Ескерту: педагогикалық ситуацияларға берілетін жауаптар толық әрі дәлелді болуы үшін көрсетілген әдебиеттерді оқып және мектеп тәжірибесімен байланыстырып талдауы керек
Ескерту: педагогикалық ситуацияларға берілетін жауаптар толық әрі дәлелді болуы үшін көрсетілген әдебиеттерді оқып және мектеп тәжірибесімен байланыстырып талдауы керек.
Ескерту: педагогикалық ситуацияларға берілетін жауаптар толық әрі дәлелді болуы үшін көрсетілген әдебиеттерді оқып және мектеп тәжірибесімен байланыстырып талдауы керек.
Менің сүйікті ұстазым”; «Көркем әдебиеттегі мұғалім бейнесі».«Менің алғашқы ұстазым»,«Мұғалім мәртебелі мамандық па?», «Мектебім және ұстазым». «Ізгі жанды ұстаз» деген тақырыптарының біреуіне шығарма жаз.
/ Жазушы С.Сарғасқаевтың ,, Ұстаз ,, романынан үзінді /
/ Жазушы С.Сарғасқаевтың ,, Ұстаз ,, романынан үзінді /
- Күлзағира орнынан ұшып тұрды да: ,,Мен қателесіппін. Сәуле тәтей кешіріңіз, -демесі бар ма. Несін жасырайын, жүйке-жүйкем босап кетті. Шыдай алмадым. Қасына жетіп барып, қолаң шашын сипап тұрып: , «Оқасы жоқ.Ол қателік
енді қайталанбаса болғаны,- дедім. Бұл кішкентай болса да Күлзағира үшін де, мен үшін де жеңіс еді.
Міне,тамаша – деп, Мәдина алақанын шарт еткізді.Біз кейде балаға кешірім сұрата алмай жалынып жатамыз, ал мұнда өзі сұраған.
Оған таң қалатын дәнеңе жоқ,- дедім мен жайбарақат.
- Жарайды,- деді Әсия. - Бала кешірім сұраса, ол орынды да. Өз басым бар ғой, мұғалім оқушыдан кешірім сұрады дегенге иланғым келмейді.
- Неге?- деді Береке Әсияға қадала қарап.
- Мұғалім адам емес пе. Ол да қателеседі Ол қатесін мойындаса не сөкеттігі бар?
- Сонда да... – деді Әсия басын шайқап.
- Тұра тұр,- деді Береке. - Әңгіме басталған екен, аяқтауымыз керек. Сен, Әсия, өз қатесін оқушылар алдында мойындаған Шотбекті кінәлап отырған секілдісің.