Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


МШБ-ға білім берудің Норвегияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз



бет77/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

МШБ-ға білім берудің Норвегияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

Норвегия елінде мектептерде «бейімделген оқыту» стратегиясы жүргізіледі. Бала білім беру мекемесінің жағдайына икемделмейді, керісінше мектеп баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бейімделеді. Соған байланысты мұғаліммен бірлесіп әр оқушы бір апталық мектеп жұмысы мен үй жұмысының жеке жоспарын құрады. Мектеп мұғалімдерінің әрқайсысы түрлі диагноздағы МШБ-ды оқытуға білікті. Мектептің техникалық базасы МШБ-ң қажеттіліктерін толық қамтиды, педагогтардың басты міндеттері оқыту бағдарламасын әр оқушының ерекшелігіне және даму деңгейіне қарай бейімдеу болып табылады.



  1. МШБ-ға білім берудің Финляндияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

Инклюзивті білім беру заң жүйесінде кеңінен қаралған дамыған елдердің бірі Финляндия. Бұл елдің заң жүйесінде МШБ-ң кәсіби білім алуы мен қайта даярлануына аса мән береді. Мұнда «араласуға жауап» қағидасы бойынша (RTI Response to Intervention) оқушыларды қолдаудың үш түрі: жалпы, күшейтілген және арнайы түрлері қарастырылған. Мектепте МШБ-ға оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі формалары бар: кіші топтық сабақтар, арнайы педагог және пән мұғалімімен жеке сабақтар және ұжымдық сабақтар. Финляндия елінің инклюзивті білім беру тұжырымдамасына сәйкес: Сыныпта мұғаліммен қоса асситент және дефектолог жұмыс жасайды; МШБ-ды оқытуда туындаған мәселені шешуге бүкіл мектеп ұжымы қатысады; тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға көмекші, есту қабілеті бұзылған оқушыларға сурдоаудармашы көмегі қарастырылған.



  1. МШБ-ға білім берудің Нидерландыда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

Нидерландыда МШБ-ға білім беру үшін арнайы мектептер мен толық инклюзивті мектептер арасындағы алшақтық артып келеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар қарапайым сыныптарда оқитын көптеген жалпы білім беретін мектептер және мектеп ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер бар. Кейбір жалпы білім беретін мектептер белгілі бір жұмыс тобына маманданған, ал кейбір жалпы білім беретін мектептер арнайы мектептермен қарқынды жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет