Тәрбие жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен принциптері Жоспары: Кіріспе I негізгі бөлім Педагогикалық процестегі «Заң», «Заңдылық»


Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы келесі маңызды талап, ол оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру принципі



бет8/11
Дата30.01.2023
өлшемі27,18 Kb.
#63692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

5.Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы келесі маңызды талап, ол оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру принципі. Бұл принципті жүзеге асыру, ең алдымен, қандай да бір тәрбиелік шараларды ұйымдастыру барысында әрекетің мазмұны мен амал-тәсілдерін таңдау педагогтар тарапынан оқушылардың жас және дара ерекшеліктерімен сәйкес келуіне аса мән беруді қарастырады. Өйткені баланың әрбір жас ерекшелігіне сәйкес оның дамуында өзіне ғана тән мүмкіндіктері шектеулі болуы мүмкін. Мәселен, баланың ойлауы және есте сақтау қабілетінің ең қарқыныды дамуы оның балалық және жастық шағында өтеді. Егерде оның осындай мүмкіндіктерін дер кезінде пайдаланбасақ, онда кейінгі уақытта оны пайдалану қиындыққа соғады, тіпті кезінде жіберіп алған мұндай мүмкіндікті орнына келтіру мүмкін болмайды.
6.Oқушылардың жан-жақты әрекетін ынталандыру және белсендіру принципі. Оның мәнісі сол, баланың өзінің жан-жақты белсенді әрекетінсіз және өзін қоршаған әлеуметтік және табиғи ортаман белесенді өзара қарам-қатынасынсыз тәрбие процесінде ешбір нәтижеге қол жеткізуге болмайды. Бұл бала әрекетін ынталандырған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ол үшін тәрбие процесінде тәрбиеленушілердің жан-жақты әрекеттері мен белсенділіктерін әртүрлі бағытта кезең-кезеңмен ұйымдастыру және олардың қабілеттері мен қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қажеттіліктерін, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін анықтау қажет. Оған тәрбие жұмысының мүмкіндігі мол.
7.Оқушылардың бастамшылдығын,өзбетнше әрекет етуін,шығармашылығын дамыту принципінің көздейтін мақсаты, ол тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында кең көлемде олардың бастамшылдығын, талап-тілектерін ескеруді талап етеді. Тәрбие шараларын ұйымдастыру және өткізу барысында әрбір оқушының қалыс қалмай өз қалауымен белгілі бір әрекеттің түрін орындауда бастамшылдығын (инициатива), өзбетінше әрекет етуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге белсенді талпынысын үнемі ескеру қажеттілігін көздейді. Балар тарапынан жасалған қандай да бір әрекет мәжбүрлеу түрінде болмауы тиіс, керісінше оны өз қалауымен, өзінің таңдауы, болмаса өзінің еркін бастамшылдығымен орындалуы тиістігін міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет