Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні 1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде 8


Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде



бет3/10
Дата19.04.2023
өлшемі241 Kb.
#84615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде

Мектептегі тәрбие тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асады, бұл – педагогтар мен балалардың оларды өзіндік дамуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатындағы қарым-қатынас.


Оқу пәндерін оқытумен қатар тәрбие жүйесі маңыздылығын сезінгенде ғана ОТП (оқу тәрбие процесі) сәтті жүзеге асыру мүмкін болады.
Тәрбие жүйесі – бұл ересектер мен балалардың бірлескен өмірлік әрекетін олардың мейлінше толығырақ өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеті.
Мектептің тәрбие жүйесінің мазмұны, әдісі және технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады.
Мектеп өзі тұжырымдамасына сай тәрбиеләк және дидактикалық кіші жүйелер бір-біріне әсер ете, толықтыра немесе жол бере отырып өзара қаым-қатынас жасап, өзіндік педагогикалық жүйе құрайды.
«Тәрбие жүйесі – негізгі тәрбие компаненттерінің (субьектілер, мақсат, мазмұны және әрекеттің тәсілдері) өзара байланыстылығы жағдайында қызмет ететін және ұжымның өмір сүруі, оның психологиялық климаты сияқты интерактивтік мінездемеге ие болатын тұтас әлеуметтік организм (ағза)» (Л.И.Новикова) [7].

Тәрбие жұмысының жүйесі келесі компоненттерден тұрады



Оқыту үрдісіндегі тәрбие

Мектеп ұжымындағы қарым-қатынас стилі, ырғағы, моральдық-психологиялық климат

Сабақтан тыс (оқудан тыс) әрекет

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы

Ата-аналармен, қоғаммен жұмыс

Мектептен тыс тәрбие

1.2 Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны

Қазіргі уақытта педагогиканың феноменды үлкен мамандар тобы зерттеуде, атап айтсақ В.А.Караковский, Л.И.Новиков, Н.А.Саливанов, Е.И.Соколов. Зерттеушілер феноменнің пайда болуын педагогикалық жүйенің объективтік себептерімен түсіндіреді. “Қазіргі үдемелі ауыспалы уақытта интеграция және дифференция бір жақты өзара үздіксіз байланысқан екі ұғым пайда болуда. Қорытындылай келе әртүрлі қарама-қайшылықтар туындайды. Сол уақытта әртүрлі жүйелер түрі, жалпы құбылыстар, интегралды біртұтас процесстер, әрекет, жекеленген құбылыстар бірыңғай білім ыдырайды. Біржақтылық бұл өзіне тән және педагогикалық ақиқаттан және қазіргі адам дамуынан, сол сияқты жеке тұлғадан және жеке адам үлгісінен, ықпалдан қалыптасқан. Олар мақсатқа бағытталған тәрбие, сол сияқты әлеуметтік стихиялық (апаттық) процесстер сияқты қалыптасады.
Тәрбие жүйесі – педагогикалық ақиқаттық жартылай бөлігі болып көрсетіледі және педагогикалық жүйеге қатысты. Тәрбие жүйесінің теориялық модельі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар [8].
Тәрбие жүйесінің тапсырмасы барлық тәрбиелік қозғалысты біртұтас педагогикалық процесінде интегралдау, нақты әлеуметтік-педагогикалық талапты жүзеге асыру мақсатында қамтамасыз ету және тәрбие тапсырмасы. Тәрбие жүйесінің осылармен басты байланыстағы міндеті: интегралдау (келісілмеген тәрбиелік ықпалға қосылуға әкелу), басқару немесе реттеу (тәрбиелік процессті жөнге салу, оларды басқару), жетілдіру (тәрбие жүйесінің қозғалысын қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі қолайлығын көрсету, біртіндеп дамуын толық жетілдіру) болып табылады.
Тәрбие жүйесі белгілермен қатар жалпы басқа да әлеуметтік жүйелерде басқарады. Ол өзіне тән мақсаттылық, тұтастық, құрылымдық, қозғалыстық, ортадағы әрекеттестік және жүйенің өте жоғары және өте төменгі тәртібімен әрекет етеді. Тәрбие жүйесі өткен шақ, осы шақ, келер шаққа ие. Тәрбие жүйесінің өзгеше нышаны педагогикалық жүйенің көрсетілуі сияқты ол да мақсат сапасымен, өзіндік объективтік және субъективтік қызметтерін дамудағы жеке адаммен, жұмыс істеу тәсілінің сапасы – педагогикалық іс-әрекетпен байланысады (қосылады).
Тәрбие жұмысының нақты білім беру мекемесі иерархиялық тәрбие жүйесінде өзіндік орын алады: мемлекеттік тән, жергілікті, аймақтық және белгілі тәрбие жұмысының мекемесі. Оның ерекше белгілері, яғни тәрбие жағдайына нақты әсерін тигізетін: оқушылар бөлімі, дәстүрлі, ортаның ерекшелігі, педагогикалқ ұжымның мүмкіндігі, басшының шығысқа қызығушылығы [9].
Тәрбие жұмысының нақты белгісі ашықтығы, қоршаған ортамен байланысы. Қоршаған орта тәрбие жұмысының үшін үлкен бөлім – бұл оқушылар отбасы, әлеуметтік мөлтек ауданның ортасы, өндірістік кәсіпорын, мәдени мекемелер және т.б тәрбие жұмысы қоршаған орта мынадай сапаларды талап етеді: бейімділік және қоршаған ортада қабілеттілікті сезіну, тұрақтандыру (қоршаған ортаға деген салыстырмалы тұрақтылық). Бірақ қоршаған ортамен байланыс бір нақты емес.
Тәрбие жұмысы кері байланысқа ие бола отырып оған өзінің әсерін тигізеді. Тәрбие жұмысының қоршаған ортаны педагогика белгісімен өзгертіп, оны тәрбиелеп, өзінің бір құрама бөлігі етеді. Тәрбие жүйесі қайтадан пайда болады, әбден жетіле алады, жаңарады, ескіреді, жойыла да алады, бірақ ол өзіндік жүйелілігіне жоймайды.
В.А.Карковский, А.М. Новиков, Н.A.Селиванов оның жүйелілік мінездемелерін басты тәрбиенің табысты талаптарына бөледі. Бұнымен тәрбиеден адамгершілік тәрбиесі жүйесінің пайда болудағы – ең тиімді және сенімді жолдары, принципі дәлелденеді.
Жетпісінші жылдардың соңына қарай жүйелілік идеялары тәрбие теориясына ене бастады. Бұл салада Ф.Ф. Королевтің /1970, 1974/ еңбектері әдіснамалық роль атқарады, ғалымның дәлелдеуі бойынша жүйелілік әдіс педагогикалық ойлау процесінің қайта құру құралы ретінде қарастырылады. Мектеп тәрбие мақсатын мемлекеттік тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Жалпы мақсат жүйенінің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады. Іс-әрекет компоненті - бұл анықталған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал субъектілері - осы жүйенің іс-әрекетіне қатысушылар, яғнм оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар.
Мектептің тәрбие жүйесін “бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы” деп қарастыруға болады: мақсаттық бағыт, жүйе түзуші әрекет, ұйымдастырушылық құрылым, жүйеге енген орта немесе жүйе меңгерген орта (В.А.Караковский).
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі -адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру. Өнегелі тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыру [10].
Тәрбие жүйесін құруда ең алдымен мақсатты белгілеу ісінің маңызы зор.
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбие жүйелерінің мақсаттары:
  • біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
  • оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;


1.3 Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары

Тәрбие жүйесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие жүйесі талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие жүйесі мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:


Мақсаттық талап тәрбие жүйесінің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;
- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқық-тары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан- жақты іс-әрекет ұйымдастыру;
- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру [11].
Келесі құрылым тәрбие жүйесінің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым тәрбие жүйесі бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:
- қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі;
- білімнің сенімділігі;
- сезім қалыптастыру;
- іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.
Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін анықтауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін бірліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді:
а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсат-тарын қамтитын процесті жоспарлау;
б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік); рухани (эмоционалды -сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
в) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;
г) жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.
Тәрбие жүйесі кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогика-лық әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:
- жалпы нормалар және талаптармен танысу;
- қарым-қатынас қалыптастыру;
- көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;
- тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі - нормалық қалыптағы тұрақты мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті тәрбие жүйесінің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие жүйесі жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған. Тәрбие жүйесі педагогикалық ақиқаттық жартылай бөлігі болып көрсетіледі және педагогикалық жүйеге қатысты. Тәрбие жүйесінің теориялық модельі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар. Сондықтан да тәрбие жүйесі - бұл педагогикалық күрделі жүйе, әрі әлеуметтік психологиялық мінездемені керек етеді.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады.
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның ''базалық мәдениеті'' келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады.
Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті, өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтымайтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.
Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті тәрбие жүйесінің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие жүйесі жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идея-ларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды ''тәрбиелеуге'' міндеттеме керек. Егер тәрбие-леушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады [12].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет