Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»


Тәлімгерлердің белсенділігін артыру заңы



бет3/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

5.Тәлімгерлердің белсенділігін артыру заңы. Бұл заңның негізіне тәрбие процесінде адам баласы әрекет ету барысында өзін белсенді және өзіндік жан ретінде сезінсе және оны көрсете білсе ғана тұлға ретінде дамиды және қалыптасады деген идея жатады. Бұл заңмен көптеген нақты және жекелеген заңдар мен ұғымдар да байланысты қарастырылады. Мәселен, өзін-өзі тәрбиелеу, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы және т.б. Бұл заңның негізінде Г.А.Галперин, В.В.Давыдовтың оқу әрекетінің теориясы қарастырылған. Осы заңмен А.С.Макаренконың және т.б. атақты педагогтардың тәжірибелері негізделген.
6.Тәрбие мен қарым-қатынастың бірлігі заңы. Балалар мен жас жеткіншіктерді тәрбие процесінде тұлға ретінді қалыптастыру осы процеске қатынасушылардың қарым-қатынастарының сипатына, мазмұнына, педагогтар мен оқушылардың мінез-құлықтарының стиліне, өзара ақпарат алмасуды және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру сапасына және т.б. байланысты болып келеді. Психологтардың пайымдауынша, қарым-қатынас іс-әрекетпен тікелей байланысты қарастырылады. Тәрбие, іс-әрекет және қарам-қатынастың өзара байланысты болуының заңдылық себептері де бар. Осы заңға байланысты тәрбие тікелей қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Сондықтан педагогтар үшін оқушылар және бұл процеске қатысушылармен қарым-қатынас технологиясын жасау маңызды.
7.Ұжымда тәрбиелеу заңы. Бұл заң біздің жоғарыда баяндаған заңымызбен тікелей байланыста қаралады. Ұжым жоғары деңгейле ұйымдасқан топ және күшті тәрбие құралы ретінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуына маңызды ықпал етеді. Тәжірибеде көрсеткендей ұжымдық әрекет, ұжыммен қарым-қатынас жасау, топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, солардың негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу, яғни ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидасы кеңестік дәуірде отандық педагогиканың негізгі бір идеясына айналды әрі ол өзінің жемісін де берді. Балалардың, топтың ұжым мүшелеріне ықпалы, өзара жауапкершілік қарым-қатынас, әртүрлі бірлестікте, топта өзара қарым-қатынастағы біліктілік, психологиялық көңіл-күй жағдайы, ұжымдағы дәстүр және т.б. – бәрі ұжым мен тәрбиеге қатысты теориялар А.С.Макаренко және одан кейінгі теоретиктердің тәжірибелерінде жан-жақты терең сипатталады. Батыстық психология мен педагогикада өз дәрежесінде тұлғаны топтың даму дәрежесінің заңдылықтары және ерекшеліктеріне сәйкес зерттеледі. Педагогтар әлемдік деңгейде және қазір де А.С.Макаренконың тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет