
жататын  Барханның  тағдыры  суреттеледі.  Автор  Бархан  сияқты  өз  ісіне  адал, 
шаруасын  тиянақты  атқаратын,  атақ-құрметке,  алдамшы  бақытқа  ұмтылмайтын 
адамдарды  бейнелей  отырып,  олар  тіпті,  өзінің  басқалардан  айырмашылығы  неде 
екенін түсінбейді және ол туралы ойланбайды деген емеурін білдіреді. 
 
Бархан – жұртқа байқалмайтын қарапайым адам. Бірақ, құм арасында оның 
өз әлемі бар, ол соның бір бөлшегі. Бархан өзі қолымен жасаған «кіші әлем» - «құм 
боранның»  нәтижесінде  ғана  жанданып  сала  береді.  Жазушы  табиғатты 
«долдандыру»  арқылы  Барханның  рухани  сілкінуін  ғана  көрсетіп  қоймайды,  оның 
санасын оятады. 
 
Жазушы  «Апамның  астауы»  әңгімесінде  әйел  баласын  қазақ  елінің  қасиеті 
ретінде  көрсете  білген.  Ол 
қазақтың 
этникалық, 
этнографиялық, 
тіпті, 
археологиялық  байлығының  негізін  әйел  бейнесімен  байланыстырады.  Әрбір 
абзацты  «Апам  менің...»  деп  бастаған  автор  апасының  әрбір  ісін  сағына  еске  ала 
отырып, «Ия, адам өмірі де сол жарық астау сияқты қаңсып қалады екен-ау ...» деп 
өмір  жайлы  философиялық  түйін  жасайды.  Әңгіменің  өн  бойында  «Апам  менің...» 
деген тіркес бес рет қайталанады. Осы қайталау негізінде автор сыр шертеді. Оның 
«Апам менің...» деген әрбір сөзінде анаға деген сағыныш қана емес, сол аналармен 
бірге  ұлттық  салт-дәстүріміздің  келмес  сапарға  аттануын  көрсетер  ауыр  күрсініс 
байқалады.  Жастардың  санасына  ескі  әдет-ғұрыпқа  шошына  қарауды  сіңірген 
зымиян саясат алдындағы автордың жан айқайы – «Апам менің...» деген жоқтаудан 
көрінгендей. «Хан көтеріп, пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп, өлтіріп алдық; егер 
ол  ортамызда  жүрген  шағында  ардақтап,  әр  сөз,  әр  ісін  жоқ  дегенде  үйреніп 
үлгірсек  -  өлмегені  ғой,  өлтірмегеніміз  ғой,  ал  біз  тірі  кезінде-ақ  өлтіріп  аламыз»  - 
деген  монологтің  өзі-ақ  әңгіменің  идеясын  ашады.  Автор  адам  өмірі  де  қаңсыған 
астау  секілді  қаңсып  қалады  екен-ау  деген  түйін  жасайды.  Бұл  әңгімеден  қазақ 
еліндегі  өлімге  қатысты  жөн-жоралғыларды  көрсек,  ескінің  көзіндей  болған  ұлттық 
қолөнердің  ұмытылып  бара  жатқанына,  оған  қызығушы  жастардың  табылмауына 
кезігеміз. Бұл - өмір шындығы. 
 
Оралхан  Бөкей  –  жаратылыс  пен  адам  арасындағы  сабақтастық  жұмбағын 
іздеуші  философ.  Ол  тоталитарлық  жүйенің  темір  құрсауын  романтикалық  сөз 
қуатымен  ғана  үзіп  кетуге  мүмкіндік  барын  ерте  бағамдады.  Мысалы,  оның 
«Терісаққан»  әңгімесінде  қоғамға  деген  ішкі  наразылығы  астарлы  оймен,  көркем 
суреттермен, символикалық бейнелеулермен шегіне жеткізіле айтылады. 
 
«Терісаққан»  әңгімесі  сырт  қарағанда табиғат көрінісі  туралы  болып көрінуі 
де  мүмкін.  «Терісаққан»  -  кеңес  дәуіріндегі  қазақ  халқының  «трагедиялық  хал-
күйін»  көрсететін  әңгіме.  Мұнда  ешқандай  кейіпкер  де,  тартыс  та  жоқ.    Тек 
авторлық  ойдың  шегінісі  арқылы  қазақтың  өткен  тарихына  шолу  жасалып,  замана 
сыры  ашылады.  Автор  халық  өміріндегі  трагедиялық  жайларға  бей-жай  қарай 
алмай,  табиғат  пен  адамды  біртұтас  бірлікте  суреттеп,  өзенге  жан,  толқындарына 
тіл  бітіреді.  Оны  алапат  дүлейге  де,  тасыған  қуанышқа  да  теңейді.  «Ия,  көктем 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

100
 ~ 
 
туды...  Ағарыс  тасыды...  Қызық  тасыды...  Бұрынғыша  құбылаға  құламай,  баба 
арнасын  талақ  тастап,  жаңа  жол  жаңа  бағытта,  жаңа  арна  жасап  ақты,  не  ғажап, 
жер өсті ме, әлде бір тылсым құдіретті күш бұрып жіберді ме, ешкімнің миы жетіп, 
байыбына  бара  алмады.  Бірақ,  осы  өңірдің  елі  осы  көктемнен  бастап  Ағарысты 
«Терісаққан» атады, - дейді жазушы. 
 
Өзен қай кезде теріс ағушы еді? Әрине, өзен дүние теңселіп, бұрынғы өрі – 
еңіске, еңісі - өрге айналғанда ғана теріс ағуы мүмкін... заман түбірімен өзгергенде 
ғана  Ағарыс  жаңа  жол,  жаңа  бағытта,  жаңа  арна  жасап  ағары  сөзсіз...  Жазушы 
«Терісаққан»  әңгімесінде  осыны  меңзесе  керек.  Бұл  жердегі  Ағарыстың  монологы-
күйінген  қазақтың  жан  сырының  символы.  Ал,  теріс  аққан  өзен  –  қазақтың 
болашағы  үшін  ұлы  бір  өзгеріс,  төңкерісті  қажет  еткен,  соны  жан-тәнімен  тілеген 
жазушының  өз  ойы,  тіпті  жүрегінде  оты  бар  әр  қазақ  баласының  ішкі  сырының 
символы деуге де болады. 
 
Оралхан  Бөкей  кейіпкерлерінің  бірден  бір  басты  ерекшелігі  –  олар 
арманшыл,  қиялшыл  болумен  бірге  ойшыл,  мұңшыл,  жан  дүниелерінде  сағынышқа 
толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақ сыр жатады. 
 
Оралхан  Бөкейдің  әлемі  –  ащы-тұщысы  аралас,  шынайы  өмір  дүниесі,  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  заман  шындығы,  замандастарының  жан  дүниесінің 
әлемі. Жазушы өзі жетік білетін ортаны суреттейді. Адам өмірі, қоғам жайлы айтар 
философиялық  ойлары  аз  емес.  Шығармаларында  өмір  болмысының  сан  қырын, 
қыртыс қатпарын тереңнен ашып, замандастар сырын бедерлейді. 
 
Бүгінгі  әңгімемізге  арқау  болып  отырған  жазушының  «Қайдасың,  қасқа 
құлыным?»  повесінде  (1973  ж)  кейіпкердің:  «...бүгінгі  ұрпаққа  тарихтың  жықпыл-
жықпылында жатқан, тарихтың қойнау-қойнауында өз қолымызбен тығып жіберген 
асылдарымызды көрсетуге бола ма, жоқ па? Міне, бізді шаршатып жүрген осы жай... 
Айтпай қалған таңдар қаншама?» -деп толғанатыны бар. Бұл-кейіпкер аузына салып 
отырған жазушының өз толғанысы. Өз мұңы. 
 
Тағы  да  аталмыш  повесть  кейіпкерінің  сөзін  ой  елегінен  өткізіп  көрейікші: 
«Дүниедегі ең жаман нәрсе – жүрегіңді жаралау. Жастай жаралау. Жүрегін жастай 
жаралаған  адамның  оңғанын  көргенім  жоқ.  Бір  бітеу  жара  сыздап,  еңсеңді  басады 
да жүреді. Біз балалықты тым ерте жоғалттық. Ал қазіргі жас сол балалықтан арыла 
алмай дал». Бұл да жазушының жан сыры, шын сөзі. 
 
Жазушының  аталмыш  повесіндегі  Таңатардың  жұмбақ  өлімі,  сарқынды  шал 
трагедиясы көп жайды аңғартады. Таудың қуысында ешкімге араласпай, жұмбақты 
өмір  кешіп  жатқан  Сарқынды  шал  неге  қобызын  жылатып,  қайғылы  күй  тартады? 
Оған  неге  Алтай  күрсінеді?  Әулиекөл  неге  тебіренеді?  Сарқынды  шал  неге 
азалынады?  Жаңа  туған  қасқа  қара  құлынды  қызғаныштан  шыдай  алмай:  «Менің 
бабамның  жылқысынан  қалған  тұяқ,  сондықтан  менің  де  малым»  деп  сары 
кездігімен алқымынан орып жібереді. Содан кейін боз бие құлындамай бедеу қалды. 
Неге?  Автор  нені  меңзеп  отыр?  Сарқынды  шалдың  кектенуінің  себебі  кеңес  үкіметі 
жер  қайысқан  қалың  жылқысын  тігерге  тұяқ  қалдырмай,  зорлықпен  тартып  алды. 
Қазақтың  азып-тозуы  басталды.  Жетесіз  ұрпақ  өсті.  Ол  сол  кезеңнің шындығы  еді. 
Халқының  басындағы  трагедияларды  осылай  ишарамен,  символикамен,  меңзеумен 
жеткізген  жазушының  «Қайдасың,  қасқа  құлыным!»  деп  тынымсыз,  мәңгі  өлмес 
арман-мақсатының қара қасқа құлынын аңсап іздеуі тегіннен-тегін емес. Повесть екі 
адамның  ішкі  монологынан  тұрады.  Шығармадағы  бүкіл  оқиға  желісі  осы  екі 
адамның,  әке  мен  баланың  ішкі  ойы-монологы  арқылы  өрбиді.  Негізгі  әңгімелеуші 
бала – Орал, кейде бүкіл билікті қолына алған әкесі – Бөкешке де кеңшілік жасап, 
ішкі  монологына  да  ерік  беріп  қояды. Жас  бала  – Оралдың  ойы көбіне туған жері, 

Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы 
 № 2 (25), 2012 

101
 ~ 
 
әкесі  туралы  толғамдардан  тұрса,  әкесі  көбіне  өз  өмірін,  жастық  шағын  еске  ала 
отырады. 
Шығарманың  идеялық  қазығы,  автордың  діттеген  мақсаты  –  адамгершілік, 
әділеттілік  секілді  мәңгілік  мұраттар  мен  күн  тәртібінен  түспейтін  тақырыптар  – 
адамның ішкі дүниесіне бойлап, одан адамгершілік, ізгілік іздерін іздеу ХХ ғасырдың 
60-70  жылдарындағы  әдеби  процестін  басты  бағыты  болды.  Осы  бағыттың  басты 
шығармалары  О.Бөкей  туындылары  еді.  Халқының  тағдырына  жаны  ауыратын 
қаламгердің  –  елінің,  жерінің  болашағын  ойлайтын,  ел-жұртының  салт-дәстүрін 
қастерлейтін,  тілін  сүйетін,  ата-бабалар  өсиетіне  адал  жаңа  ұрпақты  армандап, 
аңсауы  да  адамның  ішкі  әлемімен  астасып,  керемет  дүниелерді  ұлттық 
әдебиетіміздің төріне шығарды. 
 
 Сыршыл  да  сұңғыла  суреткер  заман  ағымын,  уақыт  тынысын  бажайлап 
байқап, дөп басып, дәл тауып бейнелей білді. 
 
Автор  шығармаларындағы  уақытқа  байланысты  адам  бойындағы  әр  түрлі 
моральдық,  психологиялық,  әлеуметтік  өзгерістер,  бүтіндей  жаңартулар  бірінші 
кезекке қойылады. 
 
Автор туындылары өмір мен өзі өмір сүрген қоғамның қыр-сырын меңгеруде 
философиялық,  көркемдік  тұрғыда  өрнектеуге  де  терең  мағыналы  дүниелер  еді. 
Жазушының  сұңғыла  суреткерлігі  шығармаларының  әр  тынысынан  көрініп  отырды. 
Өйткені  ол  табиғат  пен  адам  жанын  ақындық  көзбен  жіті  тінтіп,  екінің  бірі  байқай 
бермейтін  тылсым  құпияларды  өрнектеді.  Жазушының  әсемдік  әлемінің  сыры  да 
осында.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Оралхан  Бөкейдің  шығармашылық  әлемі  тұтас  бір  – 
Фонемен. 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1. Ж.Дадебаев. Қазіргі қазақ әдебиеті. А; Қазақ университеті, 2002. 
2. О.Бөкей. Таңдамалы шығармалары. А; Жалын, 1990. А; Жазушы, 1996. 
3. О.Бөкей. Естеліктер, эсселер, мақалалар. Алматы; Өнер, 2000. 
4. О.Бөкей. Өнерге өлердей ғашық едім. Алматы; Санат, 1995. 
5. Ұлылардан қалған сөз. Қазақ әдебиеті. 1989, 28.ХІІ. 
6. Ө.Көзбеков. «Бөкей прозасының поэтикасы». Алматы, 1998.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет