Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы



бет12/13
Дата22.05.2023
өлшемі248 Kb.
#96016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
22-26 май цикл

«Үйдің есігін жабайық» 
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. 


3.Шығармашылық іс-әрекет
Балалар, шаттық шеңберінде бір-бірімізге өзіміздің жылы, жақсы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік.
«Түстері бойынша жыл мезгілдерін ажырат» ойыны.
Сендердің алдарыңда түрлі түсті жолақтар жатыр. Сол жолақтар арқылы жыл мезгілдерін ажыратып, қай түстің қай жыл мезгіліне сəйкес келетіндігі туралы айтып беріңдер.
Жаз мезгілін қандай түс білдіреді?
Күз мезгілін қандай түс білдіреді?
Қыс мезгілін қандай түс білдіреді?
Көктем мезгілін қандай түс білдіреді?
Міне, балалар, осы төрт мезгілдің ішінде жаз мезгілінде адамдар жайлауға көшеді.
Балалар, жайлауда болғандарың бар ма?
Жайлаудағы адам қандай үйде тұрады?
Балаларға жайлау бейнеленген №1, 2, 3, 4 слайдты көрсетіп, жайлаудың табиғаты, киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, балалар, жан-жануарлар, тау, өзен, су, ағаш, шөп пен гүлдер, жемістер туралы əңгіме айтады.
Үлестірмелі материалда жайлаудағы киіз үй сюжетті суретіне мұқият қарап, жапсыру жұмысын орындайық.
Әдіс-тəсілдерін түсіндіру.
1. Алдымен ақ түсті киіз үйдің сұлбасын қиямыз.

  • Қиып алған пішініміз қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

  • Ал төбесі ше? Төбесін екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қию.

2. Енді бөлек-бөлек бөліктерін қиямыз:

Киіз үйдің бөліктерін рет-ретімен сюжетке жапсырамыз.
Алдымен киіз үйдің негізгі бөлігін, содан кейін бау-басқұрларын, есігі мен оюын жапсырамыз.
Сергіту сəті.
Балалық-ау, балалық!
Кел, бір ойнап тарайық!
Балалар шығармашылығы.
Балалар жұмысқа кіріседі. Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөлу
Балаларға бір-бірінің жұмысын талдатып, бағалату.
– Сендерге қандай жұмыс ұнады? Несімен ұнады?
Ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
«Жайлау» туралы шағын əңгіме құрастыру тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет