«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны Мақсаты:балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі арақатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны: педагог көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мəндес сөзді атап, допты қайтадан педагогке лақтырады (үлкен – кішкентай, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен.
2.Математика негіздері Ойын жаттығуы: «Фигураларды орналастыр»
Тәрбиеші ойын жағдайын жалғастырады, зұлым сиқыршы фигуралар салынған қораптарда толық тәртіпсіздік жасағанын хабарлайды. Қорапта әртүрлі пішіндегіжәне түрлі түсті фигуралардың аралас макеттері жатыр.
- Фигуралар риза болу үшін, заттарды қалай қою керек екенін ойланыңыздар. Фигуралар балаларға алғысын білдіріп жатыр: енді оларды орындарына орналастыруға болады.
Фигураларды тағы қалай орналастыруғаболады? Балалар фигураларды пішініне немесе түсіне қарай бөлуге болады деген қорытындыға келуі керек.
Үстелдердеәрқайсысында екі өлшемді және екі түсті текшелер бар. Текшелерді қарайды, тексереді, пішін белгілері (немесе түсі) бойыншабөледі.
3- тапсырма. Бәліштерді көрсетілген пішінгесәйкес келетін тағам түрлерімен безендіруге ұсынады. Оларды жапсырады. Балалар тапсырманы талқылайды,тәтті нанның
пішінін анықтайды: төртбұрыш пен шеңбер, пішіні бірдей заттардытабады, жапсырады.
4- тапсырманыөз бетінше орындауды ұсынады.Фигуралардың орындары ауысқан. Фигуралар қозғалғаннан кейін қайжерде болатынын
анықтайды. Сол торкөзді бояйды.
«Сиқырлы қапшық» Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.