Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні 1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде 8


Мектептің тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттері басқару нысаны ретінде



бет6/10
Дата19.04.2023
өлшемі241 Kb.
#84615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2 Мектептің тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттері басқару нысаны ретінде

Мектептің тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің басқару нысандарының жобалары:


  • мектеп өмірінің ерікті, дені сау, рухани бай, ізгілікті тұлға тәрбиелеуге ықпал ететін жаңа түрін құру;
  • азаматтық, ұлтжандылық, зияткерлік, адам құқығы мен еркіндігін құрметтеуге тәрбиелеу
  • гуманистік әлемдік көзқарасты, әлеуметтік табиғи және мәдени ортада өз іс-әрекетінің нәтижелері үшін келешек ұрпақтың, ағымның және өзінің алдында жауапкершілікті қалыптастыру
  • тәрбиеленушілердің, алдымен, өз халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу және қабылдау арқылы әлемдік мәдениетті игеруі үшін жағдай туғызу;
  • қазіргі жағдайда тұлғаның әрі қарай дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, жалпы білім біліктілігін, өзін-өзі тану және өздігінен білім алу дағдыларын мейлінше дамыту

Тәрбие жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру
Тәрбие жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, бұл:
  • тұлғаның толыққанды дамуы үшін, балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін жағымды жағдай және мүмкіншіліктер туғызу;
  • оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне ықпал ететін білім бағдарламаларын таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
  • отбасындағы тәрбие жүйесін жандандыру және отбасын ОМТ-не енгізу;
  • адамның рухани жан-дүниесін қалыптастыруын қамтамасыз етуші болып танылған тәрбиенің мәдени түсінігін бірізділікпен бағыттау;
  • тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды әрекеттерін әр түрлі салада шығармашылық белсенділігін көрсетуге және оған түрткі болуға жағдай жасау;
  • ғылыми білім, біліктілік жүйесін және оларды әр түрлі практикалық әрекетте қолдана алуын қалыптастыру;
  • білім алудың үздіксіз жүйесін дамыту;
  • білімнің деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын, зерттеушілік және жаңашылдық әрекеттерді қолдау;
  • балаларды әлеуметтік –педагогикалық қорғаумен қамтамасыз ету; өз құндылығы сезімі мен психологиялық комфорт сезімін қалыптастыру.
Бүгінгі таңда тәрбие міндеттерін жүзеге асырудың ең тиімді технологияларының бірі тәрбие кеңістігін құру жолдары болып табылады. Тәрбие кеңістігі тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру үрдісіне тәрбиенің басқа барлық факторлары мен басқа да кеңістіктердің (витальды, пәндік, экологиялық, ақпараттық, білімдік, әлеуметтік және басқа да) ықпалы арқылы байқалатын көп өлшемді және көп қызметін атқаратын кеңістік болып табылады.
  • Қарым-қатынас түрі тәрбие үрдісінің алғашқы мінездемесі болып табылады;
  • Тәрбие кеңістігінің екінші мінездемесі – бұл оның жүйелілігі;
  • Тәрбие кеңістігінің үшінші мінездемесі – олар арқылы сипатталуы мүмкін параметрлер: көпөлшемділік, тығыздық және ұзақтық.
Тәрбие кеңістігі бірнеше деңгейде болады:
  • 1-ші деңгей – жеке тұлғалық;
  • 2-ші деңгей – білім мекемесі;
  • 3-ші деңгей – аумақтық тәрбие кеңістігі.
Әр тәрбие кеңістігі әр тәрбиеленушінің тұлғасы сияқты қайталанбас, ерекше әрі артық, алайда оның бойында адамның жеке тұлғасында көрінетін психофизиологиялық өсу заңдылығы тәрізді өзгешелік пен ортақтық көрінеді. Сондықтан, нақты, шынайы тәжірибенің аумағын абстракциялық және теориялық модель арқылы педагогикалық шындықтың типтік бейнесін сипаттайтын педагогикалық категория сияқты “тәрбие кеңістігі” деген ұғымды бөліп қарау мүмкін болады [17].
Тәрбие кеңістігі тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үрдісіне тәрбиенің басқа барлық факторлары мен өзге де кеңістіктердің ықпалы арқылы байқалатын көп өлшемді және көп қызмет атқаратын кеңістік болып табылады.
Нағыз мектеп – парасатты өзгере келіп, әр уақытта педагогикалық үрдіс жетіліп отыратын, дамушы мектеп. Бұл принцип оның педагогикалық мақсатқа сай өзгерістерге батыл, шешімді қабілеттеріне негізделеді.







Әрқашан жаңару принципі – оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын игеру, ұйымдастырушылық және психологиялық және т.б. құрылымдарды өзгерту үрдісін ұйымдастыру үшін негізгі жетекші қағида. Оны жүзеге асыруға негізгі талаптар:

  • кез келген орасан өзгерістерге ұжымды нақты психологиялық жағымды көңіл-күйге келтіре отырып, алдын-ала даярлау қажет;

  • өзгерістер міндетті түрде сәттілікке әкелетіндей егжей-тегжейлі жоспарға және есепке негізделген болуы керек. Егер сәттілікке деген сенім болмаса, ештеңе өткізбеген жөн;

  • қажетті деп табылған жерде ұжымды теориялық түрғыдан алдын-ала дайындау қажет;

  • өзгерістерге дейін ұжымда өзгерістердің қажеттілігі мен табандылығы сезімін қалыптастыру керек;

  • өзгерістерге қарсылық болған; бар және болады да. Бұдан жасқанбау керек, көп мұғалімдер өзгерістердің қажеттілігін ойша сезінеді, бірақ әртүрлі себептермен олар өзгерістерге көбіне дайын болмайды. Бұл себептерді іздеп табыңдар да адамдардың біртіндеп бетін өзгерістерге бұрыңдар;

  • мектептегі өзгеріс – бұл мұғалімнің өзгеру үрдісі, оның көзқарасындағы, әдісіндегі,ұйымдастыру проблемаларды шешудегі және т.б.өзгеріс, бұны әрқашан жадыңда ұстаған жөн. Өзгеріс тұлғада басталады содан кейін жалпыға тән болады. Жалпы алғанда мектепішілік менеджменттің методологиялық негізі, оның методологиялық «тірегі» осындай.

Енді мектепішілік менеджменттің құрылымдық ядросын, оның құрылысына салынған идеялар жүйесін қарастырайық.
1 Мектептегі ең бағалы, ең негізгі – ол адам. Оның өсуі, оның дамуы, оның тәрбиесі – оның басты мақсаты. Яғни, мектепішілік менеджмент те адамға бағдарланған және айқын түрде адамға бағытталған болуы керек. Мектептің басты ресурсы – адамдар, олар басқару құралы емес, олар - мақсат, олар – барлық заттардың өлшемі.Сондықтан мектепішілік менеджменттің басты мәселесі ең терең және кең болуы қажет.
2 Дегенмен мектеп басшылары өз идеяларын сәтті жүзеге асыру үшін басқарудың көптеген әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек, бұл идеяны жүзеге асыруда нақты не нәрсеге сүйенерін білуі керек. Мұндай гуманитарлық (жұмсақ) басқарудың мықты сүйенері мыналар:
Адамға деген құрмет, оған деген сенім, оқушы мен мұғалімге тұтастық көзқарас және олардың жеке тұлғасының дамуына көңіл бөлу. Міне, бұлар – мектепішілік гуманистік менеджменттің төрт қырлы тасы.
3 Егер педагогикалық үрдісте ең бастысы тұлғаның дамуы болса, онда мектеп дамытушы болуы керек, ал бұл үшін мектепішілік менеджмент даму құралы болып табылатын, әрқашан дамып отыратын әлеуметтік – педагогикалық жүйеге айналуы қажет. Атрибутивті мектепте тұлғаның дамуында ең қажетті байланыс осы үрдісті дамыта басқарумен жалғасады. Бұл дәлелдеуді талап ете қоймайтын аксиома, бірақ өкінішке орай күнделікті біздің педагогикалық және басқарушылық әрекетте есепке алына бермейді.
4 Мектепішілік басқаруға дамытушылық кейіпті енгізу басқару үрдісіне оның ортақтылығын, автаматтануын, сонымен қоса оқушылар мен мұғалімдерді басқаруды және олардың ұжымдық ойлау әрекетін ұйымдастыруды кең түрде демократизациялауды талап етеді.
5 Бұл үрдістер, өз кезегіндемектепішілік менеджменттің мақсаттылығын, педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің әрекетінің бір мақсатқа ұмтылысын, мақсатқа жұмылдыру бойынша мектеп басшылары мен мұғалімдердің ең жауапты әрі маңызды жұмысын күн тәртібінде шұғыл түрде күшейту қажеттілігі туындайды.
6 Бұнымен бір сәтте мектепішілік басқаруды гуманизациялау және демократизациялау үрдістері оның бұйрықты түрдегі біржақтылықтан бас тартуы басқарушылық әрекетте үйлестірушілік және мотивациялық негіздерге сүйенбей жүзеге асуы мүмкін болмайды. Мектепішілік менеджментке үйлестірушілік және мотивациялық тұрғыда мән беру оған дамытушылық мүмкіндіктерін күшейту үшін негіз бола алады.
7 Мектепішілік басқаруды қайта құруға түпкілікті келу мектептің «жаңа философиясын» қалыптастыруды көзқарастарды шұғыл өзгертуді, басқарушылыққа «кадр саясаты», «мектепішілік мәдениет», «сапаға бағытталу» және т.б. [18].
Мектеп басқару сахнасына психологиялық – педагогикалық аспектілерді шығару және мектеп басшысының формальді әкімшілік – шаруашылық әрекетін тез арада қысқартуды шығару қажет.
Мектептің «жаңа философиясы» менеджерден мектеп басқару үрдісіндегі өзінің ролі мен алатын орнына көзқарасын өзгертуді талап етеді. Ол ұжымның «бақташысы» емес, «итермелеуші» емес, тіпті соңынан «вагон – ұжымды» сүйрететін «локомотив» те емес жоқ. Менеджер – ол «өздігінен қозғалатын вагонды» құрастырушы, ол жекелеген мұғалімдердің еріктерін ұжымның тұтас педагогикалық еркіне біріктіретін әлеуметтік сәулетші. Ол – оның мақсатты тұтастығын құрастыратын басшы, бұл - әр педагогтың жеке бастамасын дамыту үшін, оның теориялық мүмкіндігін дамыту үшін жағдай жасайтын адам. Бұл – адамдардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыратын және жобалайтын, әр мұғалімнің өз сенімсіздік бұғауынан босатып шығаратын, педагогикалық шығармашылықтың алып моторын іске қосатын әлеуметтік инженер.
Мектепті тұлғаны дамытатын жүйе ретінде қабылдасақ, бұл менджердің оқу тәрбие үрдісіне жаңаша көзқарасты талап етеді. Тәрбие – оқу үрдісі дамытушылық – мұнда араласады. Ал оның негізгі формасы – сабақ білім берудің құралы ғана емес, тұлғаны қалыптастырушы құрал деп қарастырылады.
Егер осылай болса, онда бұл үрдістегі мұғалімнің ролі мен орнына деген еөзқарас та өзгереді: ақпарат жеткізуші емес, оқу үрдісін ұйымдастырушы, ол пәнмен балаларға келмейді, баланың дамуының ерекшелігін, олармен ынтымақтастық негізінде қабілеті мен құлшынысын бағыттайды, «үйрету» және «істету» деген түсініктер сәйкес емес.
Бұның бәрі оқу үрдісіндегі оқушының жағдайына көзқарасты өзгертеді. Әсер етуші обьектіден ол белсенді әрекет етуші субьектіге, оқу үрдісіне белсене араласушыға айналады.
Басқаруды адамға бағыттау менеджердің көзқарасын тәрбиенің идеалогиясына, оның бағытына өзгертеді: ұжымнан тұлғаға емес, тұлғадан ұжымға, бұзу емес, тұлғаның абыройын мақсатты бағыттай қалыптастыру, баланы қорлау емес, оның өзін-өзі сыйлай алуының өсуі бойынша ықтиятты еңбек.
Тәрбиенің жаңа идеологиясы – біздің мектептерімізді қауіпті тығырыққа тіреген жалпыға бірдей қамқорлық педагогикасынан
бас тартып, оқушылардың қоршаған ортаға қарым-қатынасының белсенді формаларын өзін-өзі құруға, балаларды қоршаған өмірді жақсартуға негізделген әрекеттерді ұйымдастыратын педагогикаға ауысуы болып табылады [19].
Тәрбиешінің роліне деген көзқарас та өзгереді. Ол балалардың үстінде де емес, әрқашан балалармен бірге. Ол – сәбилер көркемөнерінің компазиторы емес, бірақ өзі нота жазбайтын өзінің тәрбиеленушілерін әуен шығаруға шабыттандыра отырып, композитор. Ол балалар көркемөнерінің дирижері, бірақ балалар оның таяғының сілтесін ешқашан байқамайды.
«Басқарудың жаңа философиясы» менеджердің жекелеген мұғалімдердің еңбегіне де және сондай-ақ тұтас педагогикалық ұжымға көзқарасын да, бағалауға да көзқарасын өзгертуді талап етеді. Тек оның нәтижелілігі ғана емес, оның әрекеттігі, тек оның соңғы нәтижесі ғана емес, оған жетудің тәсілдері де, тек мұғалімнің теориялық білімі ғана емес, оның әдістемелік біліктілігі, оның коммуникативті сапалары, адамдармен қатысу қабілеті, ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсе алуы, оқуға бейімділігі де бағалануы тиіс.
Оқушы мен педагогты бағалауда тұлғаға бағытталу принципі болуы қажет. Алдымен тұлғаның сапасы, содан кейін оның кәсіби шеберлігі немесе үлгерімі.
Мұғалім мен педұжымның жұмысы сапасының өлшемі әр жағдайда оқушының дамуы деңгейі болу керек. Жаңа бағалау саясаты мектеп тұлғасын бағалау аспаптарын, тұлғаның мінезін өлшейтін жалғыз құрал ретіндегі баллдық жүйеден бас тартуды талап етеді. Оқушы мен мұғалімнің еңбегін бағалар кезде шаблонды, қатып қалған стереотипті клише, біржақты ойлаудан алдымен кету керек. Педагогикалық әрекет өте бай және қиын жағдайда және оған қойылатын баға да сол қиындыққа барабар келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет