3.Көркем әдебиет
Көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Жаз мезгілі несімен ұнайды?
Жаз мезгілінің бірінші күні, бірінші мерекесі – «Балаларды қорғау күні». – Балалар, сендер болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын азаматсыңдар. Бұл – сендердің мерекелерің.
Бүгін біз ақын Қасым Аманжоловтың «Бала – біздің болашақ» атты өлеңімен танысамыз.
Бала-біздің болашақ,
Сүйсінеміз,сүйеміз.
Бұл болашақ тамаша-ақ,
Болашаққа бас иеміз.
Көтеріп жас сәбиді,
Күлші,бөпе,күл!-дейміз.
Көңіл дария шалқиды,
Балалармен гүлдейміз
4.Музыка
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ағаш ат»
(Б. Қыдырбекова).
Музыка тыңдау: «Ел қорғауға әзірміз»
(К. Қуатбаев).
Ән айту: «Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров).
Билер: «Полька» эстон халық биі.
Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).
Балалар музыка қойылғанда түрлі әрекеттер жасап ойнайды да, музыка біткенде тезірек орындарын тауып отырады, алақандарын шапалақтайды. Кешіккен бала айыбын өз өнерін көрсету арқылы өтейді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Құлыншақ» (С. Урбах).
|
1.Сауат ашу негіздері
«Дыбыстар қайда орналасқан»
ойыны
Ойынмақсаты: дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: үш сандықша жасалынады. Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс соңында көрсетілген. Балаларға жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.
«Сиқырлы сандық»
ойыны
Мақсаты: дыбыстарды анық, асықпай, дұрыс айта білуге үйрету. Сөздерде дыбыстың дұрыс айтылуына назар аударту.
Ойын барысы: педагог əдемі сиқырлы сандықтан неше түрлі ойыншықтарды шығарады (бота, құлыншақ, аю, мысық, мəшине). Балалар ойыншықтар арқылы сөйлемдер құрап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |