7)Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі. Өйткені кез келген аумақта, мектепте, сыныпта, ортада оқушылардың тәрбиелік деңгейі, сапасы, соған сәйкес оның сана-сезімі, мінез-құлқы, ерік-жігерінің қалыптасуы бірыңғай, біркелкі немесе бірқалыпты жағдайда болмайды. Оларға ықпал ететін өзіне тән табиғи ресурстары, мәдени құндылықтары, дәстүрлері, ерекшеліктері болады. Сондықтан да тәрбие процесінде бірінші кезекте осындай ерекшеліктерді ескеру басшылыққа алынады.
8)Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде. Бұндай көзқараста, біріншіден тәрбие процесінің мәні, қоғамның талабына сай әрбір өскелең жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы тұлғалық дамуына ықпал етсе, екіншіден, ол өз кезегінде қоғамның үнемі алға қарай үдемелі дамуын қамтамасыз етеді. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Ол үшін тәрбие процесінде баланың сана-сезімі мен ерік жігерін, мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Нәтижесінде қоғам өзі үшін саналы, белсенді, ерік-жігері, күш-қуаты мол азаматты тәрбиелесе, сол азамат өзі өмір сүріп отырған қоғамның тұрақты өмір сүріп, үнемі алға қарай қарқынды дамуына тікелей ықпал етеді.
Тәрбие заңдылықтары тәрбиенің принциптері арқылы жүзеге асады.Тәрбие принциптері-тәрбиеші ретінде педагог үшін нормалармен қызмет ететін бастапқы педагогикалық ережелер. Олар өз жиынтығында мекемеде тәрбие процесінің бағытын, мазмұнын, ұйымдастырылуын және әдістемесін анықтайды. Тәрбие принциптерінде адамдарды тәрбиелеудің көпжылдық тәжірибесі мен ғылыми зерттеулердің нәтижелері жинақталған және жинақталған. Оқыту принциптері сияқты, тәрбиелеу принциптері мазмұны бойынша объективті, бірақ өзінің өмір сүру формасы бойынша субъективті, сондықтан тәрбиелеу принциптерін, олар көрсететін тәрбие процесінің заңдылықтарын білу педагогке адамдарды тәрбиелеу міндеттерін саналы және шығармашылықпен шешуге, өз қызметін жүйелендіруге және реттеуге, тәрбиелеу мақсатына сенімді жету үшін оны педагогикалық негізді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптерін қарастырмас бұрын жалпы «педагогикалық принцип» деген ұғымның мәнін анықтап, оның қазіргі кездегі түсіндірейік. Педагогикалық принципте теориялық тұрғыдан қамтылған, тәжірибеде тексерілген, оның қоғамдық бағыты, заңдылық байланысы, оқу мен тәрбие процесін ұйымдастырудың бір-біріне тәуелділігі, сондай-ақ балалардың таным, еңбек, шығармашылық, ойын және т.б. әрекеттеріне қатысты педагогикалық басшылық бейленеді. Педагог педагогикалық принциптердің көмегімен педагогикалық процесті шығармашылықпен құруға, яғни оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін шығармашылықпен ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
Мектеп және педагогика тарихында күні бүгінге дейін принциптердің классикалық және дәстүрлі түрлері қалыптасқан.Оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыруда өзінің бастапқы мәнін жоғалтпаған дәстүрлі педагогикалық принциптер: