Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні 1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде 8



бет2/10
Дата19.04.2023
өлшемі241 Kb.
#84615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеу тақырыбының мақсаты - мектептегі тәрбие жүйесінің моделін жасау.
Зерттеу нысаны - мектептің тәрбие үрдісін анықтау.
Зерттеу пәні - тәрбие жүйесінің үлгісін зерттеу.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:

  • Мектептегі тәрбие мақсатын анықтау;

  • Тәрбие жүйесінің құрлымы мен міндеттерін анықтау;

  • Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтарынан құрылады.

Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, екі қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні

Тәрбие жүйесі - бұл мектептегі оқушыларды тәрбиелеу ортасы. Зерттеуші В.А.Караковскийдің анықтауынша тәрбие жүйесі дегеніміз мектептегі өзін-өзі ұйымдастыруда жүзег асатын, өзіндік қызмет ететін және даму логикасы бар, әлуметтік тұтас ағза.


Л.И. Новикова тәрбие жүйесі - бұ өзара байланыс жағдайында қызмет ететін тәрбиенің негізг құрауыштарынан тұратын және ұжым өмірінің келбеті, психологиялық ахуалы ретінде кіріктірілген сипаттарға ие әлеуемттік ағза.
Ал қазақстандық зерттеуші Б.И.Иманбекованың анықтауынша тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуемттік шындық құрауыштарының жиынтығы. Мектепте екі жүйесі жұмыс жасайды: дидактикалық жүйе және оқу-тәрбие жүйе.
Тәрбие жүйесінің құрауыштары:
- мақсат - иедеялар;
- іс-әрекет;
- субъектілер;
- қарым-қатынас;
- игерілген орта;
- басқару [4].
Тәрбие жүйесінің құрауыштарындағы мақсат - бұл мектептің тәрбие процесінің болашақтағы нәтижесі туралы ой-болжамы. Мектеп тәрбие мақсатын мемлекеттік тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Жалпы мақсат жүйенінің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады. Іс-әрекет компоненті - бұл анықталған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал субъектілері - осы жүйенің іс-әрекетіне қатысушылар, яғнм оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар. Қарым-қатынас - ол жүйе ішіндегі субъеектілер арасындағы байланыс орнату құралы болып табылады. Игерілген орта - ол тәрбие жүйесінің өз іс-әрекетін іске асыратын ортасы.
Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі қызметтері:
- кіріктіруші - тәрбие ықпалдардың бірлігін қамтамасыз етеді;
- реттеуші - бұл тәрбие жүйесін басқаруға бағытталған қызмет;
- дамытушы - бұл тәрбие жүйесін үнемі динамикада, яғни даму үстінде болуын қамтамасыз ететін қызмет.
- қорғау;
- түзету;
- компенсациялау.
Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі - оқушылар мен мұғалімдер ұжымы.
Мектептің тәрбие жүйесін құру үшін не керек?
1) тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпаладарының кіріктірілуі, педагогикалық процестің құрауыштарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
2) мектеп ұжымы игерген әлеуемттік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпалдың ауқымын кеңейту;
3) тұлғаны тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін, уақытын үнемедеу;
4) тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата-ана тұлғасы өзін-өзі іске асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызу, оны модельдеу.

Мектептің тәрбие жүйесі - бұл туындайтын, жетілдірілетін, жаңаратын, ескіретін, жойылатын динамикалы құбылыс.


Тәрбие жүйесін қалыптастыру кезеңдері:
1 Тәрбие жүйесін құру;
2 Тәрбие жүйесінің қалыптасуы, құрылымы, әрекет мазмұны анықталуы, қызмет ету;
3 Қортындылау кезең;
4 Жүйені жаңарту, қайта құру.
Мектептің тәрбие жүйесі оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс өмірін, әртүрлі әрекеттерін және мектептен тыс қарым-қатынастарын, әлеуметтік, табиғи, пәндік-эстетикалық ортаның әсерін кіріктірген педагогикаық үрдісті толығымен қамтиды және ол толассыз кеңейіп отыратын тәрбие кеңістігі [5].
Тәрбие жүйесі – педагогикалық ақиқаттық жартылай бөлігі болып көрсетіледі және педагогикалық жүйеге қатысты. Тәрбие жүйесінің теориялық модельі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар. Сондықтан да тәрбие жүйесі - бұл педагогикалық күрделі жүйе, әрі әлеуметтік психологиялық мінездемені керек етеді.
Тәрбие жүйесінің тапсырмасы – барлық тәрбиелік қозғалысты біртұтас педагогикалық процесінде интегралдау, нақты әлеуметтік-педагогикалық талапты жүзеге асыру мақсатында қамтамасыз ету және тәрбие тапсырмасы. Тәрбие жүйесінің осылармен басты байланыстағы міндеті: интегралдау (келісілмеген тәрбиелік ықпалға қосылуға әкелу), басқару немесе реттеу (тәрбиелік процессті жөнге салу, оларды басқару), жетілдіру (тәрбие жүйесінің қозғалысын қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі қолайлығын көрсету, біртіндеп дамуын толық жетілдіру) болып табылады.
Тәрбие жүйесі белгілермен қатар жалпы басқа да әлеуметтік жүйелерде басқарады. Ол өзіне тән мақсаттылық, тұтастық, құрылымдық, қозғалыстық, ортадағы әрекеттестік және жүйенің өте жоғары және өте төменгі тәртібімен әрекет етеді. Тәрбие жүйесі өткен шақ, осы шақ, келер шаққа ие. Тәрбие жүйесінің өзгеше нышаны педагогикалық жүйенің көрсетілуі сияқты ол да мақсат сапасымен, өзіндік объективтік және субъективтік қызметтерін дамудағы жеке адаммен, жұмыс істеу тәсілінің сапасы – педагогикалық іс-әрекетпен байланысады (қосылады) [6].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет