Педагогикалық процесте «тәрбие заңдарының» мәні, негізгі түрлері және оларға сипаттама.
1.Тәрбиенің қоғамның талабымен сәйкес келуі заңы. Біздің елде тәрбиенің және білім берудің жүйесі мемлекеттің қажеттілігіне жауап береді. Бұл, бір жағдайда, тәрбие процесінің мақсаты, мазмұны, әдістерін бейнелейді. Екінші жағдайда, тәрбие жүйесі, педагогикалық процесті ұйымдастыру сипаты қоғамның мүмкіндіктеріне, елдің даму деңгейіне, мысалы, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми-техникалық және т.т. тәуелді болып келеді. Қоғам мен тәрбиенің байланысында мемлекет елдің білім беру саясатын реттеп, тәртіпке келтіріп отырады.
2.Тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістерінің бірлікте болу заңы.Бұл тәрбиенің барлық компоненттерінің бір бірімен өзара байланыста болуын білдіреді. Тәрбие мақсаты оның мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларын анықтайды. Өз кезегінде, тәрбие процесінің бұл элементтері педагогтар мен оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне тәуелді болып келеді. Тәрбие процесінің аталған элементтерінің арасында болатын қарама-қайшылық, тәрбие жұмысының сапасына нұсқан келтіріп, оның нәтижесіздігіне алып келеді.
3.Білім беру, тәрбиелеу және тұлғаның дамуының бірлікте болу заңы. Бұл психология-педагогика ғылымының бірден бір фундаменталды ережесі. Білім беру және тәрбиелеу бір-бірінің нәтижелі болуына себепкер болып, өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асады. Болмаса екеуі де негізінен тұлғаны дамытуда жетекші факторлар ретінде саналады.
4.Әрекет барысында тәрбиелеу заңы. Бұның мәнісі сол, егерде, біз тәрбиелегіміз келсе, тәлімгерлердің тәжірибесін, білімін, көзқарасын және жеке басының құндылықтарын, олардың қажеттіліктерін, эмоцияларын, еркіндіктерін, мінез-құлық нормаларын қамтамасыз еткіміз келсе, онда, оларды іс-әрекетке қатыстыруымыз міндетті. Әрекет, психология, педагогикада бірден бір негізгі түсінік. Ол қоршаған ортамен өзара белсенді байланыста болып, оны тануға, қайта жаңғыртуға және бір мезгілде әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаның өзін дамытуға бағытталған. Отандық психологияда бұл заң психика мен іс-әрекеттің бірлігі туралы ереже ретінде түсіндіріледі. Тәрбие процесінде әрекеттің әрбір түрі тұлғаны қалыптастыру және дамытудың негізгі жағдайы мен құралы болады. Яғни тәрбиелеу дегеніміз – бүл баланы іс-әрекетке қатыстыру немесе тарту, оның әртүрлі дамытушы әрекеттерін ұйымдастырушысы ретінде қарастырған жөн.