Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»


Оқушылардың оқудан тыс тәрбие әрекеттерін ұйымдастырудың тағыда бір маңызды фундаменталді принципі, ол тұлғаны ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу



бет9/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

8.Оқушылардың оқудан тыс тәрбие әрекеттерін ұйымдастырудың тағыда бір маңызды фундаменталді принципі, ол тұлғаны ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу. Ол тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, жеке-дара формаларының оптималды тұрғыдан үйлесімді болуын көздейді. Индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы қарым-қатынас пен оның өзінің ерекшеленуі арасындағы өзара байланысы негізінде жүзеге асады. Өйткені қарым-қатынас әрекеттің ерекше бір түрі болып, оның пәні басқа адам табылады.
9.Тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу процесінде оған бірыңғай жағымды тәрбиелеуші ортаны құру принципінің маңызы ерекше.
Бұл принцип:
-оқушылар ұжымында, бірінші кезекте, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайды қалыптастыруды, педагогтар мен оқушылар арасында конструктивті, яғни жағымды және бір-біріне өзара тілектестік қарым-қатынасты орнықтыруды;
-мектепте тәрбие процесіне қатынасушы субъектілердің жан-жақты әрекеттерін практикалық тұрғыдан ұйымдастыруда қойатын педагогикалық талаптарының бірлікте болуын;
-заттық-кеңістіктегі ортаның бірлікте болуынқамтиды.
10.Соған орай, мектеп жағдайында оқушылардың сабақтан тыс уақытында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын принциптер қатарына балалардың өмірін эстетикаландыру (эстетизация), яғни олардың «әсемдік әлемінде» өмір сүруін ұйымдастыруға қатысты принципті де жатқызамыз. Демек, эстетикалық бастама адамның қандай да болмасын өмірі мен жан-жақты әрекетінде, «әсемдік әлемінде» өмір сүріне, еңбек етуіне, шығармашылықпен айналысына, демалысына және т.б. күшті себепкер болады.
11.Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тағы да бір маңызды принципі, оның мирасқорлығы,сабақтастығы,бірізділігі,жүйелілігінің болуы. . Бұл принципітің мәні, бұрын болған тәрбие жұмыстары, оның кезеңдері және басқару қызметі бірізділікте болып, оның логикалық жалғасы ретінде қол жеткізген жетістіктерді бекітуге мүмкіндік беруге бағытталып, нәтижесінде оқушыны тұлғалық дамудың ең жоғары сатысына көтереді. Олар бұрын меңгерілген біліктілік, дағды, тұлғалық сапаны бекітуге бағытталып, оларды біртіндеп дамыту және жетілдіруді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет