Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні 1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде 8


Мектеп тәрбие жүйесінің даму сатылары



бет5/10
Дата19.04.2023
өлшемі241 Kb.
#84615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мектеп тәрбие жүйесінің даму сатылары





Құру


Жүйені қолдану


Соңғы көркемдеу





Мақсатты анықтау.

Басты бағыттарды құрау.

Ұжымдық бағалықтарды жобалау.


Жүйелік құрылушы іс-әрекетті бекіту.

Нәтижелі технологияларды өңдеу.


Үлкендер мен балалардың татулығы. Ортадағы оқушының тұлғалық көңілі, назары, басқарушының тәуелсіздік қарым-қатынас стилі





Сатылардың басты мақсаттары





Жаңа педагогикалық ойлауды табу. ұжымда мұғалімдердің бірпікірлігін құру





Оқушылар ұжымын, өзін-өзі басқару ұжымын, ұжымдық дәстүрлерді дамыту


Балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы

2.1 Мектептің тәрбие жүйесі тұжырымдамасының жобасы

Құрылымы:



  1. Тәрбие жұмысының бастапқы жағдайы

    1. Білім беру мекемесінің негізгі параметрлері

    2. Білім беру мекемесінің және оны қоршаған ортаның тәрбиелік қарымы

    3. Оқушыларды тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінің тіршілігіндегі жетістіктер мен проблемалар

  2. Маңызды жетістіктер:

  • оқу орнының бәсекелестік қабілеті біршама артты, жоғары оқу орнына түскен мектеп бітірушілер саны көбейді;

  • оқушы тұлғасының дамуына педагогикалық әсер ету үрдісі нәтижелірек болды;

  • тартымды әрі өзіндік қайталанбас әлпетте жеке тұлғалық ерекшелік («мектеп көркі») қалыптаса бастады.

Дегенмен тәрбие үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуының бәрі бірдей педагог, оқушыларды және ата-аналарды қанағаттандыра бермейді.
Диагностикалық әрекет пен ұжымдық талқылау үрдісінде тәрбие жұмысы мен мектеп қауымдастығы әрекетіндегі кемшіліктер мен проблемалар да анықталды:

  • ізгілікке бағытталған оқушы тұлғасының қалыптасуы жеткілікті жоғары деңгейде емес;

  • оқушының көп бөлігінің педагогтармен қарым-қатынаста қанағаттанбауы.

Моделі жасалып отырған тәрбие жүйесінің кілт сөздері мыналар болып табылады:

  • Тұлға индивидтердің қасиеттерінің тұрақтанған жиынтығы түрінде көрінетін және адамның әлеуметтік мінін мінездейтін, әрқашан өзгеріп отыратын жүйелі сапа;

  • Өздігінен өзектелген тұлға – адам белсенді әрі сезінген түрде өзімен өзі болуға ұмтылуды жүзеге асыратын, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін мейлінше толық ашады;

  • Мен – тұжырымдамасы – адамның өзі туралы сезінген және өзі басынан кешкен түсініктерінің жүйесі, ол осының негізінде өзінің өмірлік әрекеттерін басқа адамдармен қарым-қатынасын, өзіне және қоршаған ортаға көзқарасын құрады;

  • Таңдау – адамның немесе топтың өз белсенділігін көрсету үшін бірнеше жиынтықтан мейлінше өзіне ұнамды нұсқасын таңдап алу мүмкіндігін жүзеге асыру;

  • Жүйелі келу – әрекетте таным обьектісі немесе басқару жүйе түрінде қарастырылатын әдіснамалық бағдар;

  • Тәрбие жүйесі - компоненттердің тәртіптенген тұтас жиынтығы, білім беру мекемесінде немесе оның құрылымдық бөлімшелерінде оқушы тұлғасының дамуына бір мақсатта және нәтижелі әсер ету қабілеттерінің болуымен анықталатын бірлескен қарым-қатынастар мен бірігулер [14].
Мектептің тәрбие жүйесі оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс өмірін, әртүрлі әрекеттерін және мектептен тыс қарым-қатынастарын, әлеуметтік, табиғи, пәндік-эстетикалық ортаның әсерін кіріктірген педагогикаық үрдісті толығымен қамтиды және ол толассыз кеңейіп отыратын тәрбие кеңістігі.
Тәрбие жүйесінің келесі құрылымы бар:
- мақсат – оны жүзеге асыру үшін туындайтын идеялар жиынтығы.
- оны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әрекет;
- оны ұйымдастыратын және оған қатысатын субъектілердің әрекеті;
- әрекетте және қатынаста туындайтын субъектілерді бір ортаға
біріктіретін қарым-қатынас;
- компоненттерді тұтас жүйеге біріктіруді және осы жүйенің дамуын
қамтамасыз ететін басқару.
Тәрбие жүйесінің мақсаты мектепте бала тұлғасының дамуына кезеңдермен жағдай жасау
  • өзін-өзі тану;
  • өзін-өзі анықтау;
  • өзін-өзі жүзеге асыру;
  • өзін-өзі реттеу, түзету.
Мектеп баланың әр жас ерекшелігі кезеңдерінде бес негізгі өмір сүру өрісінде міндеттің бәрін шешуге көмек көрсету қажет.
1 Таным өрісі (оқу, ақпарат, білім);
2 Практикалық әрекет өрісі (еңбек әрекеті, біліктілік, дағды);
3 Ойын өрісі (ойын белсенділігі, шығармашылық және табиғи мүмкіндіктерді қабілеттерді жүзеге асыру);
4 Дене дамуының өрісі (дене мүмкіндіктерін жүзеге асыру);
5 Қарым-қатынас өрісі (өзін, адамды тану, олармен бірлесе әрекет ету).
Сөйтіп, мектепте тұлғаның дамуына жағдай жасау – мектепте бұл балаға негізгі өмір сүру өрісінде, әр жас ерекшелігі кезеңінде міндеттерін сәтті атқаруға көмектесетін қарым-қатынас жүйесін құру үрдісі.
Мектептің тәрбие жүйесін құру принциптері:
  • табиғи және мәдени түсінік;
  • гуманизм (ізгілендіру);
  • тұлғаға бағытталған білім;
  • ынтымақтастық педагогикасы;
  • білімнің тұрақтылығы, беріктігі және нәтижелілігі;
  • жүйелілік.
Табиғатты түсіну принципі – білімнің табиғи және әлеуметтік үрдістерді ғылыми тұрғыдан түсінуге негізделу керектігін; адамды табиғаттың бөлінбейтін бөлшегі ретінде дамытудың жалпы заңдарымен келісу керектігін; оның бойында келешектегі ноосфера эволюциясына, тұтастай өз-өзіне де жауапкершілігін дамыту керектігін көздейді.
Табиғатты түсіну принципі білім мазмұны мен формасының, педагогтар мен тәрбиеленушілер өзара қарым-қатынасқа түскенде белгілі жыныстық және жас ерекшелігін даралау қажеттілігін есепке алуды талап етеді. Бұл принцип табиғат пен тұтасымен биосферамен қатынаста, табиғатты қорғай білуде ойлауда және мінез-құлыққа белгілі бір этикалық ұстанымға табынушылықты көздейді [15].
Мәдениетті түсіну принципі. Білім беру балаға наұқты ұлттық мәдениеттің құндылықтары мен нормаларына қол жеткізу арқылы әлемдік мәдениетке есік ашатын болуы керек (мәдени жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделу керек). Бұл принцип адамды қоғамның, этностың, тұтасымен өркениет мәдениетінің әртүрлі құндылықтарына: тұрмыстық, дене мәдениетіне, өндірістік, рухани, діни, зияткерлі, саяси, адамгершілік, материалдық, коммерциялық - араластырып қосуды талап етеді. Бұл принцип қоршаған әлеуметтік ортаның тұрақты, “тепе-теңдігін” талап етеді (яғни қоғамдағы өзгеріс динамикасын есепке алу)
Білімді (ізгілендіру) принципі. Білім жүйесін ОТП ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған білімді жүзеге асыру және білім мазмұнын ізгілендіруді жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесін “адамзаттандыру” көздейді.
Баланың жеке қызығушылығын өзектендіру және қанағаттандыру балалардың барлық жалпы мәдени қарымын өзектендірумен бір кешенде болуы керек.
Тұлғаға бағытталған білім оқуды оқушы тұлғасына мейлінше жақындата түсуге мүмкіндік береді, рухани-ізгілік құныдылықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Ынтымақтастық педагогика тәрбие үрдісін ересектер мен балалардың білім беру үрдісінде барлық субъектілердің өздігінен дамуы үшін жағымды жағдай туғызу мақсатында бірлесе әрекет етуі (ынтымақтасуы) ретінде түсіну.
Оқыту мен тәрбиелеуде білімді әр оқушының оңтайлы тәсілмен, ырғақпен және мөлшермен, мазмұнын таңдаумен, тәрбиенің әдістері және формаларымен игеруіне жағдай жасауды, тәрбие үрдісінде балалар мен ересектердің (ата-аналар мен оқушылардың) (өзіндік) көзқарасын есепке алуды көздейді.
Кіріктіру принципі білім мазмұнын реформалаудың негізі ретін қарастырылады және ол тек пәндердің арасындағы үйлесімсіздікті жеңуді ғана көздеп қоймайды (тұлғаны ғылыми біліммен қаруландыратын, әрекеттердің тәсілдерімен қаруландыратын, әлемді көркем образды қабылдауға мүмкіндік беретін, қоршаған орта шындығын тұтас қабылдай алуды қалыптастыратын), сонымен қатар олардң арасында мәнді өзара байланысты тудырады.
Жүйелілік принципі. Бұл принцип тек барлық элементтері байланысып қоймай, өзара тығыз байланыста болатын жеке дара жүйе деп қарастырып қана қоймай, көбінесе оның қызмет етуіне әсер етуші басқа жүйенің бөлігі деп қарастыруды талап етеді.
Тек мектептің өмір сүруін ұйымдастыруға жүйелі түрде келу арқылы ғана әрқайсысы өз-өзінен жүйе болып табылатын, бірақ басқа жүйелермен қарым-қатынастан тыс тіршілік ете алмайтын тәрбиеленуші тұлғасын тұтастай тұрғызуды қамтамасыз ету мүмкін. Бұл принцип жүйенің те бір элементімен өзара әрекеттесу мүмкін еместігін, өзара әрекеттесу әрқашан кешенді болатынын және барлық жүйеге ықпал ететінін дәлелдейді.
Мектептің ішкі даму беталысын, мүмкіндігін және оның қоғамдағы алар ролі жайл түсініктерге талдау жасай отырып, бірегей тәрбиелеуші ұжым өз мақсатын мектептің тәрбие жүйесін танымдық жүйе құрушы әрекетпен даму және қызмет ету арқылы көп қырлы тұлға дамытуға жағдай жасауды қамтамасыз етуден көреді.
Мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндетерді шешу қажет.
1 Келешекте бірегей тәрбиелік ұжым мен мектепішілік гуманистік қарым-қатынасты нығайту және дамыту;
2 Жүйе құрайтын әрекеттердің тәсілі мен әдістерін, формаларын жетілдіру және кеңейту;
3 Тәриеленушілердің сабақтан тыс әрекетін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру;
4 Ұйымдастырудың технологиясы мен бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді ОТП нәтижесінде бағалау өлшемдерін келшекте әрі қарай әзірлеу және жетілдіру.
Қазіргі заман талабына сай мектеп баланың бүгін дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін және он болашақ өмірге дайындайтын, ең алдымен оқушылардың мүмкіндігіне сай келетін және оның тұлғасының әрі қарай дамуын және білімін жалғастыру мүмкіндігін, сонымен қатар өзіндік білімін көтеру жолымен де қамтамасыз ететін әлеуметтік-психологиялық тұңғиық ретінде қызмет етуі керек [16].
Педагогикада білімділік деңгейіне құндылықтарға бағытталған, коммуникативті және меңгерген әлеуметтік тәжірибесіне сүйене алатын, өзгеріске бейім, танымдық міндеттерді шешуге қабілеттілігімен сипаттаатын тұлғаның сапасы артады.
Әлемдік мектеп практикасында тұлға шешуге қабілетті міндеттермен ерекшеленетін зияткерлік даму деңгейлері деп те атауға болатын, негізгі білімділік деңгейі жайлы айтылады
  • сауаттылық;
  • ақпараттанушылық;
  • қызметтік сауаттылық;
  • құзырлық.
Сонымен, қазіргі қоғамда мектеп тәрбиеленушілердің зияткерлік, ізгілікті және дене бітімнің дамуына кепіл болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет