Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі ата-аналармен жұмыс түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз



бет90/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі ата-аналармен жұмыс түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз

Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:

  • ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;

  • эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;

  • әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;

  • ата-аналармен жұмыс;

  • баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;

  • ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;

  • ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;

  • ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.

Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.



  1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу нәтижелерін бағалаудың негізі мен маңыздылығын талдаңыз.

Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсіл. Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін әр түрлі сапалық және сандық бағалау түрлері, құралдары, әдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асырылады. Ол тек оқудың соңғы оқу нәтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу және оқыту үдерісімен толықтай және үздіксіз бірге жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз бай-ланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады. Тұжырымдап айтқанда, бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Сондықтан бағалау оқу бағдарламасы, мақсаты, оқу мазмұны және әдістемелерімен тығыз байланысты болуы керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет