«Технология» пәнінен 5-9 сыныптарға арналған электронды тест жинағы


- сынып «Тамақ әзірлеу технологисы»



бет11/12
Дата28.10.2022
өлшемі264 Kb.
#46053
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
tect tehnolog

9 - сынып «Тамақ әзірлеу технологисы»


1. Ет өнімдерінің адам тамақтануындағы негізгі көзі не болып табылады?
а) майлар;
э) белок;
б) минералдық тұздар;
в) дәрумендер.
2. Тағам (астық) куатын күшейтетін - бұл
а) майлар;
э) белок;
б) минералдық түздар;
в) дәрумендер.
3. Жас еттің сыртқы түрі қандай болады?
а) көкшіл тартқан, қызыл-қоңыр түсті;
э) қабығы ашық қызғылт түсті, дымқыл.
4. Қоғамдық тамақтану мекемелерінде етті алғашқы өндеуден өткізу үшін қандай пышақтар қолданылады?
а) қарапайым;
э) арнайы.
5. Еттен тағамдар дайындау үшін жылумен өндеудің неше түрі бар?
а) 6;
э) 8;
б) 5.
б. Бифштекс, антрекот қуырғаннан бұрын ұнға аунатады ма?
а) ия;
ә) жоқ.
7. Шницель, ромштекс жаншылған етті қуырудан бұрын ұнға ауната ма?
а) жоқ;
э) иә.
8. Қазақтың ұлттық тағамы - бұл...
а) мәнті; б) қуырдақ;
э) кәуап; в) палау.
9. Қазақтың ұлттық тағамы - бүл...
а) щи;
ә) кеспе;
б) борщ;
в) тұшпара.
10. Қазактың ұлттық тағамы - бұл...
а) жент;
ә) чак-чак;
б) қытырлақ.
11. Шикі еттің (14-8° С) сақталу тәртібі
а) 12 сағат;
э) З6 сағат;
б) 48 сағат.
12. Бисквит қамырының негізгі компоненті:
а) ұн;
э) қант ұнтағы;
б) жұмыртқа.
ІЗ. Кәрі малдың пісу уақыты
а) 1,5-2-сағат;
э) 2,5-3 сағат;
б) 1-1,5 сағат.
«Тігін бұйымдарын модельдеу»

14. Бір-бірімен косылған бөлшек дегеніміз не?


а) серіппелі пластинкасы;
ә) шөлмек;
б) тетік.
15. ПМЗ - 1А класс тігін машинасы неше бөлшектен тұрады?
а) 27;
ә) 36;
б) 33.
16. Бұйымның жиектерін торлайтын тігін машинасы
а) ПМЗ 51А классы;
ә) 97 класы;
б) ПМЗ 1А класы.
17. Өндірістік кәсіпорындарда киімнің тігілуіне қарай тігін машиналарының неше негізгі түрі бар?
а) 3;
ә) 2;
6) 4.
18. Стильдің негізгі неше түрі бар?
а) 5;
ө) 4; 6) 3.
19. Осы заманғы сән киімдерінде неше бағыт бар?
а) 1;
э) 2;
6) 3.
2О. Өткенге бағытталған сән бағыты бұл -
а) ретроспективалы;
э) перспективалы.
21. Болашаққа бағытталған сән бағыты бұл -
а) перспективалы;
э) ретроспективалы.
22. Киімнің әр бөлшек мөлшерінің арақатьнасы, бұл –
а) сән;
э) силуэт;
б) пропорция.
23. Силуэттің неше түрі бар?
а) 5;
э) 7;
6) 6.
24. Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
а) классикалык;
э) фольклорлық;
б) романтикалық.
25. Келісті, іскерлі, элегантгы өзгермейтін стиль
а) спорттық;
ә) классикалық;
б) романтикалық.
26. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін стиль
а) фольклорлык;
э) классикалық;
б) романтикалық.
27. Өте ыңғайлы стиль
а) классикалық;
ә) спорттық;
б) романтикалық.
28. Костюмдегі көлденең орналаскан сызықтар қандай адамдарға жарасадьг?
а) толықша;
э) арықша;
б) орташа.
29. «Сәнгер» деген кім?
а) модельер;
э) дизайнер;
б) стилист.
30. «Сәнші» деген кім?
а) визажист;
э) стилист;
б) модель.
31. Өз размерін анықтау үшін кандай өлшем алынады?
а) Мой Жо;
ә) Бжо;
6) Кжо I;
в) Кжо II.
32. «Бурда» журналынан шалбар тандап, қандай өлшеммен размері анықталады?
а) Мжо;
э) Мой Жо;
б) Бжо;
в) Кжо I.
33. «Бурда» журналынан туниканы таңдап, кандай өлшеммен размер аныкталады?
а) Кжо I;
ә) Кжо II;
б) Бжо;
в) Мжо.
34. Тігіншілік ісін жаңа бастап жатқан адам «Бурда» журналының неше «нүктесімен» жұмыс жасайды?
а).
ә)...
б)....
35. Шеберлігі бар тігінші неше «нүктесімен» жұмыс жасайды?
а)..
ә)....
б).
36. «Бурда» журналының неше сызба нұсқау картасы бар?
а) 2;
э) 3;
б) 4.
37. «Бурда» журналындағы сызбаларды не арқылы түсіруге болады?
а) ватман;
э) калька;
б) газет.
38. «Бурда» журналындағы модельдің пішу үлгілерін матаға түсірген кезде нені ескеру керек?
а) қосымша шамаларын;
э) өлшем шамасын;
б) ұзындык шамасын.
39. «Бурда» журналында бағыттауыш (Т) нені керсетеді?
а) негізгі жіптің орналасуын;
ә) аркаулық жіптің орналасуын;
б) матаның жиегін.
40. Қоғамдық өндірістің қандай салалары киімдерді тігумен айналысады?
а) дүкендер;
ә) ателье;
б) шеберхана.
41. Қоғамдық өндірістің кандай салалары киімдерді өткізумен айналысады?
а) дүкен-ателье;
э) шеберхана;
б) сауда үйлері.
42. Тауарлар мен қызмет көрсету рыногында өткізуді, тауардың өндірушіден тұтынушыға жылжуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметті зерттеу және ұйымдастыру, бұл -
а) маркетинг;
ә) менеджмент.
43. Кәсіпорынды басқару жүйесі, өндірістік қызмет процесінде адам қатынастары теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым
а) менеджмент;
ә) маркетинг.
44. Маркетинг мәселелерімен кәсіби айналысатын маман
а) менеджер;
ә) маркетолог.
45. Басқа қызметкерлерге басшылық жасайтын адам, басқарушы
а) маркетолог;
ә) менеджер.
46. Қоғамның әрекет етуі мен дамуына қажет материалдық игіліктерді кұру процесі
а) сауда; э) өндіріс.
47. Өнім өндіріп, қызмет көрсететін адам
а) тұтынушы;
э) өндіруші;
б) сатушы.
48. Өндірістің жеке облысы, біртекті өнімді шығаратын кәсіпорын
а) сала;
ә) сауда;
б) тауар.
49. Мамандықты саналы тандап алу дегеніміз не?
а) қоғамдық қажеттіктерінің моральдық принциптерімен үйлестіре білуі;
э) тіршілік барысында кәсіби білім мен іскерліктің тура келуі.
5О. Кәсіби жарамдылық дегеніміз не?
а) мамандықтың жеке адамға қоятын талаптары;
э) адамдармен оның қызметінің, кәсібінің өзара үйлесімділігі. .
51. Кәсіби жарамдылық неше дәрежеге бөлінеді?
а) 2 дәрежеге;
ә) 4 дәрежеге.
52. Мамандық тандаудағы дербестік дегеніміз не?
а) барынша тәуелсіздік, өзіндік инициатива білдіру;
ә) өз ықыласын, икемділігінің, қабілеттілігінің мамандыққа үйлесімділігі.
53. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қатынастары туралы ғылым
а) валеология;
э) технология;
б) экология.
54. Айналадағы ортаның тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш
а) валеологиялық фактор;
э) экологиялық фактор;
б) технологиялық фактор.
55. Жұмысшының кысқаша мәліметі
а) резюме;
э) кепілдеме;
б) анықтама.
56. Еңбегі үшін акшалай сыйақы
а) еңбек бағасы; э) жалакы.
57. Жалақының негізгі неше түрі бар?
а) 2;
ә) 3.
58. Адамның өз тәуелділігімен іске асыратын және пайда алуға бағытталған тауарлар мен қызмет көрсету жөніндегі ынталы дербес кызмет
а) мемлекеттік қызмет;
э) кәсіпкерлік қызмет.
59. Коммерциялықфирманы ұйымдастыратын және оның жұмысын пайда алу үмітімен басқаратын адам
а) кәсіпкер;
ә) маркетолог;
б) менеджер.
60. Адамға ең қажетті қасиет
а) сыпайылық;
з) парасаттылық;
б) мәдениеттілік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет