Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің АҚШ-да қолданылатын модельдерін сипаттаңыз



бет76/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің АҚШ-да қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

Әлемдік педагогикалық тәжірибеде бірнеше жылдар бойы МШБ-ға интеграциялы білім беру қарқынды дамып, оны жүзеге асырудың модельдері қолданылуда. АҚШ ғалымдары мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің түрлі модельдерін әзірледі. Оның ішінде кең қолданысқа ие болғандары «Мainstreaming» және «Widening participation».
Мainstreaming – мүкіндігі шектеулі балаларды құрдастарымен байланысын кеңейту үшін, өмір сүруге ынталандырып, сонымен қатар дені сау балаларда толеранттылықты дамыту мақсатында жалпы білім беретін әдеттегі топтарға қосу бағдарламасы. Бұл МШБ мен жалпы білім беру ұйымдарында оқитын дені сау балаларға ортақ ұйымдастырылған іс-шараларға бірге қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Widening participation – МШБ-ң алдымен түзету мектептерінде арнайы білім алып, кейін кезең-кезеңімен жалпы мектептерге ауыстыруды қарастыратын интеграциялы білім берудің формасы.
Бүгінгі таңда АҚШ-та түзету мектептері мүлде жоқ. Барлық МШБ жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Жалпы мектептерде оларға қосымша қызмет көрсететін арнайы жүйе «student support center (SSC)» – оқушыны қолдау орталығы жұмыс жасайды. Әр МШБ орталықта күніне 15 минуттан – 2 сағатқа дейін уақыт өткізе алады. Онда әр балаға бекітілген «тьютор» маманы қызмет көрсетеді. Тьютор балаларға мұғалім тапсырмаларын орындауға және білімін жетілдіруде қолдау көрсетеді.



  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Данияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

Данияда барлық балалар он жылдық білім алуға құқылы, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар. Бастауыш мектепте және кіші орта мектепте ерекше көмек немесе қолдауды қажет ететін балалар Білім министрлігінен аптасына кемінде тоғыз сағат қолдау ала алады. Білім министрлігі арнайы біліммен қамтамасыз етеді, екі тілді оқушыларға дат тілінде оқытуды қолдайды және мүгедектігі бар оқушыларға арнайы білім беру, практикалық қолдау, көмекші құралдар мен тасымалдау шығындарын өтейді.
Мүмкіндігінше ерекше қажеттіліктері бар балалар қарапайым мектептерде оқиды. Мұғалімдер барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға білікті болуы керек, өйткені балалардың он пайызға жуығы қандай да бір арнайы білімді қажет етеді. Кейбір мектептер ерекше қажеттіліктері бар білім беруге маманданған. Ерекше қажеттіліктері бар балалар стандартты білімге қатысуды толықтыратын немесе алмастыратын білім ала алады; немесе оларды дислексия, интеллектуалды ауытқулар, есту проблемалары, көру қабілетінің нашарлауы және т.б. арналған арнайы сыныптарда оқытуға болады. Психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға арнайы сабақтар өткізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет