Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру жағдайында МШБ-дың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері



бет34/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру жағдайында МШБ-дың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Критериалды бағалау – бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен әзірленген, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (білім алушыларға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-ана мен басқа да заңды өкілдеріне) алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқушылардың оқу танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеу аясын, жүйелі рефлексияға оқушыны бейімдеу арқылы ғылыми ақпараттың ағынында өз бетінше жұмыс істеуін және бағыт бағдарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайларды және мүмкіндіктерді жасау мақсатын анықтайды.
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:

  • өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған;

  • перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:

  • баланың денсаулығын және дене күшін қолдау:

  • бала өмірінің денсаулықсақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;

  • балалардың зерде дамуын қолдау:

  • әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;

  • баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;

  • баланың жанұясын қолдау:

  • жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет