Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»


Сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызды тағы бір принципі



бет10/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

12.Сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызды тағы бір принципі – тәрбиеленуші тұлғасына қойылатын педагогикалық талап қою мен оған құрмет көрсетудің бірлігі.
Талап қою, бір жағдайда, оқушы тұлғасына құрмет көрсетудің ерекше бір өлшемі ретінде қарастырылады. Бұндай екі жақты қатынас мән және құбылыс ретінде бір бірімен өзара тығыз байланыста болады. Талап қою мен құрметтеуді бірлікте атқару тәрбиенің гуманистік бағыты мен ынтымақтастық педагогиканың негізін қалайды.
13.Бұл принципті іс жүзінде жүзеге асыру, баланың бойындағы жағымды қасиеттерге арқа сүйеу принципімен үйлесімділік жағдайында және өзара тығыз байланыста мүмкін болмақ. Мектеп тәжірибесінде тәрбиелік деңгейі төмен, қабілетсіз оқушылармен жұмыс істеу жағдайы болып тұрады. Дегенмен, осындай балалардың өзінде де адами қасиеттерін жетілдіруге деген талпыныс болып тұрады. Егерде, педагог-тәрбиешілер олармен тек ұрсу, сөгу, кіналау және өсиет айту, насихаттау, үгіттеудің көмегімен қарым-қатынас жасаса, онда олардың тарапынан кездесетін жағымды талпынысты тез арада сөндіріп алу оңай болады. Ол үшін жағымды талпынысты өз уақытында байқап, қолдау және күшейту, сонымен бірге белгілі бір қызықты істі орындауға ынталандыру қажет.
14.Жағымды қасиеттерге арқа сүйеу және бала тұлғасына талап қою мен оған құрмет көрсетудің бірлігі принциптері педагогикалық ықпалдастық, әрекеттестік принципімен тығыз байланыста болып келеді. Педагогикалық ықпалдастықтың бірлігі принципі сабақтан тыс кездерінде оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың қажетті буыны болады. Тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ықпалдастықтың бірлігі принципі сақталмаған жағдайда тәрбие жұмысында жекелеген тұлғаларға, тәрбие мекемелеріне зор нұсқан келтіреді.
15. Педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелі болуы принципі. Бұл принцип – педагогтардың оқушылармен қарым-қатынасының нәтижесінің, олардың тәрбиесіне қаншалықты әсер ететіндігінің көрсеткіші болып саналады. Тәрбие жұмысының ерекшелігі сол, оқудан тыс педагогикалық қарым-қатынаста оқушылардың еркіндігі көбірек, формалдық емес сипатқа ие болады, бұндай қатынаста оның нәтижесі өте жоғары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет